Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ӘӨЖ: 581.14: 633.18 (574.54) Қолжазба құқығында

ИЗТЕЛЕУОВА АЙГУЛЬ СЕРИКБАЕВНА


Қызылорда облысындағы күріш шаруашылығының игерілу тарихы: жаңа тарихи контексте талдау (1946-1991жж)

6М011400 - Тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2013 ж

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Тарих, құқық және экономика институтының «Тарих, саясаттану және әлеуметтану» кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: тарих ғылымдарының кандидаты Н.К.Мынжасов

Ресми оппонент: тарих ғылымдарының кандидаты

Г.Ө.Оспанова

Қорғау 2013 жылы «3» маусым сағат 9.00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. (Мекен жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Тарих, құқық және экономика институты №1 оқу ғимараты, № 206 дәрісхана)

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл магистрлік диссертацияда Қызылорда облысындағы 1946-1991 жылдар аралығында күріш шаруашылығының игерілу тарихы жаңа тарихи тұрғыда талқыланып, жан-жақты ғылыми негізде қарастырылған.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында «ауыл шаруашылығын әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайын ауқымды жаңғырту қажет» - деп атап көрсетті [1].

Елбасының ауыл шаруашылық қызметкерлерінің, еңбеккерлерінің алдына қойып отырған талабы көңілге қонады. Өйткені кең байтақ қазақ даласында ауыл шаруашылығын дамытуға болатын жағдайлар бар. Осы тұрғыда да Елбасы әлемдегі елдердің ауыл шаруашылығын дамыту мүмкіншіліктерін Қазақстанмен салыстыра отырып «Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болуға және ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бізге мыналар қажет: 1) Егіс алаңын ұлғайту. Барлық елдерде мұндай мүмкіндік жоқ. 2) Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар есебінен көтеру қажет» [1] - деп біздің елімізде ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндіктер бар екенін де баса көрсетіп берді.

Шын мәнінде Қазақстан аумағында әлі игерілмей жатқан кең байтақ жерлер баршылық. Шет елдермен салыстырғанда жер ресурсымыздың мол екендігі айдан анық. Ал енді осы жерлерді игеру, егін шаруашылығын дамыту біздің парызымыз.

Қазақстандағы күріш өсіруші ең үлкен аймақтың бірі – Сыр өңірі. Сыр өңірі өте көне суармалы егіншілік аймағына жатады. Б.э.б. 5000-4000 жылдарда егін шаруашылығы дамыған, оны ежелгі антик, грек, парсы ғалымдары өз зерттеулерінде дәлелдеген.

Патшалық Ресей тұсында жаңа жерлерді игеру нәтижесінде күріш дақылы Қазақстанда, оның ішінде Қызылорда облысы территориясында өсіріле бастаған. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1925 жылы күріш егістігінің көлемі артты, жаңа гидротехникалық құрылыстар салына бастады.

Осыған орай Қызылорда облысында суару жүйелері қалпына келтіріліп, егіс көлемі ұлғайды. Күріш шаруашылығын дамытуға басты назар аударыла бастады. Қиыр Шығыстағы күріш өсіруші корей халқын 1928 жылы күріш өсіруді үйрету үшін Қазақстанға шақырды. Осыған орай қазақ жеріне алғашқы күріш өсірушілер өздерінің осы дақылды өсіру тәжірибесін үйрету жөнінде игі бастамаларын бастады.

1930 жылы Алматы қаласында яғни астанада күріш өсіруші халықтардың өкілдерінің үлкен жиыны болып өтті. Осы жиында Қиыр Шығыстан шақыруға жауап ретінде көшіп келген корейлердің күріш өсіру тәжірибесін Қазақстанда таратып, күріш өсіру саласын дамытуға баса назар аударды.

Бұдан кейінгі Қазақстан жеріне күріш өсірушілердің легі 1937 жылғы Қиыр Шығыстан корей халқының күштеп қоныс аударылуымен тығыз байланысты. Қоныс аударушылардың үлкен үлкен тобы Қызылорда облысына орын тепті. Өйткені Қызылорда облысында суармалы шаруашылық, оның ішінде күріш шаруашылығын игерудің мүмкіндігі ескеріле отырып, корей халқының көп бөлігін Сыр өңіріне қоныс аударғаны бізге белгілі.

Ал, екінші дүниежүзілік соғысының қарсаңында Сыр өңіріндегі егістік жерлерді игерудің, Сырдария алқабын суландырудың үлкен бағдарламасы жасалды. Сырдария өзеніне плотина салу, сөйтіп суармалы жерлердің егіс көлемін 120 мың гектарға жеткізу көзделді. Соғыстың қиыншылықтарына қарамастан облыста күріш егіншілігі одан әрі дамытылды.

Соғыс аяқталып халық шаруашылығы қалпына келтіріліп болғаннан кейін ауылшаруашылығын дамытуға қайтадан басты назар аударылды. Өйткені соғыс кезі, соғыстан кейінгі халықтың әл-ауқатын көтеріп еліміздің экономикалық жағдайын жақсарту үшін бірінші басты міндет азық-түлік дақылдарын өсіруді қолға алу қажеттілігі басты назарға алынды. Сондықтан да Қазақстанда оның ішінде Қызылорда облысында күріш егіншілігін дамытуға кеңес өкіметі ерекше мән берді.

60-жылдары күріш өсіру шаруашылығын өркендетудің ұзақ мерзімді бағдарламасы жасалынды. Соған орай күріш егетін инженерлік жүйелер жасауда мамандандырылған совхоздар мен күріш өңдеу кәсіпорындары, жобалау және ғылыми-зерттеу мекемелері, селекциялық орталықтар құрылды.

Осы саланы дамытуға әсіресе 70-жылдары ерекше мән берілді. КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1980 жылғы наурыз айында «Күріш өсіруді одан әрі өркендету жөніндегі шаралар туралы» қаулысы Қазақстанда, оның ішінде Қызылорда облысында күріш шаруашылығын дамытудың кең ауқымды іс-шараларын жасауға бетбұрыс жасады. Осыған орай күріш өсіретін шаруашылықтарды рационалды түрде орналастыру және шоғырландыру, саланы өнеркәсіптік негізге көшіре отырып, интенсивтендіру есебінен, күріш өндіруді молайта түсу көзделді. Күріш өсіру шаруашылығының тиімділігін арттыруға көмектесетін экономикалық және ұйымдастырудың кешенді шаралары белгіленді.

Зерттеліп отырған кезеңде Қазақстанда күріш шаруашылығын дамытуға басты назар аударылып, тауарлы күріш шаруашылығы қалыптасты. Күрішке деген сұраныстың артуына байланысты бұл кезеңде инженерлік күріш жүйесі салынып, ауыспалы егіс игерілді. Күріш дәнінің жалпы өнімі 1990 жылы 426,6 млн. тоннаға жетті [2.5б].

Алайда, коммунистік тоталитарлық жүйе тұсында күріш шаруашылығын дамытуда асыра сілтеушілік және келеңсіз жағдайлар көрініс тапты. Әміршілік-әкімшілік жүйенің тұсында әр гектарынан мол өнім аламыз деген ұранмен артық жер игеруге жол берілді. Осының салдарынан су ресурстарын тиімді пайдалану жақтарына назар аударылмай соның салдарынан экологиялық апатқа халықты душар еткендігін дәлелдеу және оның зардаптарын жою мәселесі күн тәртібіне қойылды. Шын мәнінде бүркемелеп күріш дақылын өсірудің экономикалық тиімділігін арттырамыз деген мақсатпен социалистік жоспарлы тәсілді қолдана отырып астамшылдыққа жол берілді. Соның салдарынан қазақ халқының оның ішіндегі Қызылорда облысы халықтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына да кері әсерін тигізді, экологиялық зардаптары көрініс тапты. Алайда, күріш шаруашылығын дамытуға байланысты оның тарихын жазуға байланысты еңбектерде кеңестік дәуірдегі ұрандатылған мағынада жазылған еңбектерде күріш шаруашылығының тарихы барынша сыңар жақ зерттеліп, кеңестік саясатқа бейімделіп жүргізілді.

