1
Құрық селосы әкімінің 2012 жылы атқарған
жұмыстарының есебі
«Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі Жарлығына сәйкес әкімдердің халық алдында есеп беру жұмысы жыл сайын өткізіліп келеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20-қадам» атты бағдарламасы Қазақстанның болашақ дамуының даңғыл жолы іспеттес. Елбасының мемлекеттік дамуы, сананы сілкіндіріп, қоғамды жаңғырту бағытында осы уақытқа дейін жүргізіп келе жатқан игі бастамаларының заңды жалғасы. Президент осы бағдарламада мемлекетімізді дамыту, бүгінгі қоғамдағы қатынастарды реттеп отырған заңдарымызды тиімді пайдалану және оларды жетілдіру, әлеуметтік мәселелерді шешу, еңбек қатынастарын реттеу сияқты міндеттерді жүзеге асыру бағытында нақты ұсыныстар жасайды. Құзырлы орган өкілдерінің алдына қойып отырған осындай міндеттер арқылы Елбасы Қазақстан халқына да немқұрайдылық, масылдық сияқты әдеттерден арылып, нәтижелі еңбек етуге шақырады. Елбасының бұл бағдарламасын Қазақстандық қоғамның бүгінгі, жаңа замандағы бейнесі деуге болады. Көкейтесті тақырыпта арналған Жолдауда қаралған мәселелерді толық орындауына қосар үлесіміз бары сөзсіз.
Соңғы жылдары халқымыздың тұрмысы өсіп, экономикасы да, ішкі саясаты да орнықты мемлекет ретінде құрметтелуде.
Тарихи мәліметтерге жүгінсек, 1973 жылдың 20 наурызында біздің мұнайлы түбек Маңғыстау облысы болып құрылғанда осы өлкеден бір күнде Қарақия ауданы және Бейнеу ауданы болып бөлініп шығып, облысымыздың өрісі кеңіген болатын. Қарақия ауданының бұрынғы атауы-Ералиев болғанын бәрімізде білеміз.
Кеңестік дәуірде Құрық селосы дамуы, көркеюі жағынан ілгеріде тұрған аудан орталығы болды.
Өткен ғасырдың 90 - жылдары елімізге келген экономикалық дағдарыс кезінде құлдырау шегіне жетіп, 2000 - нан астам халқы жұмыссыз қалып, жергілікті тұрғындардың үдере көшуіне себеп болған.
Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Құрықтың қайтадан жаңарып, дамуын соңғы 9-10 жылмен байланыстыруға болады. Жерімізге шетелдік инвесторлардың келуі, аудан орталығының қайтадан түлеуіне, көркеюіне көп септігін тигізді. Көптеген жұмыс көздері ашылып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарды. Жаңадан салынған әдемі ғимараттар аудан орталығының сәнін келтірді. Уақыт талабына сай жасақталып, бой көтерген екі қабатты тұрғын үйлер аудан орталығына ажар беріп, село келбетін көріктендіріп тұр. Оларға Құрықтың инженерлік инфрақұрылымдары (газ, электр, су, жол) жаңарып, қалпына келтірілді.
2
Құрық селосы «Каспий теңізі» жағалауында әдемі жерде орналасқандықтан Мемлекеттік бағдарлама аясында Құрық теңіз портының және оның инфрақұрылымының дамуына байланысты, Құрық селосы бірінше кезекте тұрғындарының саны 35 мың адам, ал болашақта 60 мың адамға дейін өсетін жаңа қалаға айналады деп күтілуде.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығында әлем таныған Қазақстанды, енді бір он жылда осы мақсаттарға жетеді деген үміттемін.
2012 жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындарынан түскен 1 пікір тыңдалып, ұсыныстар бойынша село тұрғындары аялдамаға жер бөлуді сұраған болатын, ол мәселе шешімін тауып, жері белгіленіп берілді. Сонымен бірге тұрғындар қосымша банкомат ашуды сұраған болатын, бірақ бұл мәселе шешімін таппай тұр.
Селомызда 3 орта мектеп, 1 кешкі мектеп, Ералиев станциясында № 2 бастауыш мектеп, № 9 бастауыш мектеп, 1 өнер мектебі, 3 балабақша, 1 санаторлық балабақша, 2 шағын орталық балабақшалар бар. Балаларға жақсы тәрбие, сапалы білім беруге негізделген мекемелердің ішкі және сыртқы көріністері үйлесім тапты деуге болады.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша селомызға 38 жас мамандар келіп, әр сала бойынша қызмет көрсетуде. Олардың 20 –сы білім саласы бойынша, ал 18-і дәрігерлік саласында қызмет жасап жүр. Олардың 28–і тұрғын үймен қамтылған.
