Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 11 наурыздағы N 230 Қаулысы
-->
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 14, 124-құжат; "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 14 мамыр N 137-138
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы" 2007 жылғы 21 шiлдедегi заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған "Сүт және сүт өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 11 наурыздағы
N 230 қаулысымен
бекiтiлген
"Сүт және сүт өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi
1. Қолдану саласы
1. "Сүт және сүт өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы" 2007 жылғы 21 шiлдедегi заңдарына сәйкес әзiрлендi және сүт және сүт өнiмдерiнiң (бұдан әрi - сүт және сүт өнiмдерi) қауiпсiздiгiне қойылатын ең аз қажеттi талаптарды белгiлейдi.
Осы техникалық регламент Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы сүт және сүт өнiмдерiне қолданылады, олар өнiмдердiң мынадай түрлерiн қамтиды:
1) сүт шикiзаты және кiлегей шикiзаты;
2) iшетiн сүт және iшетiн кiлегей;
3) сүт қышқылды өнiмдер;
4) сүзбе және сүзбе енiмдерi;
5) қаймақ
6) сиыр сүтiнен жасалған май;
7) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он екi ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
8) майлы паста;
9) сары май-өсiмдiк спредi және ерiтiлген сары май-өсiмдiк қоспасы;
10) iрiмшiк және iрiмшiк өнiмдерi;
11) сүттi қайта өңдеудiң қайталама өнiмдерi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз), 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он екi ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
2. Осы техникалық регламенттiң қолданысына түсетiн сүт және сүт өнiмдерiнiң түрлерi Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауар номенклатурасына сәйкес осы техникалық регламентке қосымшада келтiрiлген.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
3. Осы техникалық регламенттiң талаптары, сүт және сүт өнiмдерiн әзiрлеумен (жасаумен), өндiрумен (дайындаумен) қайта өңдеумен, сақтаумен және өткiзумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметiне қолданылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
4. Осы техникалық регламент балалар тағамдарына арналған, емдiк, алдын алу және диеталық мақсаттағы үй жағдайында дайындалған сүтке және сүт өнiмдерiне, сүттi және сүттi құрайтын, құрамында сүт бар консервiлерге, жеке тұтынуға арналған сүт және сүт өнiмдерiне, сүттi және сүттi құрайтын, құрамында сүт бар консервiлерге, сондай-ақ сүт өнiмдерiн өндiруде (дайындауда) қолданылатын тағамдық қоспаларға, бояғыштар мен хош иiстендiргiштерге қолданылмайды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он екi ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1-1. Қауiптi факторлар (қатерлер)
Ескерту. 1-1-бөлiммен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
4-1. Сүт және сүт өнiмдерiнiң өмiрлiк циклы процесiнде туындайтын, адамның, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн азайтылатын қауiптi факторларға (қатерлерге): улы элементтердiң, микотоксиндердiң, пестицидтердiң, радионуклидтердiң, жануарлардың өсуiн тездеткiштердiң, гормонды препараттар мен дәрiлiк заттардың құрамы, сүт және басқа шикiзаттың, технологиялық құралдардың, азықтық қоспалардың, дайын өнiмдердiң механикалық, микробиологиялық ластануы жатады.
4-2. Ықтимал қатерлер өнiмнiң өмiрлiк циклының мынадай сатылары (процестерi) кезiнде туындайды:
1) сүт өнiмдерiн әзiрлеу (жасау);
2) өндiрiске дайындауда, қоймаларда, өндiрiсiтiк үй-жайларда болғанда, машиналармен, жабдықтармен, материалдармен жұмыста;
3) сүт шикiзаты мен сүтке жатпайтын шикiзаты, оның iшiнде сүт және сүт өнiмдерiнiң өндiрiсiне арналған азықтық қоспалар мен ингредиенттердi қабылдау және дайындау;
4) сүт және сүт өнiмдерiн өндiру (дайындау);
5) сақтау, тасымалдау, сату;
6) кәдеге жарату, жою.