Осы мәселеге байланысты «ақтаңдақтардың» бетін ашып, шынайы, обьективтік тұрғыда күріш шаруашылығының тарихын жаңа тарихи ауысымда қорытып зерттеу, мәселенің көкейтестілігін, өзектілігін анықтайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қызылорда облысындағы күріш шаруашылығының игерілу тарихы мен проблемалары жөнінде ғалымдардың үлкен тобы ұзақ жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді.

Кеңестік кезеңдегі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, әсіресе күріш шаруашылығы саласында жазылған еңбектер 1960 жылдардан бастау алады. Қазақстандағы күріш шаруашылығының дамуы жөнінде «Қазақстан күріші» [3] кітабын авторлар коллективі жазды. Кітаптың жалпы редакциясын экономика ғылымдарының кандидаты Ә.Ыбыраев басқарды. Бұл еңбекте Қазақстанда күріш егісінің дамуы жайында қол жеткен табыстар айтылады, негізінен еңбек 1960-69 жылдардағы күріш шаруашылығының өсу динамикасы, материалдық-техникалық база, кадрлар мәселесін қамтыған.

Ал, еліміздегі соның ішінде оңтүстік облыстардағы жаңа жерлерді игеру, мелиорация, ирригациялық мәселелер жөнінде 1961 жылы Москвадан шыққан А.Н. Аскоченскийдің «Орошение и обводнение» [4], М.Н.Ерлепесов, А.Е.Амантаевтың 1968 жылы Алматыдан жарық көрген «Орошаемое земледелие» атты еңбектері [5] зерттеу жұмысының барысында қаперге алынды.

Қызылорда облысында күріш шаруашылығын дамыту туралы оның тарихы жөнінде мағлұмат берген белгілі тарихшы, ғалым М.К.Кереев болды. Оның «Город на Сырдарье» [6] атты кітапшасында күріш шаруашылығына қысқаша тоқталып өтеді. Аталмыш автор өзінің еңбегінде Қызылорда облысындағы соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл шаруашылығының даму тарихы туралы қысқаша мәліметтер ғана берген.

Сыр өңіріндегі күріш шаруашылығын дамыту жөнінде 60-жылдардың аяғында шыққан еңбектер магистерлік диссертацияны жазу барысында негізге алынды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылық ғылымының докторы М.Н.Ерлепесов, ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты А.Е.Амантаевтың «Суармалы егіншілік» [7] атты еңбегінде республикалық ғылыми мекемелері жүргізген көп жылдық зерттеу жұмыстарының нәтижелері және суармалы егіншіліктің негізгі мәселелері жөніндегі озат тәжірибелер мен суармалы жерлерде ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің ерекшеліктері қорытылады.

Ғылыми зерттеу жұмысын жазу барысында И.А.Шәріповтың «Ы.Жақаев және оның ізбасарлары» [8], Алматыдан «Қайнар» баспасынан шыққан «Күріш өсіретін шаруашылықтардың экономикасын көтеру» атты көлемді еңбектері [9] пайдаланылды.

Белгілі ғалым М.Қозыбаевтың 1970 жылы жазылған «Казахстан – арсенал фронта» [10] атты еңбегінде соғыс жылдарындағы күрішші Ы.Жақаевтың, Ким Ман Самның, агроном-ғалым Әнес Алтынбековтың ерен еңбектері баяндалады. Сондай-ақ кітаптағы күрішшілердің қиын уақытта атқарған жұмыстары туралы нақты деректер ғылыми зерттеу жұмысының барысында негізгі арқау болды.

Сол сияқты қазақстандық еңбекшілер туралы «Қазақстандық Социалистік Еңбек ерлері» атты көлемді еңбект қаперге алынды. [11]. Онда күріш атасы – Ыбырай Жақаев, оның ұстазы Ким Ман Самның және т.б. күрішшілердің күріш шаруашылығын дамытуға қосқан ерен еңбектері, оларға Социалистік Еңбек Ері атағы берілгені баяндалады.

Сол сияқты ғылыми зерттеу жұмысының зерттеу барысында күріш шаруашылығы туралы, оның даму тарихы туралы жазылған бірқанша еңбектер негізге алынды. Атап айтқанда, Н.Волконскийдің «Күріш егісін суарушыға көмек» [12] еңбегінде суландыру әдісін пайдалану, дамыту, оның тиімділігі жөнінде мелиораторлар мен сушыларға нақты көмек беру шаралары қарастырылады.

Зерттеп отырған тақырыпқа орай Сыр өңіріндегі күріш шаруашылығын дамытуға жастардың қосқан үлесі туралы А.Х.Айдосовтың «Жер – иесі жастар» [13] атты кітабы, 1969-1970 жылдардағы Сырдарияның сол жағасында инженерлік суармалы алқаптың құрылысын жүргізуге келген жастар туралы жазылған. Аталмын еңбекте Сыр өңірінде күріш шаруашылығын игеруге комсомол жастардың қосқан үлесі жөнінде мол мағлұмат берілген.

Сол сияқты, көптеген жылдар бойы Қызылорда облысын басқарған Облыстық партия комитетінің бірінші хатшы қызметін атқарған И.Әбдікәрімовтің «Сенімді қадаммен» [14] атты кітабындағы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы еңбеккерлерінің күріш өсіру тәжірибелері туралы ой толғаулары ғылыми зерттеу жұмысын жазу барысында негізге алынды.

Күріш шаруашылығының даму тарихы жөнінде 70-жылдары бірнеше еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда, К.Рыспаевтың «Шөлге шабуыл» еңбегі [15], Ә.Сапақовтың «Орденді Гигант колхозы» еңбегі [16], А.Отарбаев, А.Жарылқасыновтың «Сыр маржаны» еңбегі [17], Қ.Салғариннің құрастыруымен «Ақмаржан: очерктер» жинағы [18] шықты. Аталған еңбектерде Сыр өңіріндегі күріш шаруашылығының даму тарихы проблемасы жөнінде құнды мәліметтер берілген. Зерттеу жұмысы барысында осы аталған авторлардың еңбектерінен құнды деректер алынды.

Әсіресе, күріш өсірудегі жергілікті жердің климаттық жағдайлары ескеріліп күріш дақылын өндірудің әдістері мен тәсілдері жөнінде 70-жылдардың екінші жартысында жарық көрген М.Жапбасбаевтың «Күріш өсірудің агроклиматтық жағдайлары» [19] атты еңбегінде Қазақстандағы оның ішінде Қызылорда облысында күріш өсірудің агроклиматтық жағдайлары, күріш өсіретін аймақтардағы агроклиматына қарай аудандастыру мәселелері қарастырылған, еңбектегі зерттеу жұмысына керекті деректер пайдаланылды.

Сонымен қатар «Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерді игеру» [20], Н.Ергешбаевтың «Күріш өндіруді мамандандыру және шоғырландыру» [21] атты кітабындағы күріш шаруашылығы саласын мамандандыру мен шоғырландыру, өндіріс тиімділігін арттыру жолдары ғылыми жұмысқа арқау болды.

Қазақстандағы күріш шаруашылығын дамытуға байланысты Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың «Таңдамалы сөздер мен мақалалар» еңбегі [22] де магистрлік диссертацияны жазу барысында кеңінен қолданылды. .

Сондай-ақ күріш шаруашылығына байланысты қалам тартқан бірнеше авторлардың еңбектері сараланды. А.Отарбаевтың «Ақ күрішті ауыл» еңбегінде [23], Сыр бойында берекелі байлықтың көзін тауып, өрелі істердің өнегесі болып жүрген қарапайым еңбек адамдарының тыныс-тіршілігі сөз болады.

Кең көлемді Шиелі күрішшілері туралы О.Бәйімбетовтың «Шиелі шынарлары» [24] атты еңбегі 80-жылдардағы күріш өндіруде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүрген іргелі шаруашылықтардың іс-әрекеті, ақ күріштің атасы аталған Ы.Жақаев, Ұ.Алтайбаева, Ш.Қазантаева сияқты басқа озат күрішшілердің тәлім алар тәжірибелері баяндалады. Аталмын еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетудің негізі – ауданда агротехникалық шараларды қолдану, ғылым мен озат тәжірибе жетістіктерін өндіріске енгізу жайы нақты фактілермен дәлелденеді.

