Перейти на главную страницу
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................
Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының қызметкерлері жұмыстың жөндеуаралық кезеңін барынша ұзартып және ұңғымалардың пайдалану коэффициентін арттырып отыратын, олардың бекітілген технологиялық режимдегі жұмысын қамтамасыз етіп, ұңғымалардың сапалы жөндеуіне және мұнайды қосынды өндіру мөлшерінің артуына кепілдік беретін шараларды жүйелі түрде әзірлеп және жүзеге асырып отыруы тиіс. Жерасты жөндеулері пайдалану шығындарының есебінен жүргізіледі, соңғыларына сол жөндеулер орындалған кезеңдегі мұнай мен газдың өзіндік құнына арнайы бап түрінде енгізіледі.
2004 жылы отын-энергетикалық кешен әлемдік энергия тасымалдағыштар нарығындағы жағымды жағдай орын алған кезде дамыған болатын. Әлемдік сауда алаңшаларындағы мұнайдың бағасы өсіп отырды. Осыған ұқсас жағдай әлемдік энергетикалық және коксталушы көмір нарығында да орын алған болатын.
Отын энергетика кешені салаларының жалпы өнеркәсіптік өсіп-өркендеуге қосқан үлесі, сондай-ақ олардың жалпы ішкі өнімдегі алатын меншікті салмағы артты. Мысалы, 2004 жылы отын-энергетикалық пайдалы қазбалар өндірісінің жалпы өнеркәсіптік өсіп-өркендеуге қосқан үлесі шамамен 18%-ды, ал кокс пен мұнай өнімдерінің өндірісі – 3,7% құрады. Республиканың алдында тұрған экономиканы құрылымдық, техникалық және ұйымдастыру-шаруашылық қайта құрумен байланысты болып келетін стратегиялық мәселелерді шешудің қажеттігіне негізделсек, салыстырмалы түрде шектелген және салыстырмалы түрде қымбат болып келетін отын ресурстарын пайдаланудан оған қарағанда шектеулігі төмен және бағасы арзан отын ресурстарын пайдалануға көшу қажет етіледі.
Қазақстан өзінің табиғи ресурстарының есебінен өзін отын-энергетикалық ресурстармен толықтай қамтамасыз етіп және отынды республиканың аймағынан тыс шығару және электрқуатының берілісін жүзеге асыра алады. Мысалы, отын-энергетикалық ресурстарын меншікті өндірудің көлемі оларды жұмсау көлемінен 15,6%-ға асады. Көмір бойынша оны республикадан тыс шығарып әкету көлемі 42% құрайды, бұл оны тұтыну көлемінен 1,5 есе асады. Мұнай өндірісі оның тұтыну мөлшерінен 1.4 есе асады. Республикамызда көмір, мұнай, газ, гидроресурстар, жанғыш тақтатастар, гидротермальдік түрлер бар. Отын өндірісі аса жағымды техникалық-экономикалық көрсеткіштермен сипатталуда. Екібастұз алабындағы көмір өндірісінің жоғары дәрежедегі үнемділігі баршаға мәлім. Қазақстанның аса бай мұнай және газ кеніштерінің тау-геологиялық және экономикалық көрсеткіштері бірегей болып келеді. Мұнай, газ мен көмірдің жалпы қоры шамамен алғанда мұнай эквивалентінің 13,0 млрд. теңгесін (м.э.т.) немесе бірлігіне, б.а. жан басына 722 м.э.т. құрайды. Бұл көрсеткіштер бойынша Қазақстан әлемдегі бірінші ондыққа кіреді. Алайда отын-энергетикалық ресурстар республиканың аймағы бойынша аса шашыраңқы түрде орналасқан. Мысалы, қолданыстағы көмір кеніштерінің 100%-ы Орталық және Солтүстік-Қазақстанда, мұнай мен газ кеніштері – Батыс Қазақстанда, ал гидроресурстардың 90%-дан артық бөлігі Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда орналасқан. Бұл жағдай республиканың жекелеген аудандарының отын-энергетикалық қамсыздандырылуына әсерін тигізеді.