1-2. Сүт және сүт өнiмдерiн сәйкестендiру
Ескерту. 1-2-бөлiммен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
4-3. Сүт және сүт өнiмдерiн сәйкестендiру мынадай мақсаттарда жүргiзiледi:
1) сүт және сүт өнiмдерiн осы техникалық регламенттiң қолданылу саласына жатқызу;
2) сүт және сүт өнiмдерiнiң, оның iшiнде олардың атаулары мен сәйкестендiру көрсеткiштерiнiң осы техникалық регламент талаптарына сәйкестiгiн анықтау;
3) сүт және сүт өнiмдерiнiң тұтынушыларға арналған ақпаратта, дайындаушы немесе сатушы ұсынған сәйкестiк туралы декларацияда немесе сәйкестiк сертификатында қамтылған мәлiметтерге сәйкестiгiн анықтау;
4-4. Сүт және сүт өнiмдерiн сәйкестендiру осы техникалық регламент талаптарына сүт және сүт өнiмдерiнiң сәйкестiгiн бағалау және растау кезiнде, сондай-ақ, егер ақпаратта сүт және сүт өнiмдерi туралы толық емес сипаттама болған жағдайда жүргiзiледi.
4-5. Сүт және сүт өнiмдерiн сәйкестендiрудi:
1) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар және сәйкестiктi растау рәсiмiн жүргiзу кезiнде сынақ зертханалары (орталықтары);
2) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласында бақылауды жүзеге асыру кезiнде тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдар жүргiзедi.
4-6. Сүт және сүт өнiмдерiн сәйкестендiру стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарда, сүт және (немесе) сүт өнiмдерiне арналған iлеспе құжаттарда, сүт және (немесе) сүт өнiмдерiне арналған жеткiзу шарттарында, келiсiм-шарттарда, өзiндiк ерекшелiктерде, тұтыну орамының затбелгiлерiндегi ақпартта және сүт және (немесе) сүт өнiмдерiнiң сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттарда келтiрiлген белгiлердi ескере отырып жүргiзiледi.
4-7. Сүт және сүт өнiмдерiнiң жасандылығын анықтау мақсатында мынадай сәйкестендiру көрсеткiштерi және басқа да көрсеткiштер бойынша сынақтар (зерттеулер) жүргiзiледi:
1) дайын сүт өнiмiнде, сүт құрамды өнiмдерде немесе құрамында сүт бар өнiмдерде сүттiң құрғақ заттарының (құрғақ сүт қалдығының) құрамы, олардың дайын өнiмдегi пайызбен массалық үлесi (құрамында сары майы бар сүт өнiмiн қоспағанда);
2) сүтке жатпайтын майлардың құрамы және болуы, олардың сүттегi және сүт өнiмдерiндегi пайызбен массалық үлесi;
3) сүт және сүт өнiмдерiнiң май фазасындағы май қышқылы құрамы (майдың массалық үлесi кемiнде 1,5 пайызды құрайтын сүт өнiмдерiн және майдың массалық үлесi кемiнде 8 пайызды құрайтын балмұздақты қоспағанда);
4) - 5) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он екi ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
Ескерту. 4-7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он екi ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
4-8. Сүт және сүт өнiмдерiне жүргiзiлген сәйкестендiру жүргiзу нәтижелерi сәйкестендiру жүргiзу хаттамасы түрiнде талданады және рәсiмделедi, оның мазмұны мыналарды:
1) сүт және (немесе) сүт өнiмдерiне сәйкестендiру жүргiзген ұйым туралы мәлiметтердi;
2) заңды тұлғаның тұрғылықты жерi (мекен-жайы) және деректемелерi, дара кәсiпкер жеке тұлғаның мекен-жайы, тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген сүт және (немесе) сүт өнiмдерiн дайындаушы туралы ақпаратты;
3) сәйкестендiрiлетiн өнiмдердiң атауын, олардың жiктеу белгiлерiнiң атауын;
4) оларға сәйкестендiру жүргiзу кезiнде пайдаланылған сүт немесе сүт өнiмдерi туралы мәлiметтердi;
5) сүт немесе сүт өнiмдерiнiң шығарылған күнi, жарамдылық мерзiмi, оларды сақтау шарттары, нақты таңбалауды, арнайы таңбалауды көрсету (арнайы таңбалау болған кезде);
6) сүт және (немесе) сүт өнiмдерiн аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықта) (өткiзу керек болса) сынаудың (зерттеудiң), оның iшiнде органолептикалық көрсеткiштерiн сынаудың (зерттеудiң) нәтижелерiн;
7) орам туралы, оның iшiнде орам түрi туралы, сүт және сүт өнiмдерiн тұтыну орамындағы немесе тасымалдау ыдысындағы таза салмағы немесе көлемi туралы мәлiметтердi;
8) осы өнiм партиясының мөлшерiн;
9) таңбалаудың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi туралы мәлiметтердi;
10) соған сәйкес осы өнiм өндiрiлген стандарттау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң, нормативтiк құжаттардың (олар болған кезде) немесе осы өнiмнiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген өнiмнiң сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттың (жеткiзу келiсiм-шарты, сәйкестiк сертификаты немесе сәйкестiк декларациясы, қауiпсiздiктi растайтын құжат, осы өнiмге өзiндiк ерекшелiк) атауын;
11) қосымша сынақтар (зерттеулер) (талап етiлген жағдайда) жүргiзу туралы қорытындыны, оның қажеттiлiгiн тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдар белгiлейдi;
12) осы өнiмнiң өтiнiм берiлген атауға және (немесе) осы өнiмнiң нақты партиясына және оның декларияланатын көрсеткiштерiне сәйкестiгi туралы қорытындыны қамтиды.
