ҚММУ Ф 4/3-06/02
2007 ж. 14 маусымдағы
ҚазММА жанындағы ОӘК №6 НХ
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Терапиялық стоматология кафедрасы
Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс
Тақырыбы: Пульпит – анықтамасы, жіктелуі. Жедел пульпиттердің клиникасы, нақтамасы, ажырату нақтамасы.
Пәні: Терапиялық стоматология
Мамандығы: 051302 «Стоматология»
Курс 5
Құрастырушы: Шауенова К.А
Қарағанды 2013ж
Терапиялық стоматология кафедрасының отырысында талқыланып бекітілді
Хаттама № 1 2013
Терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі
_____________________Танкибаева Ж.Г.
Тақырыбы: Пульпит – анықтамасы, жіктелуі. Жедел пульпиттердің клиникасы, нақтамасы, ажырату нақтамасы.
Мақсаты :Ұлпа қабынуының этиологиясы мен патогенезін білу, кейін объективті тексеру әдістерімен дәлелденетін диагнозды, дұрыс болжауға мүмкіндік береді. Дәрігердің ұлпа қабынуларын дұрыс диагностикалау мақсатында, тексеру әдістерінің қолда бар қорытындыларын салыстыруы өте маңызды.
Оқыту мақсаты:
* Студент білуі тиіс: ұлпаның даму механизмін, ұлпаның қазіргі уақытқа сай жүйеленуі.
* Студент істей алуға тиіс: жедел ошақты, диффузды ұлпа қабынуының емдеу
әдісін жүргізу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
ұлпаның анатомиясы, гистологиясы, патанатомиясы.
-
ұлпа қабынуының этиологиясы, патогенезі, патологиялық анатомиясы.
-
ұлпа қабынуының жүйеленуі.
-
ұлпа қабынуының жедел түрі бар науқастарды тексеру әдістері.
-
ұлпа қабынуының жедел түрлерінің жалпы сипаттамасы.
-
Жедел ошақты ұлпа қабынуының клиникасы, диагностикасы салыстырмалы диагностикасы.
-
Жедел диффузды ұлпа қабынуының клиникасы, диагностикасы,
салыстырмалы диагностикасы.
Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.)
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
-
Боровсий Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. и др. Терапевтическая стоматология. - М., 2007.
-
Дмитриев А.А. Лечение и профилактика болезней зубов и пародонта. – 2008.
-
Терапевтическая стоматология: Учебник. В 3-х ч./ Под ред. Г.М. Барера.- М. ; ГЭОТАР-Медиа. Ч.3:Заболевания слизистой оболочки полости рта.-2005.
Қосымша әдебиеттер:
-
Бер Р., Бауманн М. Ким С. Атлас по стоматологии. – М., 2006.
-
Леманн К., Хельвиг Э. Основы терапевтической и ортопедической стоматологии. – М., 2009.
-
Рациональная фармакотерапия в стоматологии: Руководство для
практикующих врачей / Под общ. ред. Г.М.Барера, Е.В.Зорян. - М.: Литтерра, 2006.
-
Царинский М.М. Терапевтическая стоматология. – Ростов-на-Дону, 2008.
Бақылау (тестілері)
1. Жедел пульпиттердi жiктелуi
-
жедел ошақты, гипертрофиялы
-
диффузды, жаралы.
-
жалпы ірінді , ошақты, фиброзды.
-
пролиферативті , серозды - ірінді, ошақты.
-
ошақты, диффузды.
2.Жедел пульпит түрлеріндегі ауру сезімінің сипаты
-
Өздігінен, түнгі, ұстама тәрізді. тітіргендіргіштерге ауру сезімінің болуы
-
Тез өтімді , ұстама тәрізді температуралық , механикалық тітіргендіргіштерге ауру сезімінің ұлғайюы.
-
Тістегенде тұрақты ауру сезімінің болуы
-
Жедел , устамалы, өздігінен ауру
-
Жедел, өздігінен ұстама тәрізді түнгі ауру сезімі
3. Өздгінен, түнгі, ұстама тәрізді, ауру сезімі ұзақ болады. Зондпен тексергенде бір нүктеде аурады, бұл қай ауруға тән.
-
жедел диффузды пульпит
-
созылмалы фиброзды пульпит
-
жедел ошақты пульпит
-
терең кариес
-
гипертрофиялы пульпит
4. Ұлпаның ортанғы қабатында келесі клеткалар орналасады
-
фибробластар, одонтобластар, пульпоциттер
-
гистиоциттер, плазмоциттер, пульпоциттер
-
фибробластар, одонтобластар, лимфоциттер
-
лимфоциттер, пульпоциттер, гистиоциттер
-
фибробластар, гистиоциттер, плазмоциттер, лимфоциттер
5.Пульпоциттер қандай пішінде болады.
-
ұшбұрыш
-
жұлдызша
-
полигоналды
-
домалақ
-
төртбұрыш
Бақылау ( есеп үлгілері ).
1.Науқас 38 жаста, 15тіске өзіндік,ұзақ ұстамалы,үштік нерв бойымен таралады.Барлық тітіргендіргіштерге аурушаң ,ұзақ мезгілді сезім бар.Тіс бұрын ауырған, зондпен тексергенде тіс сағасы ашық,зондпен шұқылағанда ашылған сағада аурады. Диагноз қойыңыз.
2.Науқас 26 жаста,үстіңгі жақтың сол жағында қысқа мерзімді ,тітіргендіргіштерге байланысты емес ауру сезіміне шағымданады.10-20минутқа ауру сезімі созылады.Түнгі ауру тән.Анамнезінде:бұрын тісі ауырған,бірақ тіс қуысын шайғаннан кейін басылған.Обьективті:Бет-әлпеті симметриялы,тері жамылғысы қалыпты жағдайда.Ауыз қуысы кілегей қабығы ақшыл қызғылт түсті.ГИ-1,5.Шайнау бетінде 27 тістің терең кариес қуысы,іші жұмсарған дентинге толы.Зондпен тексергенде бір нүктеде аурады,температуралық тітіргендіргіштерге тез ауыршаң сезімі бар,бірақ тітіргендіргішті алған соң тез басылады.
ЭОД - 15мкА алдыңғы-жақ төмпешігінде,. ЭОД-10 мкА барлық жағынан.. Перкуссияда ауырмайды.Алдын-ала қойған диагнозыңыз . Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.
Бақылау (сұрақтары.)
-
ұлпаның анатомиясы, гистологиясы,қызметі
-
ұлпа қабынуының жүйеленуі.
-
Жедел ұлпа қабынуының жалпы сипаттамасы