Перейти на главную страницу
(ЖОО ішінде қолдануға)
Павлодар
УДК 621.664.002.72(07)
ББК 34.4Я7
Н89
С.Торайғыров атындағы ПМУ металлургия, машинажасау және көлік факультеті машинажасау және стандарттау кафедрасының отырысында баспаға ұсынылған
Рецензент:
магистр, аға оқытушы Қасенов А.Ж.
Зертханалық жұмыс «Машина шығару технологиясы» пәні бойынша құрастырылған зертханалық жұмыстардың, жалпы циклінің құрама бөлімі болады.
УДК 621.9.06(07)
ББК 34.4Я7
©Олжабаев Р.О., Тышканова А.Н., 2008
©С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2008
Кіріспе
Әдістемелік нұсқауда НШ-30 май сорғысын құрастыру технологиясының реті, құратыру сұлбасы, дәлдікке есептеу келтірілген. Теориялық өндірушілігін анықтау үшін формулалар келтірілген. Сорғының нақты өндірушілігін анықтау бойынша зертханалық тәжірибені өткізу әдістемесі берілген.
Техникалық талаптарды талдау негізінде әдістемелік жұмыста сорғыны құрастыру дәлдігіне келесі шарттар қойылады:
Осы мақсатпен зертханалық жұмыста студенттермен дәрісте алынған теориялық білімдерді тәжірибелік бекіту қарастырылған.
Тістегергіш сорғының белгіленулері: 1 — тұрқы; 2 — жетектегі тісті доңғалақ; 3 — сұққыш; 4 — білікше; 5 — төлке; 6 — тісті доңғалақ; 7 — тісті доңғалақ; 8 — ось; 9 — төлке; 10 — бұрама; 11 — тығырық; 12 — қақпақ; 13 — бұрандама; 14 — бекіткіш пластина; 15 — қабылдағыш құбыры; 16 — төселгіш; 17 — сұққыш; 18 — кілтек; 19 — бұрама; 20 — тығырық.
Тістегергішті сорғы 0,6 МПа қысыммен трактор тетіктерінің үйкелісетін беттеріне майлы материалды беру үшін арналған. Сорғы тісті доңғалақтардың айналу жиілігі 39 с-1 кезінде майды 30 л/мин-н кем бермеуін қамтамасыз етуі керек.
Қызметтік тағайындамасы талап ететін сорғының берісі бойынша сызбамен берілген техникалық шарттардың жеткіліктілігі мен дұрыстығын талдайық. Сорғының нақты берісі
n — тісті доңғалақтардың айналу жиілігі, с-1;
Qy — майдың ағуы, л/мин;
Qвс — сору кезіндегі жоғалтулар, л/мин.
Сықау кезінде майдың ағуы мүмкін:
1 – сурет – Трактордың тістегергішті сорғысының жалпы көрінісі
Qyз — тістер жанасуының тығыздық еместігінен себеп болған ағу;
Qyт — тұрқы мен тісті доңғалақтар арасындағы бүйіржақты саңылаулар арқылы ағу.
Келтірілген тәуелділіктерге сәйкес сорғыны есептеу мен дәлдік нормаларын жасау келесі сұлба бойынша өткізілуі керек. Қажетті берістен шыға отырып, сору кезіндегі теориялық берісті және ағу мен майдың жоғалту нормаларын орнату керек. Одан кейін тісті доңғалақтардың өлшемдеріне, олардың модульдеріне, еніне және ілінісу параметрлеріне өтеді. Жіберілетін ағу нормалары мен сору кезіндегі шығындар нормалары ағу мен шығындардан тәуелді параметр шақтамаларын шектеуге мүмкіндік береді. Жеке жағдайда, майдың қалыптасқан ағу нормаларынан шыға отырып, Qyр, Qyз, Qyт ағу нормаларын табады, ал олардан шыға отырып ең үлкен жіберілетін радиалды саңылау, тістер арасындағы бүйір саңылауларын, бүйіржақ саңылауларын анықтайды. Ең аз жіберілетін саңылауларды орната отырып, тісті доңғалақтардың тұрқымен үйкелісу жағдайларын және жұмыс кезінде оларды қыздырғанда сыналану мүмкіндігін ескеру қажет.
