Перейти на главную страницу
ӘОЖ 37.026:004.031.42:372.8:37.01 Қолжазба құқығында
6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша
Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
Қазақстан Республикасы
Қызылорда, 2013
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-педагогикалық институтының «Педагогика және психология» кафедрасында орындалған.
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Р.Т.Игенбаева
Ғылыми оппонент: |
Тараз мемлекеттік институтының доценті міндетін атқарушы, п.ғ.к. Ш.А.Тулебаева |
Диссертация 2013 жылдың «___» маусымында сағат ___ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би 36,№7 оқу ғимараты, Гуманитарлық-педагогикалық институты, №411 дәрісхана) қорғалды.
Жұмыспен «Қорқыт Ата атындығы Қызылорда мемлекеттік университетінің» ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды студенттің жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы, танымдық «жаңалық» ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде студенттің дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Осыдан келіп, еліміздің білім беру жүйесін қайта құру, жоғары оқу орны реформасын жасау, оқуды өмірмен байланыстыру, студенттерді білімді өз бетімен ізденуге үйрету және білім негіздерін демократиялық интеграциялық ұстанымдарға орайлас білім беру, тәрбиелеу талап етілуде.
Бәсекеге барынша қабілетті, әлемнің жоғары дамыған елу елінің қатарына қосылу үшін ең алдымен білім беру саласын реформалауды қолға алу қажет. Осыған орай, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыда білім беру саласының алдына шешілуге тиісті біраз міндеттер қойылды [1]. Бұл құжатта білім беру мазмұны факториалдық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбағандығы көрсетілген. Осындай кемшіліктерді жоюдың бір жолы – оқыту процесін жетілдіру болып табылады.
Тұтас педагогикалық процесс құрайтын екі процестің бірі - оқыту. Ол объективті шындықтың күрделі процесі, сондықтан оған толық және жан-жақты анықтама беру өте қиын. Қазіргі түсінік бойынша оқытудың екі жақтылығы айтып өтуге болады: оқушы мен мұғалімнің біріккен іс-әрекеті; мұғалімнің басқаруы; арнайы ұйымдастырылуы; бірлігі және тұтастығы.
Қазақстанда оқыту әдістерін зерттеу мәселелерімен Р.Лемберг, Қ.Бержанов, А.Бейсенбаева т.б. айналысты. Оқыту әдістері белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Сол кезеңде Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынды. М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін студенттердің іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген [2].
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін студенттердің танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген. Оқыту әдістері: ақпарат беру әдісі, түсіндіру әдісі, ынталандыру әдісі, тәжірибелік әдіс.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, студенттердің тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді. Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, студенттердің үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп атайды.
Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактив сонымен қатар, «тұлғааралық қарым-қатынас» дегенді де білдіреді. Демек, интерактивті оқыту әдістері «жеке тұлғаға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасының талаптарына жауап беретін бірден бір әдіс.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үдерісінде студенттердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және студенттердің танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.
Студенттердің өзіндік жұмыстануына толық мүмкіндік туғызып, олардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, дара және топтық жұмыс жасауда студенттерді шығармашылыққа баулу мәселесі бүгінгі білім берудің басты талабына айналды.
Қазір кез-келген пәнді оқытуда пәнаралық байланыс арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады. Осы тұрғыда оқытудың интерактивті әдісін оқыту үдерісінде қодану өте тиімді. Себебі, бұл әдіс студенттің жеке өмірлік тәжірбиесіне сүйене отырып, оның бойында білім, білік, дағды және құндылық жүйесін қалыптастырады.
Педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды зерттеу еңбектері баршылық. Мәселен, болашақ мұғалімнің кәсіби мәнді сапаларын қалыптастыру және тұлғасын дамыту, педагогикалық іс-әрекеттің дидактикалық негіздерін айқындау, ЖОО-да оқу үдерісінің тиімділігін арттыру мәселелері қазақстандық ғалымдар - А.П. Сейтешов, Н.Д. Хмель, С.А. Ұзақбаева, Л.К. Керимов, Б.Р. Айтмамбетова, Б. Әдікәрімұлы, М.А. Құдайқұлов, А.Е. Әбілқасымова, Ғ.К. Ділімбетова, В.В. Егоров, М.Ж. Жадрина, А.А. Калюжный, М.С. Молдабекова, З.А. Исаева, Б.К. Момынбаев, Г.Ж. Меңлібекова, Г.К. Нұрғалиева, С.А. Жолдасбекова, М.Н. Сарыбеков, Қ. Сарбасова, Ә. Абуов, Б.С. Имандосова және т.б. еңбектерінде қарастырған.
Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технологияларды ұсынған Н.П. Гузиктің, В.М. Монаховтың, В.Ф. Шаталовтың, Т. Галиевтың, Л. Бектұрғановалардың еңбектері және т.б. ғылыми тұрғыдан практикалық мәні зор еңбектері біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды.Оқытудың белсенді әдістерін білім беру саласында пайдаланудың әдіс-тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері В.П. Беспалько, Ж.А. Қараев, Ш.Т. Таубаева, Б.Т. Барсай, Д.М. Жүсібалиева, М.В. Кларин, Қ.Ө. Қариева, С.А. Көшімбетова, Қ. Қабдықайырұлы, А.А. Саипов, Г.К. Селевко, Б.К. Төлбасова, Л.А. Шкутина және т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектеріне арқау болды.
Оқыту формасының шығармашылығы дамыған маман даярлауда өзіндік жұмыстың маңызы өте зор. Себебі студент білімді тек дәрісханалық сабақтарда ғана емес, өз бетімен істелетін жұмыс барысында да жинақтайды. Өздігінен ізденген білім анағұрлым терең, әрі сіңімді болады. Біз жоғарыда аталған еңбектерге талдау жасай отырып бүгінгі таңда жаңа интерактивті әдістерді жоғары мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану, сол арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыда әлі де болса шешімін таппай отырғандығын анықтадық. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығына бүгінгі өркениетті қоғамның сұранысы мен оларды жоғары оқу орындарында даярлауда жаңа технологияларды, интерактивті әдістерді пайдаланып, теориялық және практикалық білім беруді жетілдіру мен оны практикалық тұрғыда жүзеге асыру арасында қарама-қайшылықтар бар екені анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты «Жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқытуда интерактивті әдістерді пайдалану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты – жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісінде интерактивті оқыту арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруды теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу.
Зертеу объектісі – жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісі.
Зерттеу пәні – педагогикалық пәдерді оқытуда интерактивті әдістерді пайдалану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру.
Зерттеу міндеттері –
- жоғары оқу орнындағы педагогикалық сабақтарда интерактивті әдістерді қолдану жолдарын зерттеу;
- интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мүмкіндіктерін зерттеу;
- интерактивті әдістердің ерекшеліктерін анықтау;
- жоғары оқу орнындағы педагогикалық сабақтарда интерактивті әдістерді пайдалану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасап, оның тиімділігін практикалық тұрғыда тексеру;
- интерактивті оқыту әдістері арқылы студенттердің өзіндік жұмыс жасау белсенділін арттыру
Зерттеудің жетекші идеясы. Педагогикалық пәндерді оқытуда интерактивті әдістерді пайдалану, сол арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру қазіргі заман талабына сай шығармашыл, ізденімпаз студент тұлғасын қалыптастыруға ықпал жасайды.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге, жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінің құжаттарына талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу.
- интерактивті әдістерді педагогикалық сабақтарда пайдаланудың теориялық негіздері айқындалды;
- жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқытуда интерактивті әдістерді пайдалану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі жасалды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі:
- интерактивті әдістерді педагогикалық сабақтарда қолдану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық үлгісі жасалды.
- интерактивті әдістерді педагогикалық сабақтарда пайдалану идеяларын жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесіне ендіру мүмкіндіктері бар;
-зерттеу материалдарын жоғары кәсіптік білім беру орындарында, педагогика пәндерін оқытуда, педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында, осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
Қазақстанда қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының ролімен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұшқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына баратар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді. Оқитындар қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқытатындардың өздерін барынша көрсете біліу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрлымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі. Жағдайда оқытуды ұйымдастыру қағидаттарын және студенттің білім-білікті, дағдыны енжар алушы ролін танымдық көрінісің белсенді субъектісіне өзгерту қажеттігі бар. Оқу процесінде өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде қатысу үшін студенттің танымдық әрекетін белсендендірудің үлкен маңызы бар.
