





































































ӘӨЖ: 001.895:371.12.011.3-051:54
Қолжазба құқығында
Тулегенова Нуржайна Сериковна
Жоғары мектепте химия пәні мұғалімін кәсіби даярлау жүйесінде дамыта оқыту технологиясын пайдалану
6MO11200-Химия мамандығыбойынша
педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алуүшін
дайындаған диссертацияның
Р Е Ф Е Р А Т Ы
Қазақстан Республикасы
Қызылорда, 2013 жыл
Жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институтының «Химия және экология» кафедрасында орындалған.
Ғылыми жетекшісі: педагогикағылымдарының кандидаты, академиялық профессор Сәдуақасқызы К
Ресми оппонент: Әл-Фараби атындағы ҚазақҰлттық Университеті,
«Физикалық химия, катализ
және мұнай химиясы»
кафедрасының аға оқытушысы,
х.ғ.к. Жақсылықова Г.Ж.
Қорғау 2013 жылы «8» маусымда сағат 09-00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Жаратылыстану және аграрлық технологиялар» институтының 9-оқу ғимаратында 303 аудиторияда өтеді.
Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Амангелді к-сі, 66
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Зерттеудiң көкейкестілігі. Елімізде болып жатқан елеулі экономикалық және әлеуметтік өзгерістер маманға, оның интеллектуалды және шығармашылық әлеуетіне талаптарды түбегейлі өзгертуге әкелді. Қазақстанға заманауи эрудициялы, стандартты емес ақыл-ойлы, тез шешім қабылдауға қабілетті дамыған тұлғалар қажет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - дегенге сүйене отырып заман талабына жауап бере алатын оқыту әдістерінің инновациялық бағытын дамытуды көздейді делінген.
Көршілес Ресей елінде дамыта оқытуды ұйымдастыру амалдарын теориялық негіздеудің алғашқы әрекеттері біздің ғасырдың 20-шы жылдарында Н.П. Пинкевичпен, Б.Е. Райковпен, К.П. Ягодовскиймен және басқалармен қабылданған болатын. 30-шы жылдарда бұл идея көрнекті орыс психологы Л.С. Выготскиймен негізделіп, 50-ші және 60-шы жылдарда оқу-тәрбие үдерісіне енгізіле бастады.
Бұл мәселені өте терең дидакттар, психологтар және әдіскерлер: П.П.Блонский, Ю.К.Бабанский, З.А.Вологодский, Г.Г.Гранатов, М.А.Данилов, П.Я.Гальперин, Б.П.Есипов, Л.Я.Зорина, Т.В.Кудрявцев, E.H.Кабанова-Меллер, А.Н.Леонтьев, М.М.Левина,В.В.Мултановский, Я.А.Пономарев, В.Г.Разумовский, В.Я.Синенко, A.B.Усова, В.А.Черкасов, Т.И.Шамова және басқалар өте терең түрде қарастырды.
Соңғы онжылдық ішінде дамытып оқыту мәселесі педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің жіті назарын өзіне тартуда. Оқыту мен дамытудың өзара байланысы мәселелерінің ғылыми-педагогикалық негізін: Л.С.Выготский,С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков, И.Я.Лернер,М.М.Скаткин, Е.Н.Кабанова-Меллер, И.С.Якиманская, Н.А.Менчинская, З.И.Калмыкова, B.C.Кузин, A.M,Матюшкин, М.М.Махмутов, П.Р.Атутов, Ю.К.Васильев, В.А. Поляков және басқалардың еңбектері құрайды.
Отандық жоғары оқу орындарында студенттерді кәсіби даярлаудағы маңызды мәселелер ғалым-педагогтарымыздың ғылыми зерттеулерінде талданған (Ж.Ж.Жаңабаев, А.А.Саипов, К.М.Беркімбаев, Б.А.Оспанова, А.А.Жолдасбеков, Қ.Ералин, І.Сманов, Р.Ибрагимов, М.Ә.Құдайқұлов т.б.). Сонымен қатар оқыта отырып тәрбиелеу мәселелері В.А.Ким, Л.Ә.Байсерке, Ж.Асанов, Х.Шалғынбаева, Жарбулова С., Үсенов С., Р.А.Жанабаева т.б. зерттеулерінде көрініс тапқан.
Әдістемелік, оқу әдебиеттерін, диссертацияны талдау, жоғары мектепке арналған дамыта оқытудың әдіс-тәсілдері мазмұндық жағынан да, әдістемелік жағынан да жеткіліксіз зерттелгендігін көрсетті.
