Перейти на главную страницу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар
Павлодар
2012
ӘОЖ 378.147(07)
КБЖ 74.58я7
Ц18
Қ. Т. Сапаров – география ғылымдарының докторы, профессор.
Ц18 5В090200 – «Туризм» мамандығы студенттеріне арналған оқу-өндірістік тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар / құраст. : А. Г. Царегородцева, А. Е. Егинбаева. – Павлодар : Кереку, 2012. – 19 б.
Әдістемелік нұсқауда «Стратегиялық маркетинг» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарына дайындалу үшін тапсырмалар және оларды орындау бойынша ұсыныстар келтірілген, сабақты өткізу мақсаты көрсетілген.
Әдістемелік нұсқау 5В090200 – Туризм мамандығының оқу жұмыс жоспарына және жұмыс бағдарламаларына сай жасалынды.
ӘОЖ 378.147(07)
КБЖ 74.58я7
© Царегородцева А. Г., Егинбаева А. Е., 2012
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012
Оқу-өндірістік тәжірибенің құрылымы тәжірибелік білім берудің мазмұнына байланысты және ең соңында маманның кәсіби іс-әрекетіне толығымен дайындығын қамтамасыз ету керек, яғни мамандық сипаттамаларына сәйкес негізгі кәсіби қызметтерін орындауға дайындықты қамтамасыз ету керек.
Тәжірибе өту мерзімі студенттердің теориялық дайындығын ескере отырып, оқу жоспарына және жылдық күнтізбелік оқу графигіне сәйкес ЖОО-мен бекітіледі. Тәжірибе бағдарламасы мазмұнның ең аз талаптарына сәйкес және 2-ші курс студенттері 5В090200 - Туризм мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау деңгейі бойынша мамандардың мамандық талаптарына сай жасалған. Бұл кепілдемелердің мақсаты оқу-өндірістік тәжірибені өтетін студенттер үшін қалыпты рәсімдер және тапсырмаларды жасау. Студенттердің алдына қойылған міндеттер тәжірибе түрлері және оның бөлек бағыттары бойынша құрастырылыған: жәрмеңке, қонақ үй, туристік ұйым, мұражай және т.б. Тәжірибе тапсырмалары агенттік-операторлық қапталды ұйымдастырудағы кәсіби іс-әрекет облысында білім мен дағдыларды қалыптастыру мақсатымен тәжірибенің әрбір бағыты және түрі бойынша оқу және өңдеу үшін нақты ұстанымдарды анықтау керек екендігін көрсетеді.
Тәжірибенің мақсаты – студенттердің туризм индустриясымен және қонақжайлылықпен таныстыру, туристік кәсіпорындардың іс-әрекет өзгешелігі туралы бастапқы ойларын қалыптастыру, туристік кәсіпорындардың, жәрмеңке, қонақ үйлердің жұмыс технологиясымен таныстыру, студенттерге ары қарай білім алуы үшін мамандануды таңдау кезінде көмек көрсету.
Тәжірибенің міндеттері – оқу-танымдық тәжірибе өтудің негізгі кезеңдерін сипаттау.
Тәжірибе өту мерзімі: 6 сағаттық және 6 күндік жұмыс күні (демалыс күні - жексенбі), студенттерге тәжірибені түнде өтуге және туризм бойынша бакалавр мамандығына қатысты емес жұмыстарды жасауға тыйым салынады.
Тәжірибе орнына келген соң, студент еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережесін лайықты құжаттарды хаттауда кіріспе және жұмыс орнында өту керек.