Сурет 1 – 2004 жылдың отын және электроэнергияның негізгі түрлеріне қойылған өндірушілердің баға индексі (% бойынша)
• отын энергетикалық кешені мен соған байланысты болып келетін салаларды оларды дамытуға арнап материалдық және қаржылық ресурстарды көбірек бөлу арқылы нығайту;
• республиканың өндірістік күштерінің орналасуын отын тұтынушыларды Қазақстанның негізгі отын-эенергетикалық базаларына жақындату бағытында жетілдіру;
• отын энергетикалық кешені салаларында нарықтық механизмдерді өндіріс арқылы реттеумен әзірлеу;
• өзінде мұнай, газ, көмір және т.б. өндіріс көлемінің негізгі өсімі қамтамасыз етілетін Батыс және Солтүстік-Шығыс Қазақстан аудандарынан энергетикалық ресурстарды тасымалдаудың әртүрлі әдістерін әзірлеу.
Салааралық байланыстардың тармақталуы, отын энергетикалық кешені кәсіпорындарының ұзақ мерзімді құрылысы Қазақстанның отын-энергетикалық теңгерілімінің құрылымын жетілдіру мәселесінің ауырлығына негіз болуда. Республиканың алдында тұрған экономиканы құрылымдық, техникалық және ұйымдастыру-шаруашылық қайта құрумен байланысты болып келетін стратегиялық мәселелерді шешудің қажеттігіне негізделсек, салыстырмалы түрде шектелген және салыстырмалы түрде қымбат болып келетін отын ресурстарын пайдаланудан оған қарағанда шектеулігі төмен және бағасы арзан отын ресурстарын пайдалануға көшу қажет етіледі. Қазақстанның ресурстар мен энергия сыйымдылығының жоғары дәрежесімен сипатталатын халық шаруашылығының қалыптасқан құрылымы отын-энергетикалық шикізатын ұтымды пайдалануды қажет етеді. Қазіргі кезде отын-энергетикалық ресурстардың басым бөлігі тікелей отын және энергия ретінде тұтынылуда, соның өзінде оларды прогрессивті бағыттар бойынша тұтыну мөлшері тым төмен (34,1%). Отын-энергетикалық ресурстардың небәрі 0,3%-ы ғана химиялық және мұнай-химия өнімдерінің өндірісіне жұмсалуда. Отынның оны өңдеу, сақтау және тасымалдау кезіндегі шығындары едәуір болып келеді, олар газ бойынша 32%, мұнай бойынша – 29%-дан артық, көмір бойынша – 13% құрайды. Жуық шетел елдерімен нарыққа көшу кезінде шаруашылық қатынастардың бұзылуы жағдайларында дербес энергетикалық жүйені қалыптастырып, дайын өнімді алуға дейін өз отындық шикізатының өңделуін ұйымдастыру қажет. Қазақстанда электроэнергетикасын дамыту ісін көмір, су ресурстары тәрізді дәстүрлі көздердің өзіндік базасына негізделумен жүзеге асыру керек. Мұнай өңдеу өнеркәсібінде алғашқы кезектегі мәселеге Павлодар және Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттарын өзіміздің шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ мұнай өңдеу өнімдерінің өз еліміздегі өндірісін арттыру мәселесі жатады. Республикадағы отын-энергетикалық кешенінің ерекшелігі сол, ол елдің ішіне қарағанда іргелес жатқан республикалардың отын-энергетикалық кешенімен неғұрлым көбірек ықпалдасқан. Бұл келесідегідей себептермен түсіндіріледі:
• шикі мұнайдың өз еліміздегі өндірісі мен мұнай өңдеу зауыттарының қуаттылықтары оларды өңдеу үшін жеткілікті болса да республика мұнай өнімдерін сырттан әкеледі;
• Батыс Қазақстанның шикі мұнайы әрекеттегі мұнай құбырлары бойынша Ресейдің Еділ жағалауы аумағына жеткізіледі, ал республикамыздың Солтүстік-Шығыс және Оңтүстік кәсіпорындары батыс-сібір мұнайын сырттан әкеледі;
• Батыс Қазақстанның газы Ресейге экспортталады, ал ішкі қолданысқа арнап газ Орта Азия мен Ресейден әкелінеді.