Көптеген педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми-зерттеулерді талдау нәтижесінде негізгі мынадай қарама-қайшылықтар анықталды:
-
Химия пәнін оқытуды зерттеу кезінде студенттерді дамытуға мүмкіндік беретін тиімді педагогикалық технологиялардың болмауы және шығармашылықпен ойлайтын педагогті оқыту мен тәрбиелеу қажеттелігі арасындағы;
-
Осы заманғы қоғамның өзгермелі жағдайдағы шығармашылыққа қабілетті тұлғаға қойылатын талаптар және білім беру үдерісінде пәнді оқыту арқылы студенттерді дамытуға аз көңіл бөлінетіндігі;
-
Заманауи мектеп мұғалімінің шығармашылық негізінде жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қажет етуі және дәстүрлі білім және оқыту әдістемесін беретін педагогті базалық дайындау арасындағы қарама-қайшылық;
Осы аталған қарама-қайшылықтардың негізінде диссертациялық зерттеудің тақырыбын
«Жоғары мектепте химия пәні мұғалімін кәсіби даярлау жүйесінде дамыта оқыту технологиясын пайдалану» деп алуға негіз болды.
Зерттеу нысаны –жоғары мектептегі оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні – химия пәні мұғалімін кәсіби даярлауда дамыта оқыту технологиясы арқылы оқыту.
Зерттеу мақсаты – жоғары оқу орындарында болашақ химия пәні мұғалімін кәсіби даярлау кезіндегістуденттерді дамытуға бағытталған дамыта оқытуды қолданудың тиімділігі мен педагогикалық шарттарын анықтау, осы жүйенің тиімділігін бағалау болып табылатын орта және жоғары мектепте химияны дамытып оқытудың құралдары мен әдістемелік жүйесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы – жоғары оқу орындарында химия пәні мұғалімін даярлау үдерісінде студенттердің білімі мен білігінің сапасы және тұлғасының даму деңгейі жоғары болып қалыптасады,
егер:
1)жоғары оқу орындарында болашақ химия пәні мұғалімін кәсіби даярлау негізінде студенттердің дамуының қажеттілігі негізделсе;
2) оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен құралдары жүйесі жасалса және олардың студенттерді дамытудағы мүмкіндік әлеуеті анықталса;
3) студенттерді дамыту құралы ретінде арнайыоқу-танымдық тапсырмалар құрастырылса және әдіс-тәсіл моделі жасалынса және олар сынақтан өткізіліп тиімділігі дәлелденсе;
4) студенттердің даму деңгейлері анықталса, іс-тәжірибелік сынақтың критерийлері дұрыс таңдалып алынса;
ондастуденттің білімі мен білігі ғана жақсармайды, оның тұлғасының даму деңгейі жоғары болады,өйткені жасалынған дамыту құралы ретінде оқу-танымдық тапсырмалардың мазмұны әдіс-тәсілдері және ұйымдастыру формалары түпкі нәтиже ретінде оқушы немесе студенттің тұлғасын дамытудыкөздейді.
Алға қойылған мақсатты және ұсынылған болжамдарды жүзеге асыру үшін жұмыс барысында мына зерттеуміндеттерішешіледі:
-
Қазіргі кезеңдегі дамытып оқыту теориясы саласында педагогтар мен психологтардың зерттеулерін талдау.
-
Жоғарғы мектептегі дамытып оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері мен негіздерін ашу.
-
Оқытудың ұсынылып отырған әдістемесінің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру және оқыту үдерісіне енгізу.
-
3-курс студенттеріне химияны оқыту әдістемесін оқыту негізінде дамытып оқыту әдістерінің мүмкіндіктерін бағалау.
Зерттеудің
жетекші идеясы – болашақ химия пәні мұғалімдерін кәсіби даярлауда негізгі пәндерді оқыту барысында дамытуды қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері мен шарттарының оларға кәсіби білім берудегі маңызды құндылық бағдар ретінде танылуы - студенттердің пәнді терең ұғынып, білімі мен біліктерін шығармашылықпен қолдану арқылы кәсіби маңызды міндеттерді шешуі, жеке тұлғалық шығармашылық сапаларын дамыту, зияткерлік өсуінің дамудың көрсеткіші ретінде қабылдануы.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: а) философиялық деңгейде-табиғи, қоғами және рухани құбылыстардың дамуы туралы ілім ретіндегі диалектика, таным үдерісінің диалектикасы; ә) жалпы ғылыми деңгейлі-әдістер: генетикалық, салыстырмалы-тарихи, құрылымдық-функционалдық талдаудың, жүйелік талдаудың, саралау мен ғылым интеграциясының; б) дербес-ғылыми деңгейдегі дидактика қағидалары, оқу үдерісінде химиялық ғылыми ұғымдарды қалыптастыру теориясы.
Зерттеудің теориялық негізі - жүйелік көзқарас, теориялық танымның әдістемелік мәселелері, химияның даму диалектикасы, даму тұжырымдамасы, ғылыми танымдағы сабақтастық, ғылыми және оқу танымындағы арақатынастар тұрғысындағы философиялық жұмыстарға арқа сүйей отырып жүзеге асырылды.Философия, педагогика, психология ғылымдарының жеке адамды дамыту туралы ілімдері. Дидактикалық зерттеулерге: оқу мазмұнының мәселелері, оның құрылымдануы, оқытудың формаларын ұйымдастыру мен құралдары, оның заңдылықтары бойынша. (Ю.К.Бабанский, И .Я.Лернер, М.Н.Скаткин, A.B.Усова, В.А.Черкасов, М.И.Махмутов, М.Н. Шахмаев және т.б.); дамытып оқыту тұжырымдамасы (Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков, Е.Н.Кабанова-Меллер, Н.А.Менчинская және басқалар.); жоғары мектеп дидактикасы бойынша жұмыстар (С.И.Архангельский, В.И.Андреев, Е.Л.Белкин, В.И.Загвязинский, П.И.Пидкасистый, Н.А.Аитов, Г.Н.Александров, Р.Р.Мавлютов, A.Ф.Меняев және басқалар); зерттеулерге негізделеді.
