Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Жетібай кенті әкімінің 2012 жылы атқарған

жұмыстарының есебі

Игі дәстүр бойынша, өткен кезеңде атқарылған жұмыстарды қорытындылау, өтіп бара жатқан жылды ойдағыдай аяқтау және таяу келешектегі алға қойған міндеттерін айқындау үшін жергілікті атқарушы органдар басшылары жыл сайын халық алдында есеп беріп келеді.

Өткен 2012жылы есеп берудің қорытындысы бойынша Жетібай кенті тұрғындарынан түскен сын ескертпелер мен ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында жасақталған іс-шаралар жоспары бойынша төмендегідей жұмыстар шешімін тауып. Орындалды:

Атап айтқанда:



  1. Кенттен «Халық банкісінің» банкоматын ашу – Маңғыстау облыстық филиалы директоры атына хат жіберілді, 2012 жылдың екінші тоқсанында қосымша екінші банкомат қондырғысы Аубакиров шағын ауданына орнатылды, үздіксіз қызмет етуде.




  1. Коммунальдық тұрғын үйлер салу – 4 қабатты 24 пәтерлік бір тұрғын үйдің құрылысы 2012жылдың 3-ші тоқсанында аяқталып, желтоқсан айында 12 пәтерді бюджеттік қызметкерлер мен 12 пәтерді әлеуметтік топқа жататындарға, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға «Тұрғын үй қатынастары туралы »Заңда көрсетілген тәртіппен, тізімдегі кезек ретімен жан-жақты тексеріліп,арнайы аудандық тұрғын үй бөлу комиссиясының қорытындысымен бөлініп, пайдалануына берілді.

  2. Жаңа 640 орындық орта мектеп құрылысын салу – шешімін тауып, республикалық бюджеттен қаражаты бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кетті. 2013жылы жаңа оқу жылына пайдалануға беріледі.

4. Кент көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу – «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының демеушілік көмегімен кент көшелеріндегі электр бағандарының 54 «кобрасы» және 55 шамдары жаңартылып, ауыстырылды.

5. Жаңадан салынып жатырған спорт кешені ғимаратында спорт мектебін ашу – аудандық балалар мен жасөспірімдер мектебінің филиалы 2012жылы 22 Наурыз мейрамы қарсаңында ашылып, бүгінгі күні ауыл жастары мен жасөспірімдерінің бос уақыттарын тиімді де саналы өткізу орнына айналды.

Жетібай кенті өздеріңізге мәлім, ауданымыздағы 12000-нан астам тұрғыны бар, 2500-дай аула саны бар үкен елді мекен.

2011-2014 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасының кенттік іс-шара жоспары жасақталды.Кентіміз электр желісімен толықтай қамтылды, «Астана» шағын ауданын көгілдір отынмен қамту жұмыстарына жарияланған тендерді «Қараой- Құрылыс»ЖШС жеңіп, жұмыстарын бастап кетті.

Ауыз су бағдарламасы бойынша екі шағын ауданымызға су құбыры тартылды, ал Қ.Күржіманұлы, Ш.Ыбырайымұлы, М.Өскінбаев, Жаңақұрылыс шағын аудандарына ауыз су құбырын тарту жұмыстары жалғасын табуда , аула ішіне кіргізу жұмыстары жүргізілуде.

Кентіміздегі 3(үш) орта мектепте (2391) оқушы, 1(бір) кәсіптік техникалық лицейде (189) студент, 1(бір) балалар өнер мектебінде (250) шәкірт білім алып, тәрбиеленуде.Ауыл мектебінің жағдайы қашан да мемлекет тарапынан тыс қалған емес . Кенттегі үш орта мектептің біреуі № 8 орта мектеп жаңа ғимаратта орналасса, 2013жылы №4 орта мектеп жаңа ғимаратқа көшіріледі де, бұрынғы ғимараты балабақшаға арналған, сондықтан күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға беріледі. ал №3 орта мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, балалар өнер мектебінің, спорт мектебінің әсем де, кең жаңа ғимараттарының пайдалануға берілуі – еліміздің тәуелсіздік алған жылдардағы ауылдың келешегін жарқын етуге, еліміздің білімді де дені сау болашақ ұрпағын ауыл балалары арасынан көптеп дайындауға бағытталған оң бетбұрыс.

Биылғы ұлттық бірыңғай тест қорытындысында жақсы нәтиже көрсеткені осының айғағы.

Кенттегі «Ғарышкер» балабақшасы ғимараты ағымдағы жеңіл жөндеулерден өткізгенмен, жыл сайын сыр беріп, күрделі жөндеуді талап етеді, балабақшада 3-5 жас аралығындағы 150 бүлдіршін тәрбие алуда.