2004 жылы отын-энергетикалық кешен әлемдік энергия тасымалдағыштар нарығындағы жағымды жағдай орын алған кезде дамыған болатын. Әлемдік сауда алаңшаларындағы мұнайдың бағасы өсіп отырды. Осыған ұқсас жағдай әлемдік энергетикалық және коксталушы көмір нарығында да орын алған болатын.
Нәтижесінде 2004 жылы отын-энергетика кешені салаларының жекелеген макроэкономикалық көрсеткіштерге ықпалының күшейгендігі байқалған болатын. Отын энергетика кешені салаларының жалпы өнеркәсіптік өсіп-өркендеуге қосқан үлесі, сондай-ақ олардың жалпы ішкі өнімдегі алатын меншікті салмағы артты. Мысалы, 2004 жылы отын-энергетикалық пайдалы қазбалар өндірісінің жалпы өнеркәсіптік өсіп-өркендеуге қосқан үлесі шамамен 18%-ды, ал кокс пен мұнай өнімдерінің өндірісі – 3,7% құрады. «Электрқуатын, газ бен суды өндіру және үлестіру» атты іс-әрекетін бойынша өндіріс серпіні әлі күнге дейін салыстырмалы түрде қалыпты болып келеді, сол себептен оның өнеркәсіп өндірісіне қосқан үлесі шамалы ғана болып отыр.
Сурет 2 – 2004 жылдың отын-энергетикалық өнімдерінің өндіріс динамикасы (% бойынша)
Технологиялық процесс – бұл еңбек затының сапалы (физикалық-химиялық және механикалық) (түрінің, көлемінің, күйінің, орналасуының, физикалық-химиялық қасиеттерінің, сыртқы пішінінің және т.б.) өзгерістері, олар адамның еңбек затына сол не өзге түрдегі еңбек құралдарын қолданумен әсер етуінен болады. Еңбек заты адамның тікелей қатысуынсыз табиғат күштерінің әсер етуімен, атап айтқанда табиғи процесстер кезінде де өзгеруі мүмкін.
Әрбір өндірістік процесте орталық орынға негізгі процесс ие болуда – бұл еңбек затын кәсіпорынның қызметтік бағытына сәйкес дайын өнімге айналдыру. Негізгі өндіріс қажеттерін қанағаттандыруға арнап жүзеге асырылатын процестер қосалқы процестер деп аталады. Өндірістік процесті ұйымдастыру мақсаттары үшін жұмысшының соны жүзеге асыруға қатысуының сипатын, өндірістік процестің сипаты мен мзмұнын, онда материалдық элементтердің қатысуын, өндірістік процестің қайталану мерзімділігі мен ұзақтығын, өндірістерді ұйымдастыру әдістерін білу өте маңызды. Бұл ретте өндірісті ұйымдастыру ретінде еңбек процестері мен материалдық элементтерді уақыт пен кеңістікте ұтымды үйлестіру әдістерінің жиынтығы түсініледі.
Жұмысшының қатысу сипатына қарай өндіріс процесін жүргізу кезінде процестер келесідегідей түрлерге бөлінеді: қол, қол механикаландырылған, машиналық-қол, машиналық, автоматтандырылған, аппаратуралық процестер.
Өзінің сипаты мен мазмұнына қарай өндірістік процестер механикалық және физика-химиялық деп бөлінеді.
Сонымен қатар, еңбек заттарын тасымалдау жөніндегі көліктік процестерді және солармен қатысты болатын тиеу-түсіру процестерін бөлу қажет: жасалған еңбек заттарын сынау мен олардың МЕМСТ белгілеген талаптарға немесе техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру жөніндегі бақылау процестері; өндірістік процестердің жекелеген түрлерінің жүрісінің жағдайлары мен параметрлерін зерттеу жөніндегі зерттеу жұмыстары; жер қойнауларындағы пайдал қазбаларды барлау жөніндегі геологиялық барлау процестері.
Өндірістік процестің негізгі бөлігі кезеңінің ұзақтылығына қарай олар үздіксіз және үздікті процестерге бөлінеді.