Зерттеу көздері:Қазақстан Республикасының ²Білім туралы² Заңы, Конституциясы, Президенттің халыққа Жолдауы-2013 «Қазақстан-2050» стратегиясы–қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, көрнекті философтардың, психологтердің, педагогтердің еңбектері, Қазақстанда жоғары білім беру стандарттары, нормативтік құжаттар, химия пәні бойынша бағдарламалар, оқулықтар, силлабустар және пәндік әдістемелік материалдар.
Зерттеудің негізгі базасы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Химия және экология» кафедрасы таңдалды. Тәжірибелік сынаққа химия мамандығы бойынша 46 студент және 2 оқытушы. 2 магистрант қатысты.
Бірінші кезеңде (2011-2012 жж) – студенттерді дамытып оқыту проблемасы бойынша психологиялық-педагогикалық, философиялық, әдістемелік әдебиеттер зерттеліп, талданды; зерттеудің мақсаты, жұмыс болжамы және міндеттері тұжырымдалды; химиялық пәндерді оқыту кезінде студенттерді дамытуға бағытталған педагогикалық технологияларды жобалаудың негізгі кезеңдері талданды, дамыта оқыту тәсілдерін химияны оқытудағы моделі жасалды.
Екінші кезеңде (2012-2013 оқу жылы) – зерттеудің міндеттері, ғылыми болжамы нақтыланды, теориялық-әдіснамалық бағыт – дидактикалық әдіс жасалынды, оқыту үдерісінде білім алушы қолданатын жаңа типті дамытуға бағытталған тәсіл бойынша тапсырмалар жасалынды, іс-тәжірибеден өткізілді. Жасалынған педагогикалық технологиялардың тиімділігін анықтау бағытындағы тәжірибелік сынақ жұмыстары жүргізіліп, нәтижелері тексерілді және жүйеленді, тұжырымдамалар жасалды, диссертациялық жұмыс рәсімделді.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
-
Қазіргі кезеңде білім берудің жаңашылдық бағытына сай, студенттердің шығармашылық дербестігін қалыптастыруды дидактикалық тұрғыда негіздеу - жоғары білім беруді жетілдірудің бағдарын анықтап, инновациялық-дидактикалық әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
-
Студенттерді оқытуда дамыта оқытуды жүйелі қалыптастырудың дидактикалық шарттары оқу үрдісін оңтайлы ұйымдастырудың тұғыры бола отырып, химияны оқытудың әдістемелік нәтижесін қамтамасыз етеді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы мынадан тұрады:
-
дамытып оқыту мәселесіне тұтас дидактикалық көзқарас ұсынылды;
-
педагогикалық ЖОО-да дамытып оқыту жүйесінде химияны оқыту әдістемесінің ерекшелігі мен рөлі негізделді;
-
дамытып оқыту арқылы тұлға қалыптастырудың шарттары анықталды;
-
химияны оқыту үдерісінде оқытудың дамытушы функциясын іске асырудың әдістері анықталды және тәжірибе жүзінде тексерілді;
Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі:әдіснамалық негізділігімен және зерттеудің бастапқы теориялық қағидаларының бір-біріне қарама-қайшы келмеуімен, бір сөзбен айтқанда проблеманы шешудің біртұтас тәсілімен қамтамасыз етілген, зерттеудің негізгі қағидаларының, ғылыми болжамның іс жүзінде дәлелденуімен және эксперимент барысында алынған мәліметтердің ғылыми өңделуі нәтижелерімен расталды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіруЗерттеудің негізгі қорытындылары мен тұжырымдары Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің, ²Химия және экология² кафедрасының отырыстарында,институттыңғылыми кеңесінде, облыстық педагогикалық оқуларда талқыланды. Жұмыстың негізгі мазмұны «Қазақстан-2050»бағдарламасын жүзеге асыру-жастардың қолында» атты II-ші Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында. (Шымкент, 2013)және «Қазақстан білім және педагогика ғылымының тарихы: трансформация және инновация» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Астана, 2013), Республикалық «Қазақстан мектебі», «Химия мектепте», «Білім» және ҚР ПҒА «Хабаршы» журналдарында жарық көрді.
Диссертациялық зерттеудің құрылымы жұмыстың міндеттері мен тақырыпты ашу логикасы арқылы анықталды және кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, проблемасы, ғылыми аппараты, объектісі, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, жұмыстың әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, зерттеу базасы мен кезеңдері, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі, сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру жолдары баяндалады.
²Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері²деп аталатын бірінші бөлімде зерттеу проблемасы болып отырған дамыта оқыту технологиясы арқылы болашақ шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілетті тұлға болып қалыптасуын қажетсініп отырған қоғам сұранысымен сол мақсатта пайдаланылатын дидактикалық материалдардың мазмұн, форма және қолдану әдістерінің теориялық-практикалық аз талданып зерттелуі арасындағы туып отырған қарама-қайшылықтар жан-жақты қарастырылады. ²Дамыта оқыту² ұғымының мән-мағынасы ашылып, ЖОО дамыта оқыту технологиясына бейімдеудің дидактикалық жүйесінің құрылымы, қызметі, әдістемесі жан-жақты ашылып көрсетіліп, осы дидактикалық жүйенің тиімді жүйе екендігі дәлелденеді.
²Жоғары мектепте химия пәні мұғалімін кәсіби даярлауда қолданылатын дамыта оқыту технологиясының құралдары мен әдіс-тәсілдері және олардың дидактикалықмүмкіндіктері²деп аталатын екінші бөлімдеоқу-әдістемелік жүйесі аясында химияны оқыту әдістемесі пәні бойынша кейбір тақырыптарға жоспарланған білім нәтижелеріне сәйкес сабақ түрлерінің үлгілері және студент тұлғасын дамытуға арналған оқу-танымдық тапсырмалар жүйесі жасалынған, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері сипатталған.
Қорытындыда тиісті тұжырымдар және осы проблеманы зерттеудің перспективалары көрсетілген.
ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Зерттеліп отырған проблема бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдай келе, біз өз зерттеуіміздегі дамыта оқытудың түйінді бағыттарын: біріншіден, дамыта оқытудың оқу әрекеті құрылымындағы орнын айқындау, дидактикалық тәсіл негізінде жан-жақты талдау, тиімді жағдайларын тәжірибелік-эксперименттік түрде анықтау болса, екіншіден, сол мақсатта қолданылатын дидактикалық құралдар проблемасын зерттеу, студент тұлғасын дамыту құралы ретінде оқу-танымдық тапсырмалардың мүмкіндіктерін айқындау екендігін анықтадық.
Зерттеу барысында «педагогикалық (білім беру) технология», «дамыта оқыту» терминдеріне анықтамалар берілді.
Педагогикалық (білім беру) технология – бұл белгіленген нәтижелерге әкелетін, уақыт пен кеңістікте бағдарламаланған, ғылыми негізде құрылған педагогикалық үдерістің барлық компоненттерінің жұмыс істеу жүйесі.
Педагогикалық үдерістің технологиялық критерийлері:
-
Жүйелілік (кешенділік, тұтастық)
-
Ғылымилық (тұжырымдылық, дамытушылық)
-
Құрылымдылық (сатылық, логикалық, алгоритмділік, процессуальдық, сабақтастық, авриативтілік және бейімділік)
-
Басқарушылық (диагностикалық, болжамдылық, тиімділік, оңтайлылық, қайта өндірушілік)
Дамыта оқытудың басты міндеті оқушыларда ақыл-ой қызметі амалдарын қалыптастырудан тұрады (Е.Н.Кабанова-Меллер, Д.Н. Богоявленский)
Дамыта оқыту – шығармашылық ойлауды қалыптастыратын оқыту(З.И. Калмыкова)
Дамыта оқыту–білім алушының потенциалдық мүмкіндіктерін пайдалану жолымен білім алушының дене, танымдық және адамгершілік қабілеттеріне бағытталған білім беру теориясы мен тәжірибесіндегі бағыт. Оқытудың берілген түрінің мақсаты білім алушы білімдерді өздігінен меңгеруге, ақиқатты іздеуге, сондай-ақ күнделікті өмірде тәуелсіздікке дайындау болып табылады.
Зерттеудің ғылыми болжамы бойынша мына нәтижелерге қол жеткізілді:
1)жоғары оқу орындарында болашақ химия пәні мұғалімін кәсіби даярлау негізінде студенттердің дамуының қажеттілігі негізделді;
2) оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен құралдары жүйесі жасалса және олардың студенттерді дамытудағы мүмкіндік әлеуеті анықталса;
3) студенттерді дамыту құралы ретінде арнайы оқу-танымдық тапсырмалар құрастырылса және әдіс-тәсіл моделі жасалынса және олар сынақтан өткізіліп тиімділігі дәлелденді;
4) студенттердің даму деңгейлерін анықтау әдістері жасалды.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижесі ретінде химия пәнін оқыту үдерісінде студентті дамытуда қолданылатын мынадай әдіс-тәсілдер жасалды.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде дамыта оқытудың дидактикалық жүйесі жасалынды(1-кесте)
5–кесте. Дамыта оқытудың дидактикалық жүйесі
Дамыта оқыту технологиясы
Оқу-танымдық тапсырма түрлері
Дамытуға арналған тәсілдер
Элементтерді қалдырып кетуге
Қателерді жөндеу
Зейінді дамытуға
Жасырылған сөз
Артық мәліметті табу
Көз алдына елестетуге
Суреттер арқылы
Жадыны дамытуға
Сөйлеу дағдысын дамытуға
Өлең, тақпақ
Жұмбақтар аукционы
Есте сақтауды дамытуға
Химиялық ертегілер
Жұмбақ-тапсырмалар
Заңдылықты табуға
Жіктеуге
Салыстыруға
Ойлану әрекетіне
Түсіндіруге
Ойлау қабілетін дамытуға
Дәлелдеуге
Шығармашылық ойлауға
Алгоритм құруға
Басқатырғыш
Қызық элемент:
метаграмма, анаграмма
Түпкі нәтиже: студент тұлғасының дамуы
Зейінді дамытуға арналған тәсілдер
Зейін – бір нысанға барынша назар аудару, психологиялық концентрация күйі. Химия пәні мұғаліміне химиялық нысандарға (зат, химиялық реакция т.б.) психологиялық назар аудару күйіне қол жеткізуі қажет.
