Перейти на главную страницу
Шаушекова Баян Кырыкбаевна
ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ
ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Қарағанды, 2007
Жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде орындалған
Ғылыми жетекшісі |
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Әбдікәрімұлы |
Ресми оппоненттері: |
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.Қ.Дүйсембінова |
|
педагогика ғылымдарының кандидаты Ш.М.Абеуова |
Жетекші ұйым |
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты |
Диссертация 2007 жылы «30» қарашада сағат 10.00 Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.50.05 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28 үй)
Диссертациямен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2007 жылғы «29» қазанда таратылды.
Біріккен диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы Қ.М.Арынғазин
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаҺандық дағдарысы жершарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып табылатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туып отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.
Ел Президенті «Қазақстан – 2030» бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: «...экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет», - деген болатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз.
Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару процестері өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауды, рухани құндылықтарымызды саралап, оны мектептің оқу-тәрбие процесіне ендіру арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Экологиялық мәдениетті халық педагогикасы арқылы қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері мол.
Өлкетану жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. Өлкетану материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған өлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының құралдарын өлкетану жұмысында пайдалану арқылы оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әртүрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығын танып, олардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейеді.
Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процес болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.
Қазақ халқының біртуар данышпандары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов т.б еңбектерінде табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған.
Оқушылардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-жақты тәлім-тәрбие беру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектепке кәсіби білігі жоғары мамандарды даярлау мәселелері қазақстандық көрнекті ғалымдардың Қ.Ж.Аганина, Б.Р.Айтмамбетова, Қ.М.Арынғазин, Б.Әбдікәрімұлы, Ш.Ә.Әбдіраман, Ғ.З.Әділғазинов, А.А.Бейсенбаева, Қ.Қ.Жампейсова, Ж.А.Караев, С.Т.Каргин, Қ.М.Кертаева, Р.М.Қоянбаев, К.Қ.Құнантаева, Н.Ә.Мыңжанов, Ж.Ы.Намазбаева, Г.Қ.Нұрғалиева, И.Н.Нұғыманов, Т.С.Сабыров, Э.М.Сағындыкова, Ш.Т.Таубаева, Е.К.Төлемісов, Г.А.Уманов, Э.И.Шыныбекова, Н.Д.Хмель, т.б еңбектеріне арқау болды.
Жас ұрпаққа тәрбие беруде құндылығы шексіз халық педагогикасын пайдаланудың әдіснамалық негіздері Қ.Бөлеев, Р.Қ.Дүйсембінова, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, қолданбалы салалары Р.М.Айтжанова, С.Қ.Әбілдина, Ш.М.Мұхтарова, Қ.А.Сарбасова, Л.С.Сырымбетова т.б. ғылыми зерттеулерінде қарастырылды.
Сол сияқты экологиялық білім беру мен тәрбие беру мәселесін шешуде Ә.С.Бейсенова, Н.А.Бекенова, Ж.Бұламбаев, Ж.Ж.Жатқанбаев, Ғ.Қ.Ділімбетова, З.К.Конурова, А.Кушенов, М.А.Лигай, Г.Мұқышева, Ө.Өмірәлиев К.Ж.Сарманова, Н.С.Сарыбеков, М.Н.Сарыбеков, Г.М.Смирнова, Н.М.Стукаленко, С.Т.Шалғынбаев, Ж.Б.Шілдебаев, В.И.Фурсов, және т.б. ғалымдар еңбектерінің құндылығы зор.
70-жылдарда зерттеу әдіскерлерінің көңілі, әсіресе, табиғат қорғау мен экологиялық түсініктердің қалыптасуы жайындағы сұрақтарды қарастыруға, оқушылардың биоэкологиялық білімін игеруге бағытталды (Я.И.Габеев, С.Д.Дерябо, Т.В.Кучер, В.И.Иоганзен, Э.А.Тұрдықұлов т.б.).
Адамның қоршаған ортамен байланысы А.Н.Захлебныйдың, И.Д.Зверевтің, И.Т.Суравегинаның және т.б. зерттеулерінде көрініс тапса, табиғатты тәрбие факторы ретінде М.Верзилин, Н.А.Рыков т.б. дәлелдеген.
Экологиялық білім беру мәселесін мәдениеттану ғылымы саласы бойынша Э.В.Гирусов, Ж.Тлепов, В.Шинкарук және т.б. ғалымдар қарастырған.