Тәжірибенің келесі кезеңінде студент міндетті:
- кәсіпорын жетекшісімен өндірістік тәжірибенің бағдарламасында көрсетілген мақсат пен міндеттерді ескере отырып, тәжірибені өту жоспарын талқылауы керек, өндірістік тәжірибе бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды, сонымен бірге ұйым жетекшісінің тапсырмаларын толығымен орындау;
- ғылыми студенттік жұмысқа деректер жинау (реферат, курстық жоба);
- тәжірибенің өтуі жөніндегі күнделікте күндегі жұмыстарды жазып отыру. Күнделікті орындалған жұмыстың сапасы мен дұрыстығы ұйым басшысымен тексеріледі (тәжірибені өту күнделігінің сәйкесті бағанасында);
- тәжірибе аяқталғаннан кейін жетекшіден жазбаша пікір (мінездеме) мен өндірістік тәжірибені өту кезінде студент іс-әрекетінің бағасымен бірге алу;
- күнделікке (сәйкесті бағанада) тәжірибені өту уақыты мен орнына жетекшінің қолы мен мөрін қою.
Тәжірибе аяқталғаннан кейін әрбір студент деканатпен, кафедрамен тіркелген уақытта, кафедраға келесі құжаттарды әкелуі керек: тәжірибе өткен уақыты мен орны көрсетілген өндірістік практика күнделігін (жетекшінің қолы мен мөрі болуы керек); практика жөніндегі есеп, студенттің қызметтік-өндірістік мінездемесі, онда студенттің кәсіби білімін тәжірибеде қолдану машықтары, оның іскерлік қасиеттері және т.б. бағалануы керек. Жетекшінің қолы мен мөрімен куәландырылады.
2 Тәжірибелік жұмыс
2.1 Мұражай жұмысымен танысу
Оқу-өндірістік тәжірибе кезінде студенттер мұражай жұмысымен танысады. Студенттерге арнап нұсқаулы сабақтар өткізіледі. Жұмыс кезінде студенттер экскурсияның ұйымдастырылуымен танысады, қоғамдық, білім беру және т.б. мекемелерінің өкілдерімен қатынасады. Тәжірибені өту кезінде студенттер күнделікті жүргізу керек, онда ұйыммен танысу және экскурсияны өткізу жолдары, тәжірибе басшысымен өткізілетін жұмыстың мазмұны, мұражайдың мұрағатында және т.б. бөлімшелеріндегі жұмыстарын көрсету керек. Студенттер келесідей тапсырмаларды алады: мұражай ұйымының жұмысын бағалау, оның мақсаттары мен міндеттері; экскурсиялық тактика кезеңдері; мұражайлық жәрмеңкелерге қатысу формасы; қатысу құны; стенд түрлері; стендтер орналасқан жері; стендтер безендіру ережесі; жарнамалық өнім түрі.
Туристік көрмеде жұмыс істеу клиенттермен ауызша қатынастың машықтарын меңгеруге, клиенттердің арнайы талаптарын ескертуге, жарнамалық өнімдерді тарату әдістерін меңгеруге, экскурсияны өткізу шеберлігіне, ақпаратты және басқа да құжаттарды бағалау және сараптауға үйренеді, сонымен қатар оқу кезінде алынған білімдерін бекітеді.
2.2 Туристік фирмалардың жұмысымен танысу
Оқу - өндірістік практика кезінде студенттер туристік фирманың (турагенттік, туроператорлық) қызметімен танысады. Студенттерге арнап туристік фирманың басшысы ұйымның жұмыс істеу тәртібі, фирманың жұмыс істеу қағидалары, офисті рәсімдеу, келушілерді қабылдау мен қызмет көрсетуді ұйымдастыру, туристік фирманың жұмыс істеу ерекшелігі туралы нұсқаулы сабақтар өткізеді: турды жоспарлау, маршрутты құрастыру, билеттерді броньдау, билеттерді рәсімдеу және сату. Туристік фирмада жұмыс істеу клиенттермен жұмыс істеу машықтарын (бетпе-бет, телефон арқылы), офистік жабдықтарының техникасымен қолдану, адресаттан ақпарат алу және беру, ақпаратты өндеу және т.б. меңгеруге көмектеседі.