Білім алушылардың зейінін дамытуға арналған тапсырмалар
Зейінді сақтау үшін қарым-қатынасқа түсіп отыру керек, яғни сұрақ бере отырып жауаптарын алып отыру керек. Қарым-қатынас үздісіз болу керек. Мынадай пайдалы тәсілді – әрбір формуладағы бір белгіні жазбай қалдырып, ол жерде не тұр? Деп сұрау арқылы зейінді аударуға болады», - деген еді. Демек, химия сабақтарында оқушының зейінін дамыту үшін төмендегідей тапсырмаларды пайдалану қажет:
-
Элементтерді(сөздерді) түсіріп тастау, жазбай қалдыру.
А.
Реакция теңдеуіндегі заттардың түсіп қалған формулаларын орнына қойып жаз. Ол зат қай реакцияда тотықтырғыш, қайсысында тотықсыздандырғыш.
1) 2HNO3 + ...→Cu(NO3)2 + H2O
2) 4HNO3(ер) + 3Ag → 3AgNO3 + ... + 2H2O
3) 2HNO3 + ...→ 2NaNO3 + CO2 + H2O
2. Артық мәліметтерді табу.
А. «Артығын тап» тапсырмалары.
а) көміртегі, алмаз, карбид, графит, карбин;
б) антрацит, шымтезек, кокс, мұнай, шыны;
е) Li2C03, CaC03, K2CO3,(NH4)2CO3;
ж) О, S, Se, Po, Те, I;
3. Қателерді жөндеу тапсырмалары.
Сутегі алуға арналған прибордың ұсынылған сызба-нұсқасындағы қателікті табыңдар және дұрыс шешімді ұсыныңдар.
Эксперимент жүзінде сурегі алуға болатын приборды құрастырып, оның жұмыс істейтіндігін дәлелде.
Қателер:
-
Күміс азот қышқылымен әрекеттескенде сутегі түзілмейді. Металдардың кернеу қатарында сутегіге дейін орналасқан металды алу керек.
-
Тұз қышқылын алған дұрыс.
Жадыны дамытуға арналған тәсілдер
Жады – адамның химиялық немесе басқа әртүрлі ақпараттарды есінде, жадында сақтау, ұстау, қайта өңдеу және жаңғырту үдерістері. Сондықтан жадыны дамыту үшін химиялық білім беру үдерісінде химиялық ақпараттарды жадында сақтау, ұстау, жаңғырту және қайта өңдеу тәсілдерін жүзеге асыруды талап етеді.
Жазусыз жадында сақтау. Білім алушыларды әр тектіақпараттарды (фактілер, әлемнің көрнекті химиктерінің аты, жаңа химиялық термин, аталуы және т.б.) есте сақтауға үйрету және осы есте сақтау кезінде ешбір жазуларға қарамай, ауызша қайталауы тиіс. Осындай тапсырмалар сөйлеуге де үйретеді.
Жадыны және сөйлеу дағдысын дамытуға арналған тапсырмалар
«Химиялық реакциялардың жылдамдығы» тақырыбына берілген сөздері және сөз тіркестерін пайдаланып үш бөліктен тұратын әңгіме жазып, тақырыбын бер.
-
Химиялық реакция, бөлшектердің хаостық бей-берекет қозғалысы бөлшектердің соқтығысуы, өзара әрекеттесуші бөлшектердің энергия запасының жеткіліктілігі.
-
Белгілі бір уақыт өлшемінде әрекеттесуші және түзілген заттардың концентрациясының өзгерісі, V=∆C / ∆t
-
Температура әрекеттесуші заттардың беткейлігі, катализатор және ингибиторлар.
-
Ақпаратты қайталау арқылы есте сақтау
Білім алушыларды химиялық ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдағаннан кейін бірден оны санада қайта-қайта жаңғыртып қайталау арқылы есте сақтауға болатындығына көздерін жеткізу.
Есте сақтауды дамытуға арналған тәсілдер
1. Есте сақталатын химиялық нысандар және нақты символдармен әріптермен, графикалық және сызба-нұсқалық жазулар арасында байланыстар орнату ең көп тараған тәсілдердің бірі. Оған Шаталовтың тірек-конспектілері, логикалық – құрылымдық сызба-нұсқалар, жадынамалар жатады.
2. Саналы түрде ұғымын есте сақтау – түсінген, ұққан нәрселерді бейне түрінде және белгілі химиялық фактілермен, ұғымдармен, теориялық қағидалармен байланыстыра отырып есте сақтау.
3. Эмоциональды есте сақтау – қызықты және ерекше химиялық оқу материалын пайдаланып, білім алушыда жарқын эмоциональдық реакция туғызу және сол эмоция арқылы есте сақтау. Ондай тәсілдерге өлең жатады.