Кент тұрғындары үшін тағы да бір үлкен қуаныш «Балапан» бағдарламасы бойынша ауылымыздың ажарын ашқан жаңа ғимарат 340 бүлдіршінді қамтыған «Айналайын» балабақшасының пайдалануға берілді. Бұл өз кезегінде балабақша кезегінде тұрған балалардың санын азайтса, екінші жағынан 85-тей ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылды.

Тағы осындай бір Балабақшаның жері және тиісті құжаттары дайын, қаражаты бөлінсе биыл 2013жылы құрылыс жұмысы басталады деп күтілуде.

Соңғы жылдары кентіміздегі емдеу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайды. Ауруханада (75 төсектік), емханада (ауысымында 150 қабылдауға арналған) тәуелсіздік алған жылдары салынған жаңа ғимаратта орналасқан. 2012 жылдың 11 айы ішінде жалпы балалар өлімі саны - 17, оның 1 жасқа дейінгісі–14, аналар өлімі тіркелген жоқ.

Тек маман-дәрігерлер тапшы десекте биыл кентімізге жоғарғы оқу орнын бітірген жас мамандар «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша еңбек етуге 3 дәрігер келді, оларды тұрақты баспанамен қамтмасыз ету мәселесі де шешімін тапты. Дәрігерлерге салынған үйден пәтер берілді.

Кент тұрғындарының көптен күтіп жүрген нысандарының бірі - спорт кешені. Бұл мәселеде биыл шешімін тауып, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қаржылай демеуімен аталған Ұлттық мерекеміз- Ұлыстың Ұлы күні пайдалануға берілді. Аталған мекеме спорт мектебіне 2,5 млн. теңгенің «тренажер» спорттық жабдықтарын алып берді.

Бұдан басқа осы мекеменің демеушілігімен 2 (екі) шағын ауданға –Мұнайшы-2 және Астана шағын аудандарына жасанды көгалдандырылған балалар ойын алаңы жасақталып, балалар игілігіне беріледі.

Елді мекенді телефондандыру жұмысы жүйелі жүргізілуде. Кенттегі АТС 1820 абонентке қызмет көрсетеді. Жаңадан ашылған шағын аудандарға сымсыз телефон орнату жұмыстары жалғасуда. 2011 жылы 52 абонентке телефон орнатса, 216 абонент- «IД» ТV қызметін, 691 абонент мегалайн қызметін пайдалануда.

Үкіметтің әлемдік дағдарыс әсерімен күресу мақсатында белгіленген шаралардың арасында ең бір тиімдісі болып отырғаны Елбасының арнайы тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жол картасы» бағдарламасы.

Осы бағдарлама аясында кентімізде елді мекендегі тазалық жұмыстарын 2011жылдың қыркүйек айына дейін «Мұнайшы-сервис» МКК-ны жүзеге асырып келді. Енді бәсекелестік ортаға беру жұмыстарының нәтижесінде тендерге түскен «Жоспарлау- құрылыс» ЖШС-і кентегі ауыл ішілік тазалық жұмыстармен айналысып келді. Алайда бұл мекеме жұмыстарын өз қаражатымен атқарды, себебі кент тұрғындарының тарапынан келісім шартқа отыру немесе тазалыққа төлемдерін төлеуге енжарлықпен қарауда. Кенттің санитарлық тазалығын сақтау мақсатында жыл басынан бері 7-8 рет сенбіліктер ұйымдастырылды. Кенттің тазалық жұмыстарына техникамен көмектесіп отырған «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на алғысымыз шексіз.

Ауылымыздың тазалығына барлық тұрғындардың атсалысуын сұраймын. Себебі бір мекеменің күшімен тазалықты сақтау мүмкін емес.

Кенттегі қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ай сайын аймақтық инспекторлардың кездесулері ұйымдастырылуда. Жаңадан ашылған спорт кешені ғимараты жанынан аймақтық инспекторлардың трек пункті ашылды. Бұндай трек пунктерін алдағы уақытта көбейту қажет.

«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрлысының 2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №329 жарлығы негізінде дәрігер, мұғалімдерді және мемлекеттік қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, Жетібай кентінде 2 қабатты тұрғын үй және тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды мемлекет тарапынан коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін, құрылысына Республикалық бюджеттен қаржы қаралып,4 қабатты 24 пәтерлік тұрғын үй де тұрғындардың пайдалануына берілді.