XX ғасырдың 70-80 жылдарында оқыту процесін белсендіруге бағытталған, студенттің оқытудың белсенді субъектісіне айналуына бағытталған әдістемелік зерттеулердің көлемі көбейді. Оқыту процесіндегі радикалды өзгерістердің қоғамдық және педагогикалық сананың қалыптасуына Ж.Пиаже (Швейцария), Б.Блюм, Д.Ж.Бруннер, Ж.Ганье, С.Эриксонның (АҚШ) еңбектері куә. Ж.Пиаженің айтуынша, жоғары оқу орны тез «жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамау керек, шығармашылық және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек». Белсенділік деген (интенсивтендіру, мығымдық) студенттің іс-әрекеті мен пәнімен «қосылғандағы» дәрежесін анықтайды. яғни, ол студенттердің белсенділіктің дағды-біліктерін меңгеруі деп түсіндіруге болады [1, 47].
Соңғы кездері білім алушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдістер интерактивтi деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. Әдіс (гректің metodos) деген сөзінен алынған, ол зерттеу немесе таным жолы, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын, құбылыстарды оқып білу жолдарын, методологиялық-теория танымы мен шындықты бекітуді зерттейтін тәсіл.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен студенттердің бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, студенттің ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – студенттердің танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны - бақылау әдісі. Ол барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен қолданылады. Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе студенттер -дың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі студенттердің байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады [39].
Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынандай тәсілдерді қолдана білуге байланысты: байқаудың мақсатын анықтау; қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың көптеген белгілерінің ішінен
1-кесте Оқу әдісін таңдауға қойылатын талаптар
Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе студенттің жеке-дара орындауы арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы студенттердің бәрі бірыңғай тәжірибе жасайды, ал жеке студенттер орындағанда әрқайсысының жасайтын тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады. Студенттердің зертханалық жұмыстары жоғары оқу орны жанындағы оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді. Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және студенттерді қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстырады. Өткізу барысында мұғалім әр студенттің қойған тәжірибесін мұқият бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі. Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады. Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден, ұжымдық түрде орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі, үшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалімнің өзі жинақтап, студенттер орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды.
Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда төмендегі шарттар орын алулары тиіс. Мақсатты нақты белгілеу. Мұғалім студенттердің топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болуы керек.
Бұл үшін практикалық сабақтарда индивидуалдық, топтық, екі адамды қатыстыратын зерттеу проектілері, рөлдік ойындар жүргізіп, білім алушыларды әртүрлі ақпарат көздері мен қызықты құжаттар, шығармашылық жұмыстармен жұмыстанады. Соның ішінде топтық ең тиімді топтық оқыту формасына нақты жағдайды талқылау, “ми шабуылы”, проектіні орындау және жүзеге асыру (ақпараттық, ойындық, зерттеу және шығармашылық), еркін пікірталас және т.б. жатқызуға болады. Бұл формалар өз нәтежиесінде жаңа оқу мәлімет туғызатын ақпарат алмасу жағынан интерактивті.
Интерактивті әдістердің шартты түрде тренинг, рольдік ойын деп бөлінуі оның белсенді сипаттамасын дәлдей түсіп, ұстазға оқыту мақсатына жету үшін аз сағат ішінде көп көлемді материалды меңгертуге оқушы мен оқытушының синхрондық әрекеттерін арнайы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Эксперимент жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісінде оқытудың интерактивті әдістерін ендіру арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға байланысты біз жасаған үлгіні тәжірибелі-практикадан өткізуге және оның тиімді қолданылуын тәжірибеден өткізуге бағытталды.
Тәжірибелі-эксперимент жұмысы үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Экспериментке барлығы 52 студент қамтылды, оның 27-і эксперимент тобында, 25-і бақылау тобында болды. Студенттер жоғары, жеткілікті, орта және төмен білім деңгейлерімен бағаланды.
Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының анықтау кезеңінде сауалнама, сұхбат, сұрақ-жауап, тест, әңгіме, бақылау, байқау т.б. әдістерді қолдану арқылы ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылды.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысында интерактивті әдістер үлгісінің көрсеткіштері мен деңгейлерін негізге ала отырып анықтау кезеңінің қорытындысында эксперименттік топтар мен бақылау топтарындағы студенттердің білім деңгейлерін анықтадық. Анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелері кесте 2-де көрсетілген.
Деңгейлер |
Бақылау тобы (БТ)
|
Эксперимент тобы (ЭТ)
|
Жоғары |
8,2 |
25 |
Жеткілікті |
14,4 |
25 |
Орта |
26,5 |
15 |
Төмен |
50,9 |
35 |
1- Сурет Анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің
салыстырмалы көрсеткіші
Яғни, анықтау кезеңіндегі тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі бойынша эксперимент тобында (ЭТ) жоғары деңгей 25, жеткілікті деңгей 25, орта деңгей 15, төменгі деңгей 35-ті көрсетсе, бақылау тобынды (БТ) жоғары деңгей 8,2, жеткілікті деңгей 14,4, орта деңгей 26,5, төменгі деңгей 50,9-ды көрсетті. Анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткішін сурет 6-дан көруге болады.
Сонымен, тәжірибелі-эксперимент жұмысының соңғы кезеңінде қайта жүргізілген сауалнама нәтижесінде студенттердің интерактивті әдістерді меңгеру арқылы өзіндік жұмыс жасау деңгейі анықталды.
Жоғары оқу орнындағы педагогикалық пәндерді оқыту барысында интерактивті әдістерді қолдану олардың оқуға деген қызығушылықтың артуына ықпал еткеніне көз жеткіздік, оны кесте 3- ден көруге болады.
Деңгейлер |
Бақылау тобы (БТ)
|
Эксперимент тобы (ЭТ)
|
Жоғары |
8,2 |
30 |
Жеткілікті |
14,4 |
27,5 |
Орта |
26,5 |
13,5 |
Төмен |
50,9 |
29 |
Бақылау кезеңіндегі тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижелері бойынша эксперимент тобында (ЭТ) жоғары деңгей 30, жеткілікті деңгей 27,5, орта деңгей 13,5, төменгі деңгей 29-ды көрсетсе, бақылау тобынды (БТ) жоғары деңгей 8,2, жеткілікті деңгей 14,4, орта деңгей 26,5, төменгі деңгей 50,9-ды құралғандығын көрсетті, яғни жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмысымыздың қорытындысы бойынша инновациялық технологиямен білім беру үдерісіндегі оқытуға деген қызығушылықтың артқандығына, инновациялық білім беру үдерісіндегі оқытудың білімдерін игергендігіне, инновациялық білім беру үдерісіндегі оқытудың іскерліктері мен дағдыларын меңгергендігі теориялық тұрғыда дәлелденіп, анықталды.
Сонымен тәжірибелі-эксперименттік жұмысымыздың нәтижесін қорытындылай келе, оқытудың деңгейлерінің (эксперименттің басы мен соңы) даму көрсеткішін кесте 5-ден және салыстырмалы өсу динамикасын сурет 6-ден анық байқауға болады.
Демек, зерттеу жұмысымыздың бастапқы кезеңінде жоғары деңгейді эксперимент тобы 25-ті көрсетсе, эксперимент соңында 35-ды көрсетті; бастапқы кезеңде жеткілікті деңгейді эксперимент тобы 2-көрсетсе, эксперимент соңында 27-ні көрсетті; бастапқы кезеңінде орта деңгейді эксперимент тобы 15-ті көрсетсе, эксперимент соңында 13,5-ті көрсетті;
Жұмыс кезеңі |
Деңгейлер | |||||||
Жоғары |
Жеткілікті |
Орта |
Төмен | |||||
ЭТ |
БТ |
ЭТ |
БТ |
ЭТ |
БТ |
ЭТ |
БТ | |
Басы |
25 |
8,2 |
25 |
14,4 |
15 |
26,5 |
35 |
50,9 |
Соңы |
35 |
8,5 |
27,5 |
15,8 |
13,5 |
27 |
29 |
48,7 |
бастапқы кезеңінде төменгі деңгейде эксперимент тобы 35-ті көрсетсе, эксперимент соңында 29-ды көрсетті; ал бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болмады. Яғни, эксперимент тобындағы студенттердің білім деңгейлері бақылау тобына қарағанда едәуір жоғарылағанын байқадық.
