Перейти на главную страницу
1.1 ҚР қаржы министірлігінің сипаттамасы
1.1.1. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің заңды мәртебесі, атауы, орналасқан жері және басқаруы..........................................3
1.1.2. Кәсіпорын қызметінің мәні және мақсаттары..8
1.1.3. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қосымша мәліметтері................9
1.2 ҚР Қаржы Жүйесін Ақпараттандыру Орталығының сипаттамасы
1.2.1 Қаржы Жүйесін Ақпараттандыру Орталығы......12
1.2.2 Қызметі, мақсаты, құқықтары және жалпы ережелері........................................12
1.2.3 «ҚЖАО» РМК-ның Әкімшілігі..................16
1.2.4 Ұйымдастырушылық құрлымы...................17
1.2.5 Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру басқармасы..18
1.3 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы.........................................23
1.4 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.1. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.24
1.4.2. Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар.........................................25
1.4.3. Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар.26
1.4.4. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.........................................27
1.4.5. Математикалық жабдықтау...................29
1.5 Концептуалды схема...............................30
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.
Нарықтық қатынасқа көшудегі қаржы және банктік механизмдегі қайта құрулар осы банктік және қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйе қызметтерінің бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. Банктік мекемелердің ақпараттық жүйесін құру принципі банктік органдардың иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді.
Қазақстанда ақпараттық өнім өндіретін және оны өткізумен айналысатын фирмалар мен ұйымдар саны жылдан жылға артуда. Осындай ірі ұйымның бірі - «Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы» (ҚЖАО) болып табылады. Республикалық Мемлекеттік кәсіпорын «ҚЖАО» өндірген «ЕСЕП», «SALARY», «Ведомственные кадры» сияқты программалар Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінде қолданылуда Осы курстық жұмыс жазу кезінде мен бірінші бөлімінде ҚР Қаржы Министрлігінің ұйымдастырушылық құрылымына біраз тоқталып және ҚЖАО-ға сипаттама көрсетілген. Сонымен қатар бірінші бөлімге Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар мен концептуалды схема кірген. Ал екінші бөлімде ҚР Қаржы Министрлігінің Қаржылық Жүйелерді Ақпараттандыру Орталығының жүйесін жобалау сипатталған. Оның ішіне кіріс және шығыс ақпараттары кірген.
1 ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығының ақпаратты қорғау бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Кәсіпорынға қатысты республикалық мемлекеттік меншік құқығының функциясын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Уәкілетті орган) орындайды.
Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Мемлекеттік басқару органы) болып табылады.
Өзінің қызметінде Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіқ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңын, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
Кәсіпорын шаруашылық жүргізу қүқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның үйымдастырушылық-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, жеке балансы, банктерде шоттарь,, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі және фирмалық атауы бар мөрі, бланкілері, мөртаңбалары және басқа "да ресми атрибуттары бар.
Кәсіпорынның атауы:
толық:
мемлекеттік тілде - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы» шаруашылық жүргізу қүқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны;
қысқаша:
орыс тілінде - РГП «ЦИФС».
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 473000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы,48.
Кәсіпорынды Мемлекеттік басқару органының мынадай өкілеттіктері бар:
Мемлекеттік басқару органы еңбек туралы Қзақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жеке еңбек шартын жасасу арқылы Бас директормен қарым-қатынастарын рәсімдейді.
Бас директор Кәсіпорындағы іс жағдайына меншік иесі (Уәкілетті орган) мен Мемлекеттік басқару органы алдында жауапты.
Бас директор дербес басшылық принциптері бойынша әрекет етеді және Қ.Р-ң заңдарында және осы Жарғыда анықталатын өзінің құзіретіне сәйкес, Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін дербез шешеді.
Кәсіпорынның Бас директоры:
Кәсіпорынның мүлкін негізгі және айнымалы құралдары, сондай-ақ құндылықтар қүрайды, олардың қүны Кәсіпорынның дербес балансында көрсетіледі.
Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (үлестер, жарналар) оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлініп берілмейді.
