Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы «22» желтоқсандағы
№ 445 бұйрығымен
бекітілген, Бұзылмайтын бақылау саласында персоналды аттестациялауға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына 4 - қосымша
Бұзылмайтын бақылау саласында персоналдың біліктілігіне қойылатын талаптар
1. І-ші деңгейдегі маманның біліктілігіне қойылатын талаптар.
1.1. Біліктілігі І-ші деңгейдегі маман ол әдістемеге, бақылау карталарына сәйкес аттестацияланған әдіс бойынша және ІІ немесе ІІІ деңгейлердегі персоналдың бақылауымен ББ жүргізуге құқылы.
1.2. І-ші деңгейдегі маман:
физика, электр техникасы, электроника, механика, материалдардың технологиясы және материал тану бойынша жалпы заңдылықтарды;
ақаулардың түрін, олардың нақты объектілердегі мүмкін болатын аймақтарын және пайда болуының негізгі себептерін;
принциптерін, бақылау әдісі негізделетін негізгі физикалық үрдістер, олардың белгіленуі және қолдану саласын;
аппаратураны басқару органдары және реттеу тәртібін, құрылысы мен жұмыс принципін;
бақылауды жүргізетін техникалық құрылғылардың құрылысы мен оларды қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптарды, электр қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды біледі.
1.3. І-ші деңгейдегі маман:
объектіні бақылауға дайындай;
аппаратураны реттей және жөндей;
өзінің жұмыс орнын тиімді ұйымдастыра;
бақылау жүргізе, ақауларды іздеу бойынша операциялар орындай;
құжаттарда белгіленген нормалар мен санаттарға сәйкес бақылау нәтижелерін тіркей және санаттай, объектіде және сәйкес құжатта ақаудың болуы мүмкін аймақтарды тіркей;
бақылау нәтижелері бойынша есеп бере;
бақылау аяқталғаннан кейін объектімен қажетті операцияларды жасай алады.
2. ІІ-ші деңгейдегі маманның біліктілігіне қойылатын талаптар.
2.1. ІІ-ші деңгейдегі маман өзінше ББ жүргізуге және бақылау нәтижелері бойынша тексерілген объектілердің сапасы туралы қорытынды беруге, ІІ-ші және ІІ-ші деңгейдегі персоналды дайындауға және басшылық жасауға, ББ бойынша технологиялық регламенттер жасауға құқылы.
2.2. Біліктілігі ІІ-ші деңгейдегі маман келесі сұрақтарға құзырлы:
ББ нәтижесі бойынша бұйым сапасын, бақылау түрлерін (әдісін) классификациялауға және қолдану аймағын бағалауға;
бақылау объектісін дайындау, пайдалану және жөндеудің конструкциялық ерекшеліктеріне, ақаулардың түріне, оларды классификациялауға, әрекеттегі жүктемелерді ескере отырып, пайда болуы мүмкін аймақтарға және потенциалды қауіптілікке;
әдістің физикалық принциптеріне, заңдылығына, біліктілік берілетін әдісті қолдану шектеулерін анықтауға;
қолданылатын шығыс материалдарын таңдау және сапасын тексеруді қоса алғанда, бақылаудың осы әдісі үшін аппаратураның құрылысы мен функционалдық сызбаларына;
бақылау нәтижелерінің дұрыстығын анықтайтын аппаратура мен әдістің негізгі көрсеткіштеріне, бақылау көрсеткіштерін есептеу жүйелеріне, оларды өлшеу әдістеріне және метрологиялық қамтамасыз етуге;
анықталған ақаулардың сипаттамаларын өлшеу және белгілеріне. Сезімділікті бағалау әдістеріне;
осы әдіспен нақты объектілерді бақылау технологиясына (объектіні дайындау, негізгі көрсеткіштерді таңдау, аппаратураны реттеу, бақылау жүргізу, жалған жарамсызданудың мүмкін болатын себептеріне);
бақылау нәтижелерін рәсімдеу және құжаттарды сақтау тәртібіне, компьютерлік өңдеуді қолдану негіздеріне;
ББ бойынша құжаттарға (стандарттарға, әдістемелерге және т.б.);
ББ басқа әдістері туралы мәліметтерді, таңдау және тиімді пайдалану ережелерін білу;
нақты объектілерді бақылау кезінде учаскелер мен жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібіне;
дефектоскопия аппаратурасының негізгі ақауларына және бақылау жүргізілетін объекті жағдайында оларды жоюдың мүмкін әдістеріне;
жұмыс орнын тиімді ұйымдастыруға, ол бақылауды жүргізетін объектілердің құрылысы мен қауіпсіз пайдалануына, электр қауіпсіздігіне және өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға.