Қорыта айтқанда, жүргізілген педагогикалық эксперименттің нәтижесінде қойылған міндеттер шешілді және тиісті қорытындылар жасалды. Тәжірибе барысында арнайы курс бағдарламалары бойынша өткізілген пәндік сабақтар мен курстық жаттығулар жоғары оқу орны студенттердің терең білім алып, кәсіби-шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытып, жоспарланған жұмыстарды қызығушылықпен орындап, меңгеріп шығуына және кәсіби біліктілігін толықтыруына септігін тигізетіні анықталды, сонымен қатар теориядан алған білімдерді практика жүзінде жүзеге асыруына көмектескендігін қалыптастыру эксперименті растады.
Зерттеу мақсатына қол жеткізу, зерттеу міндеттерін шешу және гипотезаны тексеру үшін теориялық (модельдеу, талдау), эмперикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-тәжірибелер); білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.
Зерттеу нәтижелері компьютердегі автоматтандырылған тесттер мен сауалнамалардың, сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды өңдеу жүйелерінің және т.с.с автоматтандырылған құралдардың көмегімен өңделді.
Алынған нәтижелердің жиынтығы студенттердің бағалауға және студенттердің жеке қасиеттерін ескере отырып, көрсетілетін білім беру қызметтерінің түрлерін көбейтуге (оқу мерзімін, оқу бағдарламаларының мазмұндық бөліктерін өзгертуге, т.б.) мүмкіндік берді.
Қорытынды
Біз зерттеу жұмысын жүргізу арқылы жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісінде жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастырудағы интерактивті оқыту технологиясының мазмұнын теориялық және практикалық тұрғыдан негіздедік.
Сонымен қатар, жоғары оқу орнындағы педагогикалық сабақтарда интерактивті әдістерді қолдану жолдары айқындалды, интерактивті әдістердің ерекшеліктерін көрсетілді; жоғары оқу орнындағы педагогикалық сабақтарда интерактивті әдістерді пайдалану арқылы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі даярланып, оның тиімділігі практикалық тұрғыда дәделденді; интерактивті оқыту әдістері арқылы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жүзеге асырылды.
Біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда оқытудың интерактивті әдістері біріншіден студенттердің іс-әрекетін өнімді, шығармашылық, іздеушілік сипатқа ие болдыратын әдістер, екіншіден, бұл әдістер арқылы студенттердің өзіндік жұмыс жасау әрекетін ынталандыратын, білім алу процесінде еркін пікір алысуға мүмкіндік беретін диалогқа саяды деген қорытынды жасап, тәжірибе жүзінде дәлелдедік.
Зерттеу жұмысының теориялық бөлімінде көрсетілген егер, жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқытуда интерактивті әдістерді қолданудың мәні мен мазмұны теориялық тұрғыдан айқындалып, педагогикалық жүйе ұсынылып тәжірибеге ендірілсе, онда бүгінгі қоғамға қызмет ететін білікті және бәсекеге қабілетті мамандары даярланады, өйткені бұл қазіргі білім беру саласындағы қоғамдық сұраныс деген ғылыми болжам өзінің дұрыстығын растады..
Зерттеу жұмысында интерактивті әдістерді педагогикалық сабақтарда қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық үлгісі жасалды.
Интерактивті әдістерді педагогикалық сабақтарда пайдалану идеяларын жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесіне ендіру мүмкіндіктері бар.
Диссертациялық жұмысының мазмұны бойынша жарияланған ғылыми-зерттеу мақалалары:
1.Инновациялық үдерстегі белсенді оқыту формасы мен әдістері // ҚМУ хабаршысы №4 (40) 2013.
2.Заманауи дидактикадағы интерактивті оқыту формасы мен әдістері // Қорқыт Ата атындағы ҚМУ құрылғанына 75 жыл толуына орай күндері «Жоғары кәсіптік білім берудің инновациялық дамуы: тәжірибесі, мәселелері және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - 18-19 қазан, 2012 ж.