Кәсіпорынның мүлкі:
Жарғылық қызметінің мақсаттарына жауып бермейтін, сондай-ақ артық, пайдаланылмаған Кәсіпорынның мүлкі Уәкілетті органның шешімі бойынша алынуы мүмкін.
Мүлікті алу туралы шешімде Уәкілетті орган кейіннен баланстан шығара отырып, алынған мүлікті өзге түлғаға бергенге дейін оны үста/ және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерін Кәсіпорынға белгілеуге қүқығы бар.
Кәсіпорын Уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз:
Кәсіпорын егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, негізгі құралдарға жаатпайтын шаруашылық жүргізу құқығында оған бекітілген жылжымалы мүлікке дербес иелік етеді.
Кәсіпорынның жарғылық капиталы 29201832 теңге соммасында белгіленді және 100 пайызға қалыптастырылды.
Белгіленген көлемге жеткенге дейін Кәсіпорын иелігінде қалған таз;а табыстың кемінде 5 пайызы мөлшерінде жыл сайынғы аударымдар арқылы жарғылық капиталдың 10 пайызы мөлшеріндегі резервтік капиталды Кәсіпорын қалыптастырады.
Резервтік капиталдың қаражаты Кәсіпорынның өзге қаражаты жетіспеген жағдайда тек қана шығындарды өтеуге, бюджет алдындағы міндеттемелерді орындауға, мемлекеттік несиелерді өтеуге және олар бойынша сыйақы төлеуге пайдаланылады.
1-сурет. ҚР Қаржы Министрлігінің ұйымдастырушылық құрлымы
СК (НК) - Сақтандыру комитеті (Налоговый Комитет)
ОА (ЦА) - Орталық аппарат (Центральный аппарат Министерства
государственных доходов РК)
ҚК (КК) - Қазына Комитеті (Комитет казначейства)
ДБК(КНД)-Дәрменсіз борышкерлер комитеті (Комитет по несостоятельными должниками)
1.1.2 Кәсіпорын қызметінің мәні және мақсаттары
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты қаржы саласында ақпараттық жүйелерді әзірлеу және ақпараттық - есептеу қызметтерін көрсету болып табылады.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін орындайды:
Кәсіпорын жеке қызметінен түсетін-кірістердің есебінен ұсталады.
Кәсіпорынға қаржы бөлу Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіппен беріледі.
Кәсіпорынның таза кірісінің бір бөлігін есептеу нормативін Қазақстан республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік басқару органы белгілейді.
Кәсіпорынның таза кірісінің бөлігі белгіленген нормативтер бойынша республикалық бюджетке есептеуге жатады.
Кәсіпорын өндіретін тауарлардың ( жұмыстардың, қызметтердін) бағасы Кәсіпорынның өндірісіне кеткен шығындарды толық өтеуін, оның қызметінің шығынсыздығын және жеке шығындарды толық өтеуін, оның қызметінің шығынсыздығын және жеке кірістерінің есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Кәсіпорынның жауапкершілігі
Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша иелігіндегі барлық мүлікке жауап береді.
Кәсіпорынның мүлкінің меншік иесінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Мемлекет Уәкілетті органның немесе Мемлекеттік басқару органының іс-әрекеттерінен болған банкроттық жағдайын қоспағанда, Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Еңбек ұжымымен өзара қатынас
Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек үжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкез анықталады.
Жүмыс режимін Бас директор Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген кепілдерді есепке ала отырып белгілейді.
Филиалдары, өкілдіктері және еншілес кәсіпорындары
Жарғылық міндеттерін орындау үшін Кәсіпорынның Уәкілетті органның жазбаша келісімімен филиалдары мен өкілдіктер құруға құқығы бар.
Филиалдар мен өкілдіктер өзінің қызметінде Кәсіпорынға есеп береді.
Филиалдар мен өкілдіктер өз қызметін Кәсіпорын Бас Директоры бекітетін Филиал туралы ережеге сәйкес жүзеге асады.
