Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа технологиялар

бірінші вице-министрінің

2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 бұйрығына 4-қосымша


Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 11 мамырдағы № 131 бұйрығымен бекітілген

«Өнімділік 2020» Бағдарламасы операторының сараптамалық

бағалауды өткізу тәртібі


  1. Жалпы ережелер

1. Осы «Өнімділік 2020» бағдарламасы операторының сараптамалық бағалауды өткізу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) ««Өнімділік - 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді және инвестициялық жобаның сараптамалық бағалауын өткізу тәртібін айқындайды.

2. Тәртіпте мынадай ұғымдар қолданылады:

1) Бағдарлама әкімшісі – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;

2) Бағдарламаның өңірлік өкілі – облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдігі айқындайтын өкіл.

3) Бағдарлама операторы – «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы;

4) құрал операторы – мемлекеттің оның жарғылық капиталына 100 пайыз қатысатын, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынатын заңды тұлға;

5) жұмыс тобы – инвестициялық жобаларды қарастыру бойынша Бағдарлама операторы жанында құрылған және тұрақты әрекет ететін, сараптамалық қорытындылардың негізінде мемлекеттік қолдау шаралары кешенін ұсыну үшін инвестициялық жобаларды іріктеу мен бекіту бойынша, сондай-ақ қалай болғанда да Бағдарламаны орындаумен байланысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті алқаның органы;

6) өтінім беруші – Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыруға мүдделі кәсіпкерлік субъектісі;

7) қатысушы – Бағдарламаның қатысушыларына қойылатын Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігі туралы Бағдарлама операторының оң сараптамалық бағаға ие кәсіпкерлік субъектісі;

8) инвестициялық жобаның кешенді жоспары – экономикалық, техникалық, басқарушылық және басқа да қажетті құжаттамалар пакеті;

9) сараптамалық бағалау – өтінім берушінің Бағдарламаның қатысушыларына қойылған өлшемдеріне сәйкестік мәніне арналған инвестициялық жобаның бағасы.




  1. Сараптамалық бағалауды ұйымдастыру және өткізу

3. Өтінім берушіден құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін Бағдарлама операторы сараптамалық бағалау өткізеді, соның ішінде:



  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкестігіне;

  2. салалық бағдарламаларға сәйкестігіне;

  3. Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Бағдарламаның қатысушылары үшін экономиканың басымды секторларының тізбесіне және Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес қатысушылар шығаруға жоспарлап отырған өнімдер Тізбесіне сәйкестігіне;

  4. Тиімділік көрсеткішін есепке ала отырып, кәсіпорынның қаржылық ахуалы, ағымдағы өтімділігі, өзіндік қаражатпен қамтамасыз етілуі, кредиторлық және дебиторлық қарыздары, айналымнан тыс және айналымдық активтермен қамтамасыз етілуі туралы ақпаратты қамтитын кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы;

  5. жоба бойынша еңбек өнімділігін бағалау;

  6. жоба бойынша энергия тиімділігін бағалау;

  7. Ішкі және сыртқы нарықтарда қалыптасқан сұраныс пен ұсынысты талдау қарастырылған өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау;

  8. жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер;

  9. жаңғыртуды (өндірістік технология, технологиялық жабдық, маркетингтік-өткізу үдерісі, басқарушылық технологиялары) өткізу және қажеттілігі және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы;

  10. Қорытындылар мен ұсынымдар.

  1. Сараптамалық бағалау өтінім берушіден немесе Бағдарламаның өңірлік өкілінен құжаттар пакеті түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өткізіледі, мынадай кезеңдерді қоса алғанда:

1) осы Тәртіптің 3-тармағына сәйкес инвестициялық жоспардың кешенді жобасының сараптамасын өткізу 10 (он) жұмыс күні ішінде;

2) Бағдарлама операторының кешенді жоспарды осындай отырысты өткізуді бастағанға дейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде тізім бойынша инвестициялық жобаларды қарастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелеріне жіберу;

3) инвестициялық жобаны жұмыс тобының отырысында қарастыру және жобаны Бағдарламаға енгізу туралы шешім қабылдау, немесе ескертулер болған жағдайда оны 1 (бір) жұмыс күні ішінде пысықтауға жіберу;

4) сараптамалық бағалау қорытындысын 5 (бес) жұмыс күні ішінде дайындау.