Басты себептердің бірі сорғының сору камерасындағы сиретілу және тісаралық ойымдардың толық емес толтырылуы болып табылатын сору кезіндегі шығындар Qвс=4,83 л/мин, Qу=6,73 л/мин – майдың ағуы.
Сызбаларда көрсетілген тісті доңғалақтар мен тұрқының өлшемдері кезінде сорғының теориялық берісі
Сызбамен берілген дәлдік нормаларына тағы да бір айқындық енгізу керек: жетектің тұрқысы мен жетектегі тісті доңғалақтың бүйіржағының арасындағы саңылауға шақтама орнату қажет; тісті доңғалақтың еркін айналуына 0,1 мм саңылау жеткілікті екенін ескере отырып, саңылаудың шекті ауытқымасын 0,1 ... 0,5 мм орнатуға болады.
Техникалық талаптардың тістегергішті сорғының қызметтік тағайындамасына сәйкестігін айқындап алып және оларды түзеткен соң, өзгермейтін сызбалар бойынша уақыт бірлігінде машиналардың жоспарланған шығаруымен танысуға болады. Жылына қарастырылатын құрылымды сорғылардың 100 000 данасын шығару қажет деп алайық, ал өзгермейтін сызбалар бойынша сорғылардың жалпы шығаруы 800 000 дана.
Өлшемді талдауды өткізуге кірісе отырып, сорғыны жасау үрдісінде шешуге қажетті аса маңызды міндеттерді белгілеп алайық. Бұл міндеттер – төменде келтірілгендерді қамтамасыз ету болып табылады:
Айқындалған өлшем тізбелері құрылымға салынған аталған параметрлердің әрқайсысының дәлдікке жету әдістерін анықтауға және сорғы тетіктерінің сызбаларында өлшемдер мен шақтамаларды қою дұрыстығын бағалауға мүмкіндік береді. Мысалы, радиалды саңылау (2-сурет пен 1-кестені қара)
2 – сурет – Тістегергішті сорғының өлшем тізбелері
Буын
|
Номи-налды мәні Аi, мм |
Шақта-ма өрісі ![]() |
Шақтама өрісінің ортасының координа-тасы |
Жіберілетін ауытқудың мәні |
А1 |
48,75 |
0,017 |
—0,008 |
|
А2 |
0 |
0,03 |
0 |
Тістердің төбе беттерінің ауытқымасының тесікке қатысты шекті жіберілетін мәні |
А3 |
0 |
0,072 |
0 |
Мойынтіректерде саңылаудың жоғарғы шекті мәні |
А4 |
0 |
0,05 |
0 |
Төлкенің сыртқы бетінің ауытқымасының оның тесігіне қатысты шекті жіберілетін мәні |
А5 |
48,75 |
0,05 |
0,1 |
|
Тұйықтаушы буынның жоғарғы және төменгі шекті ауытқулары
Сонымен, сызбалармен берілген тетіктер өлшемдеріне шақтама берген кезде, толық өзараауысымдылық әдісімен радиалды саңылаудың қажетті мәндеріне жетуге есептеуді керек етпейді.
Толық емес өзараауысымдылық әдісі бойынша қажетті шектерде радиалды саңылаудың жету мүмкіндігін 0,27 % (t = 3) тәуекел кезінде және құраушы буындардың қателіктерінің сейілуі Гаусс заңына (=1/9) бағынатын жағдайда тексерейік. Бұл кезде мойынтіректерде саңылауды біраз кішірейткен орынды болып табылады. Оның мәнін әдетте орташа қысымды сорғылар үшін 0,002 ... 0,003 білік диаметрі шегінде тағайындайды. Диаметрі 15 мм білік үшін мойынтіректерде 0,03 ... 0,045 мм саңылауларды допустимый деп санауға болады.
мәнін өзгертіп, толық емес өзараауысымдылық әдісі бойынша радиалды саңылау дәлдігіне жеткен кезде A∆ ауытқуы төменгі шектерде болуын күтуге болады
мұнда =0,108+0,09/2=0,153 мм және
=0,108-0,09/2=0,063 мм.