Үздікті процестер мерзімділігі мен қайталанғыштығымен сипатталады (мысалы, геологиялық барлау және бұрғылау). Үздіксіз өндірістік процестерде мерзімділік белгісі жоқ, технологиялық процесс үздіксіз түрде жүріп отырады, процестің үздіктігі мен қайта жалғасуы оның технологиялық ұзақтылығымен емес, мысалы, мұнай өндірісіндегідей, құрал-жабдықтың жұмысының жөндеуаралық мерзімдерінің ұзақтылығымен сипатталады.
Осылайша, өндірісті ұйымдастыру – еңбек процестері мен өндірістің материалдық элементтерін уақыт пен кеңістікте ұтымды үйлестіру әдістерінің жиынтығы. Процесті кеңістікте орналастыру деп әрекеттердің жұмыс орындары бойынша үлестірілуі түсініледі. Процесті уақыт бойынша орналастыру – бұл өндірістік процестің әртүрлі әрекеттерін орындау уақытында үйлестіру дәрежесі, ол өндірістік процестің ұзақтылығын белгілейді. Процесті уақыт пен кеңістікте орналастыру кері пропорционалды тәуелділікте болады. Егер өндірістік процесс бес әрекеттерден тұрып, олардың барлығы әрқайсысы өз орнында бір уақытта жүргізіліп жатса, онда процесс уақыт бойынша толықтай біріктіріліп және кеңістікте бөлістірілген. Егер олардың барлығы бір жұмыс орнында орындалса, процесс толықтай кеңістікте біріктіріліп және уақыт бойынша бөлінген (бұл жағдайда уақыт қосарланбайды). Процесті кеңістікте орналастырудың әртбір түріне оны уақыт бойынша орындаудың белгілі бір тәртібі сәйкес келеді, бұл еңбек затын бір жұмыс орнынан екінші біріне тапсыру әрекеттері мен тәртібін үйлестіру түріне байланысты болады.
Әрекеттерді үйлестірудің үші түрі бар: тізбекті, қатарласқан және қатарлас-тізбекті.
Тізбекті үйлесім әрбір келесі әрекетті тек алдыңғысы аяқталғаннан кейін орындауды меңзейді. Мысалы, мұнараны салу кезінде оған кіретін барлық әрекеттерді әртүрлі әрекеттердің уақыт бойынша бір-бірімен ауысуынсыз қатаң реттілікпен бірінен кейін бірін жүргізу керек. Бұл жағдайда өндірістік мәселені шешуге (мұнараның құрылысына) арнап жұмсалатын уақыт аса ұзақ болатын болады. Мұнай өңдеу кәсіпорындарында әрекеттерді тізбекті түрде үйелестіру әдісі қолданылмайды.
Әрекеттерді үйлестірудің тізбекті түрі кезінде процестің технологиялық бөлігінің ұзақтығы Ттізб. келесі формула бойынша анықталады:
Ттізб. = Σ tдана (1)
мұндағы, tдана - әр әрекеттің ұзақтығы; т - әрекеттердің саны.
Әрекеттердің қатарласқан үйлесімі олардың уақыт бойынша толық үйлесуімен сипатталады. Мұндай үйлесімнің жүзеге асырылуы әрбір әрекетті жекелгене жұмыс орнында орындаудың бірдей ұзақтығы мен мүмкіндігі болған жағдайда орын алады. Іс-жүзінде мұны жасау қиын, сол себептен үйлесімнің бұл түрін қолдану шектеулі болып келеді.
Әрекеттердің қатарласқан-тізбекті (аралас) үйлесімі – мұнай және газ өнеркәсібіндегі үйлесімнің аса кең атарған түрі, бұл ретте әрекеттердің бір бөлігі тізбекті түрде, екінші бір бөлігі қатар түрде жүргізіліп отырады. Ттізб. әрекеттердің қатарласқан-тізбекті үйлесімі кезіндегі процестің технологиялық бөлігінің ұзақтығы келесі формула бойынша есептеледі:
Ттізб. = Σ tдана- Σ tауыст. (2)
мұндағы, tауыст. әртүрлі әрекеттердің бір-бірін ауыстыруының жиынтық уақыты.
