Перейти на главную страницу
13.00.08 – Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
Жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Кәсіптік педагогика» кафедрасында орындалды
Ғылыми жетекшісі: |
ҚР ҰҒА-ның академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.П.Сейтешев |
Ресми оппоненттер: |
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әбдіраман Ш. |
|
педагогика ғылымдарының кандидаты Аманқұлов К.І.
|
Жетекшi ұйым: |
Еуразия гуманитарлық институты |
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 30, 3-қабат.
Автореферат 2008 жылдың “____” “_________” таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, педагогика
ғылымдарының докторы, доцент Көшербаева Ә.Н.
Педагогикалық практика кәсіптік оқыту педагогының кәсiби даярлығы жүйесiнде мынадай маңызды қызметтер атқарады: оқытушылық; дамытушылық; тәрбиелiк; диагностикалық. Осыған орай кәсіптік мектептегі педагогикалық практика университеттегi теориялық оқыту мен студенттердiң оқу-тәрбие мекемелерiндегi өзiндiк жұмысы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады, студенттердi алғашқы, әрi өте құнды педагогикалық iс-әрекет тәжiрибесiмен қаруландырады, теориялық бiлiмдердi бекіту мен тереңдету құралы ретiнде қарастырылады.
Практика ұғымының философия, психология, педагогика ғылымдарында өзіндік қалыптасу тарихы болғандықтан теориялық талдау мен практиканың рөлі жөнінде В.И.Лениннің, К.Маркстің, Ф.Энгельстің, И.Т.Фроловтың, Ә.Нысанбаевтың, Д.Кішібековтердің еңбектерінде философиялық тұрғыда теория мен практика ұғымдарының мәні талданып, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Б.Ф.Ломов, Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, Н.К.Вахтомин, Т.Тәжібаев, А. Темірбеков, Қ.Б. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Х. Шериязданова, С.М. Жақыпов және т.б. еңбектерінде практика таным процесінде ақиқатқа жетудің көзі деген тұжырымдар жасалған.
А.В.Усова, Г.А.Бакулина, Е.Б.Весна, Ш.А.Абдраман, О.А. Абдуллина, В.А.Сластенин, С.Я. Батышев, Б.К. Момынбаев, В.В. Егоров, Б.Ә. Әбдiкәрiмов, Н.Д. Хмель, Н.В. Кузьмина, Л.К. Керімов, Т.П. Смолкина, А.А. Калюжный, Г.К.Нұрғалиева, Б.Р. Елманова, А.И. Пискунов, С.Яковлев, Б.Р. Айтмамбетова, Қ.Қ. Шалғынбаева, Л.И. Гусев, Г.К. Байдельдинова, Н. Иванова және т.б. ғалымдар жоғары мектеп педагогикасында педагогикалық практиканың орны мен маңызы туралы, А.И.Щербаков, В.В.Воробьева, Г.И. Михалевская, А.И.Панталеева және т.б. жалпы теориялық мәселелері, мазмұны, ұйымдастыру әдістері; А.П.Упорова, Н.А.Шамков, М.К.Танасейчук, Н.Е.Жақсылықова, Г.М. Сарсенбаева, А.Б.Бекманова практиканың оқу процесі мен студенттердің өзіндік жұмыстарындағы рөлін және орнын анықтау; В.А. Радионова, А.Ф. Линенко, К.С. Төребаева, А.Б. Нургожина, К. Әбдімәжитұлы, К.І. Аманқұлов, А.И. Балабаева, С.А.Жолдасбекова кәсіби маман даярлауды жетілдіру; Н.З.Еловая, В.К.Розов, С.Ш.Әбенбаев және т.б топ кураторы профессиограммасын құрастыру туралы ғылыми зерттеулер жүргізілген. Сонымен бірге А.П.Сейтешев педагогикалық практиканы теориялық білімдерін, педагогикалық іскерліктері және дағдылармен ұштастырып, кәсіби сапаларды қалыптастырушы маңызды алғышарты ретінде көрсеткен. Зерттеу барысында аталған ғалымдардың еңбектері мен педагогикалық практиканы жетілдіру туралы ғылыми тұжырымдары басшылыққа алынды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес жастардың бойында адамгершілік қасиеттердің: ұлттық мақтаныш, патриоттық сезім, адамдарға гумандық қарым-қатынас, ұлттық үрдістегі өзіндік мәдениетін сыйлауды, адамгершілік мінез-құлықтың қалыптасуын талап етеді. Бұл болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының жеке тұлғасын тәрбиелеуші ретінде қалыптастырудың жаңа тәсілінің дәріптелуін, кәсіптік-педагогикалық білім берудің заман талабына сай жаңа мақсаттарын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінуін, тұлғаның қоғам дамуының белгілі бір деңгейге жетуін талап етеді. Осы мәселелердің іске асуы жоғары оқу орындарында кәсіптік мектептерде педагогикалық практиканы өткізудің дұрыс жолға қойылуына тәуелді. Әзірге, жалпы тәрбие мәселесі, оның ішінде педагогикалық практика білім беру процесімен, оның мазмұнымен, жаңа бағдарламалармен, оқулықтармен, оқыту технологияларымен шектеліп отыр. Тәрбие мәселесінің кәсіптік жоғары оқу орындарында көлеңкеде қалып қойғаны жөнінде айта кеткен жөн. Қазіргі қалыптасқан жағдай екі әртүрлі, бірақ өзара байланысқан оқыту мен тәрбиелеу процесін бір «білім беру» терминіне біріктіреді. Соның нәтижесінде жалпы тәрбие процесі, оның ішінде педагогикалық практика барысындағы тәрбие мәселесі назардан тыс қалып қойды. Егер білім берудің құраушылары үнемі жаңаланып отыратын білім беру жүйесімен байланысты мазмұнды танымдық контекске бағытталған болса, онда тәрбие құраушылары жеке тұлғаның құндылық құрамына, оның адамгершілік, рухани мәдениетіне бағытталған кәсіптік мектеп тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қазіргі жағдайын қанағаттанарлық деп есептеуге болмайды, ол кәсіптік мектеп оқушыларына тәрбиенің жеткіліксіздігімен тікелей байланысты.
Зерттеуге байланысты әдебиеттердi талдау, кәсіптік оқыту педагогтарын даярлайтын университет түлектерінің педагогикалық іс-әрекетін зерделеу, осы мамандықтарды даярлайтын факультеттер мен кафедралардың жұмыс тәжірибелерімен танысу, кәсіптік мектеп үшін педагог кадрларын даярлау тәжірибеге ғана негізделгенін, жеткiлiктi ғылыми негiзінің жоқтығын, нақтырақ айтқанда кәсіптік оқыту педагогтарын педагогикалық практика барысында тәрбие жұмыстарына даярлау мүмкіндіктерінің анықталмағанын; бірыңғай жүйенің жасалмағанын, педагикалық практиканың тиімділігін арттыратын әдіс-тәсілдердің, шарттардың, амал-жолдарының айқындалмағанын; ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың; кәсіптік мектеп оқушыларын кәсiби-өндiрiстiк еңбекке баулудың негiзгi құралы ретiндегi оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын кеңiнен қолданудың психологиялық-педагогикалық және дидактикалық негiздерiн жасауға бағытталған теориялық зерттеулердiң толыққанды жасалмағанын көрсетті. Демек, болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын педагогикалық практика арқылы кәсіптік мектептегі тәрбие жұмысына даярлау қажеттігі мен оны даярлау үшін қажетті теориялық-әдіснамалық негіздеудің мазмұны мен мәнінің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылық бары анық байқалады. Сондай-ақ қазіргі уақытқа дейін болашақ кәсіптік оқыту педагогын тәрбие мәселесін шешудің мәні неде екендігі, педагогикалық практиканың ролі, болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын тәрбие жұмыстарына даярлаудың тұтас жүйесін қалай құру керек екендігі түсініксіз болып отыр.
Осы айтылған мәселелердің өзектілігі, ғылыми-теориялық және әдістемелік жағынан жеткілікті қарастырылмауы бiздiң зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Студенттердің педагогикалық практикасын кешенді тапсырмаларды құрастыру және қолдану негізінде жетілдіру (кәсіптік оқыту педагогын тәрбие жұмыстарына даярлау тәжірибесінен) деп таңдауымызға негiз болды.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнындағы біртұтас педагогикалық үрдіс.
Зерттеу пәнi: педагогикалық практиканы кешендi тапсырмалар негiзiнде ұйымдастыру.
