Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4

Бензодиазепиндер. (алпразолам, диазепам, клоназепам, клоразепат, ларазепем, медазепам, нейразепам, оксазепам, темазепам, тофизопам, триазолам, феназепам, флунейразепам, хлордиазепоксид) – транквилизаторлардың және гипнотиктердің әсерлірек және кеңірек таралған топтары. Олар ГАМКА – рецепторларымен байланысқан бензодиазепам рецепторларына әсер етеді. Мепробамат және барбитураттар сияқты ескірек анксиолитикалық заттар, бензодиазепиндерге қарағанда ауыр жанама әсер көрсететіндіктен, қазіргі кезде тәжірибе жүзінде қолданылмайды.

Көрсеткіштер. Невротикалық және үрейлі бұзылыстар, жайылмалы үрейлі бұзылыстар, жарақаттан кейінгі стресстік реакциялар;жүйкелік күш түсулер , үрей және психосоматикалық аурулар, соматоформды бұзылыстар, эндогенді психоздар (көмекші заттар ретінде), ішкі мүшелер ауруларымен жүретін қобалжулы жағдайлар, спазмдар, бұлшықеттер регидтілігі, контрактуралар, эклампсия, сіреспе және ұстама жағдайларының барлық түрлері, қозғалыс қобалжуымен, қозушылықпен, жедел үреймен жүретін психикалық аурулар, абстиненция көріністері және алкоголизм кезіндегі делириялар, премедикация, енгізілген наркоз, уақытынан бұрын басталған босанулар және бұлшықет спазмына байланысты ерте босануға қауіп (тек қана жүктіліктің үшінші триместрінің аяғында), босану қызметін жеңілдету (парентеральды енгізу үшін), плацентаның уақытынан бұрын ажырауы (парентеральды енгізу үшін), балалардағы невроздық бұзылыстар, бұлшықет тонусының жоғарлауымен, спастикалығымен немесе гиперкинезімен жүретін аурулар, эпилептикалық статус (парентеральды енгізу үшін).

Науқастарды жүргізу ерекшеліктері. Бензодиазепинді анксиолитиктер қысқа курс түрінде 2-4 апта, жеке немесе ұйқысыздықпен, қысқа уақытты психозбен, психосоматикалық немесе органикалық аурулармен қабаттасуымен байқалатын, күшті дезадаптирлеуші немесе субъективті ауыр көтерілетін симптомдарды жеңілдету үшін тағайындалады. Бензодиазепиндерді ұзаққа созылмайтын жеңіл үрей жағдайларын емдеу мақсатында қолдану адекватты емес және ақталмаған. Ұйқысыздықты емдеу үшін бензодиазепиндер, дезадаптацияға немесе науқастың айқын дистрессіне алып келетін ауыр жағдайларда қолданылады.

Бензодиазепиндердің тәуліктік дозасын есептегенде, 5 мг диазепам шамамен 15 мг хлордиазепоксидке, 0,5 мг лоразепамға, 5 мг нитразепамға, 15 мг оксазепамға, 10 мг темазепамға эквивалент екенін ескеру керек.



Қарсы көрсеткіштер. Жоғары сезімталдық, бауыр және бүйректің ауыр бұзылыстары, миастения, порфирия, жүклілік, омыраумен қоректендіру, глаукома, ішімдікпен зиянды әсер ету, ауыр жүрек және тыныс жеткіліксіздігі, атоксия.

Жанама әсерлер. Қызба, ұйқының бұзылысы, ұйқышылдық , шаршағыштық пен әлсіздіктің жоғарылауы, есте сақтаудың бұзылысы, депрессия, бұлшықет әлсіздігі, тремор, атоксия, тәбеттің төмендеуі, сарғаю, бауыр қызметінің бұзылысы, кіші дәретті ұстай алмау немесе тоқтап қалуы, дене салмағының өзгерісі, жүрек айну, құсу, диарея немесе іш қату.

Парадоксальді реакция. Сирек қозғалыс қозғыштығын, тітіркендіргіштікті, агрессивті тәртіпті байқайды. Үрейдің күшеюі және қабылдаудың бұзылысы, оған қоса галлюцинация( жиі ішімдікпен және нашақорлықпен зиянды әсер еткенде, ОЖЖ тежейтін басқа да дәрілік заттарды қабылдаңанда).

