22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған
«НАУРЫЗ-ДУМАН» мерекелік шараның өткізілу
СЦЕНАРИЙІ
Өтетін орны: спорт зал
Өтетін уақыты: 20 наурыз, сағат 11
30
1-жүргізуші: Губашев Ерик
2-жүргізуші: Базарбек Айдана
3-жүргізуші: Халиолла Елжан
4-жүргізуші: Жумиева Сандуғаш
(Жүргізуші саны төртеу «Төртеу түгел болса төбедегі келеді» пайым ұстанымы бойынша)
(Өтілетін орын мерекеге сәйкес безендіріледі, ұлттық тағамдардан дастархан әзірленеді т.б.)
(Фанфар, қол ұстасқан күйі төрт жүргізуші топты жарып, осы тұста тойға жиналған жиналған жастар «Төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп асқақ үнмен дем беріп тұрады).
1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық!
Сөзге құлақ салайық.
Сағынып жеткен жыл құсы,
Наурызды қарсы алайық.
2-жүргізуші: Уа, халайық, халайық.
Өскен елге лайық.
Әз Наурызды ардақтап,
Дәстүрге құрмет қылайық!
3-жүргізуші: Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастарқан басында,
Береке-бірлік болсын деп
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
4-жүргізуші: Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!
(жүргізушілер сөйлеп тұрғанда, жаймен бір әуен сүйемелдейді)
1-жүргізуші: Самарқанның көк тасын еріткен де Наурыз!
2-жүргізуші: Күн мен түнді бір мезгіл теңелткен де Наурыз!
3-жүргізуші: Ырыс, құт боп еліме төрлет-төрлет Наурыз!
4-жүргізуші: Жүректерде ән болып шырқа-шырқа Наурыз!
-
ӘН: «Наурыз - думан» орындайтын «САЗ» үштігі
1-жүргізуші: Жиналыппыз Наурыз тойға бәріміз де,
Үлкен кіші, жасымыз да, кәріміз де,
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге
2-жүргізуші: Наурыз – жаңғырған жылдың басы.
Соқпақ даңғыл болар жылдың басы.
Сөз күйттеген қашан да халықпыз ғой
Жиын тойда айтылар сөздің басы
Құттықтау сөз мектеп директоры міндетін атқарушы Гүлнара Ибатуллиевнаға беріледі.
2. БИ: «Қаражорға» мектеп алды даярлық тобының орындауында
3-жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
4-жүргізуші: Халықтың пейілінен жаралғандай,
Сұлу күн шуағынан таралғандай.
Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,
Наурызда ажар қандай, арай қандай!
Әнші - бишілер екіге жарылып тұрады да, әдемі әуеннің ырғағымен
Наурыз бен Наурыз-Аруды қарсылайды.
НАУРЫЗ: - Дарипов Дамир
Ашық болса Күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай, тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз.
Жайнатамыз бар гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Мейрам етем бұл күнді.
Наурыз құтты болсын!
НАУРЫЗ-АРУ: Казиева Асель
Нұр төгіп ғажап күміс күн,
Жарқырар ай мен пүліш түн.
Сағынтып ашқан қауызын,
Ақ самал – Ару-Наурызбын!
Жайнатып гүлін даланың,
Сайратып жырын бабаның
Тіршіліктің тұтқасы
Ғажайып Наурыз – жыл басы!
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық!
3. ӘН: «ТАМАША-ДУМАН» Болатов Нұртілеу
Ән ырғағында Наурыз-Ару мен биші қыздар асықпай,
көпшілікті жағалай жүріп шашу үлестіреді.
1-жүргізуші: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке.
2-жүргізуші: Сәулесі бар «Наурызда» таңғы үміттің,
Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың,
Ұлыстың ұлы күні паш етейік
Белгісін Достық пенен Мәңгіліктің!
