«Назарбаев Университеті» АҚ жер-жерде жұмыс істеп жатқан және енді ашылатын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мұғалімдерін оқуға және олардың кәсіптік шеберлігін көтеру мақсатында «Назарбаев Университеті» базасында өтетін /1 жылдық курс/ байқауға үміткерлер ретінде қатысуға шақырады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Сізді назарбаев Университеті мен UCL –дің (Лондон Университет Колледжі) бірлескен жобасына қатысуға шақырады.
2011 жылдың 14 сәуірі мен 10 маусымы аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептері оқытушылары арасында оқуға және өздерінің біліктілігін арттыру мақсатында ашық іріктеу кезеңдерінің тіркелімі өтеді.
Біз жұмыс істеп жатқан және енді ашылатын Назарбаев Зияткерлік мектептерінде еңбек жолын жалғастыруы үшін түрлі мамандықты бакалавр немесе магистр академиялық дәрежесінде меңгерген жалпы білім беретін, жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушыларын, сондай-ақ жоғары оқу орындары түлектерін, жалпы алғанда 100 мұғалімді Назарбаев Университеті базасында кәсіптік шеберлігін жетілдіруді көздеп отырмыз.
Байқау іріктеу кезеңдері екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең
Қойылған талаптарды бағалай отырып, жауап беріңіз. Көрсетілген адресте орналасқан: http://orken.org/new/ru/cv/?type=nu. Резюмені толтырыңыз.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Білім мекемелерінде жұмыс істейтін оқытушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар
|
Бакалавр және магистр дәрежесінде білім алған жоғары оқу орны түлектері үшін
|
-
Қазақстан Республикасының азаматтығы
-
IELTS/TOEFL (Academic version)* сертификаты – 4 балл және одан жоғары , ағылшын тілі мұғалімдері үшін – 6 балл және одан жоғары ( алынған сертификат уақыты 2 жылдан аспауы керек );
-
Педагогикалық стаж 2 жылдан кем болмауы тиіс ;
-
Кәсіптік шеберліктері мен жетістіктерін дәлелдейтін портфолио, кәсіптік шеберліктерін көтеру барысында өткен курс сертификаттары.
| -
Қазақстан Республикасының азаматтығы
IELTS/TOEFL (Academic version)* сертификаты – 6 балл және одан жоғары (сертификат, алынған сертификат уақыты 2 жылдан аспауы керек);
-
Бітіру дипломының ортақ балы бестік балл бойынша – 4,5-нан; төрттік балл бойынша - 3,6-дан кем болмауы керек;
-
Кәсіптік шеберліктері мен жетістіктерін дәлелдейтін портфолио, кәсіптік шеберліктерін көтеру барысында өткен курс сертификаттары (түп нұсқа түрінде)
|
* егер сертификаттардың өту мерзімі сәйкес келмесе, біз ақылы түрде IELTS емтиханын үміткерлерге тапсыруға мүмкіндік бере аламыз.
Екінші кезең
-
Бірінші кезеңнен өткен үміткерлер /200 сөзден аспайтын/ ағылшын тілінде жазбаша жұмыстарын жазады. Жазаба жұмысында үміткерлердің өздері туралы, өзінің мамандықты таңдаудағы мақсаты, қалыптастыру ерекшелігі, курсты таңдаудағы мақсаты, сондай-ақ төмендегі сұрақтарды қамтып жауап бере алатын түрде жазылуы тиіс:
-
Why are you interested in this course?
-
Why would you like to be selected?
-
What are your professional goals for the future?
Аталған жазабаша түсіндірулерін көрсетілген электронды мекен-жайға жібереді:
[email protected]
-
Егер сіздің кәсіптік шеберлігінің және қабілетіңіз көрсеткен талаптарға сәйкес келетін болса, біз Сізді міндетті түрде байқау комиссиялары мүшелерімен өтетін сұқбаттасуға шақырамыз. («Назарбаев Зияткерлік мектептері», Назарбаев Университеті, UCL өкілдері ).
Сұқбаттасуға шақырылған үміткерлер тізімі аталған сайтта жарияланатын болады
www.nu.edu.kz.
Қорытынды кезең
-
Біліктілікті арттыру курсы. Аталған курс кезеңінде степендия қарастырылады.
-
Білім алушымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ, «Назарбаев Университеті» мен бірлескен үш жақты келісімшарт жасалады. Келісімшарт аясында білім алушы курстан өткен соң, өз оқуынан алған шеберлігін 5,5 жылға дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» базасында көрсетуі тиіс.
Результат
-
Курсты аяқтау жөніндегі сертификат алу.
-
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жұмыс істеуге жолдама.
-
Егер курсты белгілі себептерге байланысты аяқтамаса немесе тастап кетсе білім алушы/курс тыңдаушысы/ курс барысында барлық жұмсалған қаржы шығынын өтеуі тиіс.
Қосымша ақпаратты мына телефонға хабарласу арқылы да ала аласыз +7 7172 706180, email: profdev@nu.edu.kz.
IELTS емтиханын тапсыру жөніндегі сұрақтар бойынша – +7 7172 705744, 705721 телефонына,немесе келесі электрондық поштаға:
Shimyrbayeva_zh@orken.org хабарласуыңызға болады.
Сізге сәттілік тілейміз!