Мөлшерден артық қолдану (передозировка).

Ұзақтығы екі күнге дейінгі терең ұйқы, ступрға дейінгі жедел тежелумен, дизартриямен, керілуімен (регидтілікпен), аяқ – қолдың клоникалық тартылуымен көрініс береді. Өліммен аяқталу сирек кездеседі.



Сақтандырулар. Ұзақ уақыт, үзіліссіз (1 айдан ұзақ), әсіресе көп мөлшерде қолдану тәуелділіктің дамуына жоғары қауіп төндіретіндіктен қолайлы емес. Транквилизаторлар зейінді төмендетуі және қозғалыс реакцияларының жолдарындағы әлсіретуі мүмкін, соның нәтижесінде олар механизімдермен және транспорттық заттармен басқару қабілетіне әсер етеді, сирек жағдада, препараттардың көрсетілген әсерлері, ұйықтар алдында қабылдағанда, келесі күні белсенділіктің төмендеуіне алып келеді (бұлар әсіресе Т1/2 ұзақ, диазепам, флуразепам, феназепам сияқты препараттарға тән), сонымен қатар үнемі қабылдағанда, бұл дәрілік заттың кумулициясы болуы мүмкін. Емдеу кезінде ішімдік ішуге тиім салынады. Бауыр және бүйрек аурулары кезінде байқап және аз дозада қабылдайды.

Терапияны тоқтату. (әсіресе қысқа әсерлі транквилизаторлармен, мысалы, триалаламол), доғару синдромы дамуының алдын – алу үшін біртіндеп жүргізілуі қажет. Эпилепсияда препаратты жедел тоқтату қалтырау ұстамаларын шақыруы мүмкін. Қабылданып жатқан препараттың тәуліктік дозасын әр бір екі апта сайын орташа 1/8 (1/10-нан ¼- ке дейін) азайту ұсынылады, толық тоқтатуға жету уақыты, дозаны баяу титрлап төрт аптадан бір жылға дейін жекеше ауытқи алады.

Доғару синдромы ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін ұйқысыздықпен, үреймен, тәбеттің төмендеуімен, дене салмағының төмендеуімен, тремормен, тершенділікпен, шатысулармен қабылдаудың бұзылыстарымен көрінеді.

Доғару синдромы жиі препаратты қабылдауды тоқтатқан соң 2-3 аптада дамиды, бірақта кейінгі кездері бірнеше сағаттан кейін де дамуы мүмкін (T ½ қысқа Д3 қабылдағанда). Көрсетілген симптомдардың кейбіреулері терапияны тоқтатқан соң бірнеше айдан кейін пайда болуы мүмкін. Доғару синдромы белгілері науқастың бастапқы шағымдарымен бірдей болуы мүмкін және дозаның негізсіз көтеруге және препаратты әрі қарай тағайындауға алып келуі мүмкін.
Анксиолитиктер (транквилизаторлар)
Бензодиазепинді құрылымды анксиолитиктер үрейлі бұзылыстардың кез - келген түрінде әсері болып табылады. Бірақ та оларды кез - келген стресстік жағдайларда, жекеше қайғы және соматикалық ауралар кезінде тағайындауға болмайды. Сонымен қатар бензодиазепиндерді эндргенді депрессияларда, обсесивті-фобиялық симптоматикада немесе созылмалы психоздарда тағайындаған адекватты емес. Анксиолитиктерді балаларда белгілі жағдайлармен шақырылған, мысала, хирургиялық аурулар алдында, ұйқысыздықпен қосарласқан үрейдің жедел көріністерінде ғана қолдану нәтижесі ақталған.

Анксиолитиктерді минимальді әсерлі дозада және мүмкіндігінше қысқа уақытқа тағайындау қажет. Физикалық және психикалық тәуелділік бар және тәртібі бұзылған науқастарда жиі дамиды.