Ойлауды дамытуға арналған тәсілдер
Ойлау – шындықты бейнелейтін психикалық үрдіс, адамның шығармашылық әрекетінің жоғары формасы. Психологияда ойлаудың негізгі формаларын: өнімді (шығармашылық), репродуктивті-өнімді емес (шығармашылық емес). Теориялық, практикалық, көрнекі-әсершіл, көрнекі-бейнелік және сөз-логикалық деп береді. Химиялық білім беруде ойлаудың оңтайлы дамуы дегеніміз-ойлаудың аталған формаларының жетілдірілуі және оларға лайық әдістерді қолдану. Білім алушының ойлауы оның табиғи қасиеттеріне және оның тіршілік әрекетінің әлеуметтік жағдайларына тікелей тәуелді.
Ойлауды дамытуға арналған тапсырмалар
А. Ойлау операцияларын орындауға тапсырма
Сәйкестік табуға тапсырма.
Заттардың атауларының санына сәйкес келетін әріптерді таңдаңдар:
-
Көмір қышқылыA. HgO
-
Сынап (II) оксиді Б. Мn2О7
3. Мырыш гидроксиді В. Ва(ОН)
2
-
Азот қышқылы Г. Н2СО3
Заңдылықтарды табуға арналған тапсырмалар
А. Берілген нысандарды біріктіретін белгіні анықтаңдар:
Оттегі — озон, күкірт — кристалдық, пластикалық;
-
H2S, Na2S,AI2S3, MgS;
-
Алмаз, карбин, графит, поликумулен;
Б.
Формулалардың реттілігі бойынша заңдылықтарды анықтап, заттардың қатарын жалғастырыңдар:
-
AgCl, Cu(OH)2, BaSO4, Zn(OH)2,...
-
Na2S04, CaCO3J MgS04, BaCO3,...
Жіктеуге тапсырмалар.
Азоттың қосылыстарынан: HNO3, HNO2, NH3, N2O, N2, NO3, Mg3N2 бөліп жазыңдар:
а) тек тотықтырғыш қасиет көрсететінін;
б) тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін;
Салыстыруға тапсырмалар.
А.Берілген жоспар бойынша металдық байланысты иондық және коваленттік байланыспен салыстырыңдар:
-
Байланыс түзуге қатысатын бөлшектер.
-
Байланыстың түзілу механизмі.
-
Кристарлық торлардың түйіндеріндегі бөлшектер.
Диссертациялық зерттеу жұмысының нәтижесінде анықталған дамыта оқытудың дидактикалық жүйесін сынақтан өткізу үшін 2011-2013 жж арасындаҚызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Химия және экология» кафедрасында тәжірибелік-эксперименттік режимде сынақтан өткізілді. Эксперимент
050112-«Химия» мамандығы бойынша 2,3,4-курс студенттеріне жүргізілді. Экспериментке «46»студент, 2оқытушы, 2 магистр (жоғарғы оқу орнының оқытушылары, мектеп мұғалімдері) қатысты.
Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары бірнеше кезеңдерге әзірлік (айқындаушы), негізгі (ізденіс) және қорытынды (оқытушы) деп аталатын үш кезеңге бөлініп жүргізілді. Эксперименттің бастапқы алғашқы (айқындаушы) кезеңі оқушыларды дамыта оқытуға бағытталған оқу-тәрбие жұмысының сапасының оқу-тәрбие жұмысының сапасының күйін анықтауға мүмкіндік берді. Қорытынды (оқытушы) кезең педагогикалық эксперименттің нәтижелерін өңдеуге, қортындылауға және рәсімдеуге мүмкіндік берді.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізуге студенттер, мұғалімдер тартылды. Эксперимент басында – нөлдік кесінді, ортасында – бірінші кесінді, аяғында – екінші кесінді алынды.
11-кесте. Студенттердің кәсіби құзырлылық деңгейін-даму деңгейлерінің бағасы (нөлдік кесінді)
Топ
|
Деңгейлер
|
Жеткіліксіз (%)
|
Жеткілікті (%)
|
Жоғары( %)
|
БТ
|
36,07
|
56,44
|
7,59
|
ЭТ-1
|
42,75
|
50,41
|
6,93
|
ЭТ-2
|
42,34
|
53,78
|
3,98
|
Алынған мәліметтер білім алушылардың өзіндік бақылауға бейімделуінің бірінші кесіндісінің нәтижелеріне қарап БТ тобымен салыстырғанда студент саны () ЭТ-1 – 4,92-ға, ЭТ-2 – 15,11 -ға артқандығын білуге болады.
Алынған мәліметтер дамыта оқытуға бейімделуінің бірінші кесіндісінің нәтижелеріне қарап БТ тобымен салыстырғанда оқушы саны () ЭТ-1 – 4,92-ға, ЭТ-2 – 15,11 -ға артқандығын білуге болады. Осы айтылған оң өзгерістерді 12 -кестеден және суреттен байқауға болады.