Оқу-өндірістік практика кезінде студенттер қонақ үйдің қызметімен танысады. Студенттерге арнап нұсқаулы сабақтар өткізеді: қонақ үйдің жұмыс істеу режимі жөнінде; ішкі еңбек ережелерінің тәртібі; қауіпсіздік техникасы мен мекемедегі өртке қарсы шаралар жөнінде; қонақ үйдің негізгі бөлімшелері жөнінде (қызмет көрсету және нөмірді пайдалану бөлімшелері, қабылдау бөлмелері, әкімшілік, инженерлік-техникалық бөлім және т.б.).
Студенттерге арнап қонақ үй бойынша, сонымен қатар нөмерлерге экскурсия жасалынады. Қонақ үйде жұмыс істеу клиентпен жұмыс істеу, клиенттің арнайы талаптарын ескеру, нөмерлерді жинау техникасымен танысу, қонақтарды қабылдау және орналастыру технологиясы, жол жүру билетін рәсімдеу машықтарын меңгеруге көмектеседі, менеджер және басқа да техникалық жұмыскерлерінің міндеттерімен таныстырады, сонымен қатар оқу барысында алынған білімдерді бекітеді.
3 Тәжірибені қорғау
Әрбір студент практика кезінде жеке тапсырмалар алады:
- оқу-өндірістік тәжірибе жетекшісімен өткізілген дәріс мазмұнымен танысу;
- оқу-танысу тәжірибесімен;
- экскурсиялар мен жәрмеңкелерді өткізу және ұйымдастыруымен танысу (тақырыбына назар аудару, келушілердің құрамы мен жасына, жәрмеңке көрінісіне назар аудару );
- жәрмеңкедегі туристік фирмаларды салыстыру (сипаттама беру, фирма қызметіне талдау жасау, жәрмеңкедегі фирманың стендтерді безендіруі, дайындалу деңгейі және жәрмеңкеде көрсетілетін жарнама өнімдерінің түрлері; турды жоспарлау, туристік өнімнің сапасы, маршрутты құрастыру, билеттерді броньдау, билеттерді сату және рәсімдеу туралы, т.б.);
- көрмені ұйымдастыру және фирманың нақты жұмысы бойынша ұсыныстар мен қорытынды жасау (есепке фирманың жарнамалық өнімін салу);
- туристік фирма жұмысын сипаттау (нақты фирма мысалында);
- қонақ үй қызметімен танысу;
- туристік нарықтағы қонақ үйлер қызметіне талдау жасау және сипаттама беру;
- қонақ үйде белгіленген бөлімдердің жұмысын сипаттау;
- туристік фирманың, қонақ үйдің жұмысы бойынша қорытынды жасау.
Тәжірибе аяқталғаннан кейін студенттер тәжірибе жетекшісіне тәжірибе жөніндегі есеп тапсырады. Есеп ПМУ ӘН «оқу-әдістемелік құжаттарды безендіру тәртібімен» безендіріліп, кафердамен тексеріледі.
Есеп теориялық және тәжірибелік бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімінде мақсаты, оқу үрдісінде практиканың қажеті жөнінде жазылады. Тәжірибелік бөлімінде орындалған тапсырмалар жазылады. Қорғау кезінде тәжірибе жетекшісі оны бағалайды. Баға сынақ кітапшасына енгізіледі.
Әдебиеттер
Негізгі
1 Бояринова С. В. Как открыть туристическую компанию. – М. : Аст Москва : Хранитель, 2008. – 296 с.
2 Ушаков Д. С. Технологии выездного туризма : учебное пособие. – М. : ИКЦ «МарТ», 2005. – 384 с.
3 Романов А. А., Саакянц Р. Г. География туризма. – М. : Советский спорт, 2002. – 464 с.
4 Окладникова Е. А. Международный туризм. География туристских ресурсов мира : учебное пособие. – М. – СПб. : ИФК Омега-Л, 2002. – 384 с.
5 География туристских центров : учебное пособие / сост. А. А. Бондарович. – Барнаул : Изд-во АлтГУ, 2005. – Ч.1. – 230 с.
6 Абрамов М. А. География сервиса. – М., 1985. – 110 с.
7 Ананьев М. А. Международный туризм. – М., 1968. – 123 с.