Кейбір седативті әсері бар антипсихотиктер ауыр үрейлі бұзылыстарда аз мөлшерде айқын әсер береді, бірақ та кеш дискенезияның дамуына қауып болғандақтан оларды ұзақ уақыт қабылдаудан бас тарту керек. Кейбір антидепрессанттар, әсіресе сератониннің кері ұсталуының селективті ингибиторлары, үрейлі бұзылыстарда көрсетілген.

Циталопрам және пароксипин, кейбір ТЦА – лар сияқты паникалық бұзылыстарды емдегенде қолданылады. Маклобемит әлеументтік фобияда қолданылады.



Бензодиазепиндер

Ауыр үрейлі бұзылыстарда қысқа уақыттық курстармен қолданылады, ұзақ уақыт қолдағаннан бас тартқан жөн.



Диазепам, клорезепат, хлордиозепоксиоз және феназепам – қабылдағаннан кейін келесі күні де сезілуі мүмкін, ұзақ әсерлі жоғары эффективті препараттар.

Лоразепам және оксазепам қысқарақ әсер етеді және бауыр ауруы бар науқастарға ұсынылады,бірақта айқын доғару синдромын шақыруы мүмкін.


Диазепам ( diazepam ).

Көрсеткіштер. Үрейлі бұзылыстардың барлық түрлері, созылмалы алкоголизмде абстинентті синдром, эпилептикалық статус, орталық генездегі спастикалық жағдайлар, миозит, сіріспе, наркоз алдындағы премедикация анксиолитиктіктен басқа седативті, ұйықтатқыш, орталықтық миорелаксирлегіш, ұстамаға қарсы және амнестикалық әсерлер көрсетеді.

Қарсы көрсеткіштер. Миастеия, тыныс алудың тежелуі, ұйқыдағы апноэ синдромы, бауырдың ауыр зақымданулары, жоғары сезімталдылық .

Жанама әсерлер. Ұықышылдық, бұлшықет әлсіздігі, жеңіл бас аурулары, сирек пародоксальды реакциялар, ұзақ уақыт қабылдағанда тәуелділіктің, есте сақтаудың бұзылыстары дамуы мүмкін. Парентеральді енгізгенде артериальды гипотензия, тыныс алудың бұзылысы.

Сақтандырулар. Тыныс алу мүшелерінің ауруларында, бұлшықет әлсіздігінде, анамнезінде алкогольдік немесе дәрілік тәуелділік бар адамдарға, жүктілікте (1 триместрінде тағайындамайды), жіне омыраумен қоректендіретіндерге, бүйректің ауыр ауруларында сақтандықпен тағайындайды; егде адамдарда аз дозада тағайындайды.

Дозасы мен қолданылуы. Ішке : үрей кезінде бір реттік дозасы 5– 10 мг ( ЖБМ-20 мг), орташа тәуліктік 15-30 мг ( ВСД -60 мг). Үреймен қоса жүретін ұйқысыздықта, түнде 5-15 мг. Егде адамдарда: дозасының жартысы, 2мг тәулігіне 2 реттен әсеріне қол жеткізгенше. Балаларда түнгі шошынуларда және сомнабулизмде: түнге 1-5мг. Бұлшықетке, көктамырға (баяу -0.5мл 30 сек. бойы ):ауыр үрейде, паникалық атаканы баяу үшін, алкоголизм кезіндегі абстиненцияда – орташа бір реттік дозасы 10 мг ( ЖБМ– 30 мг ), орташа тәуліктік 30-40 мг.

  • Сибазон (Рессей); табл., 5 мг.

  • Валиум рош ( F. Hoffmann .La Roche Ltd., Швейцария ); табл., 5 және 10 мг; инъекцияға арналған ертінді ( амп. ) , 10 мг, 2 мл.

  • Седуксен ( Gedeon Richer Ltd., Венгрия ); табл., 5 және 10 мг; инъекцияға арналған ертінді ( амп. ) , 10 мг, 2 мл.


Алпразолам ( Alprazolam ).

Көрсеткіштер. реактивті депрессиялар, паникалық бұзылыстар.

Психомоторлы тежелулі депрессияларда, көңіл–күйдің биполярлы бұзылыстарында, психоздық жағдайларда қолданылмайды.



Қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері, сақтандырулар. Диазепамдағыдай, 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындамайды.