Кез келген түрдегі өндірістік процесс өзара әрекеттескен әртүрлі еңбек процестерінің, технологиялық және табиғи процестердің жиынтығы болып келеді. Ол ұтымды оңтайландыруды қажет етеді.
Өндірістік процестерді ұйымдастыру ұстанымдары
Ұтымды ұйымдастырылған өндірістік процестің ең маңызды ұстанымдарына үздіксіздік, ырғақтық және пропорционалдық жатады.
Үздіксіздік еңбек заты дайын өнімді өндіру кезінде үздіксіз түрде өңдеуден өткізіліп отыруы тиіс дегенді білдіреді. Ол негізгі қорларды бұрынғысынан да толық пайдалану мен айналымдағы қаражаттардың бұрынғысынан да жылдам айналуына арнап мүмкіндіктер береді.
Ырғақтық – кәсіпорынның өнімді берілген жоспар бойынша біркелкі шығаруы. Ол кәсіпорынның барлық цехтары мен бөлімшелерінде өндірістің біркелкі жүрісімен қамтамасыз етіледі, бұл ретте оның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетін жоспарлау үлкен рөлге ие болады.
Өндірістік процестердің пропорционалдығы ретінде әрекеттердің теңдігі немесе еселігі түсініледі. Пропорционалдық негізгі өндіріс пен қосымша бөлімшелердің арасында сақталуы тиіс. Сандық пропорцияларды кәсіпорынның дамуында қайсыбір өндірістік буындар негізгі өндірістің қажеттерін қанағаттандырмай немесе оның қажеттерінен асып кететін жағдайдағы диспропорцияларға жол бермей сақтап отыру қажет. Бұл екі жағдайда да өндірістік процестің ырғақтығы, үздіксіз жүрісі, кәсіпорын үшін материалдық-техникалық құралдардың барынша аз жұмсалуымен өндірістік жоспармен белгіленген өнімнің дер кезінде шығарылуы бұзылады, және соның салдарынан өнімнің өзіндік құны өседі. Өндірістің ұйымдастырылуы өз әдістері мен даму түрлеріне ие болады. Қазіргі кезде өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдістеріне ағымдық (жаппай көпшілік), топтық (сериялық) және бірлі-жарымдық әдістері жатады. Олар орын алған ерекшеліктерге байланысты мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында ішінара ғана қолданылады.
Өндірісті ұйымдастырудың ағымдық (жаппай көпшілік түрдегі) әдісі – бұл біртекті өнімді жаппай көпшілік ауқымда үздіксіз шығарумен сипатталатын жаппай көпшілік өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдісі. Мұндай өндіріс кезінде бұйымдар келесі әрекетке алдыңғы әрекет орындалғаннан кейін арнайы құрылғылардың көмегімен дереу түрде беріледі.
Өндірісті ұйымдастырудың топтық (сериялық) әдісі өнімді сериялап шығарумен белгіленеді, және осыған орай жұмыс орындарында өңделетін өнім түрлерінің өзгеруімен, сондай-ақ өнімнің жаңа сериясын жасауға арнап құрал-жабдықты қайта реттеудің салдарынан оның жұмысындағы мерзімді түрдегі үзілістермен белгіленеді. Бұл әдіс бағыттанудың төмен дәрежесін меңзейді. Оның артықшылығы өндірістің өнімнің бір түрінен екінші бір түріне жеңіл ауысуына негізделген. Оны ағымдық әдіс бойынша ұйымдастырылған жаппай көпшілік өндіріс кәсіпорындарының жекелеген бөліктерінде қолдануға болады.