4 Тістегергішті сорғыны құрастыру және құрастыру сұлбасын құру
Сонымен, сорғыдағы радиалды саңылауды 0,27 % тәуекелмен толық емес өзараауысымдылық әдісі бойынша қамтамасыз ете алады деп санауға болады. Шығарудың берілген масштабы кезінде мұндай тәуекел әбден қолайлы.
Мұндай тәсілмен жоғарыда тұжырымдалған міндеттердің әрқайсысын шешу әдісі табылуы керек, егер де қажет болса, сорғы тетіктерінің сызбаларына сәйкес түзетулер енгізілуі керек.
Сорғыны құрастыру келесі ретпен жүргізілуі керек. Біржолата өңделген тұрқы мен қақпақты мойынтіректер төлкелеріне баспалап, тұрқы мен қақпақты жинап, тұрқыға қатысты қақпақтың жағдайын бекітетін бақылау сұққыштарын орнатып, төлкелерді біржолата өңдеу қажет. Бұдан кейін қақпақты тұрқыдан шешіп, сорғы тетігінің тұрқысына орнатып, қақпақты қайтадан орнына қою қажет.
Тістегергішті сорғыны құрастыру реті 3-суретте көрсетілген (сұлбадағы нөмірлер 1-суреттегі тетіктер нөмірлеріне сәйкес келеді). Сұлбада тек құрастыру ғана емес, сорғының берілген құрылымын құрастыру үрдісінде қажетті болған бөлшекетеу де көрсетілген. Тетіктері 7 және 9 бар жинақты 4 құрастыру тісті доңғалақтар жасалатын механикалық цехта жүргізіледі. Сонымен бірге сұлбада құрастыру цехында орындалатын тетіктерді қосымша өңдеудің барлық операцияларын көрсетуге болады.
Кез келген құрастыру бірлігін құрастырудың технологиялық үрдісін жасау кезінде міндеттер пайда болады. Бұл міндеттерді шешуден тетіктерді жасаудың технологиялық үрдістерін құру тәуелді болады. Атап айтқанда, машиналарды немесе түзілімдерді жасаудың технологиялық үрдісін жасау кезеңінде тетіктерді жасаудың технологиялық үрдістерінің бұйымды құрастырумен үйлесуі өте
маңызды. Мысалы, қиылыстыру әдісімен сорғы төлкелеріндегі тесіктердің осьтестігін қамтамасыз ету туралы шешім төлкелердің соңғы өңдеуі үшін технологиялық базаларды таңдауды қажет етеді, бұл тұрқы мен қақпақтың басқа өлшемдерін зақымдамауы қажет. Яғни, төлкелердегі тесіктерді өңдеу тұрқының барлық жауапты беттерін өңдейтін технологиялық базалардан жүргізу керек. Бұл жағдай тұрқыны жасаудың технологиялық үрдісін жасау кезінде ұмытылмауы тиіс және тұрқыны өңдеу үшін тұрқы мен қақпақ төлкелеріндегі тесіктерді бірлесіп өңдеу кезінде қолдануға болатын технологиялық базалар таңдалуы керек. Технологиялық базалар негізінде сорғы тұрқысына тоқтатқыш пластиналарды бекітуге арналған дөңесшелер (қондырғы база) оның ішіндегі екі тесікті (бағыттаушы және тірек база) қолданған ыңғайлы. Бірақ бұл үшін тетіктерді орнату қателіктері операцияларда қажетті нормалардан асып кетпейтіндей, айтылған беттер өте дәл өңделуі қажет. Егер де білдек – айлабұйым – құрал – дайындама жүйесінің өлшем тізбелерін ашып, талдаса, технологиялық базалардың беттерінің қажетті дәлдігін орнату қиын емес. Бұл өлшем тізбелерінде сорғы тұрқының ең жауапты беттерін (мойынтірек пен ось төлкесіне тесік, тісті доңғалақтар мен бүйіржақ беттерге ұя) өңдеу жүзеге асырылады.