Экологиялық мәдениет пен оның қалыптасу процесі Б.Т.Лихачев, Д.А.Урсул, Е.В.Никанорова, Ж.Тастанбекованың және т.б. зерттеулерінде әдіснамалық тұрғыдан негізделсе, болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары С.В.Алексеев, Г.А.Вахромова, Г.А.Иванов, И.П.Сафронов, А.В.Миронов және т.б. ғалымдар еңбектерінде ғылыми-практикалық тұрғыда шешімін тапқан.
Экологиялық тәрбие берудің педагогикалық алғышарттары А.К.Егенисова Ф.Н.Жұмабекова, А.Е.Манкеш, Г.М.Сәбденалиева Г.Қ.Тұрабаева еңбектерінде қарастырылған.
Экологиялық білім мен тәрбие беруді пән сабақтарында жүзеге асыру да көптеген ғалымдардың зерттеу пәні болды. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті (Ә.Дайырова, Қ.Құрманбаева, Ө.Танабаев), химия ( Қ.О.Шайхеслямова) физика (Р.С.Басекеева), математика (Қ.Н.Сарыбекова), табиғаттану (Д.І.Жангелдина), ағылшын тілі (Ж.Базарбекова, Ж.Тілешова) пәндерін оқытуда экологиялық білім беру мен тәрбие мәселері жан-жақты қарастырылған.
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда (И.К.Исламова), оқушыларының агроэкологиялық мәдениетін қалыптастыруда (Ш.М.Абеуова), мектепалды топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруда (Н.С.Сайлауова) бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру (Ж.Р.Жексембаева) т.б ғалымдардың ғылыми еңбектерінде экологиялық білім мен тәрбие беру процесі барысында жан-жақты талданып, нақтылай түсті.
Дегенмен, педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдаудың нәтижесі бүгінгі күнге дейін өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатындығы назардан тыс қалып келгендігін көрсетеді.
Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірілді: «Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты мұғалімдерге арналған ғылыми әдістемелік семинардың және «Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты ата аналар Университетінің бағдарламасына қосымшалар; «Қасиетті қазыналы өлке» атты оқушылар үйірмесінің бағдарламасы мен іске асыру шараларының жоспары; «Өлке қорықтары» атты факультатив курсының бағдарламасы мен оның әдістемелік кешені; «Дәрілік өсімдіктер, оларды қорғау және тиімді емге қолдану» атты жазғы өлкетану экспедициясының бағдарламасы; «Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғат саябағы» атты экологиялық соқпақтар бағдарламасы; «Табиғаттың тарылтпайық тынысын, пәк табиғат жүректің ән-жырысың» атты оқу-танымдық экологиялық-мәдени апталықтар бағдарламасы мен өткізу іс-шаралары; «Табиғатым – тағдырым» атты экологиялық олимпиада бағдарламасы және әдістемелік нұсқауы.
Жоғары оқу орындарының оқу процесіне енгізілген: «Педагогика», «Педагогика негіздері», «Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі» атты оқу-әдістемелік құралдар және «Педагогикаға кіріспе» атты электронды оқулық.
Алынған ғылыми нәтижелерді мұғалімдер мен болашақ мамандар дайындаудағы білім беру мекемелері басшылыққа алып, пайдалануға болады.
Ғылыми зерттеу жұмысының мазмұны халықаралық (Алматы, 2000; Көкшетау, 2001; Қарағанды, 2005, 2006, 2007), республикалық (Қарағанды, 2004, 2006, 2007), аймақтық (Қарағанды, 1996, 1998, 1999, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2007) ғылыми-практикалық конференцияларда, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің педагогикалық факультетінің ғылыми-әдістемелік семинарларында баяндалды; «Ізденіс» (2005), «Білім берудегі менеджмент» (2005), «География және табиғат» (2006), «Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы» (2007), «Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы» (2007) журналдарында жарық көрді.
Диссертацияның әдіснамалық негізі, болжамы, әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық-практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар қарастырылады.
Жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыру және дамыту үшін оның ғылыми әдебиеттерде кездесетін қайнар көздерін, түпкі нәтижелерін анықтауға назар аудардық. Осыған байланысты психологиялық, педагогикалық тұрғыдан экологиялық мәдениеттің мәні және құрылымы ашып көрсетіледі. Экологиялық мәдениет дүниежүзілік мәдениеттің маңызды кезеңі және құрамды бөлігі деп қарастырылады және экологиялық қауіпсіздікті болжау, айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау мен жақсартуды қамтамасыз ету қажеттілігін түсінумен тығыз байланысты. Экологиялық мәдениет адамның тіршілік әрекетінің рухани-адамгершілік саласы ретінде оның табиғатпен өзара әрекетінің ерекшелігін сипаттайды және экологиялық сана, экологиялық қарым-қатынастар, экологиялық іс-әрекеттер элементтерінің өзара байланыс жүйесін қамтиды. Экологиялық мәдениет ұғымы педагогика саласында экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселесіне айналады. Бұл педагогикалық мәселеге тұлғалық тұғырына сәйкес адамды табиғаттың ажырамас бөлігі, жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің, тарихи процестің дамуының субъектісі ретінде қарастыруды талап етеді. Сонымен қатар тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасуы оның жергілікті, аймақтық, ұлттық, ғаламшарлық экологиялық байланыстар жүйесіндегі әрекетіне тәуелді болғандықтан, халық педагогикасының құралдарын пайдаланудың қажеттігін туғызады. Халық педагогикасының құралдары туған жерін, туған тілін, туған мәдениетін, туған тарихын біліп және құрметтейтін, өзара қатынас жасай білетін, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қастерлейтін, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін тұлғаны қалыптастыруға бағытталғандықтан, өлкетану мәселесін көтереді. Олай болса, қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы өлкетану жұмыстарын ғылыми тұрғыдан қарастырып, ұйымдастыру жолдарын зерттеуге баса назар аударуды талап етеді.
Жоғарыда айтылғандар қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының төмендегі ерекшеліктерін анықтауға негіз болды:
біріншіден, халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстары жетекші фактор болып табылады;
екіншіден, өлкетану жұмыстары экологиялық мәдениетті қалыптастыруда жаратылыстану пәндерімен, әсіресе экология және географиямен тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді;
үшіншіден, өлкетану жұмыстарының ерекшелігі топонимика, ономастика сияқты ғылымдардың, білімдердің өзгешеліктерімен анықталады;
төртіншіден, аталмыш жұмыстардың келесі ерекшелігі тарихи мәліметтермен тығыз байланыста болғандықтан, тарих ғылымдары және тарих оқу пәнінің негізгі ұстанымдары, әдістері, құралдарымен сипатталады;
бесіншіден, өлкетанудың тағы бір ерекшелігі сыныптан тыс уақытта танымжорық, оқу-танымдық соқпақ, саяхат, экспедициялар сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырылуымен байланысады;
алтыншыдан, өлкетану жұмыстары экологиялық ақпараттарды жинау барысында мектеп оқушылары өзінің тұрғылықты жерінің жағдайы, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі, олардың табиғатпен бұрынғы және қазіргі қарым-қатынастары бойынша әр түрлі дерек көздерін, мұрағат қорларын, мұражай материалдарын қолданумен ерекшеленеді;
жетіншіден, өлкетану жұмыстары оқушыларды алған теориялық білімдерін практикада қолдануға нақты мүмкіндік беріп, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған өзіндік ерекшелігі бар оқу-тәрбие процесіне айналады.
Адамзаттық мәселе болып табылатын экологиялық мәселелер жаҺанданушылық, аймақтық, ұлттық, мемлекеттік, локалды және жеке деңгейлерде қарастырылады. Өлкетану жұмыстарының түрі, әдістері мен құралдары пайдалану эмпирикалық жүйеде жасалады. Тұлғаның жерді ортақ мекен, Қазақстанды ортақ Отан есебінде жақсы көру сезімі секілді қасиеттерін айқындайды.
Бұл ерекшеліктер экологиялық мәдениет кірістірілген тұлғалық білім ретінде мынадай міндетті компоненттерді қамтиды деген тұжырымға келуге негіз болды:
17 12 2014
3 стр.
Ож 398 (574) (092) Қолжазба құқығында
16 09 2014
3 стр.
25 12 2014
1 стр.
Ож 821. 512. 122. 03 Қолжазба құқығында
25 12 2014
4 стр.
Ож 398. 21/22(943. 42)(510) Қолжазба құқығында
17 12 2014
4 стр.
25 12 2014
4 стр.
Кілт сөздер: байланыс жүйесі, цифрлық коммуникациялық жүйесі, электрстансасы, диспетчерлік байланыс
25 12 2014
1 стр.
ОД. 14. 50. 05 педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Қарағанды мемлекеттік Е. А. Бөкетов атындағы университеттің №11-ғимаратының акт залында өтеді. Мекен
25 12 2014
3 стр.