Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
.

ӨНЕР – ӨМІР ӨРНЕГІ

Күні: _________________

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу

Дамытушылық мақсаты: жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету

Тәрбиелік мақсаты: өмірді сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс:  бейнелеу өнері



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Өткенді қайталау.

Өмір – өнер

 Ерік Әбіш Шер – Нұрұлы

Өнер – өзен, жан-тәніңді шаятын,

Өнер – өріс, рухыңды жаятын.

Өнер – өмір, әлдилейтін санаңды,

Өнер – өткел, серуендейтін саятың!

Адамның өмірді жасампаздықпен қабылдауын қалай байқауға болады?

«Өнерлі адамның өмірі бақытқа, шаттыққа толы» дегенге қалай қарайсыңдар?

Өнердің адам өміріне тигізетін ықпалы қандай?


ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

З. Серікқали

Көркемдік таным аясында мейлінше маңызды қызмет атқаратын аңдау, әр нәрсенің байыбын барлау қарекеті тек әсерленген көңіл-күй бабын ғана емес, сонымен бірге саналы түрде терең сезінгендік қасиетін де аңғартып тұрады.

Жасампаздық тұрғысынан дүние сырын игеру – жаратылыс шындығына әр нәрсе, әр құбылыстың мән-мағынасына талдау, саралау жолымен жай ойлана үңілу ғана емес, ол – ең алдымен күллі әсемдік әлемін, сұлулық сипатын бар табиғатыңмен беріліп жан-жақты тану, рухани жан-жылуыңмен егжей-тегжейлі сезіну.  Платон мен Аристотельден бастап ғасырлар бойы адам баласы ақыл-ой, парасатымен осы дүние көркі мәселесі төңірегінде үзбей толғанып келген. Бұл тақырыпқа байланысты қазіргі заманда да пікір таласы толасып көрген емес. Мұны байыпты шешу – өмірдің бір жұмбақ тылсым құпиясын ашу деген сөз...

Жаратылыс жүзіне жан иесі жылы шырай дарытып, өзгертіп, құбылтып, бүкіл қуаныш-қызығының құт-береке көркіне, адам игілігіне айналдыра бастаған кезде ғана Әлем – адамдар әлемі болады. Дүние тұңғиығына бойлайтын сұңғыла сезім Адам дейтін осы ғаламат ұлы құдіретке бұйырған. Бұл – өзіңді өзің тану емес, бұл – бүкіл ғалам ғажайыбын тану.

 

І. Есенберлин



 ...Осы екі арада әйгілі «Аvе Магіа» баппен баяу толқындап, кең жазира күзгі даланы, даладай мол тынысты кенен жүректерді түгел баурап, күміс күмбірге, шетсіз-шексіз дария сезім мен сырға кенелтіп үлгірген екен. Исабеков те сонау шалқар сұлулыққа, ұлы рухқа іштей елтіп, күлім көз күн мен күміс сәукеле шыңның, айдын аспан мен аялы жер үстінің, шабытты Робертино мен әсерленгіш жас қыздың мәңгі бақи үндестігін, туыстығын, жарастығын анық сезінді. Саудырай ұшқан сарғыш жапырақ арасында машина да баяу жылжиды; жапырақтар да желге емес, әнге қалықтап ұшып жатқандай.

Исабековтің кеудесін мұншалық сұлу толқын кернемегелі көп болған. Ол ойға қалды: «әркімнің кеудесінде асыл армандай өз «Робертиносы» бар-ау. Адам табиғаты солай ғой. Сол рухани дүниенің майда сыңғыр келісімін бұзар, тұтастығын бүлдірер бүлік әрекеттер болмаса нетті! Осыны неге ұмытамыз осы!.. Міне, дәл қазір өз баламның осындай жан сұлулығына өзім қиянат жасағалы келем... Мұным не? Немен тынбақ бұл?!»

Робертино өзін-өзі ұмыта, көкке шаншылта самғай шырқап, теңбіл теңіз жайлы, алыс аралдар туралы әндетті. Оған ыңылдап Анар қосылды; әкесі машинасын үлкен алма бағының шетімен өзенге бұрғанда да ән әуенін үзген жоқ.

