Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Парламент

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.


Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл.


Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.
Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады

Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көздел

18.51kb.

04 09 2014
1 стр.


Кәсіпкерлікті қолдаудың бағдарламалар реестрі және шаралары

Бағдарлама мақсаты: Экономиканың шикізаттық емес салаларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс орындарын

65.93kb.

08 10 2014
1 стр.


Жарылысқа қауіпті және зиянды газдармен жұмыс істейтін мойынтіректі компрессор қондырғыларын пайдалану қауіпсіздігі және орнату талаптары

Жарылысқа қауіпті және зиянды газдармен жұмыс істейтін мойынтіректі (поршенді) компрессор қондырғыларын пайдалану қауіпсіздігі мен орнату тәртібі (бұдан былай-Талап) төмендегі жағд

317.4kb.

18 12 2014
1 стр.


Бекітілген шахтинск қаласының 2013 -2015 жылдарға арналған кешенді даму жоспары 2012 жыл мазмұНЫ

ТҰРАҚты жұмыс істейтін кәсіпорындардың Өндірістік көлемінен шахтинск қаласын оңтайландыр

357.79kb.

25 12 2014
1 стр.


Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, көлемі 91 бет

Зерттеу жұмысының нысанасы оқушылардың тілі және лексикалық құралдарды пайдалану тәжірибесі

1559.1kb.

16 12 2014
5 стр.


Бағдарламалардың және кәсіпкерлікті қолдау реестрі

Бағдарламаның мақсаты: Қазiргi тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикiзаттық емес секторларында өңiрлiк кәсiпкерлiктiң орнықты және тең

69.41kb.

10 09 2014
1 стр.


А. Х. Саидов оқулығы бойынша салыстырмалы құқықтану жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?Жалпы және ерекше

Ортасында Швецияда екі заң, біріншісі ауылдық, екіншісі қандай қатынастарды реттеді?Қалалық

83.12kb.

25 12 2014
1 стр.


Байқау іріктеу кезеңдері екі кезеңнен тұрады
37.42kb.

15 10 2014
1 стр.