Тақырыбы:Армысың,әз Наурыз!
Класы:1-4 кластар аралығы
Мақсаты:
Қазақтың салт-дәстүрін жаңғырта отырып,ата-баба салтын сақтау,құрметтеуге тәрбиелеу,халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыту.
Көрнекіліктер:нақыл сөздер жазылған плакаттар,гүлдер,шарлар,суреттер.
Барысы:
Жүргізуші: Аманбысың ардақты халқым менің,
Ардақты Наурыз тойы-салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің жегің!
Наурыз тойға жиналған халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын таппайтын тепе-теңің!
-Ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрам-Наурыз күні. Наурыз-жаңару,жасару,көктем мерекесі,халық мейрамы.Олай болса,құрметті оқушылар,ата-аналар,әріптестер,қонақтар,сіздерді Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесімен құттықтаймыз.Ендеше,мерекемізді бастайық.
Райхан: Уа,жараңдар,жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды.
Бір сәт зейін салайық,
Ұштасқан оймен мәңгілік.
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға,
Келе жатқан жаңғырып
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
Анара: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыщздар!
Той дабылын қағып тұрған
Мына біз бар!
Алтынбек: Естімеген естіңдер!
Тыңдамаған тыңдаңдар!
Наурыз тойы басталды!
Айдос: Ассалаумағалейкум! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Нариман: Уағалейкумассалам! Ұлыс оң болсын!
Пәле –жала жерге енсін!
Екеуі қол алысып,төс қағыстырады.
Жүргізуші: Уа,халайық,халайық,
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық.
-Құрметті қонақтар,бізге мына кішкене бүлдіршіндеріміз өз шашуын дайындап келіпті.Енді балалардың өнерлерін тамашалайық. Даярлық тобы, 1 «а»классы
«Нағыз қазақ –қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра –дегендей, Гүлнұр апайымыздың орындауында «Ата толғау» күйі.
Ән:Қазақы дастарқаным.
Бастаушы: Жүріңдер,Наурыз тойға басып аяқ,
Қалыс адам қалмасын некен-саяқ
Ән шырқап,би билейік,қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Өлең жолдары оқылады.
Жүргізуші:Күн менен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді.
Көрініс:Күн мен Түн ортаға шығады.
Күн:Сәулесі мол күнмін.
Түн:Жұлдызы көп түнмін.
Екеуі:Бірдей болып біздер
Теңелеміз бүгін.
Түн:Ал ертең күн ұзақ
Күн:Түн қысқарар бірақ.
Екеуі:Ұйқы қанбай қалып
Жүрмеңдер тек жылап.
Жүргізуші:Жан қалмасын жай тұрған
Мәз болсын жас-кәріміз
Дөңгеленіп ортада,
Би билейік бәріміз.
Би:Қамажай
Ән: «Наурыз айы туғанда»
Өлең жолдары оқылады.
Әзіл-сықақ көріністер
Жүргізуші:Балалар,біз манадан бері «Жаңа жыл» деп айтып жатырмыз.Ал бізге келген жыл қандай?
Оқушылар:тышқан жылы
Жүргізуші: Жаңа жыл келсе ,құт келгені,халайық!
Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
Қош келдің тышқан жылы
Біз сені көптен күттік
Келгеніңізге өте қуаныштымыз!
Кел,қонағымыз бол,төрлет!
Тышқан: Армысыздар,құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар және мерекенің қонақтары! Мен сіздерді бүгінгі қуанышты күндеріңізбен құттықтаймын.Сіздерге зор денсаулық,ұзақ өмір,еңбекте жеміс,оқуда озат болуды тілеймін.
Жүргізуші: Бауырласқан тәнтіміз
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
-Енді,айтыс өнерін тамашалаңыздар.
Екеуі бірге: Оу,халайық,халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық.
Айдос:Меніменен айтысар
Қыз құрбылар қайсың бар?
Қолдан келсе әзілдеп
Маған сынды айтыңдар.
Орынай:Айтысуға өзіңмен
Шығып тұрмын алдың,
Күн аттарын білмеуші ең
Жаттап оны алдың ба?
Айдос:Құрбым кімге күлесің?
Өзің нені білесің?
Онға дейін қиналып
Санай да алмай жүресің.
Орынай: Бәтеңкеңнің бауын да
Байлай алмай жүруші ең
Үйрендің бе,жейдеңді
Теріс қарай киюші ең.
Айдос:Олпы-солпы кигенің,
Ойыңда не түйгенің,
Намысыма құрбыжан,
Наурыз күні тимегің.
Екеуі бірге: Ұлы Наурыз бәріңді
Татулыққа шақырған
Тоқтатпасақ айтысты
Сөз қалған ба ақыннан.
Жүргізуші: Ал,құрметті қонақтар,міне балаларыңыздың сіздерге арнап дайындаған өз мерекелік шашуын тамашаладыңыздар.
Енді сіздерден мерекелік шашу сұрасақ деп отырмыз.
Ата-аналар «Тұсау кесу» салт-дәстүрін көрсетеді.
Сергіту сәті:Ата-аналарымызға қойылатын сұрақтар,жасырар жұмбақтарымыз бар.
Сұрақтар:1.Ертеде 7 жігіт жаңа жылда жеті шырақ жағып,ауылды аралайды екен. Неліктен?
Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.
2.Қыдыр ата қай күні адамдар арасында келетін болған?
Жауабы:21 наурыз
3.Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болу керек?
Жауабы:барлық ұлттық тағамдар.
4.Қазақтың ұлттық ойындарының жетеуін ата.
Жауабы:Ат жарыс,теңге ату,арқан тарту,қыз қуу,күрес,айгөлек,соқыр теке.
5.Наурыз көжеге қосатын жеті тағамды ата.
Жауабы:Ақ,қатық,қызыл,,дән,көк, т.б.
Жұмбақтар шешу.
1Сөйлемейді күледі
Төрт аяқатп жүреді. Бала
2. Сәбиге сән үй,
Әжеге ән-күй. Бесік
3.Төрт бұрышты,бір ауызды. Сандық
4.Шыр көбелек айналар,
Беліне жіп байланар. Ұршық
5.Мың миллион пернелі,
Домбыраны кім көрді. Теміржол
Мақал-мәтелді жалғастыру.
1.Ырыс алды-.......
2.Бірлік болмай,............
3.Ынтымақ түбі-......
4.Бес саусақ........
5.Еңбекпен тапқан....... тәтті.
Жүргізуші: Ұлы халқым есептескен текпенен,
Ата салтын ешкім аттап кетпеген.
Мың пәледен құтқарады бір бата,
Адам болмас бата естіп өспеген.
Оқушымыз бата оқиды.Барлық қонақтар жаюлы дастарханға шақырады.