




Мухияева Д.М.
Салық қызметін жетілдірудегі автоматтандырылған ақпараттық жүйенің ролі
Салық жүйесінің тиімді қызмет ету өзектілігігінің заңдылықты түрде жоғарылауы, салық төлеушілердің санының өсуі, салық тәртібінің қатаң орындалуына талаптардың ұлғаюы жағдайларында салықтық бақылаудың жетілдіру қажеттілігі ерекше маңызға ие. Салық органдары қызметінің бақылау жұмысытарының негізгі мақсаты болып қызмет етуші заңнама негізінде салықтық түсімдердің алынуының ең жоғарғы көлемін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жұмыстардың ұтымды және тиімді ұйымдастырылуы қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар мен жүйелердің міндетті түрде қолданылуын талап етеді.
Бұл орайда, салық қызметінің автоматтандырылудың негізгі мақсаты – мемлекеттік басқару органдары және басқа ұйымдардың ақпараттық кеңістігіне ақпараттандырылған, барлық құрылымдық бөлімдерді бірегей есептегіш негізінде біріктіретін, функционалды толық ақпараттық технологиялардың болуы.
Салық төлеушінің санының өсуі, салық салу жүйесінің күрделенуі кешенді автоматтандырылған ақпараттық жүйенің қолданылуын талап етеді, ол келесідей себептерге байланысты қажет:
-
Салық қызметкерінің еңбегі жеделдігінің және өнімділігінің жоғарлауы;
-
Салық төлеушілер есебі мәліметтерінің нақтылығын қамтамасыз ету;
-
Әрбір салық төлеуші және салық түрінің, оның кез келген топтастырылуы бойынша салықтардың түсуі туралы мәліметтерді шұғыл түрде алу;
-
Салықтық түсімдер динамикасының терең талдануы және болжану мүмкіндігі;
-
Салық қызметкері кез келген күнтізбелік күнге салық заңнамасы жөнінде толық және уақытылы ақпараттандырылуын қамтамасыз ету,
-
Қағаздық құжат айналымы көлемінің қысқаруы;
-
Салық салуды басқару бойынша қабылданатын шешімдердің жеделдігі мен сапасын жоғарылату.
Ақпараттық жүйенің қолданылуы тиімді ақпараттық технологиялардың жасалынуы мен енгізілуін, коммуникациялық торлардың құрылуын, жаңа ақпараттық ортада жұмыс жасауға мамандардың дайындалуын қарастырады. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы салық қызметкері еңбегінің сипаты өзгереді, ескі қайталанатын операциялардан босатылады, мазмұнды және қызығырақ бола бастайды. Салық қызметін жаңа ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету, салық төлеушілер мен салық органдары қатынастарының сапалы жаңа деңгейге көшкенін көріп отырмыз.
Сонымен еліміздегі салық қызметінде қолданылып жүрген негізгі ақпараттық жүйенің құрамын қарастырып көрейік.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті келесідей ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерімен қамтамасыз етілген:
-
СОНО- салық есептілігін өңдеу жүйесі;
-
СГДС- хабарламаларды кепілді жеткізудің жүйесі;
-
ЭФНО- электронды түрде салықтық есеп беруінің қалыптасу және өткізу жүйесі;
-
ИС ИНИС- салық төлеушілердің тіркеу және төлемдерінің есебінің жүйесі;
-
ИС МОП- ірі кәсіпорындар бойынша салық төлеушілердің мониторингі;
-
ИС НДС- қосылған құн салығы бойынша салық есеп беруінің енгізілуі және өткізілуінң жүйесі;
-
ИС ЭКНА- электронды бақылау және салықтық аудит,
-
РНИОН- салық төлеушілердің және салық салу обьектілердің мемлекеттік тіркеу реестрі;
-
ИС АКЦИЗ- акцизделетін тауарларды тіркеу есебіне қою және есептілігін қабылдау жүйесі;
-
ИС ИСИД- төлем көзінен ұсталатын жеке тұлғалардың табыстары есебінің жүйесі;
-
ИС БАНКРОТ- өтімділігі бойынша төмен банкротқа ұшыраған салық төлеушліредің есебін жүргізу жүйесі;
-
ИС УКМ- голографиялық қорғау элементі бар есепті бақылау маркаларын қолдану арқылы өндірілетін және айналымға өткізілетін алкоголь өнімдеріне бақылау жүргізетін ақпараттық жүйе.
Жоғарыда аталған ақпараттық жүйенің негізгі түрлері салық қызметінің жұмыс барысын едәуір жеңілдетті.
Салық кодексінің жобасын жасау кезінде аөқпараттық технологиялар тұрғысынан салық әкімшілігін жүргізудің жұмыстық рәсімдерін нақты функцияларға бөлу және сипаттау міндеті қойылған болатын. Яғни салық жүйесі қызметін салық төлеуші салық органына келіп, есепке тұру кезінен басталатын, салық есебін өткізу және өңдеумен аяқталатын нәтижесінде камералды тексеруді жүргізуді қамтитын функцияларға бөлген.
Ақпарат өте көп және оның көлемі әрқашан ұлғайып тұрады, сондықтан ақпараттық жүйенің енгізілуі кезінде ақпараттық ағымдарды оңайлату және оңтайландыру, мәліметтердің қайталануын жою, яғни өндірістік емес жұмыстардан ең жоғарғы және оңтайлы босатылған жүйесін құру, ақталмаған аралық тармақтарды жою міндеті қойылған болатын.
Ақпараттық жүйеде ведомствалық жүйені келесідей топтарға құруға болады.
Ақпаратты жабдықтаушы – Ақпаратты қолданушы.