13-кесте. Студенттердің кәсіби құзырлылық деңгейін-даму деңгейлерінің бағасы (бірінші кесінді)
Топ
|
Деңгейлер
|
Жеткіліксіз (%)
|
Жеткілікті (%)
|
Жоғары( %)
|
БТ
|
28,59
|
55,76
|
15,74
|
ЭТ-1
|
25,30
|
54,13
|
20,66
|
ЭТ-2
|
24,13
|
45,11
|
30,85
|
15-кесте.Студенттердің кәсіби құзырлылық деңгейін-даму деңгейін деңгейлерінің бағасы (екінші кесінді)
Топ
|
Деңгейлер
|
Төмен (%)
|
Орташа (%)
|
Жоғары (%)
|
БТ
|
23,59
|
54,25
|
22,35
|
ЭТ-1
|
14,75
|
50,86
|
34,48
|
ЭТ-2
|
16,80
|
29,16
|
54,13
|
Өзіндік бақылауға бейімделуде баса назар аударатын факт – жоғары нәтижеге қол жеткізген оқушылардың санының ЭТ-1 – 51,78%, ЭТ-2-65,69%, артуы. Айқындаушы кезеңде эксперименттік топтарда өзіндік бақылауға жоғары деңгейде бейімделген оқушы саны 5% -ды құраса, эксперименттің соңында 62,50 %-ға көтерілді және төменгі деңгейдегі бейімделген оқушылар саны азайды. Эксперимент нәтижелері барысында үш компоненттің үшеуі де қолданылғанда ғана жоғары деңгейде бейімделу жүретіндегі дәлелденді.
Зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша біз жасаған ғылыми тұжырымдардың, қорытындылар мен нұсқаулардың негізділігі мен дәйектілігі жоғарыда айтылған пікірлеріміздің дұрыстығын одан әрі тереңдете түседі. Химияны оқыту кезінде білім алушылардың жалпы оқу шеберліктерін қалыптастыру және дамыту тапсырмалары әзірленді. Білім алушыларда алуан түрлі әдіс-тәсілдермен дамыту проблемасын шешуге бағытталған химия пәні бойынша арнайы ұйымдастырылған оқу-танымдық тапсырмалардың тиімділігі жоғары болады.
Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:
-
Химия сабақтарында дамыта оқыту технологиясын пайдалану («Қазақстан білім және педагогика ғылымының тарихы: трансформация және инновация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Астана, 2013,545-546 бб)
-
Саралап оқыту - мектеп оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамытудың маңызды факторы («Қазақстан-2050»бағдарламасын жүзеге асыру-жастардың қолында» атты студенттердің II-ші республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Шымкент, 2013, 454-66 бб.)
-
«Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі және периодтық заңы» тақырыбы бойынша танымдық ойын сабағы. ²Химия мектепте², № 2, 2013
-
Дамытып оқытуда қолданылатын тапсырмалар түрлері ²Химия мектепте², № 3, 2013
-
Ойын әдістері арқылы химия сабақтарында оқушылардың танымдық қызметін оңтайландыру. «Хабаршы» Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясы, №2, 2013
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi
-
ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңы «Білімтуралы».-Алматы: ЖШС «Издательство «Норма-К», 2010.-52б.
-
Занков Л. В. Избранные педагогические труды. - М., 1990.
-
Давыдов В.В. - Теория развивающего обучения. М.,1996.
-
Якиманская И.С, Развивающее обучение. - М., 1979.
-
Буланова М.В., Топоркова М.В., Духавнева А.В., Кукушкин В.С., Сучков Г.В. Педагогические технологии.- Москва: Ростов на – Дону, 2006.- 336 с.
-
Бекқожина А. Дамыта оқыту арқылы шығармашылыққа баулу // Қазақстан мектебі. 2012, №6. – 55-57 б
-
Нұралиева Ж. Дамыта оқыту технологияларды пайдалану жолдары // Қазақстанның ғылыми әлемі. 2012, , №5. – 114-116 б
-
Еркебаева Г.Ғ. Қазіргі инновациялық технологиялар. – Алматы: ГИГА-ТРЭЙД, 2012.-180 б
-
Зуева М.В. Развитие учащихся при обучении химии. – М.,1978.
РЕЗЮМЕ
На автореферат диссертации на соискание академической степени магистра естественных наук по специальности-6MO11200-Химия
Нуржайна ТулегеноваСериковна
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ТЕХНОЛОГИИ РАЗВИВАЮЩЕГО ОБУЧЕНИЯ В ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙПОДГОТОВКИ УЧИТЕЛЯ ХИМИЙ В ВЫСШЕЙ ШКОЛЕ
Актуальность исследования Значительные экономические и социальные преобразования, происходящие в жизни страны, привели к кардинальным изменениям требований к специалисту, к его интеллектуальному и творческому потенциалу. Необходимы инженеры, обладающие современной эрудицией, нестандартным, нешаблонным мышлением, способные быстро принимать решения, обладающие развитым воображением, фантазией. Одновременно с этим, в условиях конкуренции на рынке труда в значительной степени возросло стремление человека получить качественное образование, постоянно повышать собственный уровень развития, потребность в самореализации.
Развитие страны, вхождение в мировое образовательное сообщество зависит от системы образования, направления и эффективности применения новых технологий и учебной информации, использования творческого потенциала личностей. Творческая самостоятельность является основой творческой деятельности, в процессе которой достигаются результаты, находятся решения значимых проблем.
Современная дидактика высшей школы требует от студентов соответствия потребностям современного общества: профессиональной компетентности, высокой мыслительной активности,творческого потенциала.