Дозасы мен қолданылуы. Бір реттік мөлшері 0.25-0.5 мг, орташа тәуліктік 1-2 мг, ЖТМ-4-6 мг/тәу. ( негізінен паникалық бұзылыстар ). Егде жастарғыларға 0.25 мг тәулігіне 3 рет, жақсы көтере алған жағдайда дозаны жоғарлатуға болады.

  • Алпразолама табл. (Рессей); 0.25 мг және 1 мг.

  • Ксанакс, ксанакс ретард ( Pharmacia N . V . / S .A. ; Pharmacia & Uhjohn N . V . / S .A Бельгия ); табл., 0.25 ; 0.5 ; 1 және 2 мг; табл., ретард, 0.5 және 1 мг.


Медазепам ( medazepam )

Басқа бензодиазепндерге қарағанда миорелаксирлеуші және седативті әсері аз дәрежеде айқындалады. Күндізгі транквилизатор ретінде кеңінен қолданылады.



Көрсеткіштер. «Диазепамды» қараңыз, үрейлі бұзылыстардың барлық түрлері, мигрень.

Қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері, сақтандырулар. «Диазепамды» қараңыз. Балаларға препаратты қатаң көрсеткіш бойынша тағайындайды (есте сақтау қабілеттін төмендетеді).

Дозасы мен қолданылуы. Бір реттік дозасы 10-20 мг, орташа тәуліктік 20-30 мг, ЖТМ -60-70 мг. Егде жастағы және бүйрек қызметі бұзылған науқастарға 5-10 мг күніне 1-2 рет немесе түнге10 мг тағайындайды. Балаларға әдетте күніне 2 мг/кг.

  • Мезапам (Рессей); табл., 10 мг;д/приг. сусп. Балаларға ішке қабылдауға: пакеттер, 1 г ; банкалар, 20г.

  • Рудотель ( Arzneimittelwerk Dresden GmbH, Германия); табл., 10 мг.


Феназепам ( phenazepam )

Транквилиздеуші белсенділігі жағынан көптеген басқа анксиолитиктерден басып озады.



Көрсеткіштер. үрейлі бұзылыстардың барлық түрлері.

Қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері, сақтандырулар. Диазепамдағыдай.

Дозасы мен қолданылуы. Бір реттік дозасы 0.5-1 мг, орташа тәуліктік 2-3 мг, ЖТМ-6-8мг. Егде жастағыларға сақтықпен қолданады, балаларда тәуліктік дозаны 2-3 есе азайтады.

  • - Феназепам (Рессей); табл., 0.25 мг және 1 мг және 2.5 мг; инъекцияға арналған ертінді ( амп. ) ,0.1% және 3%,1мл.


Хлордиазепоксид ( chlordiazepoxide )

Көрсеткіштер. «Диазепамды», 5.1.2. бөлімін қараңыз, үрейлі бұзылыстардың барлық түрлері, климактерикалық және предменструальды жағдайларда.

Қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері, сақтандырулар. «Диазепамды», 5.1.2. бөлімін қараңыз, ұйқылы апноэда қарсы көрсетілген.

Дозасы мен қолданылуы. Бір реттік дозасы 5-10 мг, орташа тәуліктік 30-50 мг, 3-4 қабылдауда. 4-7 жасар балаларда 5-10 мг/тәу., 8-14 жас 10-20 мг/тәу.

  • Хлозепида табл., қаб. қапт., 0.005 г. (Рессей); табл., қаб. қапт., 5 мг.

  • Элениум ( Polfa , tarchomin Pharmaceutical Works S.A., Польша) табл., қаб. қапт., 10 мг.


Бензодиазепинді емес құрылымды анксиолитиктер.

Гидроксизин ( hydroxyzine )

4 гл. да қараңыз. Антигистаминді , седативті, қышуға қарсы және М-холиноблоктаушы әсер көрсетеді.



Көрсеткіштер. Үрейлі жағдайларда, жоғары қозғыштық, тітіркендіргіштік, қышулы дерматит, премедикация.

