Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы «22» желтоқсандағы
№ 445 бұйрығымен бекітілген, Бұзылмайтын бақылау саласында персоналды аттестациялауға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына 1 - қосымша
Өнеркәсіптік қауіпсіздікке сәйкестігін бағалау үшін бұзылмайтын бақылауды қолдану мақсатты бақылау объектілерінің: техникалық құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың үлгілі тізімі
1. Қазандық, газ шаруашылығы және көтергіш құрылғыларының объектілері:
1.1. Бу және су қайнату қазандықтары.
1.2. Электр қазандықтары.
1.3. 0,07 МПа жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар.
1.4. Жұмыс қысымы 0,07 МПа және судың температурасы 1150С жоғары бу және ыстық су құбыр желілері.
1.5. Барокамералары.
2. Газбен қамтамасыз ету (газды орналастыру) жүйелері:
2.1. Сыртқы газ құбырлары.
2.1.1. Болатты сыртқы газ құбырлары.
2.1.2. Полиэтиленді сыртқы газ құбырлары.
2.2. Болатты ішкі газ құбырлары.
2.3. Бөлшектер мен желілер, газ жабдығы.
3. Көтергіш құрылғылар:
3.1. Жүк көтергіш шығырандар.
3.2. Көтергіштер (мұнаралар).
3.3. Арқанды жолдар.
3.4. Фуникулерлар.
3.5. Эскалаторлар.
3.6. Лифтілер.
3.7. Шығыран – құбыр төсегіштер.
3.8. Шығыран - манипуляторлар.
4. Тау-кен өнеркәсібінің объектілері:
4.1. Кеніштердің, байыту фабрикаларының, бөлшектеу фабрикаларының және аглофабрикаларының беткі кешендерінің ғимараттары мен құрылыстары.
4.2. Шахталық көтергіш машиналары.
4.3. Кен-көлікті және кен-байыту жабдықтары.
5. Көмір өнеркәсібінің объектілері:
5.1. Шахталық көтергіш машиналары.
5.2. Негізгі желдету желдеткіштері.
6. Мұнай және газ өнеркәсібінің жабдықтары:
6.1. Ұңғымаларды бұрғылауға арналған жабдықтар.
6.2. ұңғымаларды пайдалануға арналған жабдықтар.
6.3. Ұңғымаларды игеру және жөндеуге арналған жабдықтар.
6.4. Газ мұнайды айдау станцияларының жабдығы.
6.5. Газ мұнай өнімдерінің желілері.
6.6. Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарлар.
7. Металлургия өнеркәсібінің жабдықтары:
7.1. Техникалық құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың металл конструкциялары.
7.2. Технологиялық газдардың газ өткізгіштері.
7.3. Шойын тасымалдау, болат шөміш, металл құю шөміштерінің шетмойыны.
8. Жарылу өртенуге қауіпті және химиялық қауіпті өндірістердің жабдығы:
8.1. 16 МПа дейінгі қысымда жұмыс істейтін химия, мұнай химия, мұнай өңдеу өндірістерінің жабдықтары.
8.2. 16 МПа жоғары қысымда жұмыс істейтін химия, мұнай химия, мұнай өңдеу өндірістерінің жабдықтары.
8.3. Вакуумда жұмыс істейтін химия, мұнай химия, мұнай өңдеу өндірістерінің жабдықтары.
8.4. Жарылу өртенуге қауіпті және улы заттарды сақтауға арналған жабдық.
8.5. Тұрақты температурадағы қойма.
8.6. Криогенді жабдық.
8.7. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының жабдығы.
8.8. Пештер.
8.9. Компрессорлы және сорғы жабдығы.
8.10. Центрифугтер, сепараторлар.
8.11. Жарылу өртенуге қауіпті және улы заттарға арналған цистерналар, контейнерлер (бөшкелер), баллондар.
8.12. Технологиялық құбыр желілері.
9. Темір жол көлігінің объектілері:
9.1. Қауіпті заттарды тасымалдауға арналған қозғалмалы құрам және контейнерлер.
9.2. Темір жол өтетін жерлер.
10. Тұқымды сақтау және қайта өңдеу объектілері:
10.1. Ауа үрлейтін машиналар (әуе құбыр компрессорлары, турбо ауа үрлегіштер).
10.2. Желдеткіштер (орталықтан келетін, тарамдалған, ВВД).
10.3. Балғалы ұнтақтағыштар, жаншығыш станоктар, энтолейторлар.
____________________