Кент тұрғындарының арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында жыл басынан бері-911адам жұмыспен қамтуға тіркелген:


  • 36 адам ақылы қоғамдық жұмысқа

  • 42 адам нысаналы топқа

  • 81 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

  • 16 адам жастар практикасы бойынша орналасты

  • 5адам оқуға

  • 5адам санитарлық тазалыққа және

  • қалғандары әр-түрлі мәселелермен

Кент әкімшілігі мен Мәдениет үйі кент, аудан, облыс көлеміндегі өткізілген барлық мәдени шараларды кент территориясында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен жоғары деңгейде өткізді. Кент өнерпаздары «Маңғыстау жұлдыздары», «Тәуелсідік жаңғырығы» фестивальдеріне тұрақты қатысты және өнерпаздарымыздың таланты жүлделі марапатталды.

Кент әкімшілігіндегі кенттегі мекеме, кәсіпорын басшыларының қатысуымен дүйсенбілік мәжіліс тұрақты өткізіліп, аптасына бір рет сейсенбі күні кент тұрғындарын жеке мәселелермен қабылдау жүргізіліп, өтініш иелеріне уақытында тиісті жауаптар берілді. Тұрғындардан түскен өтініш, арыздарға кент әкімі аппаратындағы 4 мемлекеттік қызметкер жауап береді. Жыл басынан бері 11 айда 591 арыз, өтініш түсті, оның:



  • жер телімі мәселесі бойынша – 337 (75-қанағаттандырылды, 265-түсіндірілді)

  • жұмыс орын сұраған – 87(-20 қанағаттандырылды)

  • жеке қожалығындағы малдарын есепке алу –24

  • әр түрлі мәселе бойынша - 140

Жыл басынан бері кент тұрғындарымен 4 рет кездесу ұйымдастырылды, қаралған мәселелері:

  • кенттің санитарлық тазалығы

  • ауыз су мәселесі

Одан басқа 3 рет ақпарттық –насихат тобымен кездесу өткізілді.

Жетібай кенті бойынша кәсіпкерлік субъектісі болып тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлер саны жылдан-жылға артып келеді. Олар шаруашылықтың әртүрлі салалары бойынша тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Атап айтқанда: 4 көлік жөндеу шеберханасы, 3 пластикалық терезе жасау цехы, 2 мейрамхана, 3 асхана, 3 көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін сататын және 130-ға жуық халық тұтынатын тауарлар сататын сауда нүктелері жұмыс жасайды. Кент тұрғындарын арзан ұнмен қамтамасыз ету үшін «Берекет» ЖШС-н арзан ұнды «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ң тасымал көлікпен қамтамасыз етіп, халық сұранысы қанағаттандырылды және тағы басқа сауда мекемелерімен келісім жасап арзан бағамен азық-түлік жәрмеңкесі өткізіліп отыр. Кент әкімшілігінің ұйымдастыруымен жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларға азық-түлік түрлерімен, балаларына оқу құралдарымен, киім-кешек түрлерімен қайырымдылық көмек көрсетті.

Жергілікті үлкен өндіріс ошағы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «мектепке жол» акциясына қатысып, 25 аз қамтылған отбасылар балаларына 5 мың теңгелей ақша және мектеп құралдары салынған сөмкелерді тарту етті. Осы мекеме кентімізге 5(бес) жұмысшылар аялдамасын салуды, 2 (екі) балалар ойын алаңын орнатуды басты назарда ұстаса, Ардагерлер үйінің алдына отырғыш скамейка орнатуды және әжетхана құрылысын аяқтап, ауыл қарттары үшін қажетті тұрмыс бұйымдары-мұздатқыш пен үй ішін салқындататын қондырғыны алып берді. Мекеме №8 орта мектепке 6млн теңгеге автобус көлігін алып және Орталық мешіт үйінің төбе шатырын жөндеуден өткізіп берді, №3 орта мектепке 1,5 млн. теңгенің спорттық жабдықтары алынып берілді. Аталған жұмыстарға жұмсалған қаражат көлемі-56 млн.теңге.



Кент әкімдігінің қызметіне кіретін:

  • «Бір жолғы талондармен» салық жинау,«жер және мүлік», автокөлік салықтарын жинап, ай сайын аудандық салық комитетіне тапсырылуда.

  • Жеке және шаруа қожалықтары бойынша мал есебі алынды.

  • Кенттің санитарлық тазалығын сақтау мақсатында 8 рет сенбілік өткізілді.

  • Мектеп жасындағы балалардың мектепке қамтылуы үнемі қадағалануда.

  • Қамқоршысы жоқ қарт кісілерге мекемелер, кәсіпкерлер арқылы көмек көрсетілуде (ауыз су құйдыру,азық-түлікпен көмектесу,үй-жайларын жеңіл жөндеуден өткізу т.с.с).