Ауылдық жерлерде ашылған білім шаңырақтары мемлекет қамқорлығында. Дана халқымыз «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» деп айтқандай, ауылдың келешегін жарқын етуге, еліміздің білімді де көшбасшы ұрпағын ауыл балалары арасынан көптеп дайындау мақсатында дайындалған білім ошақтары білім беру бағдарламаларын күрделендіріп, мамандар қатарына ғылым кандидаттарын, ғылыми жұмыстар жүргізе білетін білікті мамандарды тартуда.
Мектеп жасына дейінгі мекемелерде атқарылып жатқан жұмыстардың қатарында «Болашақ», «Құлыншақ» балабақшалары ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасап, жылу жүйелері қалыпқа келтірілді.
Селомызда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында өз кәсібін ашқан кәсіпкерлер саны көбейіп келеді. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша шағын кәсіпкер дамытқан сан алуан сала бойынша халыққа қызмет көрсетуде. Кәсіпкерлікті дамыту және кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жергілікті атқарушы орган тарапынан қажетті көмек жасалуда. Сондай - ақ, кәсіпкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында семинар - тренингтер өткізілді. Аудандық микрокредит бөлімі арқылы Құрық селосы бойынша 2012 жылы 7 жеке кәсіпкерге түрлі бағытта халыққа қызмет көрсету мақсатында 16 660 000 тенге қаржылай көмек берілді. Құрық селосы бойынша проблема болып шешілмей жүрген ауыз су мәселесі шешіліп, тұрғындар ауыз сумен қамтылуда. Құрық селосы бойынша 28 шақырымды құрайтын ауыл ішілік су құбыры тартылды. Осы тартылған ауыз суды үйді үйге тартып беру жұмыстарын өткен жылдан бері ауылдың жеке кәсіпкері Жүсіпов Самат ауыл
3
тұрғындарымен келісім - шартқа отырып, жұмысты қолға алып, жұмысы күні бүгінге дейін жасалу үстінде.
Тартылған су құбырымен селоның шағын аудандары мен көшелері толық қамтылды. Алайда, село ішілік су құбырылары жүргізілмей қалған көшелерге алдымыздағы жылы су құбырын тарту жоспарлануда, жобалық құжаттары жасақталу үстінде.
Қазіргі таңда селомызда 9 196 - нің үстінде халық бар. Селомыздың тұрғындарына екі қабатты жаңа үйлер тұрғызылып, тұрғындарға пайдалануға берілді, қазір тұрғындар тұрып жатыр. Сонымен бірге селомызға «Қол жетімді баспана бағдарламасы» бойынша 4 қабатты 2 тұрғын үй салыну үстінде. Құрылыс жұмыстары алдымыздағы жылдың бірінші тоқсанында аяқталып, село тұрғындарына кезектері бойынша пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Теңіз жағалауындағы бұрын «Саңырауқұлақ» атанып келген демалыс орнына Тәуелсіздіктің мерекесіне жасалған тарту ретінде Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері марқұм болған Мұхамеди Жолболдиннің атағы берілгені бәріңізде білесіздер. 2012 жылы осы демалыс орнына көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп «Жасыл желек» акциясы бойынша аталған алаңды көгалдандыру мақсатында 120 түп көшет ағаштары отырғызылды. Бұл демалыс орны, яғни алаңның тарихы әрі де болғанмен, уақыт өте келе бүгінгі үлгімен қайта жасалынды. Болашақта село тұрғындарына қызмет көрсететін әдемі демалыс орны болары сөзсіз. Ауданда өтетін мерекелік шараларды өткізуге лайықты орын деп атауға болады.
Елді мекенді абаттандыру жұмыстарына «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қаржы қарастырылып, ескі тротуарға жаңадан қатқыл жол төселді. Алдағы уақытта Ералиев станциясына балалар ойнайтын алаң салу және көшені жарықтандыру мәселесі жоспарланып отыр. Көптен шешімін таппай жүрген мәселенің бірі Құрық- Ералиев станциясы аралығындағы көлік жүретін жолдарды қалпына келтіру болатын. Аталған мәселеге аудан әкімі назар аударып, 2011 жылға қаржы бөлініп жөндеуден өтті, алайда, қайтадан қалыпқа келтіретін жерлері көбеюде, 2013 жылға ағымды жөндеу жасау жоспарда бар.
