Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Модульге қатысты бақылау диктанттар,тесттер,тапсырмалар.
Бекпанова Тұрсынай Дүйсенбайқызы –

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Жоғары категория
Орыс тілінде жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану- математика бағытындағы 10 –сыныбына арналған методикалық нұсқау

Модульге қатысты бақылау диктанттар.


Қазақстан туы.
Қазақстан мемлекетінің туы аспан түстес - көгілдір.Ол - адалдық пен тазалықтың нышаны. Туымыз бір түсті, қоспасы жоқ . Ол халқымыздың мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.

Көк байрағымызда алтын күн, дала бүркіті және ұлттық өрнек бейнеленген. Кун бейнесі байлық пен берекенің нышаны болып есептеледі. Міне, сол себепті көк байрақта күннің бейнесі бар.

Ал қанатты бүркіт далалықтар үшін - еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу. Туымыздағы тағы бір белгі - ұлттық өрнекті жолақ. Бұл "Қошқар мүйіз" деп аталатын қазақы өрнек. Ою - өрнектер - қазақ халқының өмірлік серігі

Мемлекеттік тудың авторы - суретші Шәкен Ниязбеков.


Шешендік сөздер.
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы - шешендік сөздер.

Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз - белгілі бір мәселеге байланасты тапқыр ой, көркем тілменайтылған, сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі, үлгілі сөздер. Онда халықтың бастан кешірген оқиғалары, ақыл -ойы, арман- тілегі бейнеленеді, дүниеге көзқарасы көрінеді.Шешендік - тапқырлық сөздер - белгілі дәрежеде еңбекші адамның өздерін қанаушыларға, езушілерге қарсы жұмсайтын қаруы.Аяз би, Жиренше мен оның сұлу жары Қарашаштың тапқыр сөздері соның дәлелі. Сондай - ақ Алдаркөсені, Қожанасырды, Шопан - Тазшаны сөзге шешен, өткір тілді, тапқыр, пысық адамдар етіп көрсетеді.Бұлардың өткір тілі, тапқырлығы қатал, қиянатшыл хандарды, дүниеқор байларды, әділетсіз билерді әшкерелеуге, мазақ етуге бағытталған.

Қазақтың шешендік сөздері бата - тілектен бастап, өнегелі өсиет сөздерді, өмірде кездесетін жер дауы, ер құны секілді дау - талап, келіссөздерді қамтиды. Шешендік сөздерді келесі ойдың қорытындысы, тоқсан ауыз сөздің түйіні, дәні деуге болады.
Әл - Фараби.
Әбу Насыр Әл -Фараби - ойшыл, философ, социолог, математик, астроном, лингвист, логик, музыка зерттеушісі.Қазіргі Шымкент облысының жеріндегі көне Фараб қаласында туған.Жиырма жасқа дейін сонда оқып, тәрбиеленіп, кейін Самарқанд, Бухара, Хива, мұсылман шығысының көп жерлерін аралаған, ұзақ уақыт бойы Араб халифатының саяси, мәдени орталығы - Бағдатта тұрған.Арабтың мәдениеті мен ғылыми дәуірлеген шақта сонда оқып, білім алып, ғылыми жұмыстарымен айналасқан. Өмірінің соңғы жылдарын Каирда, Дамаскіде өткізген.

Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихында белгілі орын алады .

Оны Шығыстың Аристотелі деп атаған. Артында қойған ғылыми мұрасы өте мол : жүз

алпысқа жуық трактат жазған. Олар ғылымның алуан түрлі саласын қамтиды.

Көкшетауға саяхат.
Көкшетауды "Қазақстан жеріндегі Швейцария" дейді. Себебі оның биік таулары, тұнық көлдері, хош иісті гүлдері мен ормандары бар.

Көкшетаудың оңтүстік - шығысында республикамызға белгілі курортты аймақтар орналасқан. Солтустік - батысында "Алтын тоғай" атты туристік база бар.

" Бурабай" курортына баратын жол орманның арасынан өтеді. Жолдың бойында өсіп тұрған ақ қайындар, қарағайлар және ағып жатқан мөлдір бұлақтар көздің жауын алады. Тоғайларда түрлі аңдар мекендейді. Қарағай ормандарының ауасы денсаулыққа өте пайдалы. Сондықтан Көкшетау курортында көбінесі өкпе ауруларын емдейді. Шипалы қымызы да пайдалы.

" Бурабай" курорты минералды суларымен, балшығымен белгілі. Жазда демалушылар көлде қайықпен жүзеді, балық аулайды, табиғаттың әсем жерлеріне саяхат жасайды.

Көкшетау -табиғаты әсем жер.
Мазмұндама
Таза бұлақ

Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай салқын, шыныдай мөлдір, өте таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу қойып қорғаныш қылып, тастың су ағар жеріне жазу жазыпты: "Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!"-деп.

Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң, жазуды оқып, біреуі саудагер екен,ол айтты:

- Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол:"Сен де адам,тынбай қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білетін,"-деді

Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:

- Жоқ, мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: "Кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусанын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді, бұлай болса адамға үлгі-өнеге сол: "Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығынды ешкімге міндет етпе" дегені болса керек,-деді.

Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастыры:"Сен не ойлайсың?"-деп сұрады.

Жігіт айтты:

- Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді, бұлақ күні-күні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы:"Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, бұлаққа қарасақ, күн түссе, күннің, шөп түссе, шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол тәрізді сыртқа ашық көрініп тұрсын" дегені ме деймін,-деді.
Жоспар:

1. Үш жолаушы бұлақтың басында кездеседі.

2. Тасқа жазылған жазу.

3. Саудагердің сөзі.

4. Молданың айтқан ойы.

5. Үшінші жолаушының түйген ойы.