4-9. Сүт және сүт өнiмдерi Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өндiрiстен және (немесе) айналымнан шығарылуы тиiс.
4-10. Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы заңнамада белгiленген талаптарға сәйкессiздiк анықталған жағдайда жалған сүт және сүт өнiмдерiн өндiру және (немесе) өткiзудi тоқтату бойынша шаралар қабылдайды және бұл жөнiнде тұтынушыларды хабардар етедi.
2. Терминдер
5. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер пайдаланылады:
1) байыту - сүтке және сүттi қайта өңдеу өнiмдерiне витаминдердi, микро- және макроэлементтердi, пробиотикалық заттарды, белоктi, тағамдық талшықтарды, жартылай қанықпайтын майлы қышқылдарды, фосфолипидтердi, пробиотикалық дақылдарды енгiзу процесi;
2) биоөнiм - ашытатын микроорганизмдердi пайдалана отырып, ашытқылау процесiнде және (немесе) одан кейiн монодақылдардағы немесе қауымдастықтардағы пробиотиктердiң тiрi дақылдарын және (немесе) пребиотиктердi қоса отырып дайындалатын сүттi қайта өңдеудiң байытылған өнiмi;
3) зарарсыздандыру - микроорганизмдердi, олардың вегетативтi жасушалары және спораларын жоюды қамтамасыз ететiн тығыз жабылған ыдыстарда 100 о С-дан жоғары температура кезiнде сүттi термикалық өңдеу процесi;
4) контаминант (ластағыш) - сүт және сүт өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне немесе оларды тұтынудың жарамдылығына қатер төндiруi мүмкiн кез келген биологиялық немесе химиялық фактор, тамақ өнiмдерiне әдейi қосылмаған бөтен материал немесе басқа заттар;
5) қайта қалпына келтiру - оның қоюлатылған нысандарына су қосу жолымен сүт өнiмiн дайындау процесi;
6) қалыпқа келтiру - сүттегi немесе сүттi қайта өңдеу өнiмдерiндегi сүттiң құрама бөлшектерiнiң қамтылуы мен арақатынасын реттеу процесi;
7) пастерлеу - өнiмнiң бастапқы құрамынан кемiнде 99,0% микроорганизмдердiң патогендiк және вегетативтiк жасушаларын жоюды қамтамасыз ететiн 65 о С-дан 100 о С-қа дейiнгi температура кезiнде термикалық өңдеу процесi;
8) пребиотикалық заттар (пребиотиктер) - адам тамаққа тамақ құрамында жүйелi тұтынғанда ас қорыту жолдарындағы қалыпты микрофлораның биологиялық белсендiлiгiнiң өсуiне және (немесе) артуына ықпал ету нәтижесiнде адам ағзасына қолайлы әсер ететiн зат немесе заттар кешенi;
9) пробиотикалық микроорганизмдер - ас қорыту жолдарындағы микрофлоралардың құрамына және биологиялық белсендiлiгiне қалыпқа келтiру әсерiмен адам организмiне оң әсер ететiн, тамақпен бiрге келiп түсетiн патогенсiз, токсигенсiз микроорганизмдер;
10) сүт өнiмi - сүтке жатпайтын майларды және ақуызды пайдаланбай-ақ, функционалды қажеттi ингредиенттердi қоса отырып немесе қоспай, сүттен және (немесе) оның құрамдас бөлiктерiнен өндiрiлген тамақ өнiмi;
11) құрамдас сүт өнiмi - өнiм құрамындағы сүттiң құрамдық бөлiктерi 50%-дан астамын құрайтын сүттiң құрамдық бөлiгiнде, сүттiң құрамдық бөлiгiн ауыстыру мақсатында енгiзiлетiн, сүттi қайта өңдеудiң жанама өнiмдерiне және сүтке жатпайтын компоненттердi қоса отырып немесе қоспай сүттен және (немесе) сүт өнiмдерiнен дайындалатын тағамдық өнiм;
12) суыту - технологиялық процестердiң талаптарына сәйкес температураны төмендету;