Зерттеудiң мақсаты: педагогикалық практиканы кешенді тапсырмаларды құрастыру және қолдану арқылы жетілдіруді теориялық және ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеу.
Зерттеудiң болжамы: «Кәсіптік білім» мамандығында оқитын студенттердің педагогикалық практикасын жоғары дәрежеде меңгеруге қол жеткізуге болар еді, егер педагогикалық практиканы кешенді тапсырмалар арқылы жетілдіру проблемасы ғылыми-теориялық тұрғыда негізделсе, педагогикалық практиканы ұйымдастырудың тиімді әдістері, тәсілдері іріктеліп, оқу-тәрбие үрдісіне өз дәрежесінде енгізілсе, онда педагогикалық практиканы жетілдіру нәтижелі болып, қоғам талабына лайықты маман даярланады.
Зерттеудің мiндеттерi:
Зерттеудiң басты әдiснамалық қағидалары: тұлғаның iс-әрекетте дамуы жөнiндегi философиялық-психологиялық теорияларына; қазiргi дүниедегi тұлғаның әлеуметтену ерекшелiктеріне; теория мен практиканың өзара байланысы жөнiндегi iлiмге; тұлға мен жеке адамның дамуындағы практиканың ролiне; тұтас педагогикалық үрдіс тұжырымдамасына; оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға жүйелi-мәдени, кәсiби iс-әрекеттiк және тұлғалы-бағдарлық амал-әдiстерге; педагогикалық бiлiм берудi iзгiлендiру идеясына негiзделедi.
1. Педагогикалық практиканы кешенді тапсырмалар негізінде жетілдірудің ғылыми-теориялық негізін айқындау, педагогикалық практиканы жаңа бағытта ұйымдастыруға себепші болады;
2. Кешенді тапсырмалар арқылы анықталған педагогикалық шарттар педагогикалық жетекшіліктің ғылыми негізделген жолдарын айқындайды;
3. Педагогикалық практиканы жетілдіру теориясының негізінде құрастырылған кешенді тапсырманың моделі оларды орындау кезіндегі басшылықтың сипатын, компоненттерінің өзара байланысын негіздейді;
4. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының қорытындысы ғылыми-әдістемелік тұрғыда педагогикалық практиканы жетілдіруге мүмкіндік береді.
Зерттеу кезеңдерi.
Зерттеулердiң жалпы идеясы мен қисынына байланысты жұмыстың келесi кезеңдерi бойынша жүйелендi.
Кәсіптік оқыту педагогы өз iс-әрекетiнiң мәнiн терең түсiнбей, қоғамдық-саяси, арнаулы ғылыми, психологиялық-педагогикалық бiлiмдер жүйесiн игермей, сондай-ақ теориялық бiлiмдерiн, практикалық мәселелердi шешу кезiнде шығармашылықпен қолдану iскерлiгiнсiз жүзеге асыра алмайды. Педагогикалық практика болашақ мамандарды педагогикалық iс-әрекеттiң алғашқы және аса құнды тәжiрибесiмен қаруландырады, студенттердiң педагогикалық iс-әрекетке кәсiптiк жұмысқа дейiн-ақ даярлығының көрсеткiшi қызметiн атқарады. Мұның бәрi студенттердiң педагогикалық практикасын жетiлдiру проблемасының теориялық және практикалық мәндiлiгiн қамтамасыз етедi.
Педагогикалық практиканы табысты өткiзу үшiн, бiздiңше, студенттердiң кәсiби бiлiмдердi, iскерлiктер мен дағдыларды саналы игеруге шығармашылықпен және үлкен жауапкершiлiкпен қарау қажеттiгiне көздерiн жеткiзiп, педагогикалық практиканы өз бетiмен орындайтын педагогикалық iс-әрекет ретiнде қарастыру керек.
Теориялық талдау материалистiк iлiмдегi адам iс-әрекетiнiң өзгертушiлiк сипаты жөнiндегi, практиканың ролi жөнiндегi, оның басым мәнi және теориямен байланысы жөнiндегi iлiмдерге сүйенедi; практика таным шынайылығының, практикалық iс-әрекетке жетекшiлiк жасау қызметiн атқаратын теория ақиқаттығының шешушi және жалғыз критерийi болып табылады деген принциптiк әдiснамалық қағидаларына негiзделедi.