Тірек сөздер: жолаушы, кез болыпты, тастақ жерден, бұлақтың үстіне төгіліп, мөлдір, қорғаныш қылып, тынбай ағып, мүсәпір, жоғарырақ соқса, соқса керек, сусағанның, сусанын, ақы, міндет етпе, көркем, лай-қоқым, ынтық, сол тәрізді, сыртқа.

Мәтінді жоспар бойынша баянда.


Мазмұндама

Тұңғыш президент


Қазақ халқының тарихында Қаныш Сәтбаев бірінші рет құрылған Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып сайланды. Қазақстан Ғылым академиясы тарихынан оның есімін айыру қиын.

Қаныш жан-жақты ғалым. Оның тарихтан да, әдебиеттен де, өнерден де хабары мол. Қ.Сәтбаевтың көп қырлы дарындылығы қазақстанда ғылымның барлық салаларының қатар дамуына ықпалын тигізгені сөзсіз.

Ешбір табыс өзінен-өзі келмейтінін жақсы білген ғалымның қағидасы-"Бейнетте-береке" болған. Ол алға қойған мақсатына жету үшін, білімді білетіндерден үйренген. Білмегенін білуге асығу оны үнемі ізденіске әкеліп отырған.

"Жер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды" деді халық. Ер дегеніміз-халықтың тірегі, қамқоры, қорғаны. Ерлік - ердің ісі. Біреулер адал еңбегімен елінің байлығын көбейтеді. Біреулер даналығымен елінің ынтымағын біріктіреді. Осы тұрғыдан өлшесек, Қаныштың ғылым арқылы халқына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Бұл-ерлік.


Жоспар:

1.Ғылым академиясының тұңғыш президенті.

2.Қаныш-жан-жақты ғалым.

3.Ғалымның қағидасы "Бейнетке- береке".

4."Жер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды".
Тірек сөздер: оның есімін айыру қиын, көп қырлы дарындылығы, ықпалын тигізгені, халқына сіңірген еңбегі.

Тапсырма: жоспар бойынша мазмұнын айту.

Диктант.

Ақпараттық- анықтамалық құжаттарға хаттар, жеделхаттар , телефонограммалар , актілер , анықтамалар, мағлұмат хаттар мен түсінік хаттар, арыздар , т.б. жатады.

Бастамалық хаттарға мыналар жатады : сұрау салу хаттары, өтініш хаттары, ескерту және хабарлама хаттары, жарлық хаттар, ілеспе хаттар. Жауап хат түрлері: ақпараттық, түсіндірме, рұқсат,тыйым салу хаттары,т.б.

Жоғары мекемелер мен ұйымдардан түсетін хаттардың мазмұны әдетте нұскау, түсіндіру, ресми сұрау салу түрінде болады.

Салаға бағынышты мекемелер хабарлар, сұратулар жібереді.

Хаттар арнайы қағаздарға толтырылады.

Хат мәтіні екі бөліктен тұрады.Алдымен хатты жазуға себеп болған жағдайлар көрсетіледі, содан кейін қорытынды, ұсыныс, өтініш-тілектер жазылады.

Мәтінді құрастыруда мынадай грамматикалық үлгілер пайдаланылады: өтінемін, өтінеміз, кәсіпорын өтініш жасайды, басшылық пен еңбек ұжымы өтініш жасайды,ұсыныс енгіземіз, ұсынамыз, хабарлаймыз, түсіндіреміз, мәлім етеміз.



Модульге қатысты тесттер.
1 - Модуль

Менің Қазақстаным
1. Қазақстан неше елмен шектеседі?

а) 5 ә) 6 б) 7

2. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды?

а) 11.07.97 ә) 04.06.92 б) 22.09.89

3. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?

а) Талғат Мұсабаев ә) Тоқтар Әубәкіров б) Олжас Сүлейменов

4. Қазақстанның тұңғыш Президенті қай жылы сайланды?

а) 1990 ә) 1991 б) 1992

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы қашан енгізілді?

а) 15 қараша 1993 ә) 15 желтоқсан 1993 б) 15 қазан 1992

6. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?

а) 1991 ә) 1993 б) 1995

7. Юнесконың шешімімен Астанаға қай жылы "Бейбітшілік қаласы" атағы берілді?

а) 1997 ә) 1998 б) 1999

8. "Бата - біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады" - Бұл сөзді

кім айтқан?

а) А. Байтұрсынов ә) А. Құнанбаев б) М. Әуезов

9. Орда - неше қанатты киіз үйдің үлгісі?

а) 8 ә) 12 б) 6

10. Қазақстанда неше астана болған?

а) 4 ә) 3 б) 5

11. Қазақстанның бірінші астанасы қай қала?

а) Қызылорда ә) Алматы б) Орынбор

12. Қазақстанда неше облыс бар?

а) 14 ә) 12 б) 15

13. Астана қаласы 1998 жылға дейін қалай аталды?

а) Целиноград ә( Ақмола б) Ақмешіт

14. " Атамекен" әннің сөзін, әнін жазған кімдер?

а) Қ. Мырза Әли және Е. Хасанғалиев.

ә) Мұқан Төлебаев және Ж.. Дәрібаева

б) М. Әлімбаев

15. Айқындауыш мүше қатысып тұрған сөйлемді табыңыз:

а) Біз, жастар, еңбекте, оқуда алда болуымыз керек.

ә) Содан бері бір қыс, екі жаз өтті.

б) Ұжым тамаша табыстарға жетті.

16. Оқшау сөздер кездескенде, сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылады?

а) нүкте ә) үтір б) қос нүкте

17. Омоним сөзді табыңдар:

а) орда ә) аудан б) киіз үй

18. Мақалды аяқтаңыз:

Пайдасыз мың сөзден бармақтай ғана пайдалы ....