Одной из приоритетных задач системы образования является использование интерактивных методов в системе высшего образования. Кредитная технология, применяемая в вузах Казахстана, направлена на активизацию самостоятельной работы студентов. В свою очередь использование интерактивных методов обучения способствует развитию навыков самостоятельной деятельности студентов.
- определить теоретическое обоснование использования интерактивных методов обучения, способствующие развитию навыков самостоятельной деятельности студентов
- определить возможности и современное состояние организации самостоятельной работы студентов в процессе использования интерактивных методов обучения;
- разработать методику организации самостоятельной работы посредством использования интерактивных методов обучения в процессе преподавания педагогических дисциплин и ее экспериментально-практическая апробация.
- теоретически обоснована проблема организации самостоятельной работы посредством использования интерактивных методов обучения в процессе преподавания педагогических дисциплин;
- определены возможности и современное состояние проблемы организации самостоятельной работы посредством использования интерактивных методов обучения в процессе преподавания педагогических дисциплин;
- выявлены педагогические условия организации самостоятельной работы посредством использования интерактивных методов обучения;
- разработана методика организации самостоятельной работы посредством использования интерактивных методов обучения в процессе преподавания педагогических дисциплин и апробирована ее эффективность и внедрена в практику.
Практическая значимость работы: по результатам исследования разработаны спецкурс: «Организация самостоятельной работы посредством использования интерактивных методов обучения в процессе преподавания педагогических дисциплин». Результаты работ по теме исследования могут быть использованы в учебном процессе высших учебных заведений, в учреждениях повышения квалификаций и переподготовки кадров.
Положения, выносимые на защиту:
Самостоятельная работа не только совершенствует профессиональные знания будущих учителей, но и является основным средством формирования их профессиональной активности. Так как оно способствует в подготовке творчески активных учителей, а также совершенствованию эффетивности учебно-воспитательного процесса.
Использование интерактивных методов обучения способствует эффективной организации СРСП и СРС
Методика использования интерактивных методов обучения, направленная на активизацию самостоятельной деятельности студентов направляет их на профессинальную творческую деятельность.
Social – political, economic and cultural changes which go on social life in Republic of Kazakhstan is required that problems of forming personality, capable to communicate actively in modern transformative process, to realize her creative potential, is ready to enlarge her possibilities through the systematic self – education and self – development.
One of the most important tasks of educational system is forming professional orientation of future specialists.
Enormous role in forming of professional orientation of students belongs to their independent work.
All of these depend on choosing the theme as: “ Forming professional organization of future specialists through the independent work”
The object of the research: process of education on pedagogical discipline to training teachers in pre – school establishments.
The subject of the research: process of forming professional orientation of future specialists through the independent work.
The aim of the research:
- to define theoretical basis of forming of professional orientation of students;
- give definition to the meaning of the word “professional orientation”, “ the independent work of the students”;
- to define methods of the organization of the independent work;
- to bring out level, criteria, components and model of forming professional orientation of future specialists through the independent work;
- to make practical – experimental work on forming professional orientation of future specialists through the independent work.
was defined scientific – theoretical basis of forming professional orientation of students;
was defined the meaning of the word “professional orientation”, “ the
independent work of the students”;
was made methods of the organization of the independent work;
was brought out level, criteria, components and model of forming
professional orientation of future specialists through the independent work;
- was made practical – experimental work on forming professional orientation of future specialists through the independent work.
25 12 2014
3 стр.
Сырдарияның төменгі ағысындағы табиғи ландшафттардың қазіргі экологиялық күйін талдау
25 12 2014
1 стр.
Орта ғасырлардағы сырдарияның ТӨменгі ағысындағЫ Қалалардың ҚОРҒаныс жүйесі: тарихи талдау (V-ХІV ғғ.)
25 12 2014
1 стр.
М011400 Тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
25 12 2014
1 стр.
ЖОҒары оқу орындарында педагогикалық ПӘндерді оқытуда интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің Өзіндік жұмысын ұйымдастыру
25 12 2014
1 стр.
М060800 – Экология мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
25 12 2014
1 стр.
Орта мектепте бейорганикалық химия курсын оқыту үрдісінде ұжымдық оқыту технологиясын пайдалану әдістемесі
25 12 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.