Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Ф КГМУ 4/3-07/01

ПП КГМУ 4/01



ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

Тақырып: «Қолданбалы программамен жабдықтау. MS PowerPoint арқылы презентация құру»


Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

Мамандығы: 5В110400 «Медико профилактикалық іс»

Курс: бірінші

Құрастырушылар: Бадекова Қ.Ж., Ыдырыс Ж.Б.

Қарағанды, 2010

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

№ ____ Хаттама «____»______ 200__ж.

Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К.



ТАҚЫРЫБЫ: Қолданбалы программамен жабдықтау. MS PowerPoint арқылы презентация құру.

МАҚСАТЫ: PowerPoint программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін таңдау.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент:



  • PowerPoint программасын іске қосуды;

  • презентация құрудың тәсілдерін таңдауды;

  • Шаблондар көмегімен және бос презентация құруды;

  • Слайдқа мәтін, суреттер, графикалық обьектілер енгізуді;

  • PowerPoint программасында слайдпен жұмыс істеу режимдерін білуі;

  • Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктерін білуі.


ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  • PowerPoint іске қосу.

  • PowerPoint программасының анықтамасы.

  • PowerPoint программасының мүмкіндіктері.

  • Автомазмұн шеберін іске қосу және оның қызметі.

  • Презентация деген не?

  • Бос презентацияның құрылуы.

  • Слайд деген не және оның қандай режимдері бар?

  • Слайдты көрсету режимі қандай әрекеттерді орындайды?

  • PowerPoint программасында жұмыс істеу режимінің батырмасы.

  • Слайд фонын өзгертудің қандай тәсілдері бар?

  • Слайдтың мәтіндік элементерін безендіру.

  • Анимациялық эффектілер деген не?

  • Презентацияны экранда көрсету.


БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ:

1. Сұхбат.

2. Сабақ тақырыбы бойынша материалды талдау. Берілген тәжірибелік тапсырмаларды бірлесіп орындау. (1 Қосымша)

ӘДЕБИЕТ:


  1. PowerPoint программасын пайдалану. Лабораториялық практикум.

  2. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р.М., Мадиярова Г.А. Оқу құралы. – Алматы : ЖТИ, 2004 – 40 б.

  3. Информатика: учебник для 10 – 11 классов общеобразовательной школы. Базовый курс / Н. Ермеков, Н. Стифутина, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Алматы: Атамұра, 2003 – 432 с.

  4. Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002. – 480 с.

  5. 30 уроков по информатике. Экспериментальный учебник для старших классов общеобразовательных школ / Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. – Алматы: 1999 – 443с.: ил.

  6. Информатика. Базовый курс / Симонович В.Б. и др. – СПб: Пит2001- 640с.



БАҚЫЛАУ:

    1. Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.

    2. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

  1. PowerPoint программасы не үшін керек?

  2. Слайд дегенді қалай түсінесің?

  3. Презентация дегеніміз не?

  4. Саймандар тақтасы не үшін қажет?

  5. Қандай батырманың көмегімен слайдты экранға шығаруға болады?

  6. Слайдтың фондық үлгісі деген не?

  7. Слайдтың мәтіндік элементтерін безендіру қалай орындалады?

  8. Анимация дегеніміз не?

  9. Анимациялық эффектілерді қосу әрекеті қалай орындалады?

  10. Слайдтағы элементтердің көріну ретін өзгерту әрекеті қалай орындалады?

    1. Тапсырмаларды орындау:

  1. PowerPoint программасын іске қосыңыз.

  2. Автомазмұн шебері көмегімен жеке хабарландырулар тақырыбында презентация құрыңыз.

  3. «Информатика» пәніне берілген ереже бойынша презентация құру.

  4. Презентацияға тақырып беру, жоспар құру және оған титулдық бет жасау.

  5. Жоспар бойынша берілген блоктарға слайдтар жасау.

  6. Оларды файл ретінде сақтау.

  7. Жасалынған слайдтарды безендіру.

  8. Осы тапсырманы оқытушыға экранда көрсету.




    1. Тест-бақылау.

Қосымша 1.

АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ.

Презентация құру үшін:


  1. Power Point ті іске қосып, ашылған терезеден Файл – Создать командасын таңдаймыз.

  2. Презентации бөлімінен тақырыпқа сәйкес келетін презентация шаблонын таңдаймыз.

  3. Слайд режиміне көшіп слайд тақырыбын тереміз.

  4. Әр слайдта мысалға келтірілген мәтіннің орнына қажетті мәтінді тереміз. Алдыңғы немесе келесі слайдқа көшу үшін слайдтарға көшу батырмасын пайдаланамыз.

  5. Нұсқаулар режиміне (режим заметок) өтіп, ағымдағы слайдқа комментарий жазамыз.

  6. Структуралар режимінде презентация жобасын қараймыз.

  7. Слайдтарды сұрыптау режиміне өтіп слайдтардың орналасу ретін өзгертеміз.

  8. Презентацияның экрандағы бейнесін көру үшін Power Point терезесінің төменгі жағында орналасқан қарау батырмасын басамыз. Слайдты ауыстыру үшін оны шертіп, Вид – Показ слайдов. командасын орындаймыз.

  9. Дайын презентацияның демонстрациясын аяқтаймыз.

  10. Презентацияны сақтау үшін Файл – Сохранить, командасын орындаймыз, алдымен презентацияға атау беріп, Сохранить батырмасын басамыз.

1. Шаблон көмегімен және бос презентация құру

PowerPoint программасында бос презентация құру әрекеттін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын – ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан соң көркемдеу болып табылады. PowerPoint программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда да, құрылған презентацияны, алдын – ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түрінде алмастыруға болады.