3-жүргізуші: - Ел ішінде ардақ тұтар еңселі,
Ортаға шық, Жұлдызшалар, кел бері,
Баршамызды қызықтырған биылғы,
Сізге мәлім қандай жылдың келгені?
4-жүргізуші: - Он екі жыл бір мүшелді құраған,
Бұрынғылар «жылың не?» деп сұраған.
Әрбір жылдың өзіне тән сыны бар,
Ниет қойып білу керек мұны адам.
Ортаға екі жұлдызшы шығады. Қолдарында дүрбі, кітаптары болады.
(Мурзубаев Максим, Өтегенов Жарқын)
1-жүргізуші: Ортамызға қош келдіңіздер! Биыл қандай жыл есік қағып тұр? Оның берері не? Жұлдыздар не дейді екен?
(Жұлдызшылар біресе аспанның оң жағына, біресе сол жағына дүрбілерімен қарайды).
1-ЖҰЛДЫЗШЫ: Ә-ә, көрдім, көрдім. Биылғы жыл иесі ұлу екен.
2- ЖҰЛДЫЗШЫ: (кітабын парақтап жіберіп) Егер Жаңа жыл иесі ұлу десек, онда бұл жылдың көктемі көкорай шалғын, жазы жан біткенге жайлы, күзі дихан қамбасын толтырар ырысты, қысы ескі таныстай ел-жұртқа етене жақын болары даусыз.
2-жүргізуші: Халқымыздың ұзақ жылдарғы болжамдарында жұлдыздар кестесіне қарап туған жылына байланысты адам бойында кездесетін жағымды-жағымсыз қасиеттерін, мінез-құлқын шамалауға тырысушылық болған ғой. Барыс жылы дүние есігін ашқан ер балалардың қандай өзіндік ерекшелігі бар? Соны айтсаңыздар.
1- ЖҰЛДЫЗШЫ: Бұл жылы туылғандар ер балалар, адал, өз сөзінде тұра білетін, тәуекелшіл, елі үміт күтер аптал азамат болып өседі. Жастары ұзақ боп, дәулетті өмір кешеді.
2- ЖҰЛДЫЗШЫ: Ал ұлу жылы туылған қыз балалар тал шыбықтай сымбатты, тау суындай мөлдір, заты әйел болғанымен ер азаматтармен иық теңестіре алатын қарымды келеді. Ел аналары осылардан шыққан.
1- ЖҰЛДЫЗШЫ: Қазақтың аспаны бұлтсыз ашық болғалы тұр,
Айы оңынан жұлдызы сонынан туады екен.
2- ЖҰЛДЫЗШЫ: Жұлдыздар солай деп жымындайды,
Тілекші боп біздерге қол бұлғайды.
Екеуі қосылып: Тіл-көзіміз тасқа,
Айтарымыз жоқ басқа
Үлу берекелі жыл болсын,
Ел-жұртымның несібесі мол болсын.
3-Жүргізуші: Ауыздарыңызға май, астарыңызға тай. Сіздерге көп рахмет! Айтқан жақсы лебіздеріңіздің барлығы да орындалғай!
4-жүргізуші: Төрге шығып, Наурыз тойын бізбен бірге тойлаңыздар!
(Жұлдызшылар сахнаның алдына барып отырады).
4. КҮЙ: «Балбырауын» орындайтындар Махаббат пен Динара
(желдің уілдеген дыбысымен Қаңбақ шал дөңгеленіп айналып ортаға шығады)
ҚАҢБАҚ ШАЛ: (Мурзубаев Максим) армысыздар ағайындар! Осы мен қайда келдім? Наурыз – думан болып жатыр деп естіп едім, келе жатып адасып кеттім.
1-Жүргізуші: Ассалаумағалейкум ата! Жол болсын!
ҚАҢБАҚ ШАЛ: Орта толсын! Осы тойға жолдастарыммен келе жатыр едім, жел тұрып ұшырып әкетті. Содан осы жерге тап болдым.
