Перейти на главную страницу
Қолжазба құқығында
Дастанова Жарқын Қасымқызы
Сырдарияның төменгі ағысындағы табиғи ландшафттардың қазіргі экологиялық күйін талдау
6М060800 – Экология мамандығы бойынша
жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Қазақстан Республикасы
Қызылорда, 2013 жыл
Жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институтының «Химия және экология» кафедрасында орындалған.
кандидаты, аға оқытушы
О.Т. Айдаров
Ресми оппонент: Әл-Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық Университеті,
«Энергоэкология» кафедрасы техника ғылымдарының докторы,
доцент М. М. Абдибаттаева
Қорғау 2013 жылы «____» маусымда сағат ___-00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Жаратылыстану және аграрлық технологиялар» институтының 9-оқу ғимаратында 303 аудиторияда өтеді.
Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Амангелді к-сі, 66
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады (120014, Қызылорда, К.Байсеитова көшесі №100).
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Соңғы 30 жылда Арал теңізінің тартылуы мен Сырдария суының азаюы бұл өңірдегі табиғи ландшафтың өзгеруіне әкеліп соқтырды. Сонымен қатар 2009 жылдан қолға алынған «Батыс Европа – Батыс Қытай» автомагистралы жобасының қолға алынуы, бұл автобамның 800 шақырымға жуығы Облыс байтағы арқылы өтетін болғандықтан, Сырдың төменгі ағысының табиғи ландшафтысына тигізер кері әсері де жоқ емес. Сондықтан Сырдарияның төменгі ағысындағы құрып кету қаупі бар экожүйенің, ландшафттың алуан түрлілігін сақтап қалу, сонымен қатар Сырдария суының тартылуы мен аймақтың құрғақтануынан ландшафтың басқа да табиғи ерекше құрамбөлшектерін қорғау қажеттілігінен туындап отыр.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Бұл жұмыстың басты мақсаты Сырдарияның төменгі ағысындағы қорғауды қажет ететін табиғи ландшафтарына антропогендік факторлардың әсерін жан-жақты талдап, олардың таралу аумағын анықтап, қалпына келтіру шараларын ұсыну.
Зерттеу нысандары: Зерттеуіміздің басты нысаны Сырдарияның төменгі ағысындағы шөл және шөлейт зоналарының бұрыннан бар табиғи және антропогендік ландшафтары. Сырдарияның төменгі ағысындағы шөл және шөлейт зоналарының ландшафттарының алуан түрлілік дәрежесі зерттелді және талдау жасалынды. Сонымен қатар Батыс Европа – Батыс Қытай автобамының жүргізіп жатырған жол бойындағы табиғи ландшафтардың адам әрекеті нәтижесінен өзгеріске ұшырауы зерттелді.
Зерттеу әдістері: Жұмысты жазу барысында Қызылорда облыстық экология және биоресурстар қоры комитеті, облыстық орман, аң және балық шаруашылығы, аудандық орман, аң және балық шаруашылығының бөлімшелерінің мәліметтері, "Казгипроземнің" облыстағы филиалының, облыстық ауылшаруашылық басқармасы, облыстық қоршаған ортаны қорғау, облыстық мұрағат мәліметтері пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі:
Ғылыми жұмысты орындау барысында зерттеуге тарихи-географиялық, мұрағаттық және статистикалық мәліметтер пайдаланылып.
Зерттеу жұмысының теориялық мәтіні көптеген табиғат зерттеушілерінің еңбектерінің негізіне сүйеніп жазылды. Сонымен қатар Қазақстандық ландшафттанушы ғалымдардың (Гельдиева, Чередниченко, Скоренцова, А.В. Чигаркин, С.Ө.Қошқаров т.б.) ландшафт зерттеу әдістері пайдаланылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығының түйіні төмендегідей:
1. Әртүрлі қоғамдық-экономикалық қатынастар жағдайында табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың мәні ретінде Сырдың төменгі ағысындағы табиғи ландшафтарды қорғаудың экологиялық-географиялық ұстанымдар алғаш жасалынады.
2. Сырдың төменгі ағысындағы табиғи ландшафтардың қазіргі даму тарихына тұңғыш талдау жасалынады.
