Наурыз - шашу, думан
-
Блок.
Раушан: Басы барлық ырыстын
Басы барлық ұлы істің
Құтты болсын Наурыз той
Ұлы күні Ұлыстың!
Бану: Ақ қар кетіп қыс өтіп!
Шырайлы жаз жетіп
Шаруаның бұл кеңелген
Күн мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
Раушан: Армысыздар қымбатты қауым!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әсем боянды
Наурыз тойы береке,
Тіршілік қайта оянды.
Бану: Мелодия танца шлет весна
Мир из лучей представляет она
Прекрасное время настало теперь
В зеленом наряде
Степь стала от сна
И молодеет танцует она.
Всех с традиционным весенним праздником – Наурыз-мейрамы! Праздником обновления, нового года.
Музыкальный номер.
Раушан: Бастаса – елдің көсемі
Сөйлесе сөздің шешені
Ақылы асқан абыздай
Бар түйінді шешеді – дей отырып сіздердің назарларыңызға Наурыз-мейрамы жайлы монтаждық көріністі ұсынамыз.
Бану: Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарсанына сәйкес 22 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.
Раушан: Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі. Бұл мейрам - дін мейрам емес ұлт мейрамы. Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандығының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы қыстың кетіп, жан йесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын.
Бану: В Казахстане Наурыз не праздновался всенародно с 1926 г. по 1988 гв 1989 с принятием Независимости было первое официальное широкое празднование. С 2001 г. Наурыз объявлен государственным праздником, а с 2009 отмечается 3 дня подряд..
Раушан: Жыл басының 22 наурыздан басталуына қол жеткізу келешектің жанкешті күресін қажет ететін тарихи шындық екендігі рас. Таяуда наурызды сан ғасырлардан бері үзбей тойлап келе жатқан Шығыс мемлекеттері ЮНЕСКО-ға ресми хат жолдап, Ұлыстың Ұлы күнін адамзаттың тарихи-мәдени мұраларының тізіміне қосу туралы өтініш жасаған болатын. Терең тамырылы төл мерекеге Жаңа Жыл статусын беру туралы Елбасымыз да жиі-жиі айтып жүр.
2010 жылдан бастап БіріккенҰлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарсанына сәйкес 22 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.
Бану: Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күрес пен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Раушан: ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп, үңгірде жатқан кәрі құйрық, мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерін білгізе бастайтын, аурулар сауығамын деп, аттар тойынамын деп, жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт, әркім деп жылы шырай сезіне бастап, ˝ бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз ˝ дегендей сағынышты көрусілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝ Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті ˝ - десіп Наурыз күні пейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп те, аңыз қылатын.
Таппадым артып келген жүгінен мін,
Сенімі сеңгір таудай бүгін елдің,
Жалпақ елге жақсылық алып келсін,
Самарқанның көк тасы жібіген күн…
Сазды әуен, санамда сазды мекен,
Тағы бір ән қанатын жазды ма екен.
Байтақ елдің рухын үкілейтін,
Наурызға бас иіп тағзым етем…
Слайд бітті.
Бану: Когда казахи празднуют Наурыз, наличие цифры «7» является обязательным - она заключает в себе 7 дней недели - временные единицы бесконечности вселенной: напротив аксакала должны быть поставлены 7 чаш с Наурыз-коже. Каждый должен посетить 7 домов и пригласить 7 гостей.
Раушан: Ия Бану, дұрыс айтасын «7» саны қазақта киелі сан, өзін айтқандай Наурызда 7 қонақ шақырып, 7 үйге кіру салты бойынша бізде қонақтарымызды көрші ауылдағы болып жатқан тойға шақырайық.
Бану: Вы слышите уже празднует Наруыз и приглашают всех нас.
2 блок: Бәрі ауылға кіреді.
Раушан: Шақырылған қонақтарымыздың арасында құрметті қонақтарымыз бар олар біздің зейнеттегі ардагерлеріміз:
-
Сақтағанова Роза Сақтағанқызы
-
Смағұлова Бәтима Смағұлқызы
-
Смағұлова Әтіркүл Ілесқызы
-
Жанасбаева Ақжолтай Алтайқызы
-
Кочнева Галина Александровна
-
Жүнісова Үрлен Жүнісқызы
-
Васильева Галина Петровна сонымен қатар
-
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Аиымторин Жұмабек Сақымбекұлы
-
Қазақ тілі қоғамының төрайымы Бекмағамбетова Мәуя Бекмағанбетқызы
Бану: Сіздердің қошеметтеріңіз.