а) жұмыс ә) бір сөз б) іс артық

19. Мемлекеттік гимннің әнін жазған кім?

а) Ш. Қалдаяқов ә) М. Төлебаев б) М. Әлімбаев

20. Республика күні қай күн?

а) 25 қазан ә) 16 желтоқсан б) 30 тамыз




2 - Модуль

Шешендік сөздер

1. Шешендік сөздерге не жатады?

а) мақалдар ә) жұмбақтар б) даналық сөздер

2. Жиренше кім?

а) шешен ә)ғалым б) ғұлама ойшыл

3. Жиренше шешен қай жанрдың кейіпкері?

а) ертегі ә) аңыз б) әңгіме

4. Жиренше кімді жақтаған?

а) ханды ә) байды б) халықты

5. Жиренше қандай адам болған?

а) ақылды, тапқыр ә) сараң, қорқақ б) ержүрек

6. Шешендік өнерді ұстаған адамдарды қалай атаған?

а)би ә) шешен б) данышпан

7. Мақалды толықтыр:

... сөз бастар

Батыр қол бастар.

а) шешен ә) жазушы б) ақын

8. Қарашаш кімнің әйелі болған?

а) Қазыбек бидің ә) ханның б) жиреншенің

9. Жәнібек ханның кеңесшісі кім болған?

а) Үргенші шешен ә) Жиренше шешен б) Қазыбек би

10. "Дүниеде не өлмейді?" деген сұраққа Жиренше қандай жауап берген?

а) Ағын су өлмейді, асқар тау өлмейді

ә) Аспанда ай мен күн өлмейді, әлемде қара жер өлмейді

б) Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді

11. - Жерден ауыр не? - Оттан ыстық не?

- Судан терең не? - Көктен биік не? - деп сұрақтарды қойған қандай шешен?

а) Жиренше шешен ә) Бала би шешен б) Қазыбек шешен

12. Шешендік сөздер қазақ әдебиетінің бір саласы:

а) қазақ ауыз әдебиетінің ә) көркем әдебиетінің б) проза жырының

13. Жиренше балаға қандай сұрақ қойды?

а) Дүниеде не өлмейді?

14.Шешендік өнер өкілі:

а) бай ә) би б) хан


15. Буын үндестігіне қайсысы маңызды рөл ойнайды?

а) буын ә) дауысты дыбыс б) дауыссыз дыбыс

16. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:

а) лар - лер ә) дан - ден б) кер - гер

17. Буын үндестігі қандай жағдайда болмайды?

а) сөз бен қосымша арасында ә) сөз ішінде б) қысқарған сөзде

18. Буын үндестігіне багынбай тұрған не?

Шеберхана

а) жалғау ә) жұрнақ б) түбір

19. Синоним қатарын көрсетіңіз

а) мұрат - мақсат ә) үлкен - кіші б) қорқақ - батыр

20. Қай шешен қалмақ ханына барған?

а) Сырым шешен ә) Қазыбек шешен б) Әйтеке би

3 – Модуль
Әбунасыр Әл - Фараби.
1. Әбунасыр Әл- Фараби кім?

а) ұлы ғалым ә) тарихшы б) сарбаз

2. Әл - Фараби қай қалада туып өскен?

а) Отырар ә) Астана б) Бағдад

3. Әл - Фараби қандай еңбектер жазды?

а) өлеңдер ә) ғылыми еңбектер б) әңгіме

4. Адам жасында неше мүшел болады?

а) 7 ә) 8 б) 9

5. Балалық ( шақта) мүшелде неше шақ бар?

а) 5 ә) 6 б) 7

6. Әл - Фарабидің "Араб музыкасының тарихы" қайда басылып шыққан?

а) Лондонда ә) Парижде б) Миланда

7. Қазақ тілінде екпін қай буынға түседі?

а) бірінші ә) тұрақты емес б) соңғы буынға

8. Ілгерінді ықпалды табыңыз:

а)көзқарас ә) басшы б) саудагер

9. Кейінді ықпалды табыңыз:

а) ешкі ә) жұмысшы б) өнерпаз

10. Біріккен сөзді табыңыз

а) Екібастұз ә) ашық аспан б) әкімшілік

11. Қос сөзді табыңыз:

а) жазғы демалыс ә) салт - дәстүр б) атамекен

12. Мақалды аяқтаңыз:

Ақыл азбайды, білім .... .

а) жоғалмайды ә) тозбайды б) тозады

13.Кейінді ықпалды табыңыз .

а) Бейсенбай ә) Айжан б) Сағындық

14. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз

а) Жаман айтпай ,жақсы жоқ

ә) Мен шынымды айтайын , қорқудамын.

б) Тұрмыс құр , балам.

15. Қосарлану арқылы жасалған сөзді табыңыз

а) қазақтың тілі ә) құрбы- құрдас б) Жезтырнақ

16. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз:

а) "Жоғары мәртебелі, құрметті мырза," - деп бастапты Әл - Фараби.

ә) "Жоғары мәртебелі, құрметті мырза": деп бастапты Әл- Фараби.

б) "Жоғары мәртебелі, құрметті мырза - деп бастапты Әл- Фараби.

17. Арабтар Отырар қаласын қалай атаған?

а) Тараз ә) Түркістан б) Фараб

18. Иранның ұлығы Әл -Фарабидің несіне құмар болған?

а) өміріне ә) ғылыми еңбектеріне б) музыкасына

19. Әл- Фараби қандай ғылымға еңбек етті?

а) "Табиғат пен адамзат" ә) "Табиғат" б) "Табиғат және өнер"

20. Әл-Фарабидің 1100 жылдық мерейтойы қашан аталып өтті?

а) 1995 ә) 1975 б) 1965

4- Модуль
Туған өлке.

1. Шоқанның шын аты

а) Ибраһим ә) Мұхтар б) Мұхаммедханафия

2. "Отау " үй кімге тігіледі?