Қазақстандағы күріш шаруашылығының даму тарихына байланысты құнды еңбек «Қазақстан күріші» [25] 1982 жылы өңделіп 2-ші рет басылып шықты. Бұл еңбектің редакциясын экономика ғылымдарының кандидаты, КСРО Журналистер Одағының мүшесі Қ.Әлімбетов басқарды. Кітапта Қазақтың күріш ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері мен күріш мамандары күріш өндірудің агротехникасы, онан мол өнім алу жолдары, экономикалық тиімділігі, озат шаруашылықтардың, жекеленген еңбек адамдарының іс-тәжірибесі, республика бойынша күріш өндірудің жетістіктері мен болашағы туралы айтылады.

1982 жылы Алматыдан «Қайнар» баспасынан Қызылорда облысына белгілі агроном Ә.Алтынбековтың «Дән қадірі» [26] атты еңбегі жарыққа шықты. Ғалым, агроном Ә.Алтынбеков бұл кітабында өзінің 40 жылғы еңбек тәжірибесі мен түйгендерін, күріштен мол өнім алған майталман диқандардың өнегелі істерін баяндайды.

Сол сияқты, В.Б.Зайцевтің «Күріш жайлы сұқбат» (қазақ тіліне аударған Қ.Ж.Батпенов) [27] еңбегінде күріш дақылының тарихы, оны әр елде қалай егіп, қалай өсіретіні жөнінде, осы бір өзіндік ерекшелігі мол өсімдікті өсірудің атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүрлі әдісі мен жайы, сондай-ақ күрішті егіп, одан әрі өркендетудің мүмкін жолдары туралы әңгімеленеді.

Сондай-ақ Т.П.Мейірманов, М.С.Сабыров, Р.Б.Жұмабаевтардың «Қазақстандағы суармалы жер және оның өнімділігі» атты еңбегі жарық көрді [28]. Кітапта республикамыздағы суармалы жерлер, онда өсірілетін негізгі дақылдардың экономикалық тиімділігі мен олардың өнімділігін арттырудың жолдары жайлы айтылады.

Күріш шаруашылығын зерттеген кейбір ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерін монография етіп баспадан шығарды. Атап айтқанда, Қ.Әлімбетовтың жарыққа шыққан «Күріш өндіруді интенсивтендіру» [29] монографиясында күріш өсірудің жағдайы, бұл саланы мамандандыру мен шоғырландыру, өндіріс тиімділігін арттыру жолдары баяндалады. Сол сияқты еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті әдістері, агротехникалық шаралар кешенін ойдағыдай қолдану тәсілдері, Қазақстанда күріш шаруашылығын одан әрі өркендету перспективасы кеңінен сөз болады.

Қазақстандағы күріш шаруашылығын дамытуға өзіндік үлес қосқан диқан, Қызылорда облысының Қармақшы совхозының күрішшісі, Социалистік еңбек Ері, батыр ана Сәлима Жұмабекова туралы Ш.Құттаяқовтың «Салиманың көктемі» очерктері еңбегіндегі диқанның күріш дақылын өсірудегі тәсілдері және С.Жұмабекованың жеткен жетістіктері баяндалады [30].

Қазақстандағы күріш шаруашылығын игеруге 1985-1990 жылдар аралығында азық-түлік бағдарламасын іске асыруда егін шаруашылығын интенсивті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Әсіресе суармалы дақылдар өнімін молайтуға баса назар аударылды. Республика күрішшілерінің озық тәжірибесі кеңінен пайдаланды. Бұл салада күріштің ерекшелігін білетін маман-диқандардың тәжірибесі қалыптасты. Осыған орай 1985 жылы жарық көрген «Күріш өсірушінің анықтамалығы» [31] еңбегі күрішшілердің күнделікті жұмысында практикалық көмегі бар құрал болып табылды.

Майталман күрішшілер өздерінің озат тәжірибесін насихаттау мақсатында өздерінің еңбектерін жариялады. Қызылорда облысындағы «Шіркейлі» совхозының атақты күрішшісі Б.Мұстафаева 1986 жылы «Жүз центнер жолында» [32] кітабын баспадан шығарды. Диқан – күрішші өз кітабында еңбек тәжірибесі мен қол жеткен табыстары туралы баяндайды.

80-жылдары күріш шаруашылығын дамыту туралы еңбектер көрініс тапты. 1987 жылы «Суармалы гектарлар» кітабы жарыққа шықты [33], «Ақ күріш зергерлері» [34] деп аталатын КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Байжігіт Әбдіразақовтың жинағы жарық көрді. Бұл жинақта Қызылқұмның құт қойнауында, Сыр бойында береке-байлықтың көзін тауып, өрелі істердің өнегесі болып жүрген қарапайым еңбек адамдарының тыныс-тіршілігі баяндалады.

Авторлар коллективі 1998 жылы көлемді еңбек «Сыр өңірінің тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін) [35] атты кітапты баспадан шығарды. Бұл еңбекте негізінен Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамудағы жетістіктер туралы баяндалады. Кітап Сыр өңірінің әлеуметтік тыныс-тіршілігіне арналған, күріш шаруашылығы, күріш шаруашылығының майталмандары, Сыр өңіріне күштеп қоныс аударылған корей халқының күріш шаруашылығына қосқан үлесі сөз болады.

Сонымен қатар белгілі ғалымдар, Б.Досманбетов пен М.Кереевтің «Қызылорда» [36] деп аталатын еңбектерінен облыстағы күріш шаруашылығының дамуы туралы нақты мәліметтер алынды.

Белгілі ғалым, экология ғылымдарының докторы А.Нұрғызарынов, Қ.Шапшановтың 2001 жылы шығарған «Арал өңірінде өндірісті экологияландыру (Қызылорда облысы)» [37] деп аталатын еңбекте Арал өңіріндегі байырғы және жаңадан қалыптасып келе жатқан өндіріс түрлерінің дамуы, экономикалық тиімділігі мен табиғатқа зиянсыздығы, күріш өсірудің экстенсивті және техногендік сипаты, экологияландырудың деңгейін көтеру ғылыми зерттеулері нәтижелері бар мәліметтермен ұштастырып талданған.

Г.В.Канның «Корейцы Казахстана» атты еңбегінде Қиыр Шығыстан депортацияланған корей халқының қуғын-сүргінге ұшырағаны, корей халқының 1937 жылғы репрессиясы, олардың Сыр өңіріне күштеп қоныс аударуы жан-жақты баяндалады [38] және олардың Қазақстандағы соның ішінде Сыр өңіріндегі күріш шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі жан-жақты көрсетілген. Магистерлік диссертацияны жазу барысында корей халқының Сыр күрішін дамытуға қосқан үлесі жөніндегі шынайы фактілер осы еңбектен алынды.

Сол сияқты «Күріш шаруашылықтарының өндіріс тиімділігін арттыру модельдері» [39] атты монографияны Ә.Ж.Сапарбаев, Ж.Т.Жалбырова Қызылорда қаласынан 2002 жылы баспадан шығарды. Аталмыш еңбекте нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында экономикалық-математикалық әдістерді қолдана отырып, күрішті өндіру мен өткізудің тиімділігін арттыру және аймақтық деңгейде шешімдер қабылдайтын тұлғалар үшін оптималды есептеулердің нұсқауларын құру проблемалары қарастырылған.

2000 жылдары Қазақстандағы күріш шаруашылығының даму тарихы жөнінде көптеген ғалымдар қалам тартты. Қызылордалық А.Дәулетұлының «Ыбырай тағылымдары» [40] атты еңбегі баспадан шықты.

Сол сияқты «Без гнева и печали. (О корейцах Приаралье)» деген еңбек 2003 жылы жарық көрді. Онда 1937-1938 жылдары облысымызға күштеп көшіріліп әкелінген бірнеше ұлттардың ішінде алғашқы болып қоныстанған корей ұлтының өкілдері туралы, оның ішінде облысымызға белгілі корейлердің күрішшілері, батырлары, ғалымдары, дәрігерлері, ұстаздары, күріш өсірудің майталмандары т.б. туралы баяндалған [41].