Өзгертілмейтін сызбалар бойынша құрастыру объектісінің құрылымынан, оны шығару масштабынан және құрастырылатын объектілер санынан шыға отырып, сорғыны құрастыру үрдісінің формасы мен ұйымдастыру түрін шамамен белгілеуге болады. Сорғының қарапайым құрылымы, кішірек габариттері, аздаған массасы және сол уақытта шығарудың үлкен масштабы ағынды құрастырудың ең қолайлы болып табылатынын көрсетеді. Құрастырылатын объектіні бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына тасымалдау үздіксіз қозғалатын конвейер көмегімен ыңғайлы болып табылады.
Берілген шығару масштабы мен сериялығы кезінде құрастырушылар еңбегін жеңілдету мен оның өнімділігін жоғарлату үшін тек әмбебапты емес, сонымен бірге арнайы технологиялық жабдықты да қолдануға болады. Мысалы, мойынтірек төлкелерін тұрқы мен қақпаққа баспалау үшін пневматикалық баспақты пайдаланған жөн. Тісті доңғалақты білікшеге 4 баспалау үшін (1-суретті қара) қажетті дәлдікпен Д2 өлшемін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін айлабұйымды қарастыру керек (2-суретті қара). Бұл буынға шақтама қалған Дi буындарының дәлдігін ескере отырып, Д∆ дәлдігіне деген талаптардан шығып орнатылуы тиіс. Баспалау кезінде білікшенің цилинрлік беті зақымданбауы үшін баспалау алдында тісті доңғалақты қыздыру қажет. Сондықтан, сорғыны құрастыру учаскісінің жабдықтар номенклатурасына майлы шомылығы бар қыздыру қондырғысын енгізу керек.
Сорғыны құрастыру технологиялық үрдісін жасау бойынша орындалған жұмыстың қорытындысы тістегергішті сорғыны құрастырудың технологиялық картасы болып табылады. Құрастыру сұлбасына қарағанда технологиялық картада құрастыру үрдісін жоспарлау мен ұйымдастыру ыңғайлығы үшін жинақтарды құрастыру сорғыны жалпы құрастырудан бөлінген.
5 Сынау зертханалық жұмыстардың әдістемесі
Тістегергішті сорғынының өнімділігін анықтауға арналған зертханалық қондырғы гидрожетегі бар сорғыдан, мөлшерлі шаннан, вентильден, құбыржетектен құралады. Сұйықтықтың шығыны мөлшерлік сыйымдылық пен секундомер көмегімен көлемді әдіспен өлшенеді.
Сұйықтық шығыны:
Тістегергішті сорғының өнімділігін анықтауға арналған зертханалық қондырғы гидрожетектен (НШ типті тістегергішті сорғыдан, мотордан, сұйықтық деңгейі бар мөлшер шаннан, құбыржетектен, вентильден) тұрады.
Тістегергішті сорғының сұйықтығының шығыны мөлшерлік сыйымдылық пен секундомер көмегімен көлемді әдіспен өлшенеді.
6.2 Жұмысты орындау тәртібі
6.2.1 Зертханалық қондырғының аспаптарымен және құрылғыларымен танысу.
6.2.2 Арынды шанды жұмыс сұйықтығымен деңгейіне дейін толтыру.
6.2.3 Вентильді ашып, максималды шығынды қойып, НШ сорғыын іске қосу.
6.2.4 Тәжірибелерді өткізген кезде өлшеу керек:
6.2.4.1 Мөлшер сыйымдылығының (шанның) толу уақытымен оған келетін майдың көлемін V;
6.2.4.2 Өлшеу нәтижелерін өңдеу кезінде майдың нақты шығынын есептеу және Qp есептік мәнімен салыстыру:
м3/с
7 Есеп берудің мазмұны
Беріс Q=30л/мин, номиналды қысымы Pном=2 МПа, айналу жиілігі n=1000айн/мин, z=10; =0,94;
=0,95 кезінде тістегергішті сорғының негізгі өлшемдерін анықтау (2.2-сурет).
7.1 Теориялық беріс
7.3 Тістегергіштің модулі төмендегі формула бойынша анықталады:
8.2 Біліктерді және тісті доңғалақтарды бұраған кезде жылдамдық қорабының механизмдеріне қолмен жанаспау лазым.