а) үйдегі қарттарға, ә) үйленген балаға б) келімді-кетімді қонаққа.

3. Ш. Уәлиханов кім?

а) ақын ә) ғалым, саяхатшы б) композитор

4. Шоқан қай жылы өмір сүрген?

а) 1827 -1859 ә) 1835 - 1865 б) 1819 - 1867

5. Ш. Уәлиханов қайда оқыды?

а) Омбыда ә) Әулиеатада б) Қостанайда.

6. Шоқанның әжесі кім?

а) Айғаным ә) Тоғжан б) Ділда

7. Ш. Уәлиханов қай жерде туып өскен?

а) Көкшетау жерінде ә) Қарағандыда б) Алматыда.

8. Мақалды аяқтаңдар:

Жер құтты болса, мал ...

а) семіз болады ә) сүтті болады б) ат болады

9. Уықты қандай киізбен жабады?
а) туырлық ә) үзік б) түндік

10. Киіз үйдің ағаш қанқасы неше бөліктен құралады?

а) 3 ә) 4 б) 5

11. Қазақтарда киіз үйді кім тігеді?

а) ер кісілер ә) туыстары б) әйелдер.

12. Киіз үйдің ортасына қандай темір ошақ қойылады?

а) үш аяқты ә) төрт аяқты б) бес аяқты

13. Қазақтарда қандай планета қасиетті деп саналады?

а) күн ә) ай б) Шолпан

14. Көк төңірі деп нені айтқан?

а) айды ә) күнді б) аспанды

15. Қазақ саяхатшылары қай жұлдыз арқылы бағытын анықтайды?

а) Темірқазық ә) Жетіқарақшы б) Үркер

16. Қай жұлдыздарың бойымен жыл құстары ұшып кетеді, ұшып келеді.

а) Құс жолы ә) Үркер б) Темірқазық.

17. Қай сөз омоним бола алады?

а) ұл ә) ер б) ғалым.

18 а) .Оразды, Мақсұтты бәріміз күттік.

ә) Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын.

б) Еріншектің ертеңі бітпес.

бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

19. Бірыңғай мүшелердің анықтамасын табыңыз.

а) дыбысталуы бірдей сөйлем мүшелері

ә) синтаксистік қызметі бірдей

б) әр сөз табына жататын сөйлем мүшелері

20. Егер жалпылауыш мүше бірыңғай мүшелерден бұрын тұрса қандай тыныс белгісі қойылады?

а) қос нүкте ә) сызықша б) үтір

5 – Модуль

Тұңғыш ағартушылар.
1. А. Құнанбаев кім?

а) әнші ә) ғалым б) ақын

2. Ол қай жылы туған?

а) 1845 ә) 1865 б) 1830

3. Азан айтып қойған аты кім?

а) Абай ә) Ибраһим б) Ыбырайым

4. Жеңгелерінің Абайға кішкене кезінде қойған аты:

а) Мырза бала ә) Тетелес б) Телқара

5. Күз бойы, қыстың ортасына дейін Абай қайда өткізді?

а) ауылда ә) Гоголь атындағы кітапханасында б) досында

6. Атымтай Жомарт қандай кісі болған?

а) бай ә) кедей б) жалқау

7. Атымтайды неліктен жомарт деп атаған.

а) кедейлерге жәрдемдескен ә) бай болған б) жұмыс істеген

8. Жомарт сөзінен қай сөз антоним болады?

а) сараң ә) бай б) кедей

9. Мақалды жалғастыр:

Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың ....

а) жаны жұмсақ ә) жаны тәтті б) наны дәмді

10. "Атымтай жомарт", "Ақымақ" кімнің шығармалары

а) А. Құанбаев ә) Ы. Алтынсарин б) М. Әуезов

11.Қандай сөздер синоним бола алмайды?

а) мөлдір - лас ә) мөлдір - таза б) мақсат - мұрат

12. Абайды әлемге танытқан жазушы?

а) А. Байтұрсынов ә) С. Мұқанов б) М. Әуезов

13. "Ұлы ақын" сөз тіркесінің аудармасын белгіле

а) великий герой ә) великий поэт б) великий сын

14. Ыбырай Алтынсарин кім?

а) педагог - ағартушы ә) саяхатшы б) зерттеуші

15. Ұлжан Абайға кім болып келеді?

а) әжесі ә) анасы б) нағашы анасы

16. Қыстырма сөзді табыңыз:

а) Мүмкін, Баймақан бабын тапқан болар.

ә) Қазақша, орысша да күте біледі.

б) Біз Норвегияға таңертеңгі сағат онда ұштық.

17. Қыстырма сөзді табыңыз.

Дұрысында Абай осы әдетін өмір бойы тастамаған.

а) бойы ә) осы б) дұрысында

18. Олар баланы ... етіп өсіруге тырысты.

а) бауырмал, қайырымды, әділ

ә) еңбекқор, тентек

б) күшті, қатал, еріншек

19. Қай сөз мейрбан сөзіне антоним болады?

а) атақты ә) аңқау б) қатал

20. Қыстырма сөзге байланысты дұрыс қойылған тыныс белгіні көрсетіңіз:

а) Бүгін, балалар, мектепке кешіккен ғой сірә.

ә) Бүгін, балалар, мектепке кешіккен ғой, сірә.

б) Бүгін балалар мектепке кешіккен ғой, сірә.

6 – Модуль

Белгілі адамдар.
1. Қаныш Сәтбаев кім?

а) Ғылым академияның тұңғыш президенті

ә) тұңғыш ғарышкер

б) зерттеуші


2. Қ. Сәтбаев өқайда туған?

а) Семей облысы ә) Павлодар облысы б) Қарағанды облысы

3. Қазақстанның Ғылым академиясы қашан ашылды?

