Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 15страница 16

ҚР Үкіметінің2013 жылғы «__» _______

№ _________ қаулысымен

бекітілген
1. Бағдарламаның паспорты


Атауы

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы

Әзірлеуге арналған негіз

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Жауапты орындаушы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – ҚР АЩМ)

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері



Мақсаты

ҚР агроөнеркәсіп кешені (бұдан әрі –) АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау

Міндеттері

  1. АӨК-ні қаржылық сауықтыру;

  2. АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

  1. өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

  2. астық сақтау жөніндегі қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру;

  3. АШТӨ үшін судың экономикалық қолжетімділігін арттыру;

  4. мал шаруашылығындағы және тауарлық балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

  5. ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

  6. қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

  7. басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

  8. білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру.

  1. АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту;

  1. фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту;

  2. ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту.

  1. АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру.

  1. ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;

  2. АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз етуді дамыту;

  3. ауыл шаруашылығы дақылдарының мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;

  4. АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту;

  5. ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту;

  6. АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру;

  7. органикалық аулы шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау.

Іске асыру мерзімдері

2013-2020 жылдар

Нысаналы индикаторлар

  1. АӨК субъектілерін субсидиялау арқылы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылға қарай 4,5 есе арттыру;

  2. АӨК субъектілерінің қарыздық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен
    300 млрд. теңге жалпы сомасына кемінде 8 жылға ұзарту;

  3. Кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредиттік қаражат көлемі 2013-2020 жылдары 2 трлн. теңгеге дейін;

  4. Карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициентін 2020 жылға қарай 0,88-ге дейін төмендету;

  5. Мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесін 2020 жылға қарай 0,4 %-ға дейін ұлғайту;

  6. Электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесі2015 жылға қарай 62%.

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Бағдарламаны 2013-2020 жылдары іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделетін жалпы шығыстар барлығы

3 122,2млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

2013 жылы*– 339,7млрд. теңге

2014 жылы*– 466,0млрд. теңге

2015 жылы*– 322,7млрд. теңге

2016 жылы – 340,7млрд. теңге

2017 жылы – 383,5млрд. теңге

2018 жылы – 406,9млрд. теңге

2019 жылы – 414,3млрд.теңге

2020 жылы – 448,4млрд. теңге




* – сомалар тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады
  1. Кіріспе


ҚР тәуелсіздігі кезеңінде елдің АӨК-де мәнді нәтижелерге қол жеткізілді: нарықтық қатынастар негізінде өндірістің тұрақты өсуі байқалады, еңбек өнімділігі мен өндіргіштігі артуда, саланың негізгі қорларын жаңарту және инфрақұрылымын қалпына келтіру жүргізілуде, негізгі тамақ өнімдері бойынша өз-өзін қамтамасыз етуге қол жеткізілді, дәнді, майлы дақылдар, балық аулау өнімдері экспортының айтарлықтай өсуіне қол жеткізілді.

2011 жылы елдің жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі – ЖІӨ) көлеміндегіауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 5,1%-ды құрады, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің еңбек өндіргіштігі 2005-2011 жылдар кезеңінде жылына 9,3% орташа жылдық өсу қарқынымен бір жұмыс істейтін адамға


304,2 мың теңгеден 498 мың теңгеге дейін өзгерді, ауылды жерлерде шамамен 7,48 млн. адам немесе Қазақстанның жалпы халқының 45%-ы тұрды.

Қазіргі уақытта әлемдік аграрлық экономика мен демографияның жаңа үрдістері қалыптасуда, өңірдегі ықпалдастыру процестері нақты дами бастады, жаһандық климаттық өзгерістер болуда. Қазақстан Кеден одағына (бұдан


әрі – КО) кірді, таяу кезеңде Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жоспарлануда. Алайда, саладағы еңбек өндіргіштігінің төмен деңгейі, пайдаланылатын технологиялардың жетілдірілмегендігі, өндірістің ұсақ тауарлы болуы ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды негізде жүргізуге, материалдық, еңбек және басқа ресурстарды неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік бермейді. Осы факторлар отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, бұл ДСҰ мен КО жағдайларында шетелдік өнім импортының басым болуына, жергілікті өндірушілерді өткізу нарықтарынан ығыстыруға әкелуі мүмкін.

Азық-түлік өнімдерін тұтынудың қарқынды өсуімен және тұтыну құрылымының неғұрлым сапалы өнімдер жағына қарай өзгеруімен ел халқының өсуі орын алуда. Елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі, халықты жұмыспен қамтуды арттырудағы және республиканы экономикалық дамытудағы ауыл шаруашылығының рөлін Мемлекет Басшысы бірнеше рет, оның ішінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты2012 жылғы


27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында атап өтті.

Сыртқы және ішкі ортаның өзгерген жағдайларында Қазақстанның


КО мен ДСҰ кіруіне, саланы мемлекеттік реттеу мен жаңғыртудың жаңа тетіктерін қолдану қажеттілігіне байланысты ҚР агроөнеркәсіп кешенін дамытудың (АӨК) жаңа салалық бағдарламасы әзірленді.

  1. следующая страница>


Қарағанды облыстық Мәслихатының

Бағдарламаның паспорты 3

465.31kb.

25 12 2014
3 стр.


Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

БАҒдарламаның паспорты

5551.29kb.

13 10 2014
30 стр.


Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

БАҒдарламаның паспорты

3141.16kb.

25 12 2014
12 стр.


1. Бағдарламаның паспорты

Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы

1767.23kb.

14 12 2014
16 стр.


Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы қостанай, 2012 жыл мазмұНЫ

БАҒдарламаның паспорты

3737.24kb.

15 12 2014
19 стр.


«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты

Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген

1042.87kb.

25 12 2014
4 стр.


«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты

Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының

335.71kb.

18 12 2014
1 стр.


ЖАҢаарқа ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

БАҒдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтиже көрсеткіштері, бағдарламаның алғА ҚОЙҒан мақсатына қол жеткізу жолдары

1637.73kb.

14 12 2014
10 стр.