Филиалдар мен өкілдіктер басшылырын Кәсіпорын Бас директорының ұсынысы бойынша Мемлекеттік басқару органы тағайындайды және оның сенімхатының негізінде жүзеге асырады.
Еншілес кәсіпорын Уәкілетті органмен және бағалық және монополияға қарсы саясат жөніндегі орталық атқарушы органмен келісе отырып, Кәсіпорынның Мемлекеттік басқару органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі рұқсаты бойынша құрылады.
Еншілес кәсіпорынның басшысы Мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорын Бас директоры тағайындалады.
Еншілес кәсіпорынның Жарғысын мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорынның бас директоры тағайындалады.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңдарына және мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Бас директор бекітетін есеп саясатына сәйкес бухгалтерлік есепте берілген мерзімдеріне сай Мемлекеттік органына, қаржы, салық және статистикалық органдарға бухгалтерлік есеп пен статистикалық есептілікті береді және оның растығына жауап береді.
Кәсіпорынды тарату және қайта үйымдастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорын азаматтық заңда көзделген басқа негіздер бойынша д.а таратылуы мүмкін. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көрсетілмесе, кәсіпорынды қайта үйымдастыруды жәнө таратуды Уәкілетті органмен келісім бойынша Мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.
Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған тартылған Кәсіпорынның мүлкін уәкілетті орган қайта бөледі.
Кредит берушілердің талаптарын қанағаттарын қанағаттандырғаннан кейін қалған Кәсіпорынның мүлкін іске асыру нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тартылған Кәсіпорынның ақшасы республикалық бюджеттің кірісіне есептеледі.
ҚР Қаржы Жүйесін Ақпараттандыру Орталығының сипаттамасы
Қаржы Жүйесін Ақпараттандыру Орталығы
РМК «Қаржылық жүйелерді ақпараттындыру ортальғы » компьютерлік желілік және ақпараттық технологиялар нарығында 1978 жылдан бері жұмыс жасайды. Құрылған уақыттан бастап қазіргі күнге дейін Орталық Қаржы Министрлігінң құрылымдық өзгерістеріне сәйкос бірнеше өзгерістерге ұшырады.
Қызметтің негізгі түрі ақпараттық жүйелерді жасап шьғару, сүйемелдеу, әкімшілік баскару және есептеу техникасына жүйелік -техникалық қызмет көрсету. Қызмет аймағы қаржылық есептерді автоматтандыру.
Орталық сонымен бірге мемлекеттік органдарды ақпараттандыруға арналған мақсаттық бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық - есептеу құралдарын есепке алу жүзеге асырылған «ИТР мемлекеттік тіркеуді жүргізу» ақпараттық жүйесі жасалынды. Дайындау барысында мәліметтерді объектілі - бағыттау тәсілі технологиясы қолданылды.
Орталық өз мамандарына жоғары тәжірибе беруге үлкен көңіл бөледі. Қазіргі уақытта бізде мынадай бағыттар бойынша 40 сертификатталған мамандар жумыс жасайды. Өнеркәсіптік CYH, UNIX, операциялық жүйелерін баскару, Cisco, CheckPoint, EnteraSys қүрылғылары, Novell өнімдері, ақпаратты қорғау, Case технологияларын қолдану арқылы жобалау, Developer, Design, Oracle, Delphi, SAP технологияларында программалау.
Жоғарыда айтылған міндеттер ақпараттық технология Департаментімен бақыланады.
Жоғарыда айтылған міндеттер ақпараттық технология Департаментімен бақыланады.
Порольдік қауіпсіздікке қойылатын талаптар мен бақылаулар ақпараттық технологиялар Департаментімен жүзеге асырылады.