2.3. Біліктілігі ІІ-ші деңгейдегі маман:
І-ші деңгей үшін көрсетілген барлық операцияларды жүзеге асыра;
қолданылатын әдіс үшін бақылау сызбасын таңдай;
аппаратураның жұмыс қабілеттілігін тексере және оны берілген көрсеткіштерге реттей, ББ бойынша толық жұмыс кешенін жүзеге асыра алады;
қолданылатын стандарттарға, нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес нәтижелерді дұрыс құжаттай, түсіндіре және бағалай алады. Сәйкес қорытынды бере отырып бақылау нәтижелерін рәсімдей;
стандарттарды және нормативтік-техникалық құжаттарды қолдана отырып, нақты объектілердің бақылау карталарын жасай (құра);
бақылаудың тиімді режимдерін анықтау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізе;
қажет болған жағдайда бақылау жүргізе отырып, біліктілігі І-ші деңгейдегі маманмен бақыланған объектілерді бақылау нәтижелері бойынша қорытынды бере алады.
3. ІІІ-ші деңгейдегі маманға қойылатын талаптар.
3.1. ІІІ-ші деңгейдегі маман:
ББ әдістерінің принциптерін, физикалық негіздерін, техникалық қамтамасыз етуді;
бақылау объектісінің құрылымдық ерекшеліктерін, дайындау технологиясын, пайдалану мен жөндеуді, ақаулардың түрі мен типін, объектіге әсер ететін жүктемелерді және өзге факторларды ескере отырып олардың пайда болуы мүмкін аймақтарын;
бақылаудың осы әдісі үшін қолданылатын шығыс дефектоскопиялық материалдарды таңдау және сапасын тексеруді қоса алғанда, аппаратураның құрылысы принциптерін, функционалдық сызбаларын және сапасын тексеруді; белгіленген түрдегі объектілерді (өнімді) тексеру үшін қолданылатын бақылау жүйелерін; осы бақылау әдісін метрологиялық қамтамасыз етуді;
ақауларды сыныптар мен түрлерге бөлу үшін өлшенетін сипаттамаларды және сәйкестендіру белгілерін біледі. Бақылау нәтижелерін өңдеу кезінде мүмкіндік теориясы элементтерін, математикалық статистиканы біледі және қолдану тәжірибесі бар;
осы әдіспен әр түрлі объектілерді бақылау технологиясын; бақылау әдісі бойынша және оны қолдану үшін аппаратураға стандарттарды және өзге де нормативтік-техникалық құжаттарды біледі;
бақылаудың осы әдісінің зиянды экологиялық факторларын және олардың қоршаған орта мен адамға зиянды әсер етуінің алдын алу әдістерін;
ББ зертханаларының жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру принциптерін. ББ осы әдісінің қазіргі жағдайы және болашақтағы дамуын;
жұмыс орнын тиімді ұйымдастыруды, ол бақылауды жүргізетін объектілерді құрылысы және оларды қауіпсіз пайдалануға, электр қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі қойылатын талаптарды біледі.
3.2. Біліктілігі ІІІ-ші деңгейдегі маман:
объектілердің нақты түрлері үшін қолданылуға жататын нақты әдістерді, жабдықтарды, технология мен әдістемелерді анықтай алады;
бақылау әдісі мен тәсілін таңдау және қабылдау санаттарын анықтау үшін материалдарды қолдану, өндірістер мен технологиялар туралы жеткілікті тәжірибелік білімі бар;
бақылау операцияларын орындайды, бақылау нәтижелеріне баға береді және сәйкестендіреді, бақыланатын объектілердің сапасы туралы қорытынды береді;
оның жұмыс тәжірибесіне жататын отандық және шет елдік стандарттарды, нормативтік-техникалық құжаттарды талдау негізінде өндірістік жағдайларды бақылау жүргізуге бақылау карталарын, әдістемелерін жасайды;
бақылаудың тиімді көрсеткіштерін анықтау бойынша эксперименталды жұмыстарды ұйымдастырады, жүргізеді және басшылық жасайды;
І-ші және ІІ-ші деңгейдегі мамандардың жұмысын қамтамасыз етеді және бақылайды, оларды біліктілік емтихандарға дайындауға қатысады;
біліктілік емтихандарын қабылдауға қатысады.
____________________