2. . Презентацияны шаблондар көмегімен құру

PowerPoint программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблон түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін PowerPoint программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опцияны таңдағаннан кейін Жалпы, Презентациялар дизайндары , Презентациялар астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезесінде Файл – Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Сұқбат терезесінің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентациялар тізімін ірі шатр белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.

Презентацияның шаблонын тышқанның көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын басамыз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұқбат терезесі шығады. Бұл сұқбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз керек. Осы презентацияға байланысты мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.
3. Бос презентация құру.

Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін :



  • PowerPoint программасын іске қосу мезетінде экранда пайда болған сұқбат терезесінің Презентация құру өрісіндегі Бос презентация опциясын таңдау арқылы;

  • Файл – Құру командасын орындағанда ашылған сұқбат терезесінің Жалпы астарлы бетінде Жаңа презентация шарт белгісін таңдау арқылы;

  • Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру батырмасында тышқанды екі рет шерту арқылы;

Осы әрекеттердің бірін орындаған соң экранда Слайд құру сұқбат терезесі ашылады.

4. Слайдқа мәтін, сурет, графикалық обьектілер енгізу.

Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезесінде слайдтарға мәтін, сурет, графикалық обьектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап ОК батырмасын басамыз. Экранда слайд пайда болады.



Енгізу – Сурет командасын орындап :

Картинкалар – Microsoft Clip Gallery обьектілерін;

Файлдан – файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді;

Автофигуралдар - әртүрлі автофигуралар;

Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма, WordArt обьектілерін, сканерден көшірме енгізу мүмкіндігі бар.
5.Слайдтарды безендіру.

Әрбір адам өз қалауы бойынша слайдтардың бір – біріне тәуелсіз мынадай элементтерін тағайындауға болады :



  • Слайд белгіленуі. Слайд белгіленуі ретінде слайдқа орналастыратын мәтін, сурет, диаграмма формасын айтуға болады.

  • Түрлі түстер схемасы. Түстердің кең мөлшерлі спектрінен кез келген түсті таңдауға болады.

  • Фон. Слайдтағы түстер тек біртүсті ғана болуы шарт емес. Палитрадағы ұқсас түстердің бірінен басқасына біртіндеп ауысуға болады.


6. Фондық түстерді өзгерту.

Фонды таңдау үшін слайдтар режимінде Формат – Фон командасын орындаймыз. Тізімді ашу батырмасында тышқанды екі рет шертсек, фон түстері көрінеді. Таңдалған фондық түсті үлгіден көре отырып, тағайындай аламыз.


7.Презентациядағы слайдтардың ауысуы.

Презентациядағы слайдтан слайдқа ауысудың барлық слайдтарға ортақ тәсілін көрсету үшін мына әрекеттерді орындаймыз :



    1. Слайдтарды сұрыптау режиміне көшеміз де ТүзетуБарлығын белгілеу меню командасын орындаймыз.

    2. Кез келген слайдтың бірінде тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз де, жанама менюдегі Слайд ауысуы командасын орындаймыз. Слайд ауысу сұқбат терезесі шығады.

    3. Қажетті ауысуы эффектілер таңдаған соң, Қолдану батырмасын шерту.


8.Слайд элементіне анимациялық эффектілер қосу.

Слайд элементіне анимациялық эффектілер қосу үшін, Слайдты көрсету – Анимация қосу командасын орындаймыз. Осы кезде Анимация қосу сұқбат терезесі ашылады. Бұл сұқбат терезесінде слайдтың әрбір элементіне анимация қосу, дыбыстық эффект беру, осы элементтердің пайда болу уақыты мен ретін ауыстыру және анимациядан кейін түсін өзгерту немесе басқа эффект беру әрекетін орындай аламыз. Сұқбат терезесінен Уақыт ішкі бетіне көшеміз де, Анимация жоқ обьектілер тобындағы қажетті элементті белгілеп, Қосу батырмасын шертеміз. Слайдтың барық элементеріне анимация қосу үшін олардың әрқайсысын Ctrl пернесін басып тұрып белгілейміз немесе жеке жеке жоғарыда айтылған әрекетті қайталаймыз.

Ішкі командалары : Колекциядағы кино, Файлға сақталған кино. Коллекциядағы дыбыс. Колекциядағы кино немесе Колекциядағы дыбыс командалары орындалса, Microsoft Clip Gallery сұқбат терезесінің, сәйкес Бейне немесе Дыбыс ішкі беттері ашылады. Қажетті бейнеклип немесе дыбыс шарт белгісін ерекшелеп Енгізу батырмасын шерту арқылы, оны слайдқа енгізе аламыз.
9.Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.

Microsoft PowerPoint программасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық – эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Бірқатар дыбыстар Анимациялар эффектілер саймандар тақтасынан іске қосылады. Бұдан басқа колекцияны қолдану үшін, Енгізу – Кино және дыбыстар меню командасынаың қажетті ішкі командасының бірін орындаймыз.




Оқытушының жетекшілігімен студентердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ Мамандығы: 5В110400 – Медициналық-профилактикалық іс Пәні: iа 3215 «Жұқпалы аурулар»

Оқытушының жетекшілігімен студентердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

70.12kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы

Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

27.6kb.

10 09 2014
1 стр.


Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы

Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

30.79kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы

Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

29.08kb.

25 12 2014
1 стр.


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
90.4kb.

04 09 2014
1 стр.


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы
107.2kb.

02 10 2014
1 стр.


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы
64.12kb.

06 10 2014
1 стр.


ОҚытушының жетекшілігімен студенттердің Өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚау тақырып: «Тармақталған алгоритмді программалау»
98.26kb.

12 10 2014
1 стр.