Ақпартты жабдықтаушы бұл салық төлеуші, министрлік немесе салық төлеушілердің және салық салу обьектілерінің мемлекеттік тізім жүйесі шеңберіндегі ведомство, нақты анықталған форматтағы ақпаратты беретін салық тексеру актісін толтырған салық инспекторы. Бұл екі топ арқылы декларация да, салық есептілігі де еш кедергісіз электронды түрде қашықтық қатынастар арқылы тапсырылуына жағдай жасайды. Электронды құжаттар арқылы мәліметтерді қабылдау және өңделуін уақыты мен қаражаттарының үнемделуі, тексеру жургізудің үнемділігі мен анықтылығы, мәліметтерді өңдеу жылдамдығы, есептілік, талдау мәселелері екі тарап үшін де мүдделер ескерілген.
Өндірістік емес төлемдер жергілікті бюджетке қаражаттардың түсуінің негізгі көзі болып табылады.Өндірістік емес төлемдер бойынша түсімдер көлемінің өсуіне қол жеткізу үшін салық есебінің уақытылы жүргізілуіне бақылаудың кұшеюі, түсімдердің бақылынауының қосымша шараларының жасалуын талап етеді.
Өндісітік емес төлемдердің түсуіне электронды бақылау жүйесін және өндірістік емес төлемдердің салық әкімшілігін жүргізуді қамтамасыз етуге бақылау жүйесін құру үшін, сондай-ақ қолда бар барлық мәліметтердің негізінде жан-жақты талдауды және бақылауды қамтамасыз ету үшін қазіргі таңда салық төлеушілерді тіркеу және төлемдердің есебі (ИС ИНИС) және салық төлеушілер мен салық салу обьектілерінің мемлекеттік тізім (РНИОН) жүйелерін байланыстыру мүмкіндігі қарастырылады.
салық төлеуші мен салық салу обьектілерінің мемлекеттік реестрі (РНИОН) сызба 1
Салық төлеушілер
Мемлекеттік органдар
Төлеудің дұрыстылығын
бақылау
Жергілікті салық департаменті
ҚР Қаржы министрлігі Салық Комитеті
РНИОН
Салық төлеушілердің және салық салу обьектілерінің мемлекеттік тізімі бастапқы кезеңде Қаржы Министрлігі Салық Комитетінің Әділет Министрлігі, Ішкі істер Мнистрлігі, және тағы басқа орталық атқарушы органдармен ақпарат алмасуды қарастырады.
Сонымен қатар, салық төлеушілердің және салық салу обьектілерінің мемлекеттік тізімі ақпараттық жүйесіне ҚР Ұлттық Банкі, лицензия беруші органдар, соттар және салық төлеушілер санының және салық салу обьектілернің өзгерісіне қандай да бір түрде әсер ететін басқа да мемлекеттік органдар қосылады.
Маңызды түрде тізім республиканың барлық салық төлеушілері және салық салу обьектілері туралы деректерді қамтитын мәліметтер базасымен мемлекеттік органдарды қамтамасыз ету сияқты жалпы міндетін көздейтін түрлі министрліктер мен ведомствалардың ақпараттық жүйелері негізінде құрылатын орталықтандырылған ақпараттық жүйені білдіреді.
Салық қызметін автоматтандырудағы ақпараттық жүйе арқылы салық төлеушілердің және салық салу обьектілердің мемлекеттік тізім жүйесінің енгізілуі, жаңа обьектілерден салықты төлеу дұрыстығын құжаттық тексерусіз салықтық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, себебі, жаңа салық алу обьектілері жөнінде қажетті ақпарат сәйкес мемлекеттік органнан түсіп отырады.
Қазіргі таңда аймақтық салық департаменттерінің қызметін талдау мақсатында Қаржы министрлігі Салық комитеті тарапынан салық органдарының қызметін бағалау критерийлері қабылданған. Бұл рейтинг аймақтық салық органдарының қызметін тиімді бағалауға мүмкіндік береді. Рейтингтік бағалау бөлімдерге топтастырылған негізгі көрсеткіштерге негізделген. Бұл бағалау жүйесі үш кезеңнен тұрады:
1)Салық департаментінің қызметкерлері талдау және ағымдық бодау Басқармасына бағалау критерий формаларының көрсеткіштерін тапсырады.
2)Талдау және ағымдық божау Басқармасы алынған мәліметтер арқылы әр аймақ бойынша әр көрсеткіштің рейтингтік балын анықтайды.
3)Әр аймақтарды көрсеткіштері бойынша топтастырады. Бұл бағалау жүйесі салық департаменттеріне өз жұмыстарын тиянақты орындауға ынта береді және өткен уақытта жіберген қателерін уақытылы жөндеп отыруға мүмкіндік береді.
Сонымен, елімізде енгізілген ақпараттық жүйенің тиімділігіні анықтау бұл келешектің ісі десек те, бірақ қазірдің өзінде қызмет ететін бірнеше топтағы жүйелердің жағымды әсерлерін айту қажет. Сондықтан, салық қызметінің автоматтандырылуының ақпараттық жүйесі салық жүйесінің жетілдірілуінің бірден-бір құралы болып табылады және қазіргі таңдағы модернизациялау мен әлеуметтік-экономикалық дамуымызға өз ықпалын тигізеді деген сенімдемін.
В данной статье изложено о внедрении и роли информационных технологии в налоговую службу РК. Также рассматриваются виды используемых информационной системы налоговой службы РК
In this article it is stated about introduction and a role information to technology in the Republic of Kazakhstan tax service. Also types used information system of the Republic of Kazakhstan tax service are considered.