Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»

мемлекеттік қызметі
1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметін Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушы да электрондық цифрлы қолтаңба болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

Шалғайдағы елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді Жылжымалы Орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 115 – 132-баптары, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңының 29-бабы, «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында (www.bala-kkk.kz, «Нормативтік құқықтық актілер» бөлімі);

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында (www.con.gov.kz);

3) ресми ақпарат көздерінде және Орталықтардың орынжайларында орналасқан стенділерде;

4) порталда орналасады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сall-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін;

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны:

1) Орталықта –қағаз тасымалдағышта қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру;

2) порталда – уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат нысанындағы анықтама беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

Орталыққа жүгінген кезде:

1) мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бес жұмыс күнін (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

3) жүгінген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

4) анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты алған кезде кезек күтудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.

Портал арқылы жүгінген кезде:

мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бес жұмыс күнін құрайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет:

1) Орталыққа жүгінген кезде – демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына алты күн, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Жылжымалы Орталықтар құжаттар қабылдауды Орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем болмайды;

2) веб-портал арқылы өтініш білдірген кезде – тәулік бойы.

10. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

1) Орталыққа жүгінген кезде:

қорғаншылықты (қамқоршылықты) тағайындау туралы жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің көшірмесі;

мынадай:


мемлекеттік қызметті алушының (қорғаншының (қамқоршының) жеке басын растайтын құжаттың;

баланың туу туралы куәлігінің (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);

тұрғылықты жерінен анықтаманың деректері.

Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін олар өтініш берушіге қайтарылады;

2) порталда:

электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанындағы сұраныс;

қорғаншылықты (қамқоршылықты) тағайындау туралы жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің көшірмесі – сканерленген көшірме түрінде электронды сұранысқа тіркеледі;

мынадай:

мемлекеттік қызметті алушының (қорғаншының (қамқоршының) жеке басын растайтын құжаттың;

баланың туу туралы мәліметтері (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) не анықтама сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;

тұрғылықты жерінен мәліметтер не анықтама сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.

Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.

11. Орталық мемлекеттік қызметті алушы құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде Орталық қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.

Уәкілетті орган Орталықтан түсетін құжаттарды ресімдеуде кеткен қателерді анықтаған кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды жазбаша негіздемесімен бірге Орталыққа қайтарады.

Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық бұл туралы мемлекеттік қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде ақпараттандырады және уәкілетті органның қайтару себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушы порталдағы «жеке кабинетінде» электрондық құжат түрінде алады.

12. Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағым дайындауға көмек көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы Орталық басшылығына жүгінеді.

Сондай-ақ, Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты «Электронды үкіметтің» сall-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.



Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»

Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі мемлекеттік қызмет) осы стандартқа

101.01kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
769.31kb.

14 12 2014
3 стр.


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
1011.81kb.

12 10 2014
7 стр.


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметі «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
49.53kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

211.52kb.

12 09 2014
1 стр.


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

Орғаншы (қамқорлыққа алушы) – қорғаншылық пен қамқорлыққа алу міндетін атқаруға заңмен бекітілген ретпен тағайындалған тұлға

51.04kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру»
984.71kb.

25 12 2014
3 стр.


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Электрондық мемлекеттік қызмет «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

181.57kb.

25 12 2014
1 стр.