Төлдер әні
(би мен ойын қимылдары)
Сабақтың мақсаты:
а) Музыкалық ырғақты, ән айту дағдыларын жетілдіру.
Төлдер әнін би мен ойын қимылдары арқылы үйрету
ә) Балалардың әнді дұрыс орындау дағдысын қалыптастыру, музыканы өнер ретінде таныту.
б) Өнерді құрметтеуге, табиғатты сүюге, тіршілікке, жануарларға қамқор болуға, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.
ІІ. Сабақтың түрі: өткен сабақтағы әнді жана әнмен ұштастыру
ІІІ. Көрнекілігі: DVD, үй жануарлары, олардын суреттері, кітап, баян
ІV. Сабақтың әдіс тәсілдері: әнін, сөзін жаттатып, қимылдарын үйрету
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Психологиялық тренинг.
-
Дауыс жаттығуы
-
«Төлді тауып ал» ойыны.
-
Өткен сабақ, әнді қайталау.
-
Жаңа сабақ
-
Қорытынды (кубизм стратегиясы)
-
Үй тапсырмасы
Оқушылар
«Балдырғандар маршы» әуенімен сыныпқа кіреді. Партаның қасына барып, қыз балалар «тәжім», ер балалар қолдарын кеуделеріне ұстап бас иеді.
(орындарына отырады).
1. Психологиялық тренинг:
- балалар,біздің сабағымыз қандай сабақ?
- музыка сабағы.
- музыка сабағы дегенде не ойларына түседі?
- ән айтамыз, би билейміз (Қара жорға биінің 1-2 элементін билейді)
2. Дауыс жаттығуы: «Әуенді тап» ойыны.
Оқушылар өздері білетін, жақсы көретін әндерінен баянмен үзінді орындаймын. Балалар әннің атын айтып, әндерді қайталайды. Балалар сендер ойын ойнағанды жақсы көресіндергой, біз бүгін «Төлді тауып ал» атты ойын ойнаймыз. (тақтадағы сурет): Малдардың атын атайды, әр малдың төлін тауып, енесінің жанына қояды. (балалар төлдерді күнделікті өмірде көріп жүргендіктен тез табады).
-
Өте жақсы, ендеше өткен сабақтағы «Малдардың төлдерін қалай атайды» әнің қайталайық.
-Сендер малдардың төлдерін жақсы көреді екенсіңдер ғой,иә онда біз бүгін осы төлдер ән үйренеміз. Сөзін ауызша айтып, қайталатып, әнімен қайталатамын. Әннің әуенін тез үйрену үшін,оларды 2 топқа бөліп,бірінші топ әнді орындаса, екінші топ шапалақпен ақырын ырғақты соғады. Әннің сөзін, әнің қайталата отырып, би мен ойын қимылдарын үйретсе, әнді тез жадында ұстауға көмектеседі,әрі қиялын дамытуға үлкен көмегін тигізеді.
Сөзін,әнін түсінген кезде оқушыларды тақтаның алдына жартылай шеңбер жасатып тұрғызамын.
1.Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың.
(-деп әнімен айтып тұрып, алақандарын жайып, арттарына,жан-жағына қарап қозыны іздеп тұрған кейіп көрсетеді)
Бұлтиып тұр бүйірің,
(екі бүйірлерін қолмен томпайтып көрсетіп)
Қай өрістен тойдың?
(алақандарын жайып, бастарын жан-жағына бұрып қарайды)
2.Секең-секең,ей лақ,
(екі қолдарын алдарына қосып ұстап, аяқтың ұшымен секіреді).
Жүрмін саған кейіп-ақ.
(қабағын түйіп, саусағын безейді)
Тыным тапсаң болмай ма?
(екі қолын біріктіріп алдына ұстап,бастарын қисайтып,ұйықтаған кейіп көрсетеді)
Секірмей-ақ, бір уақ!
(аяқтың ұшымен 4 рет секіреді)
3.Ботақаны нардың
(тербетіліп тұрады)
Жарға неге бардың?
(сұқ саусағын безейді 4 рет)
Тілерсегің дірілдеп,
(тізелерін қосып, отырып тұрады)
Секіре алмай қалдың.
(екі қолдарың алдына қосып ұстап, аяқтың ұшымен секіреді 4 рет)
4.Томпаң-томпаң, торай,
(екі қолдарың бүйіріне қойып,екі жағымен кезек-кезек теңселеді)
Дауысыңның зоры-ай
(даустарын жуандатып ауыздарын шошайтып айтады)
Дөкей бола қаласың,
(екі қолдарын жоғары көтереді).
Толысымен он ай
(қолдарын алдына созып, саусақтарын жазып, 10 санын көрсетеді)
1-сынып оқушыларына жаңа әнді үйренгенше, аспаптың сүйемелдеуінсіз үйреткен дұрыс. Әнді, ырғақты түсінген соң, аспаппен сүйемелдеу керек.
Қорытынды «кубизм стратегиясы»:
-Жаңа ән ұнады ма?
-Төлдерді жақсы көреміз бе?
-Ендеше аталарымыз бен әжелерімізден естіп жүрген тыйым сөздер бар екен:
«Малды басынан ұрма»,
«Малды теппе,ақты төкпе»,
«Малға теріс мінбе» т.б-деп ескерткен, ендеше біз төлдерге, жануарларға қамқор боламыз ба?
Үй тапсырмасы: мал, төлдер туралы мақалдар жаттап келу.