Исабековтер бұл араға жаз сайын жиі келеді. Адам аяғы көп таптамаған таза көгал. Исабеков бұл алаңның сол тазалығын ұнатады. Өзен – саяз болғанмен тыпырлап тез ағатын тырнакөз су, тау суы. Жағасы құмайт емес, тастақ. Сонда да әрлі, әсем. Сол әдемілікке адам ғана сұқтанбайды, тау да телміріп, төне түскендей. Тау демі мен өзен лебі қосылып, төңірекке қоңыр салқын тыныс таратады. Әр жерде таудан домалап түскен қойтастар жатыр. Анар бұл тастардан секіріп ойнауды сүйеді.

Талма түс, тау баурайы тып-тыныш. Анар әдетінше тастан-тасқа секіре жөнелді: Робертино әуезін қайталап, бір сыңғырлап, бір былдырлап, көбелектей ұшып-қонып жүрді.

«Аvе Магіа» әсерінен айыға қоймаған Исабеков тау мен далаға жаңа көргендей бір түрлі тың оймен, соны пиғылмен көз жүгіртті. Өзінің осы халіне өзі таңданды: «жер бетіне жаңа келгендей, төңірекке неге тамсана қалдым. Күз қандай көркем. Күллі дүние күз көркіне бөленіпті-ау. Ең арғы жағы мынау ошағанға дейін күз бояуына малынып тұр, жел тұрып, қар басқанша тірлігін түгесер түрі жоқ. Тіршілік! Дүние түгел тіршілікке құштар...»

 

Анардың әнді терең сезіммен қабылдауына не әсер етті?



Әкесі Анардың жан сұлулығын қалай аңғарды?

Л. Павороттидің орындауында «Аvе Магіа» әнін тыңдаңдар.

Ән адамды қандай сезімге бөлейтіні туралы айтып беріңдер.

 

Адамзат тарихында «Әлемнің жеті кереметі» деген атпен мәңгілік мұра болып қалған өнер туындыларымен танысыңдар. Бұлардың қайсысы болса да, көркем өнердің теңдесі жоқ тамаша үлгілері.



Өз туған жерлеріңнің жеті кереметін тауып, фото-көрме жасаңдар.

  

  ІV. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі.



Әлемнің жеті кереметі

Пирамидалар (Мысыр)


Нағыз керемет саналатын Мысыр пирамидалары осыдан 5000 жыл бұрын тұрғызылған. Ол суы жоқ, тіршілігі жоқ Нуби шөлінде орналасқан, сәулетшісі – Имхотеп.

 

Семирамида бағы (Вавилон)



Семирамида аспалы бағы Тигр және Ефрат – жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопатамияда біздің заманымыздан бұрынғы VІ ғасыр шамасында Вавилон шаһарында салынған.
Галикарнас кесенесі (Кіші Азия )

Галикарнас кесенесі VI-ғасырда аты сирек естілетін шағын ғана Галикарнас қаласында салынған. Ол 356-жылы дүние салған осы ел патшасы мұрагерлерінің бұйрығы бойынша оның құрметіне тұрғызылған.


Ү. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.


ҮІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.



 

Өнер – Өмір өрнегі күні: Сабақтың мақсаты

Білімділік мақсаты: адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу

44.87kb.

08 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Атан түйе шөккен жер Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты

Сабақтың көрнекілігі: Райымбек батыр мен Әбілмансұр батырдың суреттері, инсерт стратегиясы, Венн диаграммасы, семантикалық карта, сабаққа байланысты сөзжұмбақтар

70.18kb.

10 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау; әртүрлі есептерді шешу қабілеті мен есептеу дағдысын жетілдіру

971.58kb.

25 12 2014
6 стр.


Төлдер әні (би мен ойын қимылдары) Сабақтың мақсаты: а)

Балалардың әнді дұрыс орындау дағдысын қалыптастыру, музыканы өнер ретінде таныту

34.87kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты : а қазақ тілі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету

40.9kb.

25 12 2014
1 стр.


7-сынып 12. 2008. Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру. Сурет салу дағдыларын қалыптастыру

81.83kb.

14 12 2014
1 стр.


Дүниетану. Сабақтың тақырыбы: Көз Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көз туралы түсінік беру. 2 Танымдылық қабілетін дамыту. Көз күтіге, оны басқа қауіпті заттардан сақтауға үйрету. Салауаттылыққа баулу

37.21kb.

16 12 2014
1 стр.


Күні: 10. 12. 12. Пән: Қазақстан тарихы 8 -сынып Сабақтың тақырыбы:Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі Сабақтың мақсаты

Тәрбиелілік: ұлттық патриотизмге тәрбиелеу; Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі: : Е. Пугачев көтерілісінің картасы, тірек сызбалар. Сабақ

25.43kb.

25 12 2014
1 стр.