Практиканың ролi жөнiндегi идея қазiргi философияда одан әрi жалғасын тауып отыр. Бiз практиканы заттық iс-әрекет ретiнде қарастыратын көзқарасты (Н.К.Вахтомин, В.А.Восонович, П.В.Копнин) жақтаймыз. Көрнектi психологтардың (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, В.Ф.Ломов, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн және т.б.) еңбектерiнде практика адамзат iс-әрекетiнiң маңызды және шешушi компонентi ретiнде қарастырылады.
Зерттеудiң мақсатын және мiндеттерiн басшылыққа ала отырып, бiз жұмыс барысында Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко ұсынған және негiздеген студенттердiң теориялық және практикалық даярлығының бiрлiк принципi; педагогикалық практиканың болашақ кәсіптік оқыту педагогын даярлау жүйесiндегi орны; педагогикалық практиканың құрылымы; педагогикалық шеберлiктi игеру бойынша жаттығулар жүйесi; студенттердi оқытудың маңызды құралы ретiндегi педагогикалық практика мәселелерiн талдадық.
Педагогикалық практика проблемасының қазiргi педагогикадағы жай-күйiн талдау зерттеулердiң басым көпшiлiгiнiң болашақ педагогтардың кәсiптiк даярлығын жетiлдiруге арналғандығын көрсетедi, атап айтқанда, педагогтар шеберлiгiнiң негiзiне психологиялық-педагогикалық талдау жүргiзiлдi (А.П.Акимова, О.А.Абдуллина, В.К.Елманова, З.Ф.Есарева); педагогикалық шеберлiктiң кәсiптiк сипаттамасын зерттеу одан әрi жалғасуда (Н.А.Половникова, Н.А.Рыков, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков және т.б.); педагогикалық практиканы ұйымдастыру зерделенуде (О.А.Абдуллина, Е.В.Бондаревская, З.И.Васильева, Э.А.Гришин, В.К.Розов, А.П.Сейтешев, В.А.Сластенин және т.б.); болашақ педагогтардың практика процесiнде кәсiби-педагогикалық iскерлiктерi мен дағдыларын қалыптастырудың ерекшелiктерi анықталуда (Е.И.Антипова, В.В.Воровьева, Н.З.Еловая, Б.Д.Красовский, Г.А.Засовина, Е.Б.Орлова, В.Н.Овчинникова және т.б.).
Ал болашақ педагог даярлығы жүйесiндегi педагогикалық тапсырмалар проблемасы әлдеқайда аз дәрежеде зерттелген. Бұл мәселе (Н.А.Смирнова) жасөспiрiмдермен жүргiзiлетiн жұмыс бойынша берiлетiн педагогикалық тапсырмалар түрiнде әртүрлi аспектiлерде қарастырылған; студенттердiң танымдық белсендiлiгiн және шығармашылық қабiлеттерiн дамытудағы тапсырмалардың ролi (Р.А.Низамов); студенттердiң педагогикалық iс-әрекетiне зерттеушiлiк көзқарасын қалыптастыруға арналған тапсырмалардан тұратын ғылыми-педагогикалық нұсқау (В.М.Духовная, С.А.Зимичева). Сондай-ақ Н.В.Кузьмина педагогикалық мәселелер жүйесi ретiнде қарастырған репродуктивтiк және модельдеу жүйесi және О.А.Абдуллина зерттеп, әзiрлеген оқу-зерттеу тапсырмалары теориялық және практикалық жұмыстардың тоғысы болып табылады. В.А.Сластениннiң пiкiрi бойынша, нақты тапсырмалар студенттердiң өзiндiк танымдық iс-әрекетiнiң мәндi дәлелдерiн қалыптастыру үшiн, тапсырманы орындау процесiн өз бетiмен бiлiм алу iс-әрекетiмен жақындастыру үшiн жағдайлар туғызады. Нақты тапсырма студенттердiң өзiн-өзi әлеуметтiк, кәсiптiк және адамгершiлiк тұрғыдан танып-бiлуiне ықпал ететiн өзiндiк танымдық iс-әрекетiнiң әлеуметтiк-мәндiк себеп-салдарын қалыптастыру үшiн жағдай жасайды дей келе, «іс-әрекет мақсатымен және оны жүзеге асыру шартымен сәйкес келетін педагогикалық жағдайлар - педагогикалық тапсырма болып табылады» - деп анықтама береді. Г.М.Коджаспирова «Педагогикалық тапсырма туындаған педагогикалық жағдайлар мен оны шешу негізіне бағытталған, қажетті әрекеттер жоспары» деп қарастырады.