8.3 Тіреуді қорабымен аударуды тудыруы мүмкін күшпен қорапқа әсер етуге тыйым салынады. Жылдамдық қорабымен платформаны бұру қажеттілігінде, екі қолмен бірдей сақ әрекет ету керек.
9 Бақылау сұрақтары
9.1 Бұйым мен оның элементтеріне сипаттама беріңіз.
9.2 Құрастыру бірлігіне (түзілімге) сипаттама беріңіз.
9.3 Агрегат,жинақ, кешен дегеніміз не?
9.4 Құрастырудың технологиялық үрдісін жобалау реті.
9.5 «Машинаның қызметтік тағайындамасы» түсінігіне анықтама беріңіз.
9.6 Түзілімнің техникалық талаптары мен дәлдік нормаларын қалай анықтайды?
9.7 Құрастыру дәлдігі деп нені түсінуге болады?
9.8 Құрастыру кезінде топтық өзараауысымдылық әдісінің ерекшелігі неде?
9.9 Құратсыру сұлбасы неден басталады?
9.10 Тістегергішті сорғының теориялық берілісін қалай анықтауға болады?
9.11 Сорғының пайдалы қуатын қалай анықтауға болады?
Әдебиет
1 Основы тенологии машиностроения. Ред. В.С. Корсаков. ЖОО-на арналған оқулық. – М. : Машиностроение, 1977. – 416 б.
2 Новиков М.П. Основы технологии сборки машин и механизмов. – М. : Машиностроение, 1980. – 592 б.
3 Корсаков В.С., Олжабаев Р.О. және басқалары. Технологические основы роботизированной сборки. – Фрунзе: «Илим» АН Кирг.ССР, 1986. – 296 б.
4 Олжабаев Р.О. Технология машиностроения: Оқулық – Астана: Издательство «Арман – ПВ», 2007. – 504 б.
5 Сборка и монтаж изделий машиностроения. 2 томдық. Анықтама / ред. В.С. Корсаков – М. : Машиностроение, 1984. – Т1. – 591 б.
Мазмұны
|
Кіріспе.................................................................................................3 |
1 |
Зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеттері..........................4 |
1.1 |
Зертханалық жұмыстың мақсаты....................................................4 |
1.2 |
Зертханалық жұмыстың міндеттері................................................4 |
2 |
НШ тістегергішті сорғы……………………………………………4 |
3 |
Дәлдік талаптары және өлшем тізбелерін есептеу......................6 |
4 |
Тістегергішті сорғыны құрастыру және құрастыру сұлбасын құру............................................................................10 |
5 |
Сынау зертханалық жұмыстардың әдістемесі...........................13 |
6 |
Қауіпсіздік шаралары.................................................................13 |
7 |
Есеп берудің мазмұны................................................................13 |
8 |
Зертханалық қондырғының сипаттамасы мен жұмысты орындау тәртібі.................................................................................14 |
|
Әдебиет........................................................................................16 |
Машинажасау мамандығының студенттеріне «Машина шығару технологиясы» пәнінен зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
05 09 2014
1 стр.
М072800 «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығының «Макарон және кондитерлік өнімдер технологиясы», «Қант өндірісінің технологиясы», «Шарап және ашыту өндірісінің технологияс
25 12 2014
1 стр.
«Оргнаикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
25 12 2014
1 стр.
Сабақтың технологиясы: Өзін-өзі тану пәнінің технологиясы сабақ құрылымында толықтай қолданылады, дамыта оқыту технологиясы элементтері
12 10 2014
1 стр.
«Оргнаикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
25 12 2014
1 стр.
Пән бағдарламасы 200 ж бекітілген жұмыс жоспары негізінде әзірленген
01 10 2014
1 стр.
Машина жасау мамандығының студенттеріне «Металлкесу білдектері» пәнінен №5 зертханалық жұмысын орындау үшін арналған әдістемелік нұсқаулар
07 10 2014
4 стр.
В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиясы, 050901, 5В090100 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығының студенттеріне арналған
25 12 2014
1 стр.