Дозасы мен қолданылуы. Ішке , в/м, (ірі бұлшықет аймағын), 25-100 мг күні бойы бәрнеше рет қабылдайды немесе түнге (жалпы тәжіребеде),100-300 мг. Психиатрияда бұлшықетке енгізу әсіресе шұғыл терапияда көрсетілген.13 айдан15 жасқа дейінгі балаларға -1 мг/кг тәулігіне бірнеше рет қабылдайды.
Мепробамат ( Meprobamate )

Бензодиазепиндерге қарағанда аз әсерлі, передозировкада қауіптірек, тәуелділікті шақыруға қабілетті, вегетативті жүйке жүйесіне айқын әсер етпейді.



Көрсеткіштер. Үрейлі жағдайларда, нейроциркулаторлы дистония, АГ, ойық жара ауруы, климактерикалық және предменуструальды синдромдар.

Қарсы көрсеткіштер. Созылмалы алкоголизм, анамнезінде дәріге тәуелділік, эпилепсия, бүйрек және/немесе бауыр қызметінің бұзылыстары, порфирия, жүктіліктің 1 жартысы, жоғарғы сезімталдылық, 6 жасқа дейінгі жас.

Жанама әсерлері. Сөл бөлінудің азаюы, жүрек айну, құсу, диарея, терілік аллергиялық реакциялар, сирек қан түзілудің бұзылыстары, парадоксальді реакциялар, бронхоспазм.

Сақтандырулар. Ұзақ уақыт қабылдағанда ауыз қуысының кандидозы, парадонтит, бас айналумен, ориентация мен сөйлеудің бұзылысымен, жүретін созылмалы уланулар, дамуы мүмкін, дәрілік тәуелділік құрылуы мүмкін.

Дозасы мен қолданылуы. Үлкендерге орташа доза -400 мг 3-4 рет/тәул. ( ЖТД -2.4г ). Егде жастағыларда дозаны 2 есе азайтады, балаларда -100-200 мг 2-3 рет/тәул.

- Мепротана табл. (Рессей); табл. 200 -400 мг.



Ұйықтатқыш заттар(гипнотиктер).
Ұйқыны шақырады немесе оның басталуынан жеңілдетеді. Бұл препараттар жеке топқа бөлінген, бірақта ұйықтатқыш әсерді көптеген кластардың дәрігерлік заттары береді (мысалы, нейролептиктер, антигистаминділер, ұстамаға қарсы препараттар). Барлық ұйықтатқыш заттар ұйықтар алдындағы, маужырау кезеңінің ұзақтығын қысқартады және ұйқының ұзақтыңын ұзартады, бірақта паралрксальды және баяу ұйқы фазаларына әртүрлі әсер етеді. Ұйқының физлогиялық құрылымын минимальды өзгертетін препараттар, ұйқысыздықты емдеде жиі таңдалады.

Гипнотиктерді тағайындамас бұрын, ұйқысыздықтың себебін табу және мүмкіншілігінше оны жою қажет. (агкогольмен зиянды әсер ету, күндіз ұйықтау әдетін, физикалық қолайсыздық – ауырсыну, қышу, тыныс алудың қиындауы, уақыт белдеуін ауыстыру және т.б.). Гипнотиктерді тек ұйқысыздық айқын дистресске алып келгенде ғана тағайындау қажет.

Транзиторлы ұйқысыздық денісау адамдарда әр-түрлі ішкі себептер нәтижесінде байқалуы мімкін (шулар, шаршау) бұндай жағдайда ұйықтатқыш дәрігерлерді қолданудан бас тарту қажет немесе қысқа t1/2 гипнотиктермен және екі кезеннен асқан қабылдаумен шектелу керек.

Қысқа уақытты ұйқысыздық стресті жаңдайлар немесе ауыр аурулар нәтижесніде пайда болады, бірнеше аптаға рецедивпен созылуы мүмкін.Қысқа t1/2 гипнотиктерді максимальды мерзім 3 аптаға дейін тағайындайды және мүмкіншілігіше күнде емес.