Экология ғылымының докторы А.Нұрғызарынов «Атыраулық экотоптардың химиялық экологиясы» [42] атты еңбегіде Сырдың атыраулық өңіріндегі экотоптарда химиялық заттардың жиналуы, таралуы, олардың тірі табиғатқа тигізіп отырған залалды зардаптары және экотоптарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктері туралы айтады. Шығыс Арал өңірінде химиялық экология мәселелерін көпжылдық зерттеудің нәтижесінде жиналған материалдарды ғылыми әдебиет бетіндегі мәліметтермен ұштастырып талдаған.

Қызылорда қаласының құрметті азаматтары А.Х.Айдосов, М.Қ.Кереев, Ы.Қалиевтың 2005 жылы «Қызылорда» [43] атты еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбекте Қызылорда облысының құрылған кезеңінен бастап тәуелсіздік уақытындағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуындағы қол жеткізген табыстары жайлы айтылады.

Биология ғылымдарының докторы, профессор К.Н.Жайлыбайдың «Күріш егіншілігі және экология» [44] атты еңбегінде Қазақстандағы күріш егіншілігінің пайда болуы, дамуы, қазіргі жағдайы және проблемалары туралы нақты деректер келтірілген. Сонымен қатар Қызылорда облысында күріш шаруашылығын дамыту барысындағы атқарылған жұмыстар ғылыми негізде баяндалған. Аталған еңбектердегі күріш шаруашылығына байланысты негізгі деректер ғылыми жұмысқа пайдаланылды.

Сыр өңіріндегі күріш шаруашылығын мамандармен қамтамасыз етудегі ғылыми орталық «Сыр еліндегі іргелі білім ордасы» атты еңбекте [45] Арал өңіріндегі іргелі оқу орны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрылуы мен қалыптасу, әр кезеңдегі дамуы мен өркендеу тарихы, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстары баяндалған. Сонымен қатар білім ордасында инженер, агроном, ирригация мамандарының даярлану барысы жөнінде нақты мәліметтер келтірілген.

Сыр өңіріндегі күріш шаруашылығының даму тарихына өзіндік үлес қосқан үлкен ғылыми орталық Күріш ғылыми зерттеу институты болып табылады. Осы ғылми зерттеу институтында көп жылдар бойы механикаландыру секторын басқарған Ә.Тәжібайұлының 2009 жылы «Күріш ауыспалы егістігін механикаландыру» [46] атты жинағы баспадан шықты. Бұл жинақта Қазақтың күріш ғылыми зерттеу институтында жүргізген ауыл шаруашылығын механикаландыру саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде жазылған 41 ғылыми мақалалар енгізілген.

Қызылорда облысында күріш шаруашылығын дамытудың тарихы туралы зерттеуші Абдолла Дәулетұлының «Сыр саңлақтары» [47] атты кітабында «Сыр күріші – ел ырысы» деп аталатын бөлімінен ғылыми зерттеу жұмысын жазу барысында біршама деректер алынды.

2011 жылы Б.Х.Айдосовтың «Дала академигі Ыбырай Жақаев және оның ізбасарлары» [48] атты кітабы жарық көрді. Бұл еңбекте Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ыбырай Жақаевтың туғанының 120 жылдығына орай шығарылған бұл кітапқа атақты диқаннның күріш өндірісін дамытудағы қолданған агротехникалық әдістері, қанатты сөздері, мерзімді басылымдарда жарияланған материалдары берілген.

Сол сияқты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, АҚ өсімдік шаруашылығы кафедрасының профессоры Қ.К.Әріновтың жалпы редакциясымен дайындалған «Өсімдік шаруашылығы» еңбегі 2011 жылы Алматыдан жарыққа шықты [49]. Еңбекте негізінен Қазақстанның әртүрлі аймақтарының топырақ-климат жағдайлары мен дақылдардың биологиялық, морфологиялық ерекшеліктерін ескеріп, олардың өнімдерін одан әрі арттырудың негізгі жолдары көрсетілген.

Сыр өңіріндегі күріш селекциясы, гендік инженерлік селекция туралы олардың проблемасы жайында қорғалған диссертациялар бар. Атап айтқанда ауыл шаруашылығы ғылымдары докторы А.Н.Подольских 2002 жылы «Научные основы селекции риса в Казахстане» атты докторлық диссертациясында Сыр өңіріндегі күріш шаруашылығының селекциялары, экологиялық проблемалары жан-жақты талданған [50].

Қазақстандағы суармалы егіншілікті дамытудың тарихы жөнінде М.К.Кереев 1970 жылы «Деятельность коммунистической партии Казахстана по развитию орошаемого земледелия в Республике (1959-1965гг.)» атты диссертациясын қорғады [51]. Бұл еңбекте автор суармалы ауылшаруалығының дамуына партияның ықпалы жөнінде айтады. Бұл қорғалған диссертация зерттеп отырған магистерлік диссертацияның тақырыбына мазмұнына сәйкес келмейді және зерттеудің хронологиялық шеңберлері біз қарастырып отырған магистерлік диссертацияның хронологиялық шеңберіне сәйкес келмейді. Біз қарастырып отырған мәселенің арнайы зерттеу нысанына алынбағандығын айта кету жөн.

Қызылорда облысында күріш шаруашылығын дамытудың тарихына арналған әр кезеңді қамтитын кітаптар мен ғылыми мақалалар мерзімді басылымдарда жарияланған. Олар магистерлік диссертацияны жазу барысында ғылыми айналымға енгізілді.



Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

1946-1991 жылдардағы Қызылорда облысындағы күріш шаруашылығының игерілу тарихын жаңа тарихи ауысымда қорытып, жаңа көзқарастар тұрғысынан ашып көрсету және күріш шаруашылығының даму барысындағы материалдық-техникалық базаның даму сатысын жүйелеп көрсету, сонымен бірге күріш шаруашылығын дамытуға өзіндік үлес қосқан мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдірудің барысын жан-жақты зерттеу, күріш шаруашылығын игерудегі негізгі проблема яғни экологиялық проблемаларды ашып көрсету ғылыми зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.

Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:


  • 1946-1991 жылдардағы облыстағы күріш шаруашылығының дамуындағы жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау және талдау;

  • қарастырылып отырған кезеңдегі күріш шаруашылығының материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуі және кадр құрамы, олардың динамикалық өсуін сандық және сапалық өзгерістерін нақты мәліметтер арқылы көрсету;

  • күріш өнімін өндірудегі экологиялық проблемаларды талдау;

  • күріш шаруашылығын дамытудағы агротехникалық әдістерге, өндірістің механизациялану жұмысына талдау жасау;

  • Қызылорда облысының күріш шаруашылығын дамыту барысында шетелдермен экономикалық байланыстарға талдау жасау.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі.

Зерттеу жұмысы жан-жақты тексерілген, обьективті ғылыми жүйелік негізде орындалды. Қызылорда облысының 1946-1991 жылдардағы күріш шаруашылығының даму тарихы материалдарын саралағанда қоғамның сол кезеңдегі даму тенденцияларын шынайы көрсету басты өлшемге алынды.

Еліміздің егемендік алуымен төл тарихымыздың шынайы түрде жазылуы отандық тарихымыздағы кеңестік дәуірде сыңар жақ зерттелген тақырыптардың жаңаша қалыптасқан тұжырымдары басшылыққа алынды. Ғылыми жұмысты зерттеу барысында жинақтау, талдау, салыстырмалы түрде қорыту тәсілдері қолданылды. Зерттеу лабораториясы обьективті тарихи принципке негізделді.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері.

Магистрлік диссертацияның хронологиялық шеңбері 1946-1991 жылдарды қамтиды. Яғни, осы хронологиялық шеңбер аралығындағы күріш шаруашылығының даму тарихы, жетістіктері мен кемшіліктері, проблемалары қарастырылады.



Зерттеу жұмысының нысаны. Нақты-тарихи кезеңдегі Қызылорда облысындағы күріш шаруашылығының дамуы, оны дамытудағы негізгі бағыттары мен перспективалары, материалдық-техникалық база, кадрлар потенциалы, экологиялық проблемалар.

Зерттеу пәні. Қызылорда облысының 1946-1991 жылдардағы күріш шаруашылығының игерілу тарихы, теориялық-әдіснамалық және тарихи аспектілері.

Зерттеу жұмысының деректік негізі.