Өндірісті ұйымдастырудың бірлі-жарымдық әдістері кезінде өнім жекелеген бірліктер мен ұсақ серия түрінде шығарылады. Бірлі-жарымдық өндіріс техника мен технологияны жетілдіру себебінен жаңа, бұрынғысына қарағанда жетілдірілген өнімді шығаратын тәжірибелі өндірістің дамуымен байланысты болып келеді. Онда әмбебап құрал-жабдық жұмыс істеп және жоғары білікті әмбебап-жұмысшылар еңбек етеді. Жаппай көпшілік өндірісті ұйымдастырудың ағымдық әдісі аса жетілдірілген әдіс ретінде әртүрлі өнеркәсіп салаларында үлкен тарауға ие болды: тоқыма, аяқ-киім, тағам, аға өңдеуде, машина жасауда, металл өңдеуде, металлургияда, химияда.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Мұнай-газ өндірісінде еңбек заты ретінде мұнай мен газы бар қат, еңбек құралдары ретінде – пайдалану және тоғыту құрал-жабдығы, еңбек өнімдері ретінде – шикі мұнай мен газ шығады. Мұнай-газ өңдеудің ерекшелігі сол, ондағы еңбек заты – құрамында мұнай мен газ бар қат, табиғаттың өтеусіз сыйлығы. Ол еңбектің нәтижесі болып табылмайды және оның бағасы жоқ, сол себептен мұнай өңдеу өнеркәсібінде шикізатқа жұмсалатын шығындар жоқ, бұл кейбір техникалық-экономикалық көрсеткіштердің құрылымына, деңгейі мен жоспарлауға әсерін тигізеді. Келесі бір маңызды мәселе – мұнай өңдеу кәсіпорындарында еңбек заты аймақты түрде бекітілген болып келеді. Осыдан кәсіпорынды жобалау мен өндірісті және еңбекті ұйымдастыруға арнап орын таңдап алудың жергілікті жағдайларға (өнеркәсіп құрылыстарына, тұрғын үйге, ауа-райы жағдайларына және т.б.) тәуелділігі туындайды.
Сондай-ақ ерекшеліктерге еңбек заты мен пайдалану жабдығының жерасты бөлігінің тікелей бақылау мен әсер етуден қашықта орналасуы жатады, бұл мұнай өндірісінде күрделі құрылысты жоспарлау мен ұйымдастырудың қажеттігін тудырады. Еңбек заты мен пайдалану жабдығының жерасты бөлігінің қашық орналасуы арнайы зертеу жұмыстарын (қаттар мен ұңғымаларды зерттеу) ұйымдастыру мен жоспарлаудың, сондай-ақ ұңғымаларды оларға қажет етілетін түсіру-көтеру әрекеттерімен ағымдағы және күрделі жерасты жөндеулерінің қажеттігін тудырады.
Ұңғымалардың аймақтық жеке орналасуы, олардың ерекшелігі мен өндірісті ұйымдастыру ісінің кенішті қазу жүйесіне тәуелді болуы негізгі процесті ұйымдастырудың ерекшеліктерін белгілейді, мұндай ұйымдастыру ұңғымаларды күтімге алуға, олардың технологиялық тәртібін реттеуге және ұңғымалар қорын жұмысқа қабілетті күйінде ұстап отыруға негізделген. Дәл осы ерекшелік қосалқы және қосымша шаруашылықтарды ұйымдастырудың еркешелігіне, оның аймақтық орналасуына негіз болады. Мұнай-газ өндірісінде маңызды тағы бір маңызды нәрсе – ол тек қана дайын өнімді береді, басқа не аяқталмаған өндіріс, не жартылай фабрикаттар жоқ. Мұнай мен газ өндірудің өндірістік процесі әртекті жеке өндірістік процестердің кешені болып келеді:
• мұнай мен газ өндірісі;
• механикалық және энергетикалық жабдықты монтаждау және шешіп алу;
• ұңғымаларды жерасты жөндеу;
• ұңғымалар мен жабдықты жерүсті жөндеу;
• ұңғымаларды күрделі жөндеу;
• көлік және мұнайды сақтау;
• газды жинау және кәдеге жарату;
• мұнай мен газды кешенді әзірлеу;
• ұңғымалар мен қаттарды зерттеу;
• қатқа жұмыстық агентті тоғыту және т.б.