Біз авторлардың осы аталған тапсырма ұғымдарына берген анықтамаларына тоқталамыз, оларды қолдай отырып, зерттеу пәнімізге қарай: «Тапсырма дегенiмiз мақсат қоюдан бастап нәтиже алғанға дейiнгi педагогикалық үрдісті жүзеге асыратын логикалық байланысты әрекеттердiң жиынтығы», деп өз анықтамамызды береміз. Тапсырмалар құрастыруда мынадай талаптарды қанағаттандыруын қарастырдық: тапсырманың педагогикалық үрдістің барлық маңызды белгілерін қамтуы; кез-келген педагогикалық мақсатты жүзеге асыруда жалпы мәнге ие болуы; педагогикалық үрдісте кез-келген жағдайда бақылау жасау мүмкіндігінің болуы.
Сонымен қатар педагогика ғылымында жинақталған теорияны оқып-үйрену, университет студенттерінің педагогикалық практикасын ұйымдастырудың бастапқы деңгейін зерттеу, бізге студенттердің педагогикалық практикасының тиімділігін қамтамасыз ететін келесі шарттарды анықтауға мүмкіндік берді:
Кешенді тапсырмалар:
- педагогикалық үрдіс мақсатының, мазмұнының, құралдары мен нәтижелерінiң бiрлiгiн;
Қарастарылған кешендi тапсырма ұғымына өз тарапымыздан анықтама береміз: «Кешенді тапсырма - мақсат қоюдан (мәселелер қоюдан) нәтиже алғанға дейiнгi тұтас педагогикалық үрдісті қамтамасыз ететiн, педагогикалық мәселелер жүйесiн шешуге бағытталған логикалық байланысты әрекеттердiң жиынтығы».
Зерттеу барысында бұл кешендi тапсырмалар келесi басты қағидалар негiзiнде құрылды:
Кешендi тапсырмаларды аталған қағидалардың негiзiнде құрастырудың әдiстемесi оларды практика мәселелерiн шешудiң және оны ұйымдастырудың құралы ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бердi.
Зерттеуде кешендi тапсырманың моделi ұсынылды (2-сурет).
Оқыту тәсiлдерi
1. Мамандық бойынша сабақтарды бақылау. 2. Мамандық бойынша сыныптан тыс және сабақтан тыс сабақтарды бақылау. 3.Сынып жетекшiсiнiң тәрбиелiк жұмысын бақы-лау. 4.Жалпы кәсiптiк мектеп көлемiндегi тәрбие жұмысын бақылау. 5.Қоғамдық ұйымдар жұмы-сын бақылау.
|
1.Кәсiптiк мектеп қызметкер-лерiмен, оқу iсi меңгерушiсiмен, тәрбие жұмысын ұйымдастыру-шымен, психологиялық қызмет көрсетушiлермен, әдiстемелiк комиссиямен: оқытушылармен, өндiрiстiк оқыту шеберлерiмен, сынып жетекшiлерiмен әңгiмелесу. 2.Университет оқытушылары-мен (әдiскермен, педагогика, психология, арнаулы кафедра оқытушыларымен) топтық және жеке кеңес өткiзу. |
1.Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлаудағы жаттығулар. 2.Құрал-жабдықты сабаққа даярлаудағы жаттығулар. 3.Сабақтарды, тәрбие шараларын талдаудағы жаттығуар. 4.Пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстар өткiзудегi жаттығулар. 5.Өз сабағын өткiзудегi жаттығулар 6.Оқу тобында тәрбие жұмыстарын өткiзудегi жаттығулар 7.Есептiк құжаттарды құрастырудағы жаттығулар.
|
1.Бағдарлық (кiрiспе) конференция. 2.Қорытынды конференция 3.Қатысқан сабақтарды, практикалық сыныптан тыс iс-шараларды талқылау. 4.Студенттердiң сабақтарын талқылау. 5.Қатысқан тәрбие шараларын талқылау
|
Репродук-тивтiк
Мазмұнды, әдiстердi, формаларды iрiктеп алу
Нә-
Модельге студенттер орындауы тиiс әрекеттердiң бiрiздiлiгiн қамтитын жалпыланған алгоритм, оларды жүзеге асырудың мазмұны, тәсiлдерi мен формалары, қажеттi бiлiмдер мен iскерлiктер қарастырылған. Модель студенттердiң тапсырмалар орындау кезiндегi бiрiздiлiгi мен сипатын анықтайтын өзiндiк бағдар болып табылады.