1-кесте
«ҚЖАО» РМК-ның Әкімшілігі
Қызметі |
Тегі, аты-жөні |
Телефон |
Бас директор |
Молдабаев Р.А. |
+7(3172)71-85-05 |
Басдиректор орынбасары |
Машанов Е.С. |
+7(3172) 71-85-15 |
Бас бухгалтер |
Гончарук Е.А. |
+7(3172)71-85-16 |
Басқару және шаруашылық басқармасы |
Токтарова З.А. |
+7(3172)71-85-16 |
Ақпараттық жүйені құру басқармасы |
Калкаманова Г.Ф. |
+7(3172)71-76-70 |
Ақпараттық жүйені ендіру және сүймелдеу басқармасы |
Жаркенова Ш.Ж. |
+7(3172)71-85-17 |
Серверлерді басқару басқармасы |
Елемисова Ш.Р. |
+7(3172)71-85-19 |
Телекомуникация басқармасы |
Катенов Р.А. |
+7(3172)71-82-32 |
Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру басқармасы |
Кусаинбекова К.Ж. |
+7(3172)71-85-21 |
Жүйелік-техникалық қамтамасыздандыру басқармасы |
Яроцкий С.А. |
+7(3172)71-82-34 |
«ҚЖАО» РМК -ның қызметкерлерін оқу жүргізетін оқу орындары:
1 Қазақстандағы АйТи акдемиясы
2 САМАН МАТИ тестілеу және оқыту орталығы
3 Interface HD Мәскеу қ..
4 Алматы қаласындағы Oracle оқу орталығы
5 «Ақп. сақтау» ҒЗК (Ғылыми зерттеу кәсіпорны) ЖАҚ
6 «Микроинформ» оқу орталығы
7 Астана қ.-ғы АЖИ ЖАҚ оқу орталығы
8 СоmТес оқу орталығы Мәскеу қ..
Мекемедегі eTrust Antivirus программасын орнату ережесі:
Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар қарқынды жылдамдықпен дамуда. Сол дамудан артта қалып қалмау үшін жаңартылып жатқан технологияларды меңгере отырып жүйелерді жаңартып отыру қажет. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда элементтерін, талаптарын, құжат түрлерін, объектілерін, субъектілерін, заңдарын және т.б. сияқты жайттарды ескеруіміз қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.
Бұл талаптар мыналар:
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.
Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеу-лерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.
Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.
Ақпараттық жабдықтау
2-кесте
Элементтер |
Сипаттамалар |
Ақпараттық технология |
Мәліметтер базасында негізделген |
Мәліметтер базасы типі |
Реляциондық |
Кодтау жүйесі |
Фасеттік жүйе |
Ақпараттық қорғау |
АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады. |
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.
Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.
Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру – құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру - әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкеледі.
1.4.3. Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:
Екінші саты – ақпаратты түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік және уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.
Үшінші саты – операциялар тобын және олардың бас қарушылық шешімдерді қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.
Басқарудың ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі техникалық жабдықтар қолданылады:
Ақпаратты өткізіп беретін жабдық мәліметтерді өңдеу орталықтарына және оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде қолданылады.
Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық тасығыштарға, оның ішінде магниттік табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік табақшаларға жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады.
3-кесте
Техникалық құралдар кешені
Техникалық құралдар атауы |
Физикалық модуль |
Сипаттамалары |
ДЭЕМ Іntel Pentіum 4 |
Процессор Зерделік сақтаушы құрылғы МҚДЖ Монитор
Перне тақтасы Тышқан
|
Іntel, 2.4MHz 512Mb 80Gb
19 дюймдік 105 батырмалы 2 баспалы
|
Принтер |
Принтер |
HP LaserJet |
Факс – модем |
Факс – модем |
Sony – 42S |
Телефон |
Телефон |
Panasonіk |
Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.
Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің “және – немесе” шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлмі.
Операциялық жүйе – ол есептеу кезеңін тиімді ұйымдастырып және есептеу жүйесінің қорларын (жедел жадылы процессорды, арналарды және т.б.) тиімді тиеуді орындайды. Бұл жүйеге операциялық жүйелер мен жеке программалардың (драйверлердің) мүмкіндігін кеңйтетін программалар жатады.