Обьект исследования – процесс обучения в высшей школе.
Предмет исследования – обучение технологией развивающего обучения при профессиональной подготовке учителя химии.
Цель исследования – определить педагогические условия и эффективность использования развивающего обучения в направлении развития студентов при подготовке будущего учителя химии в высших учебных заведениях, подготовить методическую систему и средства обучения развивающего обучения химии в высшой школе являющиеся оцениванием эффективности этой системы.
Для достижения поставленной цели и прогнозов в процессе работы решаются такие исследовательские задачи:
-
Анализировать исследования психологов и педагогов в сфере теории развивающего обучения в настоящее время.
-
Определить дидактические возможности и основы развивающего обучения в высшей школе.
-
Проверить на практике эффективность методики рекомендованного обучения и внести в процесс обучения.
-
Оценить возможности методик развивающего обучения на основе методики обучения химии студентам 3-го курса.
Теоретическое значение исследования состоит из:
-
был предложен целостный дидактический взгляд на проблему развивающего обучения;
-
обосновано роль и особенность методики обучения химии в системе развивающего обучения в педагогических высших учебных заведениях;
-
определены условия формирования личности методом развивающего обучения;
-
определены методы осуществления развивающей функции обучения в процесс обучения химии и проверены на практике;
Практическое значение исследования.Результаты исследования могут быть использованы при подготовке будущих учителей по химии в педагогических высших учебных заведениях, в целях переподготовки в системе профессионального совершенствования знания. Можно принимать к руководству подготовки системы задач и средств обучения по учебным предметам рекомендации возможностей учебно-методических задач и сценарии уроков, проекты учебно-методических комплексов.
Точность и обоснованность результатов исследования:не было противоречии между законами теории начального исследования и методической обоснованности, одним словом, обеспечено единым способом решения проблемы, выяснилось основные законы исследования, практический прогноз научной теории и результаты научного анализирования информации полученные в процессе эксперимента.
Summary
On the author's thesis for the academic degree Master of Science in specialty
6MO11200-chemistry
TulegenovaNurzhaynaSerykovna
USE OF TECHNOLOGY OF THE DEVELOPING EDUCATING IN PROFESSIONAL PREPARATION OF TEACHER OF CHEMISTRIES AT HIGHER SCHOOL
The actuality of the research.The considerable economic and social transformations happening in life of the country, led to cardinal changes of requirements to the expert, to his intellectual and creative potential. The engineers possessing modern erudition, the non-standard, not sample thinking, capable quickly to make the decisions possessing developed imagination, the imagination are necessary. At the same time with it, in the conditions of the competition on a labor market the aspiration of the person to get a quality education, constantly to raise own level of development, need for self-realization substantially increased.
Country development, entry into world educational community depends on an education system, the direction and efficiency of application of new technologies and educational information, use of creative potential of persons. Creative independence is a basis of creative activity in the course of which results are reached, there are solutions of significant problems.
The modern didactics of the higher school demands from students of compliance to requirements of modern society: professional competence, high cogitative activity, creative potential.
The object of the research: training process at the higher school.
The subject of the research: training by technology of developing training at vocational training of the teacher of chemistry.
The purpose of the research: – to define pedagogical conditions and efficiency of use of developing training in the direction of development of students by preparation of future teacher of chemistry in higher educational institutions, to prepare methodical system and tutorials of developing training of chemistry at the higher school being estimation of efficiency of this system.
For achievement of a goal and forecasts in the course of work such research problems are solved:
1) To analyze researches of psychologists and teachers in the sphere of the theory of developing training now.
2) To define didactic opportunities and bases of developing training at the higher school.
3) To check efficiency of a technique of the recommended training in practice and to bring in training process.
4) To estimate possibilities of techniques of developing training on the basis of a technique of training of chemistry to students of the 3rd course.
The tasks of the research:
-
Identification of didactic fundamentals of the formation of students’ creative independence in higher schools.
-
Development of the theoretical model of the formation of students’ creative independence in the process of future specialists training.
-
Revelation of didactic conditions for the formation of students’ creative independence based on the chemistry course in the process of professional training.
-
Clarification of the efficiency of the methods of the formation of students’ creative independence in pedagogical experiment and suggestion of scientific and methodological recommendations.
The theoretical and methodological basis of the research:
-
the complete didactic view of a problem of developing training was offered;
-
it is proved a role and feature of a technique of training of chemistry in system of developing training in pedagogical higher educational institutions;
-
conditions of formation of the personality are determined by a method of developing training;
-
methods of implementation of developing function of training in process of training of chemistry are defined and checked in practice;
The practical value of the research:Results of research can be used by preparation of future teachers of chemistry in pedagogical higher educational institutions, for retraining in system of professional improvement of knowledge. It is possible to accept to the guide of preparation of system of tasks and tutorials to subjects of the recommendation of opportunities of educational and methodical tasks and scenarios of lessons, projects of educational and methodical complexes.
The accuracy and validity of results of theresearch: wasn't a contradiction between laws of the theory of initial research and methodical validity, in a word, it is provided with uniform way of a solution, it became clear fundamental laws of research, the practical forecast of the scientific theory and results of scientific analysis of information received in the course of experiment.