Зерттеу жұмысын жазу барысында партия орталық комитетінің пленумдарының, конференцияларының шешімдері қарастырылып, сараптама жасалынды. Сондай-ақ Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағатының қорлары пайдаланылды. Атап айтқанда 342, 384, 500, 581, 664, 670, 589 қорларының деректері негізге алынды және ғылыми айналымға енгізілді. Магистерлік диссертацияда статистикалық материалдарға да сараптама жсалынды. Олар диссертацияда сандық нәтижелерді қорытындылау және ұқсас жайларға салыстырмалы сипаттама жасау үшін пайдаланылды. Сонымен қатар магистерлік диссертацияны жазу барысында баспасөз беттерінде жарияланған тақырыпқа байланысты деректер, мәні бар мәліметтер пайдаланылды. Атап айтқанда «Егемен Қазақстан», «Сыр бойы», «Ақмешіт ақшамы», «Жаршы» және т.б. мерзімді басылымдардағы тақырыпқа байланысты шыққан материалдарға шолу, талдау жасалынды.

Суармалы күріш шаруашылығын дамытудың тарихи тәжірибесін зерттей отырып көптеген деректер ғылыми айналымға ендірілді.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы нақты деректер негізінде Қызылорда олысындағы күріш шаруашылығының даму тарихын қазіргі заман талабына сай және жаңа тарихи шындықпен обьективті тұрғыдан жан-жақты талданылып көрсетілуі. Қол жеткізілген ғылыми нәтижелерге сай мынадай нақты жаңалықтар бар:



  • біз қарастырып отырған тақырыптың бұрын-соңды арнайы зерттеу объектісі болмауы;

  • Күріш шаруашылығының даму тарихын тың деректік материалдар негізінде жаңа тарихи контексте сомдап, обьективті тұрғыдан жан-жақты талданылуы;

  • соғыстан кейінгі кеңестік заманда облыстың күріш шаруашылығын дамытудағы жетістіктер мен кемшіліктерінің себептері тарихи шындық негізінде айқындалды;

  • Қызылорда облысындағы қарастырылып отырған кезеңдегі күріш шаруашылығының материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуі мен кадрлар құрамы нақты деректер негізінде талданды;

  • күріш шаруашылығын дамытуда Сыр еңбеккерлерінің қосқан үлесі жан-жақты көрсетілді;

  • суармалы күріш шаруашылығын дамытудың тарихи тәжірибесін зерттей отырып көптеген деректер ғылыми айналымға енгізілді.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы.

Зерттеу жұмысында көтерілген мәселелерге кешенді талдау жасаудың маңызы зор. Диссертация жұмысының қорытынды тұжырымдарын облыс тарихына қатысты зерттеу жұмыстарына ғылыми негіз ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар өлкетану сабақтарында арнайы курс ретінде қолдануға болады.



Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.

  • 1946-1991 жылдар аралығындағы Қызылорда облысы Қазақстандағы күріш өсіруші негізгі аймақ ретінде қалыптасты;

  • қарастырылып отырған кезеңдегі облыстағы күріш шаруашылығының дамуындағы жетістіктер нақты деректер негізінде сараланды;

  • кеңестік идеологияның өктемдігі, күріш шаруашылығы саласындағы зиянды зардаптары көрсетілді;

  • қарастырылып отырған кезеңдегі күріш шаруашылығының материалдық техникалық базамен қамтамасыз етілуі және кадрлар құрамы, олардың динамикалық өсуін, сандық және сапалық өзгерістері мұрағат деректері арқылы талданды;

  • күріштен мол өнім алудағы дала академигі Ыбырай Жақаевтың технологиясы зерттелді;

  • Қызылорда облысында соғыстан кейінгі жылдардағы Сыр еңбеккерлерінің күріш шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі жан-жақты талданды.

Жұмыстың сыннан өтуі. Зерттеу жұмысы Қазақстан тарихы, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды. Жұмыстың басты қағидалары мен нәтижелері халықаралық ғылыми конференциялар материалдарының жинақтарында жарық көрді.

Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Кіріспеде магистрлік жұмыстың өзектілігі көрсетіліп, мақсат пен міндеттері және негізгі нысаны белгіленіп, мәселенің зерттеу деңгейі сараланды. Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдары, тәжрибелік маңызы, тақырыптың хронологиялық шеңбері анықталып, тарихнамасы мен пайдаланған деректерге сипаттама беріледі.



Диссертацияның «Қызылорда облысындағы күріш шаруашылығының даму тарихы» деп аталатын бірінші тарауда соғыстан кейінгі кезеңнен 1991 жылдарға дейінгі кезеңдегі облыстың ауылшаруашылық соның ішінде күріш шаруашылығының қиыншылықтары мен жетістіктері баяндалып, талдау жасалынған.

Республикамызда күріш ежелден өсіріліп келе жатқандығы белгілі. Сондықтан да оның тарихы, тіпті әріде жатыр. Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан облыстардың ауа-райы күріш өсіруге өте қолайлы. Бұларда өте көп жер мен су ресурстары бар. Осы мүмкіндіктердің көзін тауып пайдаланудың арқасында Қазақстан күріш өндірудің негізгі базасына айналдырылды [31.5б].

Сыр өңірі өте көне суармалы егіншілік аймағына жатады. Мұны ескі қоныс орны мен көне ирригациялық құрылыс жүйесі қалдықтары дәлелдейді.

Сыр өңірі, қазіргі Қызылорда облысы территориясы кіреді. Мұнда алғашқы күріш егісі 1896 жылы пайда болып, 1897 жылы егіс көлемі 300 гектарға, ал 1913 жылы оның егіс көлемі 800 гектарға жеткен [44.9б]. Бірінші дүниежүзілік соғыс, одан кейінгі азамат соғысы және 1917-1918 жылдары болған қуаңшылық пен шаруашылықтың құлдырауы салдарынан 1914-1920 жылдары күріш егіншілігі үлкен күйзеліске ұшырады.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары еліміз елеулі экономикалық қиындықтарға душар болды. Оның бірден-бір себебі, егістікті жаппай суға бастыру, су қашыртқылауды реттеусіз, жүйесіз жүргізу топырақтың тұзданып сорлануына және батпақтануына әкеліп соқты. Мұның өзі бұл учаскелерді тастап басқа учаскелерге ауысуға, сөйтіп көшпелі егіншіліктің пайда болуына ықпал жасады [31.5б].

1918 жылы 17 мамырда РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің «Түркістан аймағында суландыру жұмысын жүргізу туралы» декреті шығып, оған 50 миллион сом қаржы бөлінді [31.5б]. Осы декретке сәйкес су жолдарын салу, майда арықтардың орнына ірі каналдар қазу ісі қолға алынды.

Ал, 1920 жылы Түркістан Республикасының суландыру жүйелерін қалпына келтіру жөнінде декрет шықты. Егіншілікті жан-жақты өркендетуге жағдай жасады. Мысалы, 1921 жылы Қазалы су шаруашылығы округінде ескі суару жүйелерін жөндеу және жаңа суару жүйелерін салу жұмыстары жүргізілді [44.9б].

Екінші бесжылдықта Оңтүстік Қазақстанда ирригациялық жұмыстар бұрынғысынан да кең көлемде жүргізілді, суармалы жерлер кеңейтіліп, каналдар салынды. Іске қосылған суару жүйелері маңайындағы жерлерді егін шаруашылығына пайдаланудың арқасында күріш егісінің көлемі арта түсті. Әсіресе Сыр өңірінің көшпелі шаруалары 1929-1931 жылдары ұжымдастырылып, негізінен жер өңдеу серіктестіктері мен артельдерге кірді. Сол жылдары облыста 160 ауыл шаруашылық ұжымдары құрылды [31.5б].

Үшінші бесжылдық жылдарында ирригациялық құрылыс Қазақстанда жаппай өріс алды, әсіресе Қызылорда облысында ұлғая түсті. Мұнда колхоз құрылысына дейін болған 500 кішкене арық жүйелері біріктірілді. Мелиорация, суландыру бағытындағы құрылыс жұмыстары негізінен 1930 жылдары басталды [35.162б].

1940 жылы кеңейтілген ірі 144 канал арық жүйелері қалды. Олар колхоздардың 80 мың гектар суармалы егістігіне су берді. Осы жылы күріш егісінің көлемі республикада 28,1 мың гектарға жетті [31.5-6бб].