а) 1946 ә) 1950 б) 1956

4. Ғылымда Лениндік сыйлық алған кім?

а) Сәтбаев ә) Радлов б) Ш. Уәлиханов

5. Қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім?

а) Ы. Алтынсарин ә) А. Байтұрсынов б) М. Әуезов

6. Жоңғар Алатауында Қ. Сәтбаев атында не бар?

а) гүлдер ә) кен орны б) мұздақ пен шың

7. Қазақта тұңғыш аспан денелеріне есімі берілген ғұлама кім?

а) Қ. Сәтбаев ә) Т. Әубакіров б) Әл- Фараби

8. С. Мұқанов кім?

а) жазушы ә) ақын б) ғалым

9. Бүркіт ұясын қайда салады?

а) ағаштың басына ә) адам ала алмайтын жерге б) ұяға

10. Мақалды аяқтаңыз:

Баба бүркіт барлап ұшады

Бала бүркіт .........

а) парлап ұшады ә) тез ұшады б) ерте ұшады

11. Синоним бар қатарды табыңыз:

а) қанатты, күшті ә) рас, өтірік б) әдемі, үлкен

12. "Тілші"- сөзінің аудармасын табыңдар:

а) языковед ә) корреспондент б) редактор

13. Балапаннан асыраған бүркіт қандай болады?

а) батыл ә) ашулы б) жалқау

14. "Ботагөз" романын кім жазған?

а) С. Мұқанов ә) М. Әуезов б) Ш.Уәлиханов

15. "Даңқ" деген сөзге қай сөздер синоним болады?

а) лауазым, атақ

ә) еңбексүйгіш, еңбекқор

б) жәрдем, көмек.



7 - Модуль

Қазақ жазушылары.
1. Наурызбай деген кім?

а) ақын ә) батыр б) зейнеткер

2. Наурызбай кімнің інісі?

а) Кенесары Қасымұлының ә) Абылайдың б) Жәңгірханның

3. Наурызбай туралы шығарманы кім жазған?

а) А. Құнанбаев ә) І. Есенберлин б) С. Мұқанов

4. Кенесары Қасымұлы кім?

а) Кіші жүз ханы ә) Ұлы жүз ханы б) Орта жүз ханы

5. Абылай қай жылдары хан болған?

а) 1771 -1781 ә) 1770 -1782 б) 1773 -1780

6. Алаша хан күмбезі қайда салынған?

а) Семей облысы ә) Қарағанды облысы б) Көкшетау облысы

7. Ең көне қала:

а) Түркістан ә) Алматы б) Тараз

8. Түркістанда аты дүние жүзіне белгілі қандай ескерткіш бар?

а) Ахмет Иссауи ә) Айша Биби б) Орхон Енисей

9. Мағжан Жұмабаев кім?

а) жазушы ә) белгілі ақын б) ғалым

10. Мақалды толықтырыңдар:

Байлық - байлық емес,

Бірлік байлық .......

а) ынтымақ ә) достық б) бірлік

11. Наурызбай қайда туып- өскен?

а) Көкшетау ә) Қарағанды б) Алматы

12. Абылайдың түсін кім жорыған?

а) Қазтуған жырау ә) Асан Қайғы б) Бұқар жырау

13. Бие сүтінен қандай сусын дайындалады?

а) қымыз ә) шұбат б) айран

14. "Қақпа" - сөзінің синонимын көрсетіңіз:

а) айбалта ә) орда б) дарбаза

15. Хан Тәуекел қай ғасырда өмір сүрген?

а) XVI ә) XVII б) XV




Модульге қатысты тапсырмалар.

Менің Қазақстаным
№1

  1. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар.

Біздің мемлекетіміз, Ата Заң, дүние жүзі, мемлекеттік рәміздер, бас қала.

  1. Астана сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар

№2


  1. «Қазақстан» тақырыбына кластер жасаңдар.

  2. Сөз құрамын анықтаңдар..

Тәуелсіз, мемлекеттік, бостандық, ежелден.
№3

  1. Астананың символына айналған Бәйтерек енді елордамыздың халық ең көп баратын жеріне айналды. (Синтаксистік талдау жасаңдар)

  2. Мына сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

Елордамыздың, символына.
№4

  1. Отан сөзін септеңдер.

  2. Отан туралы үш-төрт мақал жазыңдар.

№5

  1. Бірлік сөзіне синоним жазыңдар.

  2. Жалғыз адамды жау алады. Синтаксистік талдау жасаңдар.

№6

  1. Бірлік сөзіне морфологиялық талдау жасаңдар.

  2. Достық туралы екі-үш мақал жазыңдар.

№7

  1. Бата сөзін септеңдер.

  2. Мына сөйлемде тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызыңдар.

Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз.

№8


  1. Мына сөздерді орыс тіліне аударыңдар:

Киіз үй, ошақ, он екі қанатты, кереге, уық, күзем жүні.

  1. «Киіз үй» - септеңдер .

№9


  1. Сөздерден сөйлем құраңдар.

Жері, туып-өскен, атамекен, адамның.

  1. Атамекен сөзіне морфологиялық талдау жасаңдар.

№10


  1. Мына сөздерге синоним жазыңдар.

Атамекен, кең байтақ.

  1. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

...Өз, халқын ,сүйген ,адам, ғана ,оның ,тағдыры, үшін, күйе алады.

Шешендік сөздер.
№1

  1. Мына сөздерді орыс тіліне аударыңдар.

Шешен, шешендік өнер, жомарт, елді жер, сараң.

  1. Сөздерден сөйлем құраңдар.

Сөздер, әдебиетінің, шешендік, саласы, қазақ, бір, ауыз.

№2


  1. Шешен сөзді септеңдер.

  2. Мына сөздердің құрамын анықтаңдар.