13) құрамында сүтi бар өнiмдер - өнiмнiң құрғақ заттарындағы сүттiң құрғақ заттарының үлес салмағы кемiнде 20%, сүт құрамына жатпайтын майларды және (немесе) белоктарды қоса алғанда, сүттен және (немесе) сүт өнiмдерiнен және (немесе) сүттi қайта өңдеудiң жанама өнiмдерiнен және (немесе) сүт құрамына жатпайтын құрамдас бөлiктерден дайындалған тағамдық өнiм;
14) ашыған сүт өнiмдерi - тiрi ашытқы микроорганизмдерiн қамтитын, рН-дi және белок коагуляциясын азайтуға әкеп соғатын ашытқы микроорганизмдерiн пайдалана отырып, сүттiң құрамдас бөлiктерiн ауыстыру мақсатында енгiзiлетiн, сүттi және (немесе) сүт өнiмдерiн және (немесе) олардың сүтке жатпайтын құрамдас бөлiктердiң қоспаларын ашыта отырып әзiрленетiн сүт немесе сүттiң құрамдас өнiмi;
15) сүт өнiмдерi - сүт өнiмдерiн, құрамдас сүт өнiмдерiн, құрамында сүтi бар өнiмдердi, сүттен қайта өңделген жанама өнiмдердi қамтитын сүттi қайта өңдеу өнiмдерi;
16) сүттi қайта өңдеу - сүттiң бастапқы қасиетiн өзгертетiн технологиялық операциялар кешенi;
17) сүт шикiзатын тазалау - сүттi механикалық қоспалардан және (немесе) микроорганизмдерден тазарту процесi;
18) сүт-шикiзат (шикi) - термикалық өңдеуге түспеген сүт;
19) табиғи сүт - сүттiң құрамдас бөлшектерi реттеуге ұшырамаған сүт;
20) табиғи сүт өнiмi - табиғи сүттен дайындалған сүт өнiмi;
21) термоөңдеу - сүттi немесе сүт өнiмдерiн термикалық өңдеу процесi (мұздату, термизациялау, пастерлеу, зарарсыздандыру, ультрапастерлеу немесе ультражоғары температуралық өңдеу);
22) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен;
23) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.20. N 371 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен;
24) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен;
25) ультражоғары температуралық өңдеу (УЖТ, ультрапастерлеу) - микроорганизмдердi, олардың вегетативтi жасушалары мен спораларын жоюды қамтамасыз ететiн 125-140 о С-дан астам температурада кемiнде 2-5 секунд ұстай отырып, сүттi және оның ағынындағы қайта өңдеу өнiмдерiн термоөңдеу;
26) ферменттi препараттар - сүттi қайта өңдеу өнiмдерiн дайындау кезiнде орын алатын биохимиялық процестердi жүзеге асыру үшiн қажеттi белоктық заттар;
27) сүт - осы өнiмге қандай да қоспа қосылмай немесе одан қандай да бiр заттар алынып тасталмай, сауу кезiндегi лактация кезеңiнде алынған, ауыл шаруашылығы жануарлары сүтiндегi темiрдiң қалыпты физиологиялық секрециясы өнiмi;
28) қалпына келтiрiлген сүт - қоюлатылған немесе қойытылған немесе құрғақ табиғи сүттен немесе құрғақ майсыздандырылған сүттен және судан өндiрiлген сүт өнiмi;
29) сүттi қайта өңдеудiң жанама өнiм - сүттi қайта өңдеу өнiмдерiн өндiру процесiнде алынған жанама өнiм;
30) қайталама сүт шикiзаты - iшiнара жойылған сәйкестендiру белгiлерi немесе тұтынушылық қасиеттерi бар қайта өңдеуден кейiн пайдалануға арналған сүттi қайта өңдеудiң жанама өнiмi, сүт өнiмi (оның iшiнде олардың жарамдылық мерзiмi шегiнде қайтарып алынған, бiрақ азық-түлiк шикiзатына қойылатын қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн өнiмдер);
31) iшетiн сүт - майдың массалық үлесi 9 пайыздан аспайтын, сүт шикiзатынан дайындалған және термикалық өңдеуге ұшыраған, құнарландырылған немесе қойытылған сүттен немесе құрғақ қаймағы алынбаған сүттен немесе құрғақ майсыздандырылған сүттен және судан жасалған әрi тұтынушылық ыдысқа құйылған сүт өнiмi;