Созылмалы ұйқысыздық идеопатикалық түрде сирек кездеседі, жиі оның себебі тәуелділікке алып келген, гипнотиктерді дұрыс қолданбау болып табылады. Үрейлі бұзылыстар дипрессия, алкогольді және дәрілік тәуелділік жие созылмалы ұйқысыздықпен жүреді. Депрессия кезінде ұйқының бұзылыстары ең ауыр түрде көрініс береді. Бұндай жаңдайларда терапевті тактика ұйқының бұзылысын ескере отырып негізгі бұзылысты емдеуге негізделеді. Мысалы, депрессияларды қолданылатын амитриптимін, түнде қабылдағанда ұйқының пайда болуын жеңілдетеді.

Дәріге тәуелділік ұйқысыздықтың жедел рецедивіне байланысты препаратты тоқтауға мүмкіндік болмайтын жағдай түрінде көрініс береді және терапияның 2-3 аптасында пайда болуы мүмкін.

Сақтандырулар. Тәуелділіктің даму қаупін төмендету үшін, препаратты ауыстырып отырып, науқас қабылдап жатқан дозаны бақылай отырып, үзілісті курстарды қолдану ұсынылады. Тұрақтылықтың дамуы ұйықтатқыш әсерді ұстап тұру үшін, препараттың дозасын үнемі жоғарылатып отыру қажеттілігімен көрінеді. Гипнотиктерді тоқтатқанда бірнеше күн бұрын табиғи ұйқы мен сергектік тәртібі қалпына келгенше ұйқы сапасының нашарлауы байқалады.

өзара әрекеттесуі. Гипнотиктерді қолдану жиі симптоматикалық сипатта болады және әдетте басқа ДЗмен араластырады.

Балалар гипнотиктерді балаларға тек қорқынышты түстерге және сомнабулизмде ғана тағайындайды

Егде жастағылар гипнотиктерді атоксияның және сананың шатасуының күшеюіне алып келуіне мүмкін жағдайларда тағайындауынан бас тартқын жөн.

Бензодиазепин туындылар.

Гипнотиктер түрінде нитрозепам, флунитрозепам қолданылады. Олар үнемі қабылдағанда кумуляцияланады, бұл қабылдағаннан кейінгі күні резидуальді әсерге алып келуі мүмкін. Мидазалон, триазалон, темазепам қысқа t1/2 және сәйкесінше әсер етуінен кейін эффектісінің болмауымен ерекшелінеді. Бірақта бұл препараттарды қабылдағанда жиі доғару синдромы дамиды. Егерде ұйқысыздық күндізгі уақытта үреймен қосарланса t1/2 сақтау анксиолитектер диазепамды немесе феназипамды түнде қабылдау әсерлі , олар жағдайдың екі компонентіне де әсер етеді.



Нитразепам ( nitrazepam ) t1/2 18-49 сағат.

Көрсеткіштер. әртүрлі генездегі ұйқының бұзылыстары, сомнабулизм, хирургиялық операция алдында премедикация, ұстама талмаларының кейбір түрлері (әсіресе балаларда) түнгі, ерте таңертеңглік оянудағы жіне таңертеңглік үрейі бар науқастарға ұсынылады.

Қарсы көрсеткіштер. Жоғарғы сезімталдылық, миастения және самайлық эпилепсия, жүктілік, омыраумен ұоректендіру, жабық бұрышты глаукома.

Жанама әсерлері. Таңертеңглік шаршағыштық сезімдері, зейін қою концентрациясы бұзылысы, психикамен және қозғалыс реакциялары баяулауы мүмкін. Сирек парадоксальды реакция, бұлшықет әлсіздігі, бас айналу, диарея, тыныс алудың тежелуі, АҚ төмендеуі, сананың шатасуы, амнезия болуы мүмкін.

Сақтандырулар. әсер еткеннен кейінгі кезеңнің ауқылымдылығымен сиппатталады, тыныс алу жеткіліксіздігінде, атоксияда, ұйқы кезіндегі апноэ, бауыр және бүйрек қызметінің айқын бұзылыстары кезінде сақтыұпен қолданылады. Емдеу кезінде алкогольді сусындарды қолданбаған жөн. Жоғарғы зейін мен жылдам реакцияны қажет ететін қызметтерден бас тарту керек.