Қызылорда облысының геоэкологиялық күйін анықтаушы табиғи факторлар атты бірінші бөлімде өңірдің геологиялық құрылымы, климаты, су қорлары айтылады.
Солтүстік Қызылқұм синеклизасы Қаратау-Есіл ойпаңының девон-корбон әк тастары бетінде орналасқан. Ойыстың ортаңғы бөлігі төменгі бордың континенттік кесекті жыныстарынан құралған. Арал маңы Қарақұмның оңтүстік жиегі бор шөгінділерінен тұрады. Сырдарияның сол жағалауындағы Қазалы массивінің тұсы палеогендік жыныстар. Ал қалған аумақ түгелімен дерлік антропоген шөгінділері. Төменгі протерозойда Сырдарияның оң жағалауын тайыз теңіз басып жатты, ал сол жағалауы құрғақ жазық болды. Венд шөгінділері каледон антиклинорийлерінің осьтік бөліктерінде дамыған. Жыныстардың құрамы әр түрлі.
Сырдария өзенінің ескі арналары Жаңадария, Қуаңдария сол сияқты Телікөл, Қараөзек т.б жүзге жуық ирригациялық-суландыру жүйелері облыс аумағының гидрографиялық желісін құрайды. Оған қоса облыс байтағында жалпы ауданы 1164 шаршы км2 болатын барлық саны 2582 көл болғанды.
Шығыс Арал өңірінің өсімдік жамылғысын төрт топқа бөліп қарастыруға болады: сазды жазықтардың өсімдігі, тастақты жердің өсімдігі, тау алды жазықтарының өсімдігі және Сырдарияның атыраулық өсімдіктері.
Қазіргі уақытта жалпы орманның 1751 мың гектарын сексеуілдік (87%), 260 мың гектарын (12,94%) суармалы аймақтағы тоғайлары құрайды. Тоғайлы ормандар Сырдарияның атыруында ылғалды жерлер мен өзен жағалауын бойлап өсетін ағаш-бұталардан тұрады. Бұлар су мен топырақты қорғайтын орманға жатады. Облыс аумағындағы орман ресурсы қорғаныш орман (99,40%), су қорғайтын (0,53%), санитарлық-гигиеналық (0,06%) және ерекше қорғалатын орман (0,01%) деп 4 категорияға бөлінеді (1 - сурет).
1 - Сурет - Қызылорда облысының орман ресурсы (%)
Облыстағы мемлекеттік орман қорындағы ормансыз жерлер санатына байланысты беске бөлінеді (2 - сурет).
2 - Сурет - Мемлекеттік орман қорындағы ормансыз жерлердің санатына
байланысты бөлінуі (%)
Облыс аумағында кейбір әдебиеттерде өсімдіктің 756 жуығы кездеседі десе, ал кейбір әдебиеттерде 819 деп келтіреді. Оның 50 ден астамы дәрілік қасиеті бар, 12 түрі Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген (1981 ж.), және 9 түрі қорғауға алынған. Әсіресе сирек және құрып кету қаупі бар Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер ерекше қорғауды қажет етеді.
Екінші бөлім Қазіргі геокешендердің эволюциялық дамуына әсер ететін табиғи- антропогендік факторлар.
Географиялық ғылымдар жүйесінде қоғамның табиғи ортаға әсері мен олардың арасындағы қарым - қатынасты зерттеу В.Б.Докучаев пен Л.И.Воейковтың классикалық еңбектерінде, ал шет елдік география саласында Джорж Марштың ғылыми зерттеулерінде көрсетілген. Бірақ антропоген түсінігі осы ғылыми еңбектерден біршама кейін пайда болады. Бұл ілімді өткен ғасырдың 30–жылдарда Ленинградтық профессорлар А.Д. Гожев пен Б.Н. Городков ұсынды. Антропогендік ландшафтар деп ландшафттың бүкіл аумағында болмаса да басым ауданында адамның шаруашылығы әсерінен бір немесе бірнеше компоненттерінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы.