32) iшетiн кiлегей - термикалық өңдеуге ұшыраған және тұтынушылық ыдысқа құйылған кiлегей;
33) ұйытылған өнiм - сүт қышқылды өнiм өндiру технологиясына сәйкес өндiрiлген және олармен үйлес органолептикалық, физика-химиялық қасиеттерге ие, құрамында сүтi бар өнiм;
34) қаймақ - сүт өнiмдерiн қоса отырып немесе оларды қоспай ашытатын микроорганизмдер - лактококтарды немесе лактококк қоспаларын және гермофилдi қышқылды сүт стрептококтарды пайдалана отырып кiлегейдi ұйыту жолымен өндiрiлген және онда майдың массалық үлесi кемiнде 9 пайызды құрайтын сүт қышқылды өнiм;
35) сүзбе - ашытатын микроорганизмдер - лактококтарды немесе лактококк қоспаларын және термофилдi қышқылды сүт стрептококтарды және өздiгiнен нығыздау, нығыздау, центрифугалау және (немесе) ультрафильтрациялау жолымен сарысуды кейiннен жою арқылы ақуыздар коагуляциясының қышқыл немесе қышқыл-мәйектi әдiстерiн пайдалана отырып өндiрiлген сүт қышқылды өнiм;
36) сүзбе өнiмдерi - сүт өнiмдерiн қоса отырып немесе оларды қоспай, сүтке жатпайтын компоненттердi, оның iшiнде сүтке жатпайтын майларды және (немесе) ақуыздарды қоса отырып немесе оларды қоспай, кейiннен термикалық өңдеу арқылы немесе оларсыз, сүзбе өндiрiсi технологияларына сәйкес сүзбеден және (немесе) сүттi қайта өңдеу өнiмдерiнен өндiрiлген сүт өнiмi, құрамдас сүт өнiмдерi немесе құрамында сүтi бар өнiм. Егер дайын сүттi немесе құрамдас сүттi сүзбе өнiмiнде массалық үлесi кемiнде 75 пайыз сүттiң құрамдас бөлiгi болса және ондай өнiм арнайы органолептикалық және физика-химиялық қасиеттерге қол жеткiзу мақсатында термикалық өңдеуге және пiсiп-жетiлуге ұшырамаса, мұндай өнiмдерге қатысты "сүзбе iрiмшiгi" үғымы пайдаланылады;
37) сүтке жатпайтын компоненттер - сүттi қайта өңдеу өнiмдерiне қосылатын, минералдан, өсiмдiктен, малдан алынатын тамақ өнiмдерi;
38) майлы паста - сүттiң құрамдас бөлiгiн ауыстыру мақсатында емес сүтке жатпайтын компоненттердi қоса отырып немесе оларды қоспай тұрақтандырғыштарды пайдалану жолымен сиыр сүтiнен, сүт өнiмiнен және (немесе) сүттi қайта өңдеудiң жанама өнiмдерiнен ендiрiлген эмульсиялы май негiзiндегi сүт өнiмi немесе құрамдас сүт өнiмi, онда майдың массалық үлесi 39-дан бастап 40 пайызға дейiн құрайды;
39) сары май-өсiмдiк спредi - эмульсиялы май негiзiндегi сүттi қайта өңдеу өнiмi, онда жалпы майдың массалық үлесi 39-дан бастап 95 пайызға дейiн және май фазасындағы сүттi майдың массалық үлесi 50-ден 95 пайызға дейiн құрайды;
40) құрғақ табиғи сүт - құрғақ сүт өнiмi, онда құрғақ заттардың массалық үлесi кемiнде 95 пайызды, сүттiң құрғақ майсыздандырылған заттарындағы ақуыздың массалық үлесi кемiнде 34 пайызды және майдың массалық үлесi 20 пайызды құрайды;
41) құрғақ майсыздандырылған сүт - құрғақ сүт өнiмi, онда сүттiң құрғақ заттарының массалық үлесi кемiнде 95 пайызды, сүттiң құрғақ майсыздандырылған заттарындағы ақуыздың массалық үлесi кемiнде 32 пайызды құрайды және майдың массалық үлесi 1,5 пайыздан артық емес болады;