Мұнай мен газды өндіру процесі – бұл мұнай-газ өндіру кәсіпорнындағы негізгі өндірістік процесс, ол бүкіл қат пен кенішті жобаға сәйкес ұтымды қазуды, сондай-ақ негізгі процесті әртүрлі қуаты көздерімен, көлікпен, жөндеумен, материалдармен, құралдармен және т.б. күтімге алуды қажет етеді. Мұнай өндіру процесі өзара тығыз байланысқан бірқатар жекелеген процестерден құралады: сұйықты забойға ағызу; сұйықты забойдан ұңғыманың сағасына көтеру; көлік және мұнайды өңдеуге дейін сақтау; мұнай мен газды өңдеу немесе кешенді әзірлеу және тауарлық мұнайды тұтынушыға тапсыру. Бұл процестердің барлығы бірдей мұнай мен газ өндірудің өндірістік циклын құрайды, ол қысқамерзімділігі мен үздіксіздігімен сипатталады. Өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз етудің шарттары:
Өндірістік құрылым ретінде кәсіпорынның ішкі өндірістік бөлімшелері мен қызметтерінің жиынтығы, олардың өзара қатынасы мен байланысы түсініледі.Мұнай-газ өндірісінде құрылымдық бірлік ретінде цех - өндірістік әкімшіліктік-бөлектенген бөлімше шығады, оның міндеттеріне өнімді шығару немесе белгілі бір жұмыс түрлерін жүргізу жатады. Негізгі өндіріс өнімді шығарумен тікелей қатысты болатын процестерді қамтиды. Қосымша өндіріс негізгі өндіріс бөлімшелерінің өнімді үздіксіз шығаруына арнап қалыпты жағдайларды қамтамасыз етеді. Негізгі өндіріс ретінде орталық инженерлік-технологиялық қызметпен (ОИТҚ) біріктірілген аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер (АИТҚ) бөлінген.
Орталық инженерлік-технологиялық қызметтің негізгі міндеті – мұнай-газ өнеркәсібінде орталық инженерлік-технологиялық қызметі бекітілген технологиялық режимін ұстанумен мұнай мен газ өндіру жөніндегі жоспарлық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету. Орталық инженерлік-технологиялық қызмет төмендегілерді жүзеге асырады:
• аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер жұмысын басқару;
• негізгі өндіріс объектілерінде жұмыстарды орындау кезінде мұнай-газ өнеркәсібінің барлық өндірістік бөлімшелерінің іс-әрекетін тәулік бойы жедел бақылау және үйлестіру;
• барлық өндірістік объектілер бойынша ақпаратты жинақтау мен өңдеу;
• апаттарды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
• оқыс жағдайлар кезінде көмек көрсету және т.б.
Сурет 3 – Негізгі және қосымша өндіріс цехтары
Жұмыстарды жоспарлауға маңызды мән беріледі. Орталық инженерлік-технологиялық қызмет өздеріне ұңғымалар бойынша барлық қажетті жұмыстар кіретін айлық кешендік кесте-жоспарларды әзірлейді.
Аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер – мұнай өндіруге тікелей қатысатын инженерлік-технологиялық қызметтің негізгі технологиялық органы. Бұл қызметтің басты міндеттері – мұнай мен газды өндіру жөніндегі жедел жоспар-кестелер мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету, тәулік бойы техникалық тұрғыдан сауатты игеру мен ұңғымаларды пайдалануды жүзеге асыру, оларды пайдалану режимін сақтау, ұңғымалар мен аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер аумағында орналасқан басқа объектілерді жерасты және күрделі жөндеу жөніндегі өндірістік процестердің барысына технологиялық бақылау жүргізу. Бұл органның жұмысын қызметтің бастығы басқарады. Мұнай өндіру операторлары технологиялық топтар бойынша бөлінген және аға инженерлердің басқаруымен ұңғымаларды күтімге алу, пайдалану жұмыстарын жүргізеді, оларды тексеріп және қарап шығады, құрал-жабдықтың ақауларын жөндейді, жұмыс тәртібін сақтайды, ұңғымаларды іске қосады және т.б. Бұл топтар әрдайым диспетчерлік пункт пен оның басшылығымен байланысты болып келеді. Аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер мұнайды, газды, ауаны жинақтау мен сумен қамту, ұңғымалар коммуникацияларының, ауа және газ үлестіргіш құрылғылардың жүйесінің, компрессорлық станциялардың және т.б. технологиялық сұлбаларымен байланысқан.