  1. Бағдарлама операторы 5 (бес) жұмыс күні ішінде сараптамалық бағалаудың қорытындысын дайындағаннан кейін оның көшірмесін Бағдарлама әкімшісіне, өтінім берушіге және құралдар операторларына әрқайсысына бір-бір данадан жібереді.

  2. Өтінім берушілер инвестициялық жобаның кешенді жоспарының пысықталған нұсқасын ұсынғаннан кейін осы Тәртіптің 4-тармағына сәйкес кезеңдер бойынша қайтадан СБ өткізіледі.

  3. Инвестициялық жобаның СБ қорытындысы Бағдарлама операторымен осы Тәртіпке қосымшаларға сәйкес нысанда бір данада рәсімделеді, Бағдарламаны іске асыру мәселелеріне жетекшілік ететін бірінші басшы орынбасарының, құрылымдық бөлімше басшысының және инвестициялық жобаның СБ қорытындысын дайындауды жүзеге асыратын маманның қолы қойылады.

«Өнімділік 2020»

Бағдарламасы операторының

сараптамалық бағалау жүргізу Тәртібінің



Қосымшасы

«Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде құжаттар пакетін сараптамалық бағалау қорытындысының

ҚҰРЫЛЫМЫ


  1. Өтінім беруші туралы жалпы мәліметтер:

  • өтінім берушімен байланыс мәліметтері;

  • негізгі және қосалқы қызмет (ЭҚЖЖ коды);

  • өнім номенклатурасы.

2. Жоба туралы жалпы мәліметтер:

  • жобаның өзектілігі (жаңғырту қажеттілігі, Бағдарламаның нысаналы индикаторларының негізділігі);

  • жобаны іске асыру мақсаты мен міндеттері;

  • жобаны іске асыру орны (облыс, қала, аудан);

  • жобаның құны және қаржыландыру көздері (меншікті, қарыздық қаражаттар, құралдар операторларының қаражаттары).

3. Жобаның Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігі:

  • Бағдарламаға 1 және 2-қосымшалардың сәйкестігі;

  • Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басымдықтарына сәйкестігі;

  • салалық бағдарламалар басымдықтарына сәйкестігі;

  • кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы;

  • жоба бойынша еңбек өнімділігі (жоспарланып отырған еңбек өнімділігінің көрсеткіштерінің мәнін ағымдағы және орташа салалық деңгеймен салыстыру);

  • жобаның энергия тиімділігі (жоспарланып отырған энергия тұтыну көрсеткішінің мәнін ағымдағы деңгеймен салыстыру);

  • өнімнің бәсекеге қабілеттілігі (өнімнің ішкі және сыртқы нарықтарында қажетті болған).

4. Жоба бойынша негізгі қорытындылар мен ұсыныстар:

  • жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер;

  • жобаны іске асыру бойынша ұсыныстар.



«Өнімділік 2020» Бағдарламасы операторының сараптамалық бағалауды өткізу тәртібі

Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 11 мамырдағы №131 бұйрығымен бекітілген

52.69kb.

08 10 2014
1 стр.


131 от 11. 05. 2011 «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы №254 қаулысымен бекітелген «Өнімділік 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мақсатында БҰйырамын

9.46kb.

25 12 2014
1 стр.


«Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы анықтама (2012 жылдың қорытындылары) «Өнімділік 2020»

Іске асырғаннан бастап (2011 жылдың маусымнан – 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін) барлығы Бағдарламаға Қазақстанның 15 өңірінен және өнеркәсіптің 8 саласынан 51 инвестициялық жоба

235.96kb.

08 10 2014
1 стр.


«Өнімділік 2020» бағдарламасы

Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығы

552.8kb.

14 12 2014
3 стр.


2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты

Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы

1915.93kb.

25 12 2014
14 стр.


2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты

Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы

1918.03kb.

17 12 2014
14 стр.


«бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы сізді «Бизнестің жол картасы – 2020»

Сізді «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған оқыту-тренингіне шақырамыз!

27.72kb.

15 10 2014
1 стр.


1. Бағдарламаның паспорты

Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы

1767.23kb.

14 12 2014
16 стр.