2-Жүргізуші: Ақсақал, сіз қаңбақ шал деген ата болдыңыз ғой. Төрге шығыңыз!
ҚАҢБАҚ ШАЛ: Менің жолдастарым келу керек еді, ішінде Қарашаш сұлу да бар.
МЫСТАН: Әй, қауқайған Қаңбақ шал, сен менен бұрын бұл жерге қалай жетіп қалдың. Мұнда не боп жатыр?
ҚАҢБАҚ ШАЛ: Амансың ба? Наурыз құтты болсын!
МЫСТАН: Не дейді-ай мына түйеқарын?! Наурызшылың өзінің?
ҚАҢБАҚ ШАЛ: Мыстан, мына тойға жолдастарым да келе жатыр, қазір келіп қалар. Сосын Наурыз –думан тойлаймыз! Көңіл көтереміз!
МЫСТАН: Қайдағы той?! Мыналар не істеп тұр ей?! Әй, балалар тарандар! Ешқандай той болмайды! Қазір қар жауады, үйлеріне қайтыңдар. Жаурап қаласыңдар!
ҚАҢБАҚ ШАЛ: Сәл сабыр етіңіз. Бізде Наурыз тойы өтіп жатыр, қонақтар келуі керек.
МЫСТАН: Ешкімде келмейді. Мынаның елшілерін қара дәудің үйіне сиқырлап ұйықтатып тастағаңмын.
ҚАҢБАҚ ШАЛ: Не дейді мына Мыстан?! Енді қайттік? Ә... міне келе жатыр ғой біреу...
ТАЗША БАЛА: Ассалаумағалейкум, халаайық! Наурыз құтты болсын!
ҚАҢБАҚ ШАЛ: Е, шырағым, өзіңмен орта толсын!
МЫСТАН: Тақылдаған сен кімсің ей?! Мен сені неге білмеймін?!
ТАЗША БАЛА: Мен халқыма қылығымммен жаққан Тазша баламын, әже. Тойды бастамай неғып тұрсыздар?
ҚАҢБАҚ ШАЛ: Мына Мыстан тойға келе жатқан жолдастарымды ұйықтатып тастаған, енді не істерімді білмей тұрмын?
(Тазша бала мен Қаңбақ шал сыбырласады)
ТАЗША БАЛА: мыстан әже, сіздің көңіліңізді көтеру үшін жыршылардың әндерін тыңдасақ қайтеді?
МЫСТАН: керегі жоқ, білемін мен сендерді, бәрің мені жек көресіңдер.
ТАЗША БАЛА:Әуелі тыңдап көрмейсіз бе?
МЫСТАН: Жоқ, сендер мені алдайын деп тұрсыңдар!
ТАЗША БАЛА:
Тыңдаңыз әже!
Әжем қандай тамаша,
Киім киген жараса
Тістері аппақ маржандай.
Наурыз тойын тойлайтын
Менің мыстан әжем –ай!
МЫСТАН: Ал жарайды көндірдің, қане, өнерлеріңді тамашалап көрелік!
5. ӘН: «Сары жайлау» Халиолла Елжан
МЫСТАН: ой, жоқ ішім пысып кетті ғой, бұларың не?
ТАЗША БАЛА: әже, ашуланбаңыз енді, қазір онда мен сізге оданда жаққ-сы.....
МЫСТАН: Керегі жоқ мен кеттім.
ТАЗША БАЛА: Әже, әже, қараңыз, өздеріде келе жатыр, қандай әдемі киінген..
6. БИ: «Қазақ биі» «Назерке» би тобы
МЫСТАН: Ой, айналайындар, мына билерің маған ұнады ей... қой болмас, мен қонақтарды алып келейін, оларда тойласын!
1-Жүргізуші: Міне, Қарашаш сұлу да келеді. Армысыз, Қарашаш сұлу.
ҚАРАШАШ СҰЛУ: Армысздар ағайын!