42) қорытылған май - май фазасын ерiту жолымен сары майдан өндiрiлген және арнайы органолептикалық қасиеттерге ие сиыр сүтiнен алынған май, онда майдың массалық үлесi кемiнде 99 пайызды құрайды;
43) кiлегей - сүттен және сүт өнiмдерiнен өндiрiлген, май әмульсиясын және сүт плазмаларын бiлдiретiн сүт өнiмi және онда майдың массалық үлесi кемiнде 9 пайызды құрайды;
44) кiлегей шикiзаты - кемiнде 45 о С температура кезiнде термикалық өңдеуге ұшырамаған шикiзат;
45) iрiмшiк - сүт ұйытушы ферменттердiң көмегiмен немесе оларды пайдаланбай сүт ақуыздарының коагуляциясын қамтамасыз ететiн арнайы ұйытқылар, технологияларды пайдалана отырып немесе сүттiң құрамдас бөлiгiн ауыстыру мақсатында емес сүтке жатпайтын компоненттердi қоса отырып немесе қоспай кейiннен сүт салмағын сарысудан бөлiп алу, оны калыпқа түсiру, нығыздау, тұздау, жетiлдiру немесе жетiлдiрмеу арқылы қышқылды немесе термоқышқылды тәсiлмен сүттен, сүт өнiмдерiнен және (немесе) сүттi қайта өңдеудiң жанама өнiмдерiнен өндiрiлген сүт өнiмi немесе құрамдас сүт өнiмi;
46) балқытылған iрiмшiк - балқыту үшiн сүттiң құрамдас бөлiгiн ауыстыру мақсатында емес сүтке жатпайтын компоненттердi қоса отырып немесе қоспай қоспаларды ұсату, араластыру, балқыту және эмульгациялау жолымен сүт өнiмдерiн және (немесе) сүттi қайта өңдеудiң жанама өнiмдерiн, эмульгациялайтын тұздарды немесе құрылым құрушыларды пайдалану арқылы iрiмшiктен және (немесе) сүзбеден өндiрiлген сүт өнiмi немесе құрамдас сүт өнiмi;
47) iрiмшiк өнiмi - iрiмшiк өндiрiсi технологиясына сәйкес өндiрiлген құрамында сүтi бар өнiм;
48) сиыр сүтiнен алынған май - басым құрамдас бөлiгi сүттен алынатын май болып табылатын, сиыр сүтiнен, сүт өнiмдерiнен және (немесе) сүттi қайта өңдеудiң жанама өнiмдерiнен олардың май фазасын бөлiп алу және сүттiң құрамдас бөлiгiн ауыстыру мақсатында емес сүтке жатпайтын компоненттердi коса отырып немесе оларды қоспай ондағы сүт плазмасын бiрдей бөлу жолымен өндiрiлген эмульсиялы май негiзiндегi сүт өнiмi немесе құрамдас сүт өнiмi;
49) сары май - майдың массалық үлесi қоса алғанда 50-ден 85 пайызға дейiн құрайтын, сиыр сүтiнен алынған май;
50) қалыпқа келтiрiлген сүттi қайта өңдеу өнiмi - майдың, ақуыздың және (немесе) сүттiң құрғақ майсыздандырылған заттарының немесе олардың қатынасының массалық үлесiнiң көрсеткiштерi стандарттармен, нормативтiк құжаттармен, ережелер жиынтығымен және (немесе) техникалық құжаттармен сәйкес келтiрiлген сүттi қайта өңдеу өнiмi;
51) пломбир - балмұздақ (сүт өнiмi немесе құрамдас сүт өнiмi), ондағы сүт майының массалық үлесi 12 пайыздан 20 пайызға дейiн құрайды;
52) балмұздақ - көпiртiлген, мұздатылған және мұздатылған түрде қолданылатын тәттi сүт өнiмi, құрамдас сүт өнiмi немесе құрамында сүтi бар өнiм;
53) кiлегейлi балмұздақ - ондағы сүт майының массасының үлесi 8 пайыздан 11,5 пайызға дейiн құрайтын балмұздақ (сүт өнiмi немесе құрамдас сүт өнiмi);
54) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он екi ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
55) ашытқы - арнайы таңдап алынған және сүттi қайта өңдеу өнiмдерi өндiрiсi үшiн пайдаланылатын қышқылды сүт микроорганизмдерi басым патогенсiз, токсигенсiз микроорганизмдер және (немесе) микроорганизмдер ассоциациясы;