8 Брук С. И. Население мира. Этнодемографический справочник. – 2-е. изд. – М., 1968. – 233 с.
9 Дмитриевский Ю. Д. Страноведение и география Международного туризма. – СПб., 1994. – 134 с.
10 Зачиняев П. Н., Фалькович Н. С. География международного туризма. – М., 1972. – 234 с.
11 Максаковский В.П. Географическая картина мира. Т.1–3. – Ярославль, 1993–1996. – 657 с.
12 Машбиц Я. Г. Основы страноведения : учебное пособие. – М., 1995. – 200 с.
13 Монтанер М. Структура туристического рынка. – М. : СГУ, 1997. – 190 с.
14 Окладникова Е. А Международный туризм. География туристских ресурсов мира : учебное пособие. – М. – СПб. : ИФК Омега-Л; Учитель и ученик, 2002. – 384 с.
15 Страны и народы: В 20 т. – М., 1978–1985. – 800 с.
16 Турбизнес : Ежемесячный журнал. – М., 1998–2008.
17 Туризм : практика, проблемы, перспективы : Ежемесячный журнал / Издание ООО «Агентства Информбанк». – М., 1997–2008.
18 Туринфо : Еженедельная газета туристического рынка России / Издание ООО «Туринфо». – М., 1993–2008.
19 RATANEWS : Еженедельная туристская газета / Электрон. газета. – М., 1998–2008.
20 Турбизнес : Ежемесячный туристкий журнал / Электрон. журнал. – М., 1998–2008. – Режим доступа к журналу: https://www.tourbus.ru – Загл. с экрана.
26 Копанёва Г. И. Интерьер современных гостиниц. – М. : Экономика, 1988. – 237 с.
27 Манучарова И. Д. Меблировка и эстетическое оформление гостиниц. – Киев, 1990. – 127 с.
28 Чудновский А. Д. и др. Туризм и гостиничное хозяйство. – М., 2000. – 288 с.
(міндетті)
Тәжірибе кезінде туристік фирмаларда студенттер секретарь-референт жұмысын зерттейді:
- проспектер, құжаттандыру жұмысын зерттейді;
- офис жабдықтары негізінде техника жұмыстарын меңгереді (телефон, факс, жазу машинкасы, копиралды машина, компьютер);
- телефонда жұмыс істеу техникасын игереді (қызмет көрсету мәдениеті, жинақталу, ашық жүзділік, тез әрі анық, жауаптың нақтылығы);
Секретарь-референт жұмысы оқу барысында алынған білімдерді білімді тереңдетеді және клиентпен жұмыс істеу машықтарын бекітуге көмектеседі, телефондық және тағы басқа анықтамалармен қолдану, офистік ұйымдастыру техникасын қолдану, телефондық келіссөз жүргізуді үйрену (кіру және шығыс қоңыраулары, қоңырауларды қайта теру, күту режимі, телефонограммаларды қабылдау және жіберу), ақпараттарды нақты алу және беру, құжыттарды сақтау мен есепке алу және т.б.
Тәжірибе кезінде туристік фирмаларда студенттер менеджер көмекшісі ретінде болып, фирманың жұмыс режимімен танысады. Студенттер тәжірибе кезінде мыналарды зерттейді:
- офистегі техникалық жұмысты;
- құжаттардың бастапқы рәсімделуін;
- клиенттермен жұмыс жасауын;
- туристік фирманың қаржылық есебін;
- туристік фирманың іс қағаздар айналымын;
- фирманың есеп саясатын.
Офистегі техникалық жұмыс офистік жабдықтармен, телефондық және тағы басқа анықтамалармен, ақпараттарды тарату және т.б. жұмыс істеуді көздейді. Құжаттарды бастапқы рәсімдеу – құжаттарды жүйелеу, рәсімдеу тәртібі, тіркеу, сақтау және т.б. Клиенттермен жұмыс істеуге кіреді – клиенттермен қатынасу (жазбаша және ауызша), клиентті қабылдау техникасы, клиентпен хабарласу жүргізу, этиканы сақтау және т.б.