Наурыз тойларыңыз құтты болсын!
Мен қазақтың қызымын, желбіреген тұлымым.
Ата-ананың қызығы, ойнап өскен құлыны.
Бота көзім мөп-мөлдір, мөлдір менің көңілім.
Жүзім сәуле, өскен гүл, гүлдей көркем өмірім.
Ұлыс оң болсын!
4-жүргізуші: Құрметті қонақтар, енді Баларыңыздың өнерін тамашалаңыздар! Төрге шығыңыздар!
(қонақтар дастарханға жайғасады).
1-жүргізуші: Алқа-қауым, той думан,
Ортамызды ашайық.
2-жүргізуші: Ән мен күйді шалқытып,
Інжу-маржан шашайық!
3-жүргізуші Жиналған халық таң қалсын
Өнерден күмбез жасайық.
4-жүргізуші: Қалықтасын ән мен күй,
Бар өнерді қосайық.
7. ӘН: «Қазақы дастарханым» Әжімұратов Алихан
Жастардың бірі: - Ау, біздің күші тасыған жігіттеріміз қайда кеткен? Бар ма өздері?
Балуандар: -Біз бармыз, - деп ортаға шығады. Нухов Мейрамбек, Болатов Мұқан
Ортада балуандар күресі көрсетіледі. Алдын-ала төсемдері, төреші әзір болу керек.
1-жүргізуші: Бармақтан күш сауғалап,
Жиылған жұрты қаумалап,
Балуандар шығар ортаға
Жас арыстан қорқа ма?
Кім намысты жанымас
Күш атасын танымас.
Жастар: -Әп, бәрекелді! – деп жан-жақтан көтермелейді
2-жүргізуші: Өнерлерің өрге жүзсін! Осындай жиын-тойдың ажары болып жүре беріңіздер!.
(Аттың дүбірі естіледі).
3-жүргізуші: Аттың дүбірі естілетін секілді
. Қыдыр Ата! Қыдыр Ата келе жатқан болар.
(Қыдыр Ата келеді. Қыдыр Ата –|Т\әжібаев Сұлтан)
4-жүргізуші: Дұрыс айтасыз, Ұлыстың Ұлы күні Қыдыр Ата ел-жұртын аралайды деуші еді. Қасиетіңнен айналайын, Қыдыр Ата!
Қобыз даусы.
Қыдыр Ата: Армысың, жамағат! (қолын жайып)
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын,
Ұлыс күні ұл мен қыз,
Білімнің мінсін жорғасын!
Бір-біріңе сүйеу бол!
Жер беті тола тіршілік,
Адамзат соған ие бол!
Әумин!
1-жүргізуші: Айтқаныңыз келсін, Қыдыр Ата. Елімізде, білім ордамызда жақсылық болса, Сіздің шапағатыңыз деп білерміз! Төрлетіңіз!
4-Жүргізуші: «Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған,
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!
8. БИ: «Орыс биі» «Назерке» би тобы
4-Жүргізуші: Көгіме күн өрлетіп,
Төрт түлігін төлдетіп,
Қаймақ сүтін көлдетіп,
Ыризық-құтын селдетіп,
Келді Наурыз – Ұлыс күн!
2-Жүргізуші: Ақ қар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз!
Құтты болсын мереке,
Болсын думан береке!
9 . Ән: «Атамекен» Әбдубали Әсел мен Умарова Альбина
3-жүргізуші: Асу асу белдері сырға толы,
Атырабы ән күйге, жырға толы.
Жаса, жаса, жайнай түс кемелденіп,
Өр қазақтың жазирасы, нұрға толы.
Қадірменді халайық, Наурыз тойға жайылған дастарханнан ауыз тиіңіздер.
2-4-жүргізуші: Наурыз көжеден дәм татайық.
Төртеуі қатарласа: Наурыздан Наурызға аман есен жетейік!
Жыл берекелі болсын!