  • ЖШС «ОSC» мекемесі 5 отбасыға азық түлік түрлерімен және жаңа жылдық сыйлықтармен көмектессе,

  • «Юпитер Энерджи Пти.Лтд»компаниясы 2млн 300мың теңгенің Жаңа

  • жылдық шыршасын кентіміздің тұрғындарына тарту етті, сонымен бірге жалғыз басты, қамқоршысы жоқ қарттарға Жаңа жылдық сыйлықтарды 10 отбасыға азық-түлік түрлерін әкеліп берді.



  • Биыл 270 бұралқы ит атылып, жойылды.

  • Ауыл ішілік жолдардың сақталуы – бірақ бұл мәселе сын көтермеуде. Жолдарды жөндеу, жаңадан ашылған шағын аудан көшелеріне қатқыл табанды жол салу жөнінде тиісті мекемеге ұсыныс, сұраныс берілгенмен, қаражатқа байланысты шешілмей тұр.

  • Ұлттық қолөнер тігін шеберханасы өз жұмысының көлемін ұлғайту мақсатында кент орталығынан Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орталығы үйінің құрылысын аяқтады.Жеке кәсіпкер 10млн.теңге микрокредит алып, кәсіпшілік қызметінің аясын кеңейтуде.

  • «Жанарыс» ЖШС-і кентімізден өндірістік мекемелердің жұмысшыларын арнайы киім жабдықтарымен қамтамасыз ету үшін Тігін цехы құрылысы басталды.

  • Аз қамтылған 15(он бес)жанұяларға «Отау-ТВ» Қазақстандық теле арнасы тегін орнатылып берілді.

  • Табысы аз адамдарды анықтап, атаулы әлеуметтік көмек көрсету-кентіміз бойынша 7 адам мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алады.

Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келді. Ұрпақтарымыздың ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп ата-бабамыз осы күнді көкседі. Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын тауып отыр.

Жерінің асты ырғын байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі өз Тәуелсіздігін жыл сайын зор салтанатпен атап өтеді.

Біздің ендігі міндетіміз- егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.

Біздің басты мақсатымыз- 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ.

Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес,жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамуымен және экономикалық өсуімен айналысады.

Дәл осы бағытта Елбасы 2012жылдың 15 желтоқсанында «Қазақстан-2050» стратегиясы-Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты- атты жаңа Жолдауды өз халқына жолдады.

Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріміз табысты болсын!



Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілеймін!

Жетібай кенті әкімінің 2012 жылы атқарған жұмыстарының есебі

Игі дәстүр бойынша, өткен кезеңде атқарылған жұмыстарды қорытындылау, өтіп бара жатқан жылды ойдағыдай аяқтау және таяу келешектегі алға қойған міндеттерін айқындау үшін жергілікті

90.61kb.

25 12 2014
1 стр.


Сенек селосы әкімінің 2012 жылы атқарған жұмыстарының есебі Құрметті ауыл тұрғындары!

Жарлығына сәйкес және одан әрі демократияландыру, халықты елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар ету және мемлекеттік басқару процесіне кеңінен тарату мақсатында обл

41.04kb.

16 12 2014
1 стр.


Қадірменді көпшілік!

Райымбек ауданының әкімі Медеуов Қыдыркелді Өміржанұлының ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша 2011 жылы атқарған жұмыстарының есебі және 2012 жылы алда тұрған міндеттері

176.54kb.

04 09 2014
1 стр.


Құрық селосы әкімінің 2012 жылы атқарған жұмыстарының есебі

«Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі Жарлығына сәйкес әкімдердің халы

73.13kb.

25 12 2014
1 стр.


Қайсым Қайсенов кенті әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылдың 6 сәуірдегі «Тұрғындармен есептік кездесу өткізу туралы» тапсырмасын орындау барысында Ұлан ауданында жыл сайын халық алдында

113.31kb.

25 12 2014
1 стр.


Тарғын ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі Құрметті округ тұрғындары!

Бүгін бекітілген кестеге сәйкес сіздерге 2012 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және 2013 жылда атқарылатын жұмыстар жайлы өз есебімді назарларыңызға ұсынамын

148.67kb.

14 12 2014
1 стр.


Тарғын ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарған туралы тұрғындар алдындағы есебі

Тарғын ауылдық округі 5 елді мекендерден тұрады, әкімшілік орталығы Тарғын ауылынан ара қашықтықтары 15 километрден 70 километрге дейін, аудан орталығынан 80 шақырымда орналасқан

40.37kb.

12 10 2014
1 стр.


Ленин кенті әкімінің 2012 жылы ақтарылған жұмыс қорытындысы бойынша есебінің тезистері

Тұрғындар. Кенттің тұрғындары 10159 адамды құрайды және жиырма ұлттың өкілдердері тұрады

80.29kb.

23 09 2014
1 стр.