Туғандар, келісу, кездеседі, қонасыздар, қоңақтар, жауабына.

№3


  1. Шешен сөзін жіктеңдер.

  2. Сөйлемдегі сөздердің сөз табын анықтаңдар.

Шешендік – тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғары сатысы.

№4


  1. «Жәнибек пен Жиренше»

мәтіннен етістіктерді көшіріп жазып, қай шақта тұрғандарын анықтаңдар.

  1. Шешендік адамның көркі. ( Гораций.)

Тиісті тыныс белгісін қойыңдар.

№5


  1. Сөздерге синоним жазыңдар.

Адам, мақсат, ауыр, ел, құт, жау, дос, қараша үй, сұлу, рас.

  1. Шешен сөзіне морфологиялық талдай жасаңдар.


Әбу Насыр әл-Фараби

№1


  1. Синтаксистік талдау жасаңдар.

Әбу Насыр әл-Фараби көзінің тірісінде-ақ «Шығыстың Аристотелі» атанған, сонымен бірге ол атақты философ, математик және музыкант болған.

  1. Атақ сөзіне синоним жазыңдар.

№2


  1. Сөз құрамына талдаңдар.

Әлемге, қолбасшылардың, данамен, күйлері.

  1. Екі сөзбен сөйлем құрастырыңдар.

№3


  1. Қазақ тіліне аударыңдар.

Если хочешь много знать, то много читай.

Если ты что-нибудь делаешь, делай хорошо.

Әл-Фараби – великий ученый. Его имя в мировой культуре, в истории науки занимает особое место.


  1. Фонетикалық талдау жасаңдар – ғалым .

№4


  1. Сөздерге қосымшаларды қосып жазыңдар.

Жүрек +ім, күрек+і, есік+і, шелек+і, тарақ+ы, қайық+ы, соқ+у, шық+у, жап+ады, шөп+і, көзілдірік+ім, доп+ым, қасық+ы.
№5

  1. Сөздерді орыс тіліне аударыңдар.

Сөз, сөз тіркесі, сөйлем, түбір, жалғау, жұрнақ, сөздік, тілдескіш, оқулық.

  1. Екі-үш сөзбен сөйлем құрастырыңдар.

№6


  1. Сөйлемдерден күрделі сөздерді теріп жазыңдар, қалай жасалғанын анықтаңдар.

Түйеқұс – ең үлкен құс.

Жетіқарақшы мен Темірқазық – жұлдыздар.

Дүкенде әр түрлі азық-түліктер сатылады.

Жазда біз шелек-шелек жеміс-жидек тердік.

Қазақстан – БҰҰ мүшесі.

Әке-шешесі білім алуын қалады.

ҚР ҚХР-мен шектеседі.

Гүлжан ҚазМҰУ-ға оқуға түсті.



  1. Күрделі сөздер (ереже)

№7


  1. Сөздерді қазақ тіліне аударыңдар.

Подсолнух, коршун, календарь, цапля, шиповник, тыква, гусеница, страус, железная дорога, обувь, ручные часы, смородина, черепаха.

  1. Екі-үш сөзбен сөйлем құрастырыңдар.

№8


  1. Сөздерге көптік жалғауларын қосыңдар.

Қарлығаш, аққұтан, бұлбұл, күнбағыс, итмұрын,аң, мектеп, ағаш, қырық аяқ, түйеқұс, қаз, үй, терезе, қала, көпір, тау, жұлдыз.

  1. Қарақат сөзін септеңдер.

№9


  1. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды жазыңдар.

Менің дос..., сенің білім..., оның дәптер..., менің жұмыс..., сіздің көрме..., оның ана..., біздің құрдас..., сендердің дос..., олардың орындық..., сіздердің кітап... .

  1. Кітап сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.

№10


  1. Сөздерге септік жалғауларын жалғандар, қай септікте тұрғанын анықтаңдар.

Мұхтар Әуезов – жазушы. Сәуле Алматы... тұрады. Майра Түркістан... келді. Мынау Мерей... машинасы. Әсем Астана... барды. Бақыт Астана... самолет... келді. Баяндамам... тақырыбы – Абай Құнанбаев... қарасөздері... философиялық мәні.
Туған өлке.
№1


  1. Сөйлемдерді орыс тіліне аударып, көмекші есімдердің астын сызыңдар.

Көлдің ортасында арал бар. Көлдің жалғауы құм. Бұлақтың басы тұнық. Біздің үй театрдың қасында. Үйдің сырты көк бояумен боялған. Саябақтың іші салқын. Байқалдың түбі терең. Ауылдың маңы жап-жасыл шөп. Ауыл мен қаланың арасы алыс емес.

№2


  1. Күрделі етістік құрастырыңдар.

Негізгі етістік: көріп, айтып, оқи, барып, алып, оқып, жазып, әңгімелеп, секіріп.

Көмекші етістік: шық. кел, баста, қаит, кет, бер, тұр, жатыр.
№3

  1. Мына сөздердің құрамын анықтаңдар.

Бағалау, баға, бағаланған, бағалайды, бағасыз, бағала;

Жасалу, жаса, жасалған, жасалмайды.



  1. Аударыңыз:

Рухани байлық, жақсы дәстүр, ошақ, бау, туырлық, ши, түндік, үзік, басқан, баспана, ыңғайлы.
№4

  1. Көмекші етістіктерді негізгі етістіктерге тіркетіріңдер. Үлгі: күліп жіберді.

Жібер, түс, шық, қой, қал, өт, кел, кет, ал, бер.

№5


  1. Етістіктерді табыңыз, түрлерін ажыратыңыз.

Сен кітапханада болдың. Жазғы демалыста біз ауылға барамыз. Мен әжемді тыңдап отырмын. Орта қазанда буы бұрқырап ірімшік пісіп жатыр.