Құрметті қонақтар дастархан басында жайғасыңыздар.
Қазір сіздердің назарлаңызға кітапхана қызметкерлері арасында 2 топқа бөлінген Наурыз мейрамына арналған сайысты ұсынамыз, осы сайыс келесі бөлімдерден тұрады:
-
Таныстыру сайысы (бата беру)
-
Салт-дәстүрден үзінді (үй жұмысы)
-
Өнер (ән) сайысы
-
Сұрақ-жауап
-
Ұлттық ойыннан сайыс ортақ
-
Дастархан мен үй жабдығын бағалау
Енді осы сайысымызды бағалайтын қонақтарымыздың арасынан әділ қазылар алқасын сайлап алайық.:
-
Сақтағанова Роза Сақтағанқызы
-
Жүнісова Үрлен Жүнісқызы
-
Жанасбаева Ақжолтай Алтайқызы
-
Смағұлова Әтіркүл Ілесқызы
-
Смағұлова Бәтима Смағұлқызы
Құрметті әділ қазылар мына орынға жайғасыныздар.
Раушан: Қош келдің,Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты
- дей отырып сайысымызды бастайық.
-
Таныстыру сайысы (бата беру)
Бану: Сұлулық табиғаттан басталады
Көктеммен олар бірге шатталады
Бәйшешектей құлпырып гүлдей жайнап
Сән думанға барлығы аттанады.
Келесі сайысымыз Ұлт-салт дәстүрден көрініс (үй жұмысы)
Раушан: Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Апам, атам той - тойлап
Қуанып жүр балаша
Келесі сайысымыз «Ән». Бұл сайыстың мазмұны 1-ші ауыл ән бастайды 1 куплет қайырмасымен 2-ші ауыл жалғастырады осы әнді. Сонан соң 2-ші ауыл басқа өлең бастап кетеді, оны 1-ші ауыл жалғастырады. 10 өлеңге дейін айту қажет.
Бану: Ән салындар би билеп шаттанындар
Ұлы күннің ұлысын атқарындар
Жадырасын бұл күні бүкіл өмір
Жоғалмасын, бәйгеге шықсын ұл-қыздар – дей отырып келесі сайысымыз «Сұрақ жауап» сайысын бастаймыз.
Раушан: Ау халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Науырзды тойлайық
Қызық ойын ойнайық – деп «Ұлттық ойынымызды» бастаймыз.
Бану: Күн ғой бүгін жарылған,
Ақ түйенің қарыны.
Ақ дастархан жайылған,
Лаулап ошақ жағылған.
Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта, ағы бар.
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
Наурыз көже тағамның ең үлкені
Жадыратып жаныңды семіртеді.
Дәм татыңыз ағайын бұрыл бері,
Қанат жайып Наурыз дүрілдеді - дей отырып мерекелік дастарханды бағалаңыздар.
Раушан: Енді әділ қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
Бану: Кіршіксіз көгілдір көгіміз,
Гүлдері құлпырған жеріміз.
Армысың, Наурыз, аңсаған,
Қуанып қарсы алдық сені біз.
Адамдар ақ сүттей ар үшін,
Жігерін намысқа жанысын!
Науырзда абырой биіктеп,
Қыдыр кеп халқымы дарысын!
Осымен Наурыз мейрамымызға арналған мерекелік көрінісіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Мейрамдарыңызбен!
Сұрақтар:
-
Ұлттық тағамдар: бұл сұрақа 30 секунтын ішінде 2 команда бердей жауап береді жазбаша түрде
-
Жұмбақ: Үлкен үй, үлкен үйдің ішінде кіші үй, кіші үйдің ішінде палуан би (ауыз, тіс, тіл)
-
Жұмбақ: Шешен тіл, сөзге жүйрек болганымен
Не пайда, үндемейді адам жоқта (домбыра)
-
Қазақтың ырымдары - бұл сұрақа 30 секунтын ішінде 2 команда бірдей жауап береді жазбаша түрде
-
Киіз үй атаулары – ауызша
-
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Ойын:
-
Арқан тарту
-
Ептілік 3 парадан