Антропогендік әсер ету деңгейіне байланысты ландшафтарды А.В.Чигаркин 1974 жылы төмендегідей топтарға бөлді:
1. Табиғи күйіне жақын ландшафтар: Арал және Каспий теңіздерінің суының қайтуынан жаңадан пайда болған теңіз жағалауында қалыптасқан сорлар және сортандар;
2. Өсімдік жамылғысында ғана өзгерістер байқалатын кешендер: бүгінгі таңда техногендік әсер байқалмайтын, тек мал шаруашығы жақсы дамыған аймақтарда кездеседі;
3. Өсімдігі мен топырақ жамылғысында өзгеріс байқалатын ландшафтар: оған темір жолдар мен автомобиль жолдары, мұнай мен газ құбырлары жақсы дамыған аймақтар жатады;
4. Рельефі өсімдігі мен топырақ жамылғысында қатты өзгерістер байқалатын ландшафтар: Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан аймақтардағы өнеркәсіп орталықтары мен малды шамадан тыс жаю салдарынан пайда болған, қатты өзгерістерге ұшырған ландшафтар;
5. Белгілі бір мақсатқа байланысты жақсарту бағытында өзгерілген ландшафтар: олар шөл зонасы, өзен аңғарларындағы егіндіктік игерілген массивтер. Биогендік және гидроклиматогендік компоненттердің түпкілікті өзгеруі;
6. Көптеген табиғи компоненттері өзгерген табиғи ландшафтардың орнында пайда болған жасанды мәдени ландшафтар: оған ірі қалалар мен елді мекендердегі антропогендік ландшафтар жатады.
Диссертация жұмысын жазу барысындағы экспедицияның жүріп өткен жолының жалпы ұзақтығы 512 шм-ға жуық (болу керек 812-900 шм-дай).
Жалпы, адам табиғи факторды өзгертуші негізгі күш болып табылады. Олардың табиғатқа ықпалы жан-жақты. Соған байланысты адамның табиғатқа ықпалы топтастырылды. Соларға жеке-жеке тоқталайық (3-суретке сәйкес).
Осы топтастырудың негізінде Қызылорда облысының топографиялық, пайдалы қазбалар картасы, экономикалық, ауыл шаруашылығына жарамды жерлер, көлік жүйесі және қорықтар мен ұлттық саябақтар картасы пайдаланып, Қызылорда облысының антропогендік-ландшафттық картасы құрастырылды(2-сурет).
Академик А.Е. Ферсман 30-жылдары техногенез адамның техникалық іс-әрекеті, инженерлік, химиялық ауылшаруашылықтық, тау-кен техникалық, процестер нәтижесінде қалыптасқан геохимиялық минералдық процестердің жиынтығы деп қарастырған. Кейіннен Р.К.Баландин техногенез терминінің толық анықтамасын беріп, оны адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның, жер қыртысының қайта құрылу процесі деп атаған. Ландшафтарға әсер етуші техногендік процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеу геотехникалық жүйелер концепциясы пайда болғаннан кейін қарқынды дамыды.
Қазақстандағы минералды шикізаттың жаңа бір өндірістік игерудегі болашағы мол түрі: молибден-ванадий кені. Ең ірі кен орындары Баласауысқанды, Қорымсақ, Жабағлы. Мұнда молибден-ванадиймен қатар сирек кездесетін элементтері селен, скандий, гелий, күміс, ниобий, германий, рубидий және т. Б. көптеп кездеседі. Ванадий рудасының жалпы қоры 1 млрд. т. жоғары.
Пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі ландшафтардың өзгеруі. Оларды карьерлі-үйінді ландшафт типі деп атайды. Қазіргі техника арқылы карьерлердің тереңдігі 800 метрге дейін, ені – 5 километрге жетеді, ал жер астын қазған кезде шығатын тау жыныстарын бір жерге үйіп тастау мыңдаған гектар жерді алып жатады. Осыған байланысты ландшафтардың фундаменті түбегейлі өзгереді деп айтуға болады. Ландшафтың бұл түрінің ауданы мыңдаған км жерді қамтиды. Карьерлі-үйінді кешендер – адамның ландшафтық сфераға әсер етуінің ізі. Мұндай кешендерде табиғи комплекстер: өсімдік пен топырақ жамылғысы, су режимі мен геологиялық құрылыс толығымен трансформациядан өткен ойысты рельеф түрі болғандықтан, карьерлерде ерекше микроклимат пайда болады.