№6


  1. Етістікті жіктеңдер: оқып отырмын.

  2. Төмендегі етістіктерден келер шақ түрін жасаңдар:

Жаз, қара, ал, бар, оқы, кел.
№7

  1. Мына сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.




  1. Кездестік, мектепте, ардагерлерімен, Екінші дүниежүзілік соғыс.

  2. Жүріп келеді, өзен бойымен, машина.

  3. Үйрендім, секіруді, парашютпен мен.

  4. Таныстық, еңбек, озаттарымен, біз.

  5. Жамал, барды, циркке, інісімен бірге.

№8


  1. Берілген етістіктерді үш шақта жазыңдар:

Мақтану, сақта, ал, ұста, тік, бу, оқы, үйрен.

  1. Үш етістікпен сөйлем құрастырыңдар.

№9


  1. Етістіктерді келер шақта жіктеңдер.

Ал, бер, қара.

  1. Сөйлем құрастырыңдар.

№10


  1. Бірыңғай мүшелерді тауып, түрлерін анықтаңыз.Тыныс белгісін қойыңдар.

Жұмыскерлерге күніне үш рет таңертең түсте кешке мыс қазандарында су койнатылып қойылатын еді. Дауысы ащы да қатал зілді де кекті шығады. Үнсіз жым-жырт айырылысты. Күндіз де түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Бәден апай менің қойыныма домалақ ащы құрт бір уыс кәмпит тығып берді.
№11

  1. Бірыңғай сөйлем мүшелерін тауып, астын сызыңдар.

Сары, жасыл жапырақтар. Еңбектері мен жетістіктері жеткілікті. Ол үйде де, дала да көңілді жүреді. Қалаға Ақмарал мен Назгүл бірге барады. Тау басында мұз бен қар жатыр.

№12


  1. Бірыңғай мүшелермен сөйлем құрастырыңдар:

Өзендер, көлдер.

Тауда, далада.

Күшті және батыр.

Берік пен Серік.


Тұңғыш ағартушылар.

№1


  1. Орыс тіліне аударып, қыстырма сөздерді атаңдар, тыныс белгіс қойындар.

Сірә мен ертең сізге барармын. Сіздікі расында дұрыс еді. Ол ашуланған жоқ қайта күліп жіберді. Айтпақшы сіз онда қашан болдыңыз? Сонымен мәселе шешілді. Капитанның айтуынша ең жақын портқа екі күн жүзу керек. Тыңдаңызшы бұл дұрыс емес қой.
№2

  1. Қыстырма сөздермен сөйлем құрастырыңдар:

Мүмкін, рас, сөзсіз, менімше, бақытыма қарай, біріншіден, бәлкім.
№3

  1. Сөздерді ,сөз тіркестерді аударыңдар.

Азан, ене, дүниеге келді, тім келмей, нәресте, мейірбан, әділ, басталды, қайырымды, атақты, ел, болашақ, ширақ, сезімтал.

  1. Екі-үш сөзбен сөйлем құрастырыңдар.

№4


  1. Сөздерді сөз құрамына талдаңдар:

Болашақ, аңыздар, маңдайлы, ұғымтал, жамандықты, айтқызғанда, айтушының, оқиғаларын, ынтасымен.

  1. Нәзік сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.

№5


  1. Сезімтал сөзіне морфологиялық талдау жасаңдар.

  2. Мына сөздерге антоним тауып жазыңдар.

Мейірбан дембелше

Атақты жас

Көп ширақ

Шығыс қара


№6

  1. Синтаксистік талдау.

Абай ендігі шығарған жырларын әрдайым жазып айтады.

  1. Ақыл сөзін септеңдер.

№7


  1. Жіктеңдер:

Достасу, кездесу.

  1. Осы сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

№8


  1. Оқып, аударыңдар.

  2. Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған.

Ол өз бетімен орысша үйренеді. Абай 12 жасынан өлең жаза бастайды.

Ол Шығыс пен Батыстың поэзиясынан сусындап өседі. Шығыстың классик ақындары Низами ,Сағди, Хафиз, Навои, Фзули шығармаларын зер салып оқиды.

Абайды бүкіл әлем білді.

Абай – қазақ халқының ұлы аұыны.

№9


  1. Қыстырма сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

Сеніңше қорыта айтқанда

Әрине сөзсіз

Расында
№10


  1. Қыстырма сөздерді табыңдар.

Өкінішке орай, біз кешігіп келдік. Екіншіден, ол – студент. Бір сөзбен айтқанда, біз үлгере алмадық. Оның ойы бойынша, жұмысшылар бүгін аяқтай алмайды. Сонымен, сенің айтқаның дұрыс болмады.
Белгілі адамдар.

№1


  1. Синтаксистік талдай жасаңдар.

Қазақта тұңғыш аспан денелеріне есімі берілген ғұлама – Қаныш Сәтбаев.

  1. Сөйлемдегі сөз таптарын анықтаңдар.

№2


  1. Ғалым сөзін септеңдер.

  2. Сөз құрамын анықтаңдар: аспан денелеріне, берілген, Лениндік сыйлық, жасаған, әдебиетте, тұрмысы.

№3


  1. Берілген етістіктерді үш шақта қолданыңдар.

Сарп етеді, қабылдап, мәңгі жасамақ, жәрдемін беретін, шықтым.

  1. Екі сөйлем құраңдар.

№4


  1. «Ботагөз» мәтінінен жалқы есімдерді көшіріп жазыңдар.

  2. Бурабай сөзін септеңдер.

№5


  1. Мына сөздерді тәуелді түрде септеңдер.

Бүркітім

Атың


  1. Үшінші – сөзіне морфологиялық талдау жасаңдар.



Қазақ жазушылары.

№1


  1. Сөздерді орыс тіліне аударыңдар.

