ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ
«Облыстың Статистика органда-
рының 2009 жылғы жұмыстарының
қорытындысы туралы»
Сараптама жұмысы. 2009 жыл бойына статистика департаментімен 31 сараптама жазбасы мен баяндамасы дайындалды, оның ішінде, салалар бойынша: өнеркәсіп – 3; құрылыс және инвестиция – 3; ауыл шаруашылықтарының табыстары – 3; кәсіпорындар қаржысы – 3; қызмет, көлік және байланыс – 4; еңбек және жұмыспен қамту – 3; баға – 5; әлеуметтік және демография статистикасы – 3; сауда – 3; үй шаруашылығы – 1.
Статистикалық жұмыстардың жариялылығын кеңейту жұмысы. Осы 2009 жылы Бұқаралық ақпарат құралдарына департаменттің салалық басқармаларымен
258 баспасөз хабарламасы жіберілді және оның – 223-і жарияланған, олардың ішінде салалар бойынша: әлеуметтік және демография статистикасы – 11; үй шаруашылықтарының табыстары – 3; көлік және байланыс қызметі – 3; кәсіпорындар қаржысы – 11; құрылыс және инвестиция - 12; баға – 9; сауда – 8; өнеркәсіп – 12; еңбек – 8; ауыл шаруашылығы – 12; «Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» хабарлама – 12; халық санағы және аудандық (қалалық) статистика басқармаларымен дайындалған хабарламалар саны – 157.
Облыстық теледидар және радио бойынша: 2009 жылы бұқаралық ақпарат құралдарына департаменттің салалық басқармаларымен 27 рет хабарлама берілді, оның ішінде «ОҚО тұтыну бағалары туралы», «2008 жылғы облыстағы өнеркәсіп өндірісінің дамуы», «Облыстағы халық саны және демографиялық жағдай», «Жұмыссыздық және жұмыспен қамтамасыз ету», «Облыстағы негізгі капиталға бағытталған инвестиция», «Облыс бойынша орташа айлық жалақы», «Облыстағы көші-қон процестері», «Бөлшек сауда мен көтерме сауда айналымының көлемі туралы», «Облыстағы өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының жағдайы», «Облыстағы ең төмен күнкөріс деңгейі», «ОҚО-дағы еңбек рыногының жағдайы», «Облыстағы тұрғын үй құрылысының жағдайы», «Облыстағы егіс көлемінің жағдайы», «Облыстағы мал шаруашылығының жағдайы», «Облыстың өндірістік комплексі туралы», «Облыс халқының ақшалай табысының жағдайы», «ОҚО-дағы көліктің жұмысы туралы». Cонымен қатар, ОҚО статистика департаменті басшылары – 7 рет, ал халық санағы және аудандық (қалалық) статистика басқармалары – 28 рет хабарлама берді.
Жариялымдық қызмет. 2009 жылы 23 статистикалық жинақ: «Қазақстан өңірлерінің цифрлары» (ай сайын), «Ауыл (село) дамуының мониторингі» (тоқсан сайын), «ОҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы» (ай сайын), «ОҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы» (қысқаша, ай сайын), «ОҚО бағалары», «ОҚО-ның Мемлекеттік статистикалық тіркелімі», «ОҚО-дағы бірлескен және шетел кәсіпорындарының қызметі», «ОҚО қысқаша статистикалық жылнамасы», «ОҚО-да қоршаған ортаны қорғау», «ОҚО-ның демографиялық потенциалы», «ОҚО-дағы шағын кәсіпкерлік субъектілері», «ОҚО-дағы көлік және байланыс қызметі», «ОҚО-дағы туризм», «ОҚО-дағы халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек ақысы», «ОҚО-ның өнеркәсібі», «ОҚО-ның үй шаруашылықтары», «ОҚО инвестициялық және құрылыс қызметі», «ОҚО қаржысы», «ОҚО-дағы бөлшек және көтерме сауда», «ОҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы» (жылдық), «ОҚО ауыл, орман және балық шаруашылығы», «ОҚО негізгі құрал-жабдықтары (қорлары)», «ОҚО және оның өңірлері» - статистикалық жинақ.
2009 жылы 262 бюллетень, 248 – жедел-ақпарат дайындалып, басылып шығарылды. Аудандық (қалалық) статистика басқармаларымен 185 баяндама, 370 – жедел-ақпарат, 412 бірлік статистикалық бюллетеньдер шығарылды.
Статистикалық жұмыстар. 2009 жылғы жұмыстардың жоспарына сәйкес департаменттің салалық басқармаларымен 1100 статистикалық жұмыстар, 86 – бірмезгілдік іріктеп зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Осы кезеңде аудандық (қалалық) статистика басқармаларымен 8128 – статистикалық жұмыстар, 2221 - бірмезгілдік іріктеп зерттеу жұмыстары орындалды.
2009 жылы департаменттің салалық басқармаларымен статистикалық есептерді толтыру бойынша: кәсіпорындардың, ұйымдардың есепшілерімен статистиканың өнеркәсіп, сауда және қызмет, еңбек, құрылыс, инвестиция, әлеуметтік-демографиялық статистикасы. Статистикалық есептердің сапасы және тапсыру мерзімі жөнінде кәсіпорындар мен ұйымдарға 615 хат жолданды.
Аудандық (қалалық) статистика басқармаларымен кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің атына 815 хат жіберілді. Аудан әкімдерінің, кәсіпорындардың басшыларымен есепшілерінің қатысуымен статистикалық есеп нысандарын және бірмезгілдік іріктеп зерттеу сауалнамасын толтыру бойынша 63 нұсқаулық-мәжіліс өткізілді.
2009 жылы статистикалық есептерді тапсыру мерзімін бұзғаны үшін облыс кәсіпорындары-на (ұйымдарына) 988 әкімшілік іс қозғалды, олардың 48-не 487665 теңге сомасында айып пұл салынды.