Карьерлі-үйінді ландшафт кешені бірнеше түрге жіктеледі:
1. Ашылған (өсімдіксіз ашық жер) карьерлі-үйінді жер. Бұл жаңадан пайда болған, өсімдіксіз үйінділер және биологиялық игеруге токсикантты аз пайдаланатын немесе тіпті пайдаланбайтын жерлер. Бұл рельеф үйінділерінің әр түрлі уақытына байланысты, төбешікті және толқынды жер бетімен ерекшеленеді. Мысалы Құмкөл мұнай өндірісі, Шалқия кен орындарының маңындағы аймақтарда кездеседі. Көлемдері 10 метрден асады (4-сурет).
4. Тасты бедленд – бұл тас өндіретін жерлерде пайда болатын рельеф типі. Рельефінің өте күрделілігімен ерекшеленеді – жазықты жерлерде – карьерлердің түпкі бөлігі, ойыстар мен төбешіктер, бұзылған үйінділер, ішінара көлшіктер мен дамуы нашар шөптесінді өсімдіктер. Жергілікті жердің үйінді түрлерінен айырмашылығы – түбі жазықты болғанымен тасты, беткейлері тік жарлы. Бұндай жерлерде ұзақ уақыт бойы өсімдік өспейді, әк тасты шөл немесе эрозиялы жазық сақталады.
Агроландшафт - термині қазір географиялық және ауылшаруашылықтық ғылыми әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Күнделікті ғылыми термин ретінде «агроландшафтық» ұғымының қолданылуы агрономдық және экологиялық-географиялық ортада егістік ландшафтарының принциптері мен әдістерін жете зерттеумен байланысты. Осылайша табиғи кешендер шеңберінде ауылшаруашылықтық және табиғи жүйелердің себеп-салдары тығыз байланыстылығынан құрылымы мен функционалдық қасиеті ерекше табиғи-антропогендік комплекстер – агроландшафтар қалыптасады. Агроландшафт - егістікті комплекстерде әртүрлі агротехникалық және мелиоративтік шараларды пайдаланғанда қалыптасатын табиғи антропогендік құрылымдар.
Облыс бойынша барлық егіс көлемі 241,2 мың гектарды алатын болса, оның ішінде бидай, дәндік жүгері, күріш егістігінің көлемі кеміп, керісінше картоп, көкеніс, бақша дақылдарының егіс көлемі көбейген. Бұл ретте ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алқабы ішінде дәнді дақылдардың үлесі 56% болып отыр. Облыста егілген барлық дақылдардың ішінде күріштің еншісінде 47,7% болса, ал дәнді дақылдар құрылымында күріштің үлесі 84,6% болып отыр. Қазіргі таңда егістік алқаптағы табиғи ландшафтар түбегейлі өзгеріске ұшыраған. Соңында егістік алқап жер бедерінің адырлы рельефіне ауысып өзгерген өзге табиғи ландшафтар қалыптасады.
Агроландшафтардың жіктелуі (6- сурет) :
Табиғи ландшафтармен салыстырғанда агроландшафтардың құрылымы динамикалық тұрақсыз және тез өзгермелі. Осыдан 50-60 жыл бұрын Қазақстанның солтүстік аймағында тың және тыңайған жерлерді игеру дала зонасына тән комплекстердің жасанды егістікпен алмасуы осының айғағы.
Суарылмайтын агроландшафтар - ауыл шаруашылықтық мақсатта пайдаланылатын жерлер суарылмайтын және суаруды қажет ететін территориялар деп бөлінеді. Сондықтан антропогендік ландшафтар модификациясы ірі аймақты қамтиды, бірақ соңғы ғасырда оның ауданы екі есе өсіп отыр.
Республикамыздың автомобиль жолдарының ұзындығы 96,1 мың км, оның 76,5 мың км-і қатқыл табанды жол. Негізінен барлық көлік түрлерінің ішінде әсіресе, ауа бассйнін ластайтын – автомобиль көлігі. Көліктен қоршаған ортаға 70 % көміртек тотығы, 30 % азот тотығы, және 90 % жуық қорғасын таралады. Милиондаған шақырымға созылып жатқан көліктің осы барлық түрінің тура (ауа бассейнінің, жер асты және жер беті суларының ластануы, у-шумен ластану, өзен, теңіз жағалауының шайылуы) және антропогендік салмақтың басқа түрлерін қарқындатушы фактор ретінде жанамалы әсері зор.
