Жамбыл облысы статистика Департаментінің
2012 жылғы жұмысы туралы есеп
Жамбыл облысының статистика Департаменті мемлекеттік статистика аясында мемлекеттік басқарманың қызметін атқаруға және қадағалауға уәкілетті Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің мемлекеттік мекемесі және аумақтық органы болып саналады.
Департаментте 10 басқарма, оның ішінде 9 салалық, сонымен қатар 10 аудандық және 1 қалалық статистика басқармалары жұмыс істейді.
Ұйымның құрылымы:
-
Тіркелімдер басқармасы;
-
Респонденттермен жұмыс басқармасы;
-
Үйлестіру және статистикалық ақпараттарды пайдаланушылармен жұмыс басқармасы;
-
Қаржылар және инвестициялар статистикасы басқармасы;
-
Өндіріс статистикасы басқармасы;
-
Қызметтер көрсету саласының статистика басқармасы;
-
Бағалар статистикасы басқармасы;
-
Әлеуметтік-демографиялық статистика басқармасы;
-
Еңбек және үй шаруашылықтарын зерттеу статистикасы басқармасы;
-
Ішкі әкімшілік басқарма.
Облыс Департаментінде және оның аудандардағы бөлімшелерінде 158 маман – мемлекеттік қызметкерлер еңбек етеді. Олардың басым көпшілігі (84,2%) жоғары білімді мамандар, тек аздаған бөлігінің орта арнаулы экономикалық білімі бар.
Жамбыл облысының статистика Департаменті өз жұмысын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «27» желтоқсандағы № 1610 Қаулысымен бекітілген статистикалық жұмыстар Жоспарына сәйкес жүзеге асырады. 2012 жылы бізбен 195 статистикалық байқаулар жүргізілді, оның ішінде 45 – айлық, 34 – тоқсандық, 11 – жартыжылдық, 105 – жылдық, біржолғы және басқа мерзімдегілер.
Статистика салалары бойынша байқаулардың саны
№
р/қ
|
Статистика саласы
|
Байқаулар саны
|
барлығы
|
айлық
|
тоқсан-дық
|
жыл-дық және басқа кезең-дегілер
|
жарты-жыл-дық
|
1
|
Құрылымдық статистика
|
8
|
1
|
3
|
4
|
|
2
|
Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы статистикасы
|
16
|
2
|
1
|
12
|
1
|
3
|
Өнеркәсіп өндірісі статистикасы
|
5
|
1
|
1
|
3
|
|
4
|
Инвестиция және құрылыс статистикасы
|
11
|
4
|
2
|
5
|
|
5
|
Инновация статистикасы
|
6
|
|
|
6
|
|
6
|
Қызмет көрсету статистикасы
|
11
|
|
1
|
9
|
1
|
7
|
Сауда статистикасы
|
11
|
2
|
2
|
7
|
|
8
|
Көлік статистикасы
|
7
|
1
|
|
6
|
|
9
|
Байланыс статистикасы
|
4
|
1
|
|
3
|
|
10
|
Туризм статистикасы
|
6
|
|
2
|
3
|
1
|
11
|
Бағалар статистикасы
|
23
|
19
|
2
|
1
|
1
|
12
|
Еңбек және халықты жұмыспен қамту статистикасы
|
10
|
2
|
3
|
5
|
|
13
|
Үй шаруашылықтары және халықтың тұрмыс деңгейі статистикасы
|
8
|
|
4
|
4
|
|
14
|
Әлеуметтік және экология статистикасы
|
14
|
|
2
|
12
|
|
15
|
Демографиялық статистика
|
8
|
6
|
|
1
|
1
|
16
|
Конъюнктуралық зерттеу
|
14
|
3
|
8
|
|
3
|
17
|
Тіркелімдер жүргізу үшін зерттеулер
|
18
|
3
|
3
|
10
|
2
|
18
|
Респонденттерді және пайдаланушыларды зерттеу
|
2
|
|
|
2
|
|
19
|
Экология статистикасы
|
9
|
|
|
8
|
1
|
Статистика Департаментінде және оның барлық аудандық (қалалық) бөлімшелерінде респонденттерге жүктемені жеңілдету мақсатында есептерді қабылдау үшін «Бір терезе» қызметі жұмыс істейді. Сонымен қатар есептерді қабылдау on-line режимінде жүргізіледі.
Статистикалық ақпараттарды тарату
және пайдаланушылардың сұранысын қанағаттандыру
Пайдаланушыларды алуан түрлі статистикалық ақпараттармен толықтай қамтамасыз ету статистиканың мемлекеттік органдары қызметінің басты мақсаты болып табылады. Сондықтан статистикалық ақпараттарды жариялау және тарату Жамбыл облысының статистика Департаменті үшін аса маңызды міндет болып саналады.
Біз өз жұмысымызда барлық пайдаланушылар деректерге тең қол жеткізе алады принципін басшылыққа аламыз. «Жамбыл облысы статистика Департаментімен 2012 жылы жариялануға тиіс статистикалық материалдардың бекітілген тізбесіне» сәйкес, ай сайын «Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы» журналы (кестелік қосымшамен бірге), «Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы» қалта бюллетені, жылына бір рет - «Облыстың қысқаша статистикалық жылнамалығы», «Облыстың статистикалық жылнамалығы», тоқсанына бір рет «Жамбыл облысы ауылының (село) дамуы мониторингі» жинақтары шығарылып отырады.
Бұдан басқа салалық статистика басқармаларымен 18 анықтамалықтар мен жинақтар шығарылды, онда соңғы 5 жылдағы даму көрсеткіштері кескінделген. Өткен жылы жылдық, жарты жылдық, тоқсандық және айлық кезеңдегі 150 түрлі бюллетеньдер және жедел ақпараттар шығарылды. Басқарма қызметкерлерімен бір жыл ішінде барлығы 9 талдамалы баяндамалар және 28 талдамалы жазбалар жазылған. Талдамалық жұмыстар барлық салалар бойынша дайындалды және бекітілген жоспарға сәйкес мерзімінде орындалды.
Жамбыл облысының статистика Департаментімен орындалған
талдамалы баяндамалар (жазбалар) саны
|
2012 жыл
|
барлығы
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Талдамалы баяндамалар
|
9
|
3
|
2
|
2
|
2
|
Талдамалы жазбалар
|
28
|
5
|
9
|
5
|
9
|
Жиынтығы
|
37
|
8
|
11
|
7
|
11
|
Жамбыл облысының статистика Департаменті 9-дан астам облыстар мен қалалардың газет баспаларымен, сонымен қатар телерадио компанияларымен шынайы ынтымақтастықта жұмыс атқарады.
Статистикалық ақпараттарды пайдаланушылар күнделікті жаңартылып отыратын біздің ақпаратпен Интернет-ресурста таныса алады.
2012 жылғы 11 желтоқсанда Жамбыл облысының статистика Департаменті Сапа менеджменті жүйесі сертификациясынан сәтті өтті.
Жамбыл облысының статистика Департаментінің ұжымы облыстың қоғамдық, спорттық, мәдени және саяси шараларына белсенді араласады.
2012 жылғы желтоқсанда Жамбыл облысы әкімдігі «Мемлекеттік тілді қолдау» аясында өткен конкурстың қорытындысын шығарды. Облыс орталығындағы 42 мемлекеттік мекемелердің арасынан мемлекеттік тілді дамытуға және насихаттауға ерекше көңіл бөлген 10 үздік мекеме іріктеліп алынды, оның ішінде Жамбыл облысының статистика Департаменті де бар.