Ұңғымаларды өндірістік күтімге алумен қатысты қосалқы өндірістер өндірістік күтімге алу базаларына біріктірілген. Өндірістік күтімге алу базалардың құрамына келесілер кіреді:
• пайдаланушылық құрал-жабдықтың илектеу-жөндеу цехы (ПҚИЖЦ);
• электр жабдығы мен электрмен қамтудың илектеу-жөндеу цехы (ЭЖ мен ЭИЖЦ);
• ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу цехы (ҰЖ және КЖЦ);
• өндірісті автоматтандыру цехы (ӨАЦ).
Өндірістік күтімге алу базалар басшылығы кесте-жоспарларға сәйкес цехтардың іс-әрекетін үйлестіреді және ұңғымалар мен барлық негізгі өндіріс объектілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тікелей мұнай-газ өндіру басқармасына бағынатын құрылымдық бөлімшелер бар, атап айтқанда:
• мұнайды даярлау мен айдау цехы (МДАЦ);
• қаттық қысымды ұстау цехы (ҚҚҰЦ);
• бу-сумен қамту цехы (БСҚЦ);
• газ сығымдағыш (газ) цех (ГСЦ);
• құрылыстық-монтаждау телімі (ҚМТ) – мұнай-газ өнеркәсібінің дербес құрылыс ұйымы болмаған жағдайда.
Қабат қысымды ұстау цехының басты міндеті – жұмыстық реагенттің бекітілген қазу жобасына сәйкес көлемдерде өнімді деңгейжиектерге айдалуын қамтамасыз ету.
Мұнайды даярлау мен айдау цехы шикі мұнайды жинақтау мен оны жинау құрылғысына дейін айдау, өңдеуге, сақтауға, есепке алу мен тапсыруға әзірлеу жұмыстарын жүргізеді. Мұнай мен газ өндіру цехы мұнай мен газды ұңғыманың түбіне қарай жасанды қозғалу процестерінен, мұнай мен газды күндізгі жазықтыққа көтеру, тауарлық мұнайды әзірлеу процестерін қамтиды. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда жекелеген мұнай-газөнеркәсіб бірлестіктің рұқсатымен цехтар құрылуы мүмкін: илектеу-жөндеу, батырмалы электрқұрылғылар, құбырларды шегендеу (футерлеу) (жемірілуге қарсы жабындар, әйнектеу, эпоксидтік шайырлармен жабу, эмальдау). Мұнай өндіру процесінің үздіксіздігі көбінеки мұнай және газ ұңғымаларын дұрыс пайдалануға, күтімге алу мен жөндеуге байланысты болып келеді. Пайдалану жабдығының илектеу-жөндеу цехы пайдалану жабдығын жөндейді, оны пайдаланудың техникалық ережелерін ұстануды бақылайды, механикалық жабдықты дер кезінде және сапалы жөндейді.
Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік құрылымын жетілдірудің негізгі бағыты – негізгі өндірісті бағыттандыру процесін оны бұдан әрі бірқатар қосымша қызметтерден босату мен оларды дербес кәсіпорындарда шоғырландыру арқылы жалғастыру, атап айтқанда, МГӨК-тің құрамынан жөндеу және көліктік қызмет көрсетуді шығару және орталық илектеу-жөндеу базалары мен технологиялық көлік басқармаларын, және бірлестіктерде арнайы техниканы құру. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының типтік өндірістік құрылымы 4-суретте келтірілген.
25 12 2014
5 стр.
25 12 2014
5 стр.
25 12 2014
4 стр.
ТҮ негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтарының құралы және олардың техникалық мінездемесі
16 12 2014
3 стр.
«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың экономикалық және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы болып
18 12 2014
1 стр.
Курстың негізгі мақсаты электрэнергетика саласындағы экономикалық білімді теориялық және практикалық жағынан меңгеріп энергетика шаруашылықтарындағы және өндірісті кәсіпорындарда т
15 10 2014
1 стр.
Жеке қосалқы шаруашылық ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесінде өз қажеттерін қанағаттандыруға арналған қызмет түрі
25 12 2014
1 стр.
Р бғм білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының
13 10 2014
1 стр.