Студенттер тәжірибе кезінде турөнімнің бағасымен, турфирманың іс қағаздарымен, фирманың есеп саясатымен танысады.
Менеджер көмекшісінің жұмысы оқу барысында алынған білімдерді бекітеді әрі оларды тереңдетеді, сонымен қатар тұлғааралық қатынасу машықтарын, ұйымдастыру техникасымен, туристік құжаттармен жұмыс жасау машықтарын үйренуге көмектеседі.
Туристік фирмадағы туроперейтинг менеджерінің көмекшісі ретіндегі тәжірибелік жұмыс
Тәжірибе кезінде туристік фирмаларда студенттер туроперейтинг менеджерінің көмекшісі ретінде болып, ең алдымен фирманың міндетті нұсқауларымен танысады.
Жұмыс кезінде студенттер-практиканттар келесілерге иеленеді:
- турларды қалыптастыру;
- турпакеттерді қалыптастыру;
- клиенттермен жұмыс істеуді;
- баға құруын.
Турларды қалыптастыру келесілерді өзіне қосады:
- тұтынушылардың сұранысын зерттеу;
- қызмет көрсету бағдарламасын құру;
- сапалы, бәсекелестікті туристік өнім құру;
- турөнімді жүргізу әдістері;
- келісім шарттарды жасасу;
- турөнімнің бағасын зерттеу.
Турпакетті безендіру келесілерді қосады: туристік құжаттандырудың безендіру тәртібімен техникасын (туржолдама, ваучер, сақтандыру полистері және т.б.), сонымен қатар туристік құжаттарды сақтау және есепке алу.
Офистегі техникалық жұмыс телефон арқылы сөйлесу техникасымен және басқа да келіссөздерді жүргізумен, телефондық және басқа да анықтамаларды қолданумен, сонымен қатар офистік ұйымдастыру техникасымен (компьютерлер, жазу машинкалары, факстер, және т.б.) жұмыс істеумен таныстырады. Турфирмада клиенттермен жұмыс істеу ауызша және телефон арқылы да өтеді.
Туроперейтинг менеджерінің көмекшісі менеджмент бойынша болу алынған білімдерді нығайтуға, қарым-қатынастағы дағдыларды дамытуға, техникамен жұмыс істеу, туристік құжаттарды безендірумен, турөнімді жоспарлаумен, турпакетті құру және бағасын есептеу, т.б. танысады, сонымен қатар өзіне деген сенімділікті қалыптастырады.
Туристік мекемеде жарнама бойынша менеджер көмекшісінің тәжірибелік жұмысы
Туристік мекемеде жарнама бойынша менеджер көмекшісіның тәжірибелік жұмысы лауазым міндеттерінің зерттелуімен басталады:
- жарнамалық компанияны жоспарлау (жарнаманы зерттеу, жарнаманың мақсатын анықтау, әдістерді таңдау, бюджетті жетілдіру, нәтижелілікті бағалау);
- жарнамалық компанияны ұйымдастыру;
- жарнамалық компанияны өткізу техникасы;
- жарнамалық материалдардың дизайнын құру (құрылымы, стилі, түсі);
- жарнамалық бюджетті есептеу;
- туристік өнімді нарыққа өткізу (өткізу әдістері);
- жарнамалық компанияның нәтижесін сараптау (мақсаттылық, әсер ету үйлесімі, рентабельділік және т.д.).
Жарнама бойынша менеджер іс-әрекетінің тәжірибесі клиеттерге қызмет көрсету өнерін, менеджмент негіздерін, психология негіздерін, жарнамалық компанияларды өткізу әдістерін бойынша білімдерді тереңдету және бекіту, сонымен қатар маркетингтік зерттеулердің, жарнамалық компанияны өткізу техникасын, жарнамалық материалдардың дизайнын құру және бақылау, т.б. машықтарын дамыту.