Дозасы мен қолданылуы. Түнде ұйықтар алдында 30-40 мин.бұрын 5-10 мг тағайындауды, ас қабылдаумен ДЗ қабылдау арасындағы үзілісті мүмкіншілігінше ұзарту қажет. Басқа жағдайларда тәулктік доза 2-3 қабылдауға бөлінген, 2,5 мг-нан 25 мгауытқып тұрады, егде жастағы және әлсіреген науқастарға 2,5-5 мг, балаларға 0,6 мг/тәул.

- Нитразепам табл. ( Рессей)., табл., 5және10 мг.

- Радедорм 5 ( Arzneimittelwerk Dresden GmbH, Германия)., табл., 5 мг.

- Эуноктин ( Gedeon Richter, Венгрия);табл., 10 мг.


Флунитразепам ( Flunitrazepam ). Нитразепамға қарағанда қысқа t1/2 ие ( 16-36 сағ).

Көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері, сақтандырулар. Нитразепамды қараңыз.

Дозасы мен қолданылуы. Орташа тәуліктік доза 1-2 мг түнге. Егде жастағы және әлсіреген науқастарға -0.5-1.5 мг. Балаларға -0.5-2 мг

  • Рогепнол ( F . Hoffemann-La Roche Ltd., Швейцария); табл.,қабықшамен қапталған,1 мг.



Басқа химиялық құрылымды ұйқтатқыштар.

Золпидем имидазопиридинді ұйықтатқыш заттар тобына жатады, ал зопиклон циклопирралон туындысы болып табылады. Препаратты ұзақ уақыт қабылдаудың клиникалық тәжіребесі жоқ, дәрілік тәуелділік дамуының сирек жағдайлары белгілі.

Золпидем( zolpidem )

Қысқа t1/2 ,айқын миорелаксантты және седативті құрамы жоқ препарат.



Көрсеткіштер. Ұйқының бұзылысы, әсіресе эмоционалдық стресспен, соматикалық аурулармен, сонымен қатар созылмалы ауырсынуымен байланысты.

Қарсы көрсеткіштер. Жоғарғы сезімталдық, 15 жасқа дейінгі жас, жүктілік, омыраумен қоректендіру.

Жанама әсерлері. Сананың шатасуы, күні бойы ұйқышылдық, бас ауруы, есте сақтаудың бұзылысы, қорқынышты немесе әдеттегідей емес түстер.

Сақтандырулар. Депрессияда , анамнезінде алкогольдік және дәрілік тәуелділік, тыныс алу жеткіліксіздігінде, миастенияда, бауыр және/немесе бүйрек ауыр бұзылыстарында, егде жастағыларға сақтықпен қолдану қажет.

Дозасы мен қолданылуы. Ұйқыға дейін 20-30 мин. бұрын ішке бір рет 5-10 мг, 65- жастан үлкен науқастарға – 5 мг, қажеттілігінше 10 мг артық емес.

  • Ивадал ( Sanafi-Winthrop Industrie, Франция); табл.,қабықшамен қапталған,10 мг.

  • Санвал ( Lek d.d ,Словения); табл.,қабықшамен қапталған, 5 және10 мг.


Зопиклон ( Zopiclon ).

Қысқа t1/2 ,айқын миорелаксантты және седативті әсері жоқ препарат.



Көрсеткіштер. Инсомнияның барлық түрлері, соның ішінде стресс, шектен тыс күш түсу, әдетті өмір ырғағының өзгерісі, ауыспалы жұмыс тәртібі, уақыт белдеуінің өзгерісі нәтижесінде ұйқының ситуациялық өтпелі бұзылыстары.

Қарсы көрсеткіштер. Жоғарғы сезімталдық, 15 жасқа дейінгі жас, жүктілік, омыраумен қоректендіру, айқын тыныс жеткіліксіздігі.

Жанама әсерлері. Сирек жағдайларда ауыздағы ащы және металл дәмін сезіну, жүрек айну, құсу, тітіркендіргіштік, депрессия, сананың шатасуы ( жиі егде жастағы адамдарда), аллергиялық реакция, бас ауруы, бас айналу, қыймыл координациясының бұзылысы.