Одан әрi студенттердiң кешендi тапсырманы орындау кезiнде педагогикалық үрдіс кезеңдерiн бейнелейтiн iс-әрекетiнiң құрылымы теориялық деңгейде зерттелiнiп, әзiрлендi:
Зерттеу барысында біз практиканттардың төмендегідей оқу-тәрбиелік іскерліктерді игеруі керектігін ұсындық: тәрбие жұмысын жалпы адами және ұлттық тәрбие принциптері тұрғысынан жоспарлау, талдау және жүзеге асыру; тәрбиеленушіге деген жоғары талаптарды оның тұлғасына деген терең құрметпен сабақтастыру; тәрбиеленушілер тұлғасынан оң мінезді табу және жеке келістерді жүзеге асыру кезінде оған арқа сүйеу; келешекті сызықтар мен параллель іс-әрекет әдістемесін қолдану; жеткіншектерді психологиялық зерттеу мақсатында әдістемелер кешенін қолдану; оқушыларды психологиялық зерттеудің оқу-тәрбие процесін талдау кезіндегі нәтижелеріне сүйену; оқу-тәрбие процесін (оның жекелеген жақтарын) талдау негізінде университет оқытушысы көмегімен нақты оқу-тәрбие мәселеін қою және оны шешу жолдарын жоспарлау; қойылған мәселелерді шешу мақсатында тәрбиеленудің формаларын, әдістерін және құралдарын таңдау, әрі қолдану; тәрбиелеу құралын таңдау кезінде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру; - оқушылық топ ұжымында өзін тәрбиелеу бойынша жұмыс ұйымдастыру; сабақтың және сабақтан тыс тәрбиелік шараның негізгі элементтерін бақылау және талдау, нәтижелерді педагогикалық практика күнделігіне тіркеу, оларды талдау; өзін кәсіби дайындаудың бағдарламасын құру және орындау; педагогикалық күнделік жүргізу.
а) студенттердiң бiлiмдерiнiң және қалыптасатын iскерлiк-терiнiң бастапқы деңгейiн анықтау |
ә) оқушылар ұжымының адамгершiлiк даму деңгей-iн, тұлғааралық қатынасын анықтау |
б) оқу тобы ұжымы-ның ерекшелiктерiне сәйкес келетiн жұмыс формаларын таңдап алу |
в) жекелеген жұмыс-тар жүргiзу әдiсте-месiн жүзеге асыру |
г) бастапқы жоспар-ларға алынған нәти-желердi талдау негi-зiнде түзету |
д) оқушыларды түрлi iс-әрекет түрлерiне қатыстыру |
е) студенттердiң бiлiм-дерi мен iскерлiктерiн белсендiлендiру |
жасалған жұмысты талдау, қорытындысын шығару.
ж) жасалған жұмысқа қатысты iс-әрекеттi бағалаудың ғылыми негiзделген өлшем-дерiн пайдалану |
з) тәрбиелiк деңгейдегi өзгерiстердi анықтауда диагностикалық әдiстемелердi қолдану |
и) алынған нәтиже-лердi қойылған мiндеттермен салыстыру |
к) кейiнгi тәрбиелiк iс-әрекеттiң болашағын анықтау |
25 12 2014
4 стр.
Ож 821. 512. 122. 03 Қолжазба құқығында
25 12 2014
4 стр.
Ож 398. 21/22(943. 42)(510) Қолжазба құқығында
17 12 2014
4 стр.
17 12 2014
3 стр.
Ож 398 (574) (092) Қолжазба құқығында
16 09 2014
3 стр.
25 12 2014
1 стр.
ОД. 14. 50. 05 педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Қарағанды мемлекеттік Е. А. Бөкетов атындағы университеттің №11-ғимаратының акт залында өтеді. Мекен
25 12 2014
3 стр.
И. О. Председателя Совета Дерягин Анатолий Иванович: 374-41-73, 349-30-06, 378-36-46, 378-38-68
11 10 2014
1 стр.