Мысалы, магистральды жолдарда өткізілген құрылыс жұмыстарының өсімдік жамылғысына тура әсері: бұл ластандырушы улы, радиоактивті заттарды бөліп шығаруы, орман ағаштары мен өсімдіктің жойылуы. Жанамалы әсерден орманның сандық және сапалық өзгерісі, түрлік құрамы азаяды.
Мысалы, Батыс Европа – Батыс Қытай автобамының салынуы барысында көптеген экологиялық – экономикалық алғышарттар бұзылуда. Бір ғана Қызылорда облысы аумағы арқылы бұл тас жолдың 812 шақырымы өтеді. Ал енді есептеп қарасақ, 812 шақырым жердің ені 6 метрлік жер ашылады, яғни беткі аналық топырағы ысырылып алынады, бұл деген 48720 га жердің табиғи келбеті жойылады деген сөз. Сонымен қоса бұл жердегі өсімдік атаулы мүлдем ескеріліп жатқан жоқ. Бір ғана, қала маңына жақын жерлерді алып қарасақ, Бірқазан елді мекеніне жақын маңда жол жиегінде шоқ тораңғылдар, құм төбешіктерде қоянсүйек бар болатын, қазір ол жерде бұл өсімдік атаулы жоқ. Құм төбешіктер тегістеліп кеткен. Бұған табиғат қорғау басқармасы көңіл аудармай отырған сыңайлы. Өйткені басқа облыстарда шетелдік компаниялардың мұндай әрекетіне айыппұл салған болатын, сол кезде олар жұмысын тоқтатып қойды, сөйтіп амал жоқ өзара келісіп қайта жұмысқа кіріскен. Тағы бір айта кететін жайт, жолдың бірінші беттік төсеніш қабаты ретінде жергілікті жердегі, елді мекен аймақтарынан саз топырақ ашып алып жатыр. Мысалы, олда сұрауы бар жерлер ғой, облыстың жер ресурстары қорына жатады.
Соңғы жылдары табиғат қоғау органдарының бақылау жұмыстарының нәтижесінде және өндірістің құлдырауы себептерімен қоршаған ортаға техногендік әсерлер біршама азайды, бірақ шаруашылық механизмі қызметінде жаңа әлеуметтік-экономикалық аспект пайда болды. Ол - меншік түрінің өзгеруіне, жекешелендіру процесінің қарқын алуына, оған шетелдік инвесторлардын барған сайын кеңінен қатысуына байланысты экологиялық жағдайға жауапкершілік проблемасы күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Бюджеттік инвестиция ең төменгі мөлшерге дейін қысқарды, қаржы тапшалығына тап болған кәсіпорындар табиғат қорғау шараларына жұмсалуға тиісті шығын көлемін кемітуге көшті. Ал шаруашылықты жүргізудің осындай жағдайында баяндалған экологиялық проблемалар өз шешімін баяу табуда.
The relevance of this study. In the past 30 years, the decay of the Aral Sea and the Syr Darya water reduction has led to changes in the natural landscape of this region. In 2009, the project motorway Western Europe - Western China include about 800 kilometers of the project that goes through Kyzylorda oblast, and this project is doing harm to its natural landscape of the lower reaches of Syr Darya. And therefore the preservation of the ecosystem of the lower Syr Darya and the diversity of the landscape, as well as the decrease of the water and draining the Syrdarya region as well as other special natural compounds are considered as natural process.
Сырдарияның төменгі ағысындағы табиғи ландшафттардың қазіргі экологиялық күйін талдау
25 12 2014
1 стр.
М060800 – Экология мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
25 12 2014
1 стр.
25 12 2014
3 стр.
Орта ғасырлардағы сырдарияның ТӨменгі ағысындағЫ Қалалардың ҚОРҒаныс жүйесі: тарихи талдау (V-ХІV ғғ.)
25 12 2014
1 стр.
М011400 Тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
25 12 2014
1 стр.
ЖОҒары оқу орындарында педагогикалық ПӘндерді оқытуда интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің Өзіндік жұмысын ұйымдастыру
25 12 2014
1 стр.
Орта мектепте бейорганикалық химия курсын оқыту үрдісінде ұжымдық оқыту технологиясын пайдалану әдістемесі
25 12 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.