Сақтандырулар. Депрессияда, анамнезінде алкогольдік және дәрілік тәуелділік, тыныс алу жеткіліксіздігінде, миастенияда, бауыр және/немесе бүйрек ауыр бұзылыстарында, егде жастағыларға сақтықпен қолдану қажет.

Дозасы мен қолданылуы. Түнде 7.5 мг ішке, әсері болмаса 15 мг дейін, егде жастағыларға және бауыр қызметінің айқын бұзылысы кезінде 3.75 мг дозадан бастайды, әрі қарай әсерлілігіне және көтере алушылығына байланысты дозаны көтеруге болады.

- Пиклодорм (Рессей); табл., қабықшамен қапталған 7.5 мг.

- Имован ( Rhone- Poulenc Rorer, Франция); табл., қабықшамен қапталған 7.5 мг.
Нормотимиялық дәрілік заттар.

Нормотимиктер(тимоизолептиктер) аффективті сфераның циркуляциялық бұзылыстары қалыпқа келтіреді, бұл топтың препараттарын депрессия, маникальді сипмтомдардың алдын алу мақсатында, биполярлы бұзылыстарда, рекурентті депрессивті және көңіл күйдің созылмалы бұзылыстары кезінде қолданады. Барлық нормотимиктер антиманиакальді қасиетке ие, сондықтан бұл препараттарды маниакальді бұзылыстарда кеңінен қолданады. Нормотимикалық топтың препараттары литий тұздары, кішкентай антиконвульсанттар.

Препараттың еффективтілігі төмен болса литий тұздары мен антиконвульсанттарды бірге қолданылады. Профилактикалық терапияны ұзақ уақыт жүргізеді(жылдар бойы) .

Қолдануға көрсеткіштер. Биполярлы, депрессивті аффективті бұзылыстардың алдын алу (маниакальді депрессивті психоз, циклотимия, шизоаффективті психозда, этиологиясы әртүрлі маниакальді және гипоманиакальді күйлерде, созылмалы ішімдікті көп қолданған адамдардың аффективті бұзылыстары. Нормотимикалық терапия тағайындалады егер де екі жылдың ішінде екі шынайы аффективті ұстама байқалса.

Терапияның өзгешелігі. Препараттарды қолдануды бірден тоқтатуға болмайды, аффективті қозулар байқалуы мүмкін.Профилактикалық терапияны біртіндеп жүргізу қажет, бірнеше апта ішінде және де науқасқа жағдайының нашарлауы болуы мүмкіндігін ауту қажет.


<предыдущая страница | следующая страница>


Қмму ф 4/3-06/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмму жанындағы ОӘК №6 нх

Тақырып 9: Медициналық арахноэнтомологияға кіріспе. Шаянтәрізділер және өрмекшітәрізділер класы

41.74kb.

16 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-04/02 2007 ж. 14 маусымдағы ОӘК №6 нх

Тақырыбы: «Жүйке жүйесі аурулары фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клиникалық-фармакологиялық жолдар принциптері.»

510.48kb.

25 12 2014
4 стр.


Қмму ф 4/3-06/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх

Тақырыбы: ҚР әскери және далалық жағдайда терапиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру

59.85kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму ф4/3-06/01 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх

Тақырыбы: Адамның тиімді тіршілік әрекетіндегі көру мен мүсінінің, бұзылуының алдын алу

71.72kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-06/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх

Тақырыбы: Көптүрлі жалқықты эритема клиникасы, диагностикасы, ажырату нақтамасы және емі. Дәрігер-стоматологтың тактикасы

52.18kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-06/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх

Тақырыбы: Пульпит – анықтамасы, жіктелуі. Жедел пульпиттердің клиникасы, нақтамасы, ажырату нақтамасы

52.31kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-06/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх

Тақырыбы: Ауыздың кілегейлі қабығының саңырауқұлақтар тудыратын аурулары. Жіктелуі. Клиникасы, диагностикасы, ажырату нақтамасы және емі

53.61kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-06/05 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх

Тақырыбы: Тілдің аурулары мен ауытқулары (аномалиялары). Глоссалгия. Жіктелуі. Клиникасы, диагностикасы, ажырату нақтамасы және емі. Дәрігер-стоматологтың тактикасы

56.07kb.

25 12 2014
1 стр.