Туристік фирмадағы көлік бөлімінің менеджерінің көмекшісі ретінде жұмыс жасағанда, міндетті нұсқаулармен танысады. Тәжірибе кезінде студенттер туризмдегі көліктік қамтамасыз етумен, туристерді әртүрлі көлік түрімен қамтамасыз етумен танысады:
- авиакөлік (компьютерлік броньдау жүйесін зерттеу, тариф түрі, графикалық, чартерлік рейс, туризмдегі көлікпен қамтамасыз етумен танысады, Турфирма және авиакомпания арасында келіссөз жасасу, авиатасымал кезінде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б.);
- теміржол көлігі (арнайы туристік-экскурсиялық және тұрақты поездарда туристердің тасымалын ұйымдастыру, теміржол билеттерін сату және броньдау, теміржол агенствалардың арасында келісі шарт жасаумен, қауіпсіздікті қамтамасыз етумен және т.б. танысу);
- автобус көлігі (ішкі және сыртқы саяхаттарды ұйымдастыру, автобусты арендаға беру келісімшарты, гид жұмысы, автобуста туристерге қызмет көрсету және т.б.);
- су көлігі (круиздер ұйымдастыру, кеме фрахт-келісімі, кемеде туристерге қызмет көрсету, кадрларды таңдау және дайындау, туристерді нұсқаулау, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б.).
Студенттер тасымалдаушы компанияларымен (авиялық, теміржол, автобус, круиз) жұмысты игереді. Тәжірибелік жұмыс тақырып бойынша алынған білімдерді тереңдетеді әрі бекітеді, сонымен қатар қызмет көрсету рәсімдеу техникасы, офистік техникамен қолдану, клиенттер талабының есептері құжаттармен жұмыс, сонымен қатар көліктік және т.б. машықтарын қалыптастырады.
Туристік жәрмеңкелердегі тәжірибелік жұмыс
Стендте тәжірибелік жұмыс
Тәжірибені өту барысында студенттер жәрмеңкелерді ұйымдастыру үрдісіне қатысады. Туристік жәрмеңке кезінже студенттер ұйымдастыру процесімен, жәрмеңкені өткізу кезеңдерімен, ресей, шет ел ұйымдары мен өкілдерімен сөйлеседі.
Студенттерді жұмыс режимімен таныстырады, олардың алдында келесі міндетті нұсқаулар тұрады:
- жәрмеңкелер атауы;
- жәрмеңкеде қатысу мақсаты;
- жәрмеңкеде көрсетілетін қызмет тізімі;
- негізгі жаңалар;
- жәрмеңкедегі жұмыс тәртібі;
- стендке келушілермен кездесудің кестесі;
- келушілердің ескертулерін тіркеу формасы;
- жәрмеңкеде жұмыс істеген кезде жетіспеушіліктерді өзгерту;
- жәрмеңкеде қатысу эффективтілігінің есебі;
- жәрмеңкенің қаржылық есебі.
Жәрмеңкеде әр студентке тапсырма беріледі. Әр студентке стендте орын беріледі. Жұмыс алдында студент қажетті құжаттар мен ақпараттарды алады.
Туристік көрмелердегі жұмыс оқу кезінде осы сала бойынша алынған білімдерді бекітеді және тұлғааралық қатынас, көрмеге келушілер мен қатысушылар қатынасын, ресейлік және шетелдік клиенттермен қатынасты, анықтымылық-ақпараттық материалдармен жұмыс, сонымен бірге маркетингтік зерттеулер машықтарын дамытады, сонымен қатар көрменің экономикалық жұмысының нәтижелілігін бағалау және т.б.
Туристік жәрмеңкеде тәжірибені өтетін студенттер, жәрмеңкеден кейінгі жұмыстарға да қатысады, ол жәрмеңке нәтижелерін зерттеуден, яғни осы шараға қатысқан фирмалардың сараптау қорытындысынан (маркетингтік зерттеулер) тұрады, сонымен қатар жәрмеңке жұмысының экономикалық нәтижелілігін анықтау. Ол үшін алынған визиткалар және «байланыс журналдары» зерттеледі, болашақ клиенттерге хаттар жіберіледі.