Ералиев станциясын ауыз сумен қамту бағытында жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, магистральді су құбыры жүргізіліп, құрылысы жұмыстары аяқталды.
Ст. Ералиевке 75 орындық балабақша салынып, құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде. Алдағы уақытта балаларды қабылдап өз жұмыстарын бастайтын болады.
Сонымен бірге 300 орындық мектеп - интернат және 75 орындық санаторлық балабақшаның құрылыс жұмыстары жасалып аяқталды. 2013 жылы бірінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
4
Құрық селосы Мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып, сырты қоршалып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Ералив станциясындағы жаңадан берілген жер учаскелеріне газ, су құбырын және тоқ желілерін тарту құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын жасақталуға ұсыныс берілді. Жеке тұрғын үйлеріне тоқ желісін тарту, селомыздағы газ құбыры жүргізілмеген тұрғын үйлерге газ құбырын тарту және Құрықтың кіреберісіне ескерткіш-стелла орнату құрылысының жобалық -сметалық құжаттары жасақталуда.
Село бойынша жағдайы жоқ, аз қамтылған 25 отбасына «1 желтоқсан Президент күні» мерекесіне орай село әкімдігінің ұйымдастыруымен 25 отбасына ауылдағы 9 жеке кәсіпкерлер арқылы тамақпен қамтамасыз етілді. «Мектепке жол» жол акциясы бойынша аудандық мекемелер арқылы 25 оқушыға және аудандық мешіт арқылы 15 оқушыға мектеп формасы және мүмкіндігіне қарай қаржылай көмектер көрсетілді.
«Жаңа жыл» қарсаңында село тұрғыны, зейнеткер әрі кәсіпкер
Б. Каналиеваның Алиев көшесінде орналасқан «Ерасыл» дүкенінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.
Село бойынша 4 мектептің жағдайы төмен, жетім және жартылай жетім 60 оқушысына «Фирма Жак-Жал» ЖШС-гі мекемесі қайырымдылық көмек ретінде жаңа жылдық сый тарту етті.
Селоның тазалық жұмыстарына, жылу, газ, электр энергиясы, ауыз сумен қамтамасыз ететін «Ақтау-Транс-Сервис» ЖШС-гі, «Тұрмыс-Сервис» МКК, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «МРЭК» АҚ-мы мекемелері халық тілегін қанағаттандырып, қызмет көрсетуде.
Құрық селосы бойынша үстіміздегі жылы тазалық жұмыстарын «Ақтау-Транс-Сервис» ЖШС мекемесі жеңімпаз атанып көшенің тазалығын қамтамасыз етіп отырды.
Құрық бойынша 20 мекемеде 20 жылу қазандығы қәзіргі заман талабына сай орналастырылып, жұмыс жасап тұр. Олардың: 7-еуі «Тұрмыс-Сервисте» 6-уы білім бөлімінде, 3-еуі село әкімдігінде, 3 -еуі аудандық денсаулық сақтау мекемесінде, 1-еуі жеке меншік «Рауан» балабақшасында.
Мереке күндерінде өткізілетін мәдени шараларды ұйымдастырып отырмыз. 2012 жылы село бойынша әр түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Оған 10 235 теңге қаражат бөлінген. Атап айтқанда: «Қарақия аруы», «Келіндер-сайысы», «Маңғыстау жұлдыздары», Тәуелсіздіктің 21 жылдығы аясында «Тәуелсіздік Жаңғырығы» фестивалі, «Әкелер слеті», «Әкем, шешем және мен», «Балаларды қорғау күні», «Астана күні», «Конституция күні», «Мүгедектер күні», «Қарттар күні», «Дипломмен ауылға» жастар форумы, «Жұлдызды жұп» байқауы сияқты кең мазмұнды шаралар село көлемінде өз деңгейінде өткізіліп келеді.
Құрметті ауылдастар !
2013 жылы да ауыл ішінде атқарылатын жұмыстар жеткілікті. Бабаларымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп айтқандай, жауапкершілігі салмақты жүкті өздеріңізбен біріге отырып, көтерейік. Ауылдың жетістігі біздің жетістігіміз!