Есептеу кезеңін ұйымдастырудың тиімділігі ақпараттық жүйенің тәсілін, оның генерациясының параметрлерін және оған тиімді қолданбалы программалар пакетін (ҚПП) қосуды үйлесімді таңдаумен жүзеге асырады. Әдетте программалық өнімді тұрғызу жабдығы бар болып отырған операциялық жүйеде қамтылғанмен, бірақ қазіргі уақытта операциялық жүйеде қамтылмаған көптеген осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтау өте қажет.
Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ-нің жұмыс қабілетін тексеріп, егер жөндеу қажет болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.
Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП – жалпы жүйелік және функционалдық болып екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік қолданбалы программалар пакеті кез-келген ақпараттық жүйеде қолданылуы мүмкін. Оны қолданбалы программалар пакеті арқылы:
Нақты объектінің ақпараттық жүйесінің арнаулы программалық жабдықтауына функционалды ҚПП кіреді. Функционалды ҚПП деп параметрлік икемділік бар және басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратты алуға бағытталған, өзара байланысқан программалардың бірігуі айтылады. Нақты басқару объектісінің әрбір ақпараттық жүйесінде осы ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын, өзінің функционалдық ҚПП –нің жиынтығы болады. Арнаулы программалық жабдықтауға нақты ақпараттық жүйені тұрғызудағы оның қызметін жүзеге асыру үшін құрастырылатын жеке есептердің шешілу программалары және функционалдық ҚПП – ң бірігуі жатады.
4-кесте
Тип |
Атауы |
Мүмкіндіктері |
Жалпы программалық жабдықтау | ||
ОЖ |
Mіcrosoft Wіndows NT Server 4.0 |
Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау. |
Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon 4.0 MS Offіce XP |
Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы. | |
Mіcrosoft Wіndows ХР professіonal |
Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау. | |
Арнаулы программалық жабдықтау. | ||
ҚПП |
Delphі 7 |
Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау. |
МББЖ |
Paradox 7 |
Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер базасын жинақтау. |
Қорғау | ||
ОЖ паролі |
Желіге енуді бақылайды. | |
МББЖ паролі |
МБ кестелеріне ену құқын анықтайды. | |
Вирусқа қарсы программа |
Мәліметтерге қауіп төндіретін әр түрлі вирустарға қарсы күреседі. |
Ақпараттық жүйелер-бұл күрделі жүйе болып келеді.
Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементерге бөлуге, (декомпозициялау) тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге біртіндеп жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жұйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.
Әдетте декомпозициялау анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі бөлшекке бөледі.
Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке жабдықтаушы жүйешелер жатады.
Жүйеше дегеніміз-жүйенің анықталған белгілері бойынша бөлінген дербес бөлшегі.
Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлшегі- ол жүйешелер немесе есептер жиыны мен басқарудың негізгі бөлігін құрайтын есептердің жиыны.
Функционалдық жүйеше–нақты функциянермен шектелгенАқпараттық жүйенің (АЖ) бір бөлігі.
Қамтамасыз ету бөлігі- бұл автоматтандырылған тәртіпте (режимде)
жүйенің қызымет етуі үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.
Қамтамасыз ету бөлігі мыналардан тұрады- техникалық қамтамасыз ету, бағдарламалық қамту, ақпараттың қамтамасыз ету (АҚ)
«Алматы қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауң ақпараттық жүйесінің концептуалдық сызбасы 2-ші суретте көрсетілген:
2-сурет
Азақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің заңды мәртебесі, атауы, орналасқан жері және басқаруы
25 12 2014
1 стр.
Проектілерді басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
17 12 2014
3 стр.
Банктік операциялар жүйесінде клиенттерге қызмет көрсетудің АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу
14 12 2014
6 стр.
Азақстан республикасы зейнетақы және әлеуметтік салымдарын есепке алудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу 6
14 12 2014
8 стр.
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
14 12 2014
6 стр.
Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесін негіздеу
14 12 2014
10 стр.
Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
17 12 2014
8 стр.
Нефте банк” Ашық Акционерлік Қоғамы қызметіне сипаттама
25 12 2014
10 стр.