Осы жұмыс сараптауды өндеу және ақпаратты тарату машықтарын дамытады, сонымен қатар осы сала бойынша білімдерді бекітеді.
Б қосымша
(анықтамалық)
Күні |
Бөлімше |
Орындалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы |
Тәжірибе жетекшісінің қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
3.06.2013 |
ГжТ кафедрасы |
Кіріспе бөлім |
|
4.06.2013 |
«...» туристік фирмасы |
Кәсіпорын жетекшісі мен қызметкерлерімен танысу |
|
|
«...» туристік фирмасы |
Туристік фирманың құжаттандыруымен танысу |
|
|
«...» туристік фирмасы |
Туристік агенствоның нормативті құжаттарымен танысу |
|
|
«...» туристік фирмасы |
Туристік фирманың негізгі құралдарымен танысу |
|
|
«...» туристік фирмасы |
Кәсіпорындағы еңбек ақыны төлеу жүйесімен танысу |
|
|
«...» туристік фирмасы |
Кәсіпорындағы қызметкерлерді сыйлық беру жүйесімен танысу |
|
|
«...» туристік фирмасы |
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылыммен танысу |
|
|
«...» туристік фирмасы |
ҚР туристік фирмаларды лицензиялау жүйесімен танысу |
|
|
«...» туристік фирмасы |
Кәсіпорынның түрлерімен танысу |
|
|
«...» туристік фирмасы |
Агенствоның қызметкерлеріне еңбек ақыны бөлу әдісімен танысу |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
«...» туристік фирмасы |
Агенствода клиенттерге қызмет көрсету стратегиясымен танысу |
|
|
«...» туристік фирмасы |
Технологиялық басқармамен танысу |
|
|
«...» туристік фирмасы |
Туристік агенстводағы ақпараттық технологиямен танысу |
|
17.06.2013 |
«...» туристік фирмасы |
Құжаттармен жұмыс жасау, алынған құқжаттарды өңдеу |
|
18-22.06.2013 |
ГжТ кафедрасы |
Тәжірибе бойынша есеп жазу |
|
(анықтамалық)
|
Кіріспе |
3 |
1 |
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебесі |
5 |
2 |
Кәсіпорынның қызмет түрлері мен сипаттамалары |
10 |
3 |
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылым басқармасы |
15 |
4 |
Технологиялық басқармасы |
20 |
5 |
Қызмет көрсету стратегиясы |
25 |
|
Қорытынды |
28 |
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
30 |
|
А қосымша (анықтамалық) |
31 |
|
В қосымша (міндетті) |
32 |
А қосымша (міндетті)...............................................................10
Б қосымша (анықтамалық).......................................................16
В қосымша (анықтамалық).......................................................18
14 10 2014
1 стр.
Кафедраның әдістемелік семинарының отырысында бекітілген және басылымға ұсынылған
16 12 2014
1 стр.
«Астана қаласының қазақ мылқау қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесінен бір көзден алу тәсілімен шаруашылық тауарларды
15 10 2014
1 стр.
«Ө. А. Жолдасбеков атындағы экономика және қҰҚЫҚ академиясы» КӨп профилді оқУ-Ғылыми өндірістік кешені мекемесі
25 12 2014
15 стр.
КӘсіпорынның Өндірістік бағдарламасын қалыптастыруды жетілдірудің негізгі бағыттары
25 12 2014
4 стр.
Сабақтың мақсаты: Қазақ дастарханының өзіндік дәстүрі мен тарихын түсіндіру, оның ішінде қой етінен ұлттық дәсүр бойыша табақ тарту рәсімін үйрету
25 12 2014
1 стр.
Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпы міндетті 2006 жылғы білім стандарты «Әлеуметтік денсаулық сақтау» 051107 мамандығына, Ғылыми немесе оқу зертханалық базасының зертханашысы есеб
12 10 2014
1 стр.
Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларды әзірлеген кезде экологиялық талаптарды және өндірістік күштерді орнықтыру сұлбаларын тәртіпке келтіру мақсатында
17 12 2014
1 стр.