Кеңес үкіметі Сыр өңіріндегі көптеген тусырап жатқан тың жерлерді игеруге тапсырма берді. 1940 жылы Сырдария өңірін суландырудың үлкен бағдарламасы жасалды. Сырдария өзеніне плотина салу, сөйтіп, суармалы жерлердің егіс көлемін 120 мың гектарға жеткізу көзделді. Сыр елінің еңбеккерлері үкімет шешімін қуана қарсы алып, оны орындауға жұмыла кірісті.

Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты бұл маңызды шараны белгілеген мерзімінде аяқтауға мүмкіндік болмады.

Сыр өңірінде екінші дүниежүзілік соғысынан кейін халық шаруашылығын өркендетудің 1946-1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдық жоспарларына сәйкес облыс ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алдына егіс көлемін шұғыл арттыру, егіншілік мәдениетін көтеру, жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен өнімділігін арттыру міндеті қойылды. 1945 жылы Қызылорда плотинасын салу қолға алынып, ол 1956 жылы пайдалануға берілді, оған 15,7 миллион сом қаржы жұмсалды [31.6б].

Республиканың күріш шаруашылығы тың және тыңайған жерлерді игеру арқылы кеңейтілді. КОКП Орталық Комитетінің тың және тыңайған жерлерді игеру жөніндегі 1954 жылғы ақпан-наурыз пленумдарының шешімдерін жүзеге асыру нәтижесінде, Қазақстанда түбегейлі өзгерістер жасалды [31.6б]. Мысалы, 1953 жылы республикада 29,2 мың гектар жерге күріш дақылы егіліп, оның әрбір гектарынан республика бойынша 22,1 ц. өнім жиналды. Сол жылы қоймаға 25,5 мың тонна күріш тапсырылды. Соның ішінде Қызылорда облысында 1953 жылы - 34 500 гектарға, 1954 жылы – 25 000 гектар, 1955 жылы – 25 000 гектар, 1956 жылы – 25 000 гектар, 1957 жылы – 25 000 гектар жерге күріш егілді. [52.72п].

1957 жылдан бастап республикада күріш егісінің көлемі жыл сайын азая бастады, 1958 жылы 18,3 мың гектар болса, сөйтіп ол 1960 жылы 13,1 мың гектар ғана, соның ішінде Қызылорда облысында 12,2 мың, ал Алматы облысында 0,1 гектар болды [29.7б].

Ал, 1960 жылдары Қызылорда облысында 12,2 мың гектар жерге ғана күріш егілді.

Күріш егісінің күрт азаюына негізгі себеп: республикада күріш плантацияларын ирригациялық түрде орналастыруға қажетті жұмыстар талапқа сай жүргізілмеді, мұнсыз ауыспалы егісті игеру және күріш өсірудің агротехникалық тәсілдерін жүзеге асыру мүмкін емес еді.

1965 жылы облыста 35,3 мың гектар жерге күріш егілді. Ал, 1968 жылы облыста 119,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілген болса, оның 54,5 мың гектары күріш егісі болды. Қызылорда облысындағы күріш егісінің соңғы үш жылда көлемі тез өсті [53.5п].

Бұрын бұрқанша байлау бермеген асау Сырдария өзені екінші рет бұғалықталып, Қазалы су торабының құрылысы салынды. Сырдарияны бөгеп, су торабын жоспарланған мерзімде іске қосу үшін сол кездегі аудан басшылары Ә.Байшуақов, Б.Мырзахметов, құрылыс басшылары Э.Гукасов, Ә.Тыныбаевтар аянбай еңбек етті. 1969 жылы желтоқсан айының 30-жұлдызында Қазалы су торабы іске қосылды [35.163б].

Мұның нәтижесінде 60 мың гектар егіндік суармалы жерлерге және 450 мың гектар шабындықтар мен жайылымдықтарға су шығаруға мүмкіндік болды [31.8б].

1970-1975 жылдар аралығында облыс бойынша 283 бригада ұйымдастырылып, оның ішінде 195 бригада күріш егу жұмысына тартылды.

1970 жылы – 62,6 га, 1971 жылы облыста күріш – 70,4 мың гектар болса, 1972 жылы – 70,7 мың га, 1973 жылы – 74,1 мың гектар жерге егілді [54.59-63п].

Ауа райы қолайсыз болған 1980 жылы облыс бойынша барлық егілген күріштің әрбір гектарынан 1960 жылғы 18,4 центнер орнына 49,0 центнерден өнім жиналды немесе 2,7 есе артты.

Салыстырмалы цифрларды алатын болсақ, тоғызыншы бесжылдықтың әрбір жылында мемлекетке 215,6 мың тонна күріш тапсырылған болса, ол оныншы бесжылдықта 300 мың тоннаға дейін өсті. Облыс диқандары әсіресе, оныншы бесжылдықтың қортындылаушы 1980 жылында ерен еңбек етіп, мемлекетке 372 мың тонна астық сатты. Сөйтіп, Сыр бойынан республика қоймасына 22,7 миллион пұт маржан күріш қосылды [55.55].

Тоғызыншы, оныншы бесжылдықтар кезінде күріш өсірушілер арасында ақ күріштің атасы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ыбырай Жақаевтың жолын қуатын диқандар саны онан әрі көбейді. Жақаевшылар қозғалысы егіншілердің нағыз университеті, социалистік жарыстың жаңа бұқаралық формасы болып табылды [31.8б].

Он бірінші бесжылдықтың үш жылы да республика күрішшілері үшін ауа-райы қолайсыз болды. Қызылорда облысы егіншілері үшін алғашқы жылы бұрын-соңды болмаған ұзаққа созылған жаңбырлы көктем егіс егу жұмысын қиындатты. Мемлекет қоймасына жоспардағыдан 2,2 миллион пұт артық астық құйылды. Облыс бойынша күріштің әрбір гектарынан 45,7 центнерден [29.20б] дән жиналды.

Ал, 1986 жыл мен 1990 жылдар аралығында 96,0 мың гектарға жетті [31.10б]. Мұнда әрбір аудан мен шаруашылықтың жер-су жағдайы, күш-мүмкіншіліктері есепке алынды. Дәлірек айтқанда, он бірінші бесжылдық ішінде республикада күріш өндіру 12 пайызға, ал егіс көлемі 4,6 пайызға артты [57.50п].

Он екінші бесжылдықта белгіленген шаралар бойынша бесжылдықтың аяғында Қызылорда облысында жалпы егістің көлемі 260 мың гектарға дейін жетті. Оның ішінде 105 мың гектарға күріш егілді. Сыр өңірі ақ күрішті алқапқа айналды.

Соғыс жылдары және соғыстан кейінгі жылдары күріш шаруашылығын дамытуда кадр мәселесі де күн тәрбінен түспеді. Әсіресе, механизатор кадрларының құрамын нығайтуға баса көңіл бөлінді. Оған бұрынғы кадрлар тартылды, қысқа мерзімде курстарда оқытып-үйрету қолға алынды. 1947 жылы Қызылорда қаласында гидромелиоративтік техникум ашылды. 1976 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының филиалының ашылуы облыс өміріндегі мәні зор тарихи оқиға болды. Институтқа қабылданған студенттер инженер-гидротехниктер, инженер-механиктер, құрылыс инженерлері біліктіліктері бойынша мамандандырылды.

«Қызылорда облысындағы күріш шаруашылығының дамуы: проблемалары мен келешегі» атты екінші тарауда Қызылорда облысындағы күріш өсірудің перспективалары мен экологиялық зардаптары, оның проблемалары зерделенген.

1954 жылдан бастап, тез арада ауыл шаруашылығын тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету мақсатымен, жаңа шаралар жүзеге асырыла бастады. Ол шаралардың жоғарыда айтып өткендей негізгісі 1954 жылы ақпан-наурыз пленумынан кейін жүзеге асырыла бастаған тың және тыңайған жерлерді игеру жөніндегі саясаты болып табылады.