Мөлдір көз, ақ маңдай, үкілі кәмшат бөркі, қызыл барқыт, оқалы бешпент, қою қара шашы, қол бастаған, кемеңгер, хикая.

  1. Ақбөкен – сөзіне морфологиялық талдау жасаңдар.

№2


  1. Мына сөз тіркестірімен сөйлем құрастырыңдар

Батыр болған, өмір сүрген, асқан найзагер, ақ жарқын жан.

  1. Батыр сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.

№3


  1. Мына септеулік шылауларды тиісті жеріне қойып жазыңдар:

Кейін, үшін, туралы.

Абылай хан... көптеген аңыздар ел ауызында сақталған. Ол тәуелсіздік... күрескен.

Жошы... «Ақсақ құлан» күй-аңызы бар. Шыңғыс ханның Жошыдан... екі ұлы бар.


  1. Бір сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

№4


  1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

-Абылай қай жылдары хан болған?

- Ол кімдердің ханы болған?

- Ол қалай хандыққа сайланған?

- Ол қазақтың кең байтақ жерін қалай қорғап қалған?

- Абылай ханның қазақ халқының тарихында алатын орны қандай?

2. Хан сөзін жіктеңдер.


№5


  1. Синтаксистік талдау жасаңдар.

Алаша ханның атына лайықтап, оның күмбезін алаша -кілемнің түрімен нақыштап шығарган.

  1. Сөз құрамын анықтаңдар:

Күмбезі, ескерткіштің, шеберлері, өзенінің, ерекшелігі, өрнектеген, алаша-кілемнің.

№6


  1. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңдар.

Туркистан – исторический город. Там находится мавзолей Қожа Ахмета Иассауи. Туркистан – крупный торговый центр, крупный промышленный центр.

Туркистан - столица тюркских народов. Его называют второй Меккой, потому что Туркистан – священная земля.


№7

  1. Синтаксистік талдау жасаңдар.

Ораз – Мұхамедтің алдындағы үлкен табаққа басқа сыйлы мүшелермен қатар тайдың тұтас пісірілген қос телшесі бар.

  1. Төртеу сөзіне морфологиялық талдау жасаңдар.

№8


  1. Емшілер сөзін септеңдер.

  2. Мына сөздерге көптік жалғау жалғаңдар.

Ел, дарбаза, патша, айбалта, орда, елші, арғымақ, жігіт, тері, күміс, тілмаш, кеңесші.

Пайдаланған әдебиеттер;




  1. Б.Құлмағамбетова.Ұ.Төребекова-Қазақ тілі.

  2. Б. Құлмағамбетова,Ж Елемесова-Қазақ тілін үйренушілерге көмек

  3. Б.Қапасова- Қазақ тілі.Анықтамасы.

  4. Т.Шаңбай.Қ.Байғабылова- Самоучитель казахского языка.

  5. Н Оралбаева –Қазақ тілін үйренеміз.


Мазмұны:


  1. Диктанттар ............................................................... 4

  2. Тесттер .......................................................................10

  3. Тапсырмалар ..............................................................21



Модульге қатысты бақылау диктанттар,тесттер,тапсырмалар. Бекпанова Тұрсынай Дүйсенбайқызы

Орыс тілінде жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану- математика бағытындағы 10 –сыныбына арналған методикалық нұсқау

286.97kb.

15 10 2014
1 стр.


Қр ашм ішкі бақылау қызметінің 2012 жылы жүргізілген бақылау жұмысының нәтижелері туралы

Министрліктің 52 ведомстволық бағыныстағы мекемелерінде бақылау іс-шаралары өткізілді, оның ішінде бақылау жоспарына сәйкес 49 мекемеде

19.48kb.

13 10 2014
1 стр.


2013 жылы иет арасында шолғыншы эпидемиологиялық бақылаудың нәтижелері одб мен Қажбкд «Шолғыншы эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыру және өткізу туралы»

Житс оо-ның конференц-залында, инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында шолғыншы эпидемиологиялық бақылау өткізілді. Оған 200 адам қатысты. Шолғыншы эпидемиологиялық бақылау rds әд

8.56kb.

25 12 2014
1 стр.


Айқын. – 2012. №20. – 1 ақпан Сұхбатты жүргізген Бұқарқызы Х. Мемлекеттік бағдарламалар міндетті түрде ғылыми

Елбасы Үкіметке осы салаға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Президент Жолдауын қуана қабылдағандар арасында ауыл шаруашылығы саласына кадрлар дайындап отырған ұстаздар қауымы да

50.74kb.

12 10 2014
1 стр.


Сынып жетекшісі: Сергазина А. А. 2 «Б» сынып оқушыларына тапсырмалар: Ескерту: Тапсырмалар жеке дәптерге орындалған болсын. Математика
9.5kb.

05 09 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешені

Мұнда алгоритм ұғымы, қасиеті, беру тәсілі және Паскаль алгоритмдік тілі қарастырылған. ОӘК –нінде дәріс тезистері, зертханалық жұмысқа тапсырмалар, СӨЖ тапсырмалары, тестік тапсыр

551.97kb.

05 09 2014
3 стр.


Жануарларды күтіп ұстау және қолдану

Оқу бағдарламалары мен ғылыми-зерттеулерге қатысатын адамдар мен жануарларға қатысты адамгершілік қатынастың сақталуын бақылау үшін ну зертханалық жануарларды күтіп ұстау мен пайда

27.79kb.

10 10 2014
1 стр.


Орыс және аралас мектеп директорларына! 11. 2006

Тексеру барысында диктанттар, тестілеу жүргізіледі, балалармен пікірлесу (қазақ тілінде) өткізіледі. Бастауыш кластарда оқу техникасы тексеріледі

92.59kb.

12 10 2014
1 стр.