Бүгінгі таңда осы саясаттың біздің республикамызға тигізген пайдасы болды ма деген заңды сұрақ туады. Тың игеру саясаты аз-кем болса да, дағдарысты баяулатты, оны әлеуметтік-экономикалық саясаттан көруге болады. Сол жылы отан қоймасына 25,5 мың тонна күріш тапсырылды, ал 1965 жылы 1953 жылмен салыстырғанда республикамызда күріш егісінің көлемі 13,1 мың гектарға, әр гектардан алатын өнімі 9,2 центнерге, мемлекетке күріш сату 2,5 есеге артты. Қазақстан біртіндеп еліміздің күріш өсіретін ірі базасына айналды [31.6б].

Қазақстанда алғашқы жылдары егін егілетін жер көлемін арттыру есебімен яғни негізінен экстенсивті жүргізілгені белгілі. Тым қысқа мерзімде шамадан тыс өте көп жерді жыртып тастау партия мен халықтың ұлы еңбегі ретінде бағаланды, шұғыл және төтенше қимылдар республикамызға зардабын тигізді, оны елеп-ескерген жан болған жоқ. Тың белсенді игерілген 7 жылда (1954-1960) жылдары Қазақстанда 25,5 гектар, ал РСФСР-да 16,6 млн. гектар тың және тыңайған жерлер игерілгені белгілі. Бұл жерлердің біразы жоспарсыз, жоспардан тыс артық жыртылған еді. Өйткені тың жерлерді игеру туралы алғашқы нұсқау қабылданған КОКП Орталық Комитетінің ақпан-наурыз (1954 ж) пленумының келісімі бойынша 1954-1955 жылдары тың және тыңайған жерлердің есебінен дәнді дақылдар егісінің көлемін еліміз бойынша кемінде 13 млн арттыруы, ал оның 6,3 млн. гектарын Қазақстанда жырту көзделсе, ал келесі 1954 жылы 13 августа қабылданған партия мен үкіметтің «Астық өндіруді молайту үшін тың жерлерді онан әрі игеру туралы» қаулысында айтылған жерлердің аумағын 1956 жылы 30 млн. гектарға жеткізу белгіленді. Бұл міндетті еліміз Қазақстанда 3 миллионнан астам жер артық жыртылғандықтан мерзімінен бір жыл бұрын орындады, яғни 1955 жылдың өзінде-ақ еліміздегі жаңа тың және тыңайған жерлер көлемі одақта 29,7 млн гектар, ал Қазақстанда 18 млн. гектар болды [58.1б]. Қазақстан тәрізді бұрыннан мал шаруашылығы ата кәсіпке айналған, шұрайлы жайылымдар мекенінде мұндай асыра сілтеушілік болмауға тиіс еді. Бірақ, бәрі керісінше болды [59.93б].

Соның ішінде Қызылорда облысында қысқа мерзімде миллиондаған гектар жерді игеріп, оны ауыл шаруашылық айналымына енгізу, соның ішінде күріш өндіруді күрт арттыру мақсатында қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізе білген табиғи бірлігі бұзылмаған даланың таза экологиясына шабуыл басталды. Әкімшіл-әміршіл жүйенің барлық күш-қуаты іске қосылды. Бұрын болып көрмеген көлемде жерді жырту және орны толмас экологиялық апаттарға алып келді. Күріш егуді қарқынды игерген алғашқы кезең 1954-1958 жылдары 25 мың гектар жерге күріш егілсе, 1958-1960 жылдары 12,2 гектар жерге егілген, яғни жердің есепсіз жыртылуы, оның эрозияға ұшырауы малдың табиғи жайылымын күрт қысқартып, оның санының өсуіне кері әсерін тигізді. Мал жайылымының, жем-шөптің жетіспеушілігі байқалды. Осының нәтижесінде ауыл-шаруашылығының дәстүрлі саласы – мал шаруашылығы орны толмайтын шығынға ұшырады [59.93б].

Қазақстан бойынша жеті жылдыққа (1959-1965 жылдар) белгіленген жалпы өнімді 70 пайызға өсірудің орнына 15-ақ пайыз өнім алды. Үлкен көрсеткіштерге қол жеткізу үшін аса үлкен территориялар жыртылды. Тың жерлерге елді мекендер салу мен инфроқұрылымдар жүйесін жасау мақсатында мыңдаған гектар құнарлы жерлер бөлінді. Мұның өзі ауыл шаруашылығының даму деңгейінің артуының орнына төмендеуіне әкеп соқты.



Қорытынды. Еліміздің тәуелсіздік алуы төл тарихымызды тереңінен зерттеуге жол ашып отыр. Осы орайда әрбір аймақтың белгілі бір тарихи кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қол жеткен жетістіктерді бүгінгі күн тұрғысынан саралай отырып, оның тарихындағы өткен оң тәжірибелерді кеңінен пайдаланудың маңызы күн сайын артып отырғандығы рас. Бұл жерде өткеннен сабақ алып, ой түйіндеудің болашаққа сеніммен қарап, әрі дұрыс қадам жасауға мүмкіндік беретінін естен шығармауымыз керек.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттік маңызға ие болып отыр. Себебі кез-келген елдің мақсаты – өзінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өңірдің ерекшелігіне байланысты Сыр бойында суармалы егін шаруашылығы жақсы дамыған. Қызылорда облысының басты ерекшелігі бұл – инженерлік жүйеге келтірілген егіс алқаптары.

Соғыстан кейінгі 1946-1991 жылдар Қызылорда облысында күріш шаруашылығының дамуында оң өзгерістерге толы кезең болды. 80-жылдардың аяғында күріш егісінің көлемі 100 мың гектарға жетті. Облыс республикада өндірілетін күріштің 80 пайызын, Одақ бойынша 20-25 пайызын берді.

«Сыр күріші – ел ырысына» айналды. Отан қоймасына облыс болып тапсырылып жүрген бір миллион пұт астықтың орнына 10,15,20 миллион пұт, кейінірек 25 миллион пұтқа дейін күріш тапсыру дағдыға айналды. Қызылорда облысы күріш фабрикасы деп дәріптелді. Облыс экономикасы нығайды. Халықтың әл-ауқаты артты. Тамаша еңбек озаттары атанған жұлдызды аналар қатары көбейді.

Қорыта айтқанда соғыстан кейінгі жылдардағы облыстағы күріш шаруашылығын игеру тарихының зерттелуінің бүгінгі тәуелсіздік ұрпақтары үшін танымдық тәрбиелік маңызы зор.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.«Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. //Егемен Қазақстан.-2012.-15 желтоқсан.-4б

2.СЫР ЕЛІ. Қызылорда облысы: Энциклопедия/Бас редактор Б.Ғ.Аяған.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. -544б. 274бетте

3.Қазақстан күріші. –Алматы: Қайнар, 1969.- 320б.

4.Аскоченский А.Н. Орошение и обводнение. -Москва, 1961.

5.Ерлепесов М.Н., Амантаев А.Е. Орошаемое земледелие. –Алматы: Қайнар,1968.

6.Кереев М.К. Город на Сырдарье:-Қызылорда: Тұмар, 1968.-42б.

7.Ерлепесов М.Н., Амантаев А.Е. Суармалы егіншілік. –Алматы: Қайнар, 1968.-243б.

8.Шәріпов И.А. Ы.Жақаев және оның ізбасарлары. –Алматы: Қайнар, 1969.-39б

9.Күріш өсіретін шаруашылықтардың экономикасын көтеру. –Алматы: Қайнар, 1968.-110б.

10.Қозыбаев М. Казахстан – арсенал фронта:-Алматы: Қайнар, 1970-180б

11.Қазақстандық Социалистік Еңбек Ерлері.- Алматы: Қазақстан, 1970.-Т.2.-716б.

12.Волконский Н. Күріш егісін суарушыға көмек. –Алматы: Қайнар, 1970.-119б

13.Айдосов А. Жер иесі – жастар:-Алматы, Қайнар, 1971.

14.Әбдікәрімов И. Сенімді қадаммен: (Қызылорда облысы Жалағаш ауданы еңбеккерлерінің күріш өсіру тәжірибелері туралы). –Алматы: Қайнар, 1972.-142б

15.Рыспаев К. Шөлге шабуыл. –Алматы: Қайнар, 1973.-140б.

16.Сапақов Ә. Орденді «Гигант» колхозы. –Алматы: Қайнар, 1974.-92б.

17.Отарбаев А., Жарылқасынов А. Сыр маржаны. –Алматы: Қайнар, 1978.-119б.

18.Салғарин Қ. Ақмаржан: очерктер. –Алматы: Қайнар, 1976.-123б.

19.Жапбасбаев М. Күріш өсірудің агроклиматтық жағдайлары. –Алматы: Қайнар, 1977.-88б.

20.Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерді игеру. –Алматы: Қайнар, 1977.-88б

21.Ергешбаев Н. Күріш өндіруді мамандандыру және шоғырландыру. –Алматы: Қайнар, 1978.-119б.

22.Қонаев Д.А. Таңдамалы сөздер мен мақалалар. –Алматы: Қазақстан, 1978.-302б.

23.Отарбаев А. Ақ күрішті ауыл. –Алматы: Қайнар, 1980.-88б

24.Бәйімбетов О. Шиелі шынарлары. –Алматы: Қайнар, 1980. -110б.

25.Қазақстан күріші (өңделіп 2-ші басылуы). –Алматы: Қайнар, 1982.-280б.

26.Алтынбеков Ә. Дән қадірі. – Алматы: Қайнар, 1982. -160б.

27.Зайцев В.Б. Күріш жайлы сұқбат.(Ауд.Қ.Ж.Батпенов). –Алматы: Қайнар, 1982. -175б.

28.Мейірманов Т.П. Қазақстандағы суармалы жер және оның тиімділігі.-Алматы: Қайнар, 1982.-167б.

29.Әлімбетов Қ. Күріш өндіруді интенсивтендіру. –Алматы: Қайнар, 1983. -140б.

30.Құттаяқов Ш. Салиманың көктемі.Очерктер. –Алматы: Жалын, 1984.-88б

31.Күріш өсірушінің анықтамалығы. –Алматы: Қайнар, 1985. -136б.

32.Мұстафаева Б. Жүз центнер жолында. –Алматы: Қайнар, 1986. -105б.

33.Суармалы гектарлар. –Алматы: Қайнар, 1987.-152б.

34.Әбдіразақов Б. Ақ күріш зергерлері (очерктер жинағы). –Алматы: Қайнар, 1986. -176б.

35.Сыр өңірі тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). –Алматы: Атамұра, 1998. -288б

36.Досманбетов Б.С., Кереев М.К. Қызылорда. –Алматы: РИК, 1999. – 222б.

37.Нұрғызарынов А., Шапшанов Қ. Арал өңірінде өндірісті экологияландыру. -Алматы: НЦПФЗОЖ, 2001. -145б.

38.Кан Г.В. Корейцы Казахстана. -Алматы: Казахстан, 1994.-240с.

39.Сапарбаев Ә.Ж., Жалбырова Ж.Т. Күріш шаруашылықтарының өндіріс тиімділігін арттыру модельдері. –Қызылорда. -2002.-150б.

40.Дәулетұлы А.Ыбырай тағылымдары. –Қызылорда. 2002.-191б

41.Кызылординская областная Ассамблея Народов Казахстана. Без гнева и печали. –Тараз: Сенім, 2003. -224с.

42.Нұрғызарынов А. Атыраулық экотоптардың химиялық экологиясы.-Қызылорда: Тұмар, 2003.-168б.

43.Айдосов А.Х., Кереев М.К., Қалиев Ы. Қызылорда. –Қызылорда: Тұмар, 2005.- 296б.

44. Жайлыбай К.Н. Күріш егіншілігі және экология. –Алматы: ARNA - B,2006.- 182б

45.Сыр еліндегі білім ордасы. –Алматы: Арыс, 2007.-432б.

46.Тәжібайұлы Ә. Күріш ауыспалы егістігін механикаландыру. –Қызылорда: Түмар, 2009.-232б.

47.Дәулетұлы А. Сыр саңлақтары. –Қызылорда: Тұмар, 2010. -327б.

48.Айдосов Б.Х. Дала академигі және оның ізбасарлары. –Қызылорда: Тұмар, 2011.-248б.

49.Әрінов Қ.К., Мұсынов Қ.М., Апушев А.Қ. Өсімдік шаруашылығы. –Алматы: Дәуір, 2011.-632б.

50.Подольских А.Н. Научные основы селекции риса в Казахстане диссертация на соискания ученой степени доктора сельскохозяйственных наук. –Кызылорда, 2002

51.Киреев М.К Деятельность коммунистической партии Казахстана по развитию орошаемого земледелия в Республике (1959-1965гг.) автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук. Алматы, 1970

52. 58.Қызылорда Облыстық Мемлекеттік Мұрағаты, 589-қор, 1-тізбе, 41-іс, Документы. 72-п, әрмен қарай ҚОММ

53.ҚОММ. 589-қор, 1-т, 275-іс, Сводки о ходе сборов урожая сельхозкультур по области за 1960-1970гг. 5-п.

54.ҚОММ. 589-қор, 1-т, 720-іс, Справка о посевных площадях, потребности и очистке семян сельскохозяйственных культур под посев 1970-1975гг. 59-63п.

55.ҚОММ. 589-қор, 1-т, 1493-іс, Годовой агрономический отчет за 1981 г. 55-п

56.ҚОММ. 589-қор, 1-т, 1921-іс, Сводная таблица за 1985-1990гг. 50-п

57.Үмбет Ә. Ғылым мен тәжірибе өзегі: «Қазақстандағы күріш шаруашылығының жағдайы және дамыту жоспары».//Сыр бойы, 2007 жыл, 27 қараша. 2б

58.Байсарина Қ. Тың игерудің экологиялық салдары.//Отан тарихы, 2005, №2, 92б



КІЛТТІ СӨЗДЕР: Ауылшаруашылығы саласы, интенсивтендіру, шоғырландыру, мелиорация, гидромелиорация, механикаландыру, механизатор, экология, тыңайтқыш, кәсіптік-техникалық білім беру, тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе.

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

1.Саналы ғұмырын қазақ еліне арнаған тұлғалар (Ы.Жақаевтың туғанына 120 жылдығына орай)// Көрнекті мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың 100 жылдығына арналған «Нұрпейіс оқулары» аясындағы «Тарих және тарихи тұлғалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 16 наурыз 2012 жыл

2.Сыр өңіріндегі күріш шаруашылығын дамытудың жаһандық сұраныс жағдайындағы өзекті проблемалары//«Қалыптасқан Қазақстан және ғаламдану аясындағы әлемдік тарихи үдеріс» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 15 наурыз 2013 жыл


РЕЗЮМЕ
диссертации на получение академической степени магистра педагогических наук по специальности
6М011400 – История
Изтелеуова Айгуль Серикбаевна
История освоения рисоводства в Кызылординской области: в новом историческом контексте (1946-1991 г.г.).

Актуальность темы заключается в том, что история развития рисоводства в регионе в советское время была исследована однобоко, в угоду той политике. В связи с этим настало время раскрытия «белых пятен» истории в этой отрасли, определения объективной оценки рисового хозяйства и места этого феномена в новой истории области, в связи с чем мы выбрали данную тему.

Поэтому предметом исследования мы определили развитие рисоводческого хозяйства в Кызылординской области, основные направления и перспективы его развития, анализ материально-технической базы, кадрового потенциала, а также экологические проблемы, возникшие вследствие культивирования риса в регионе.

Цель и задачи исследования.

Раскрыть и рассмотреть историю освоения и внедрения рисового хозяйства в Кызылординской области на период с 1946 по 1991 годы с позиции новых взглядов, подытожив их роль в переломный момент, показать систему развития этого хозяйства, развитие его материально-технической базы, а также роль, внесённую в развитие данной отрасли специалистами, раскрытие основных проблем при освоении рисового хозяйства, а именно экологических проблем, возникших в связи с культивацией риса – всё это и составляет основные цели диссертации.

Из данных целей вытекают следующие задачи:

- Определение и анализ основных достижений в развитии рисоводства в области на период с 1946 по 1991 годы

- Показать на основании конкретных сведений рост материально-технической базы и кадрового состава в рисовом хозяйстве за указанный период

- Произвести анализ экологических проблем, возникших с развитием рисового хозяйства

- Произвести анализ развития агротехнических методов и механизации хозяйства

- Произвести анализ развития сотрудничества с зарубежными партнёрами в этой отрасли



Научная новизна. Научная новизна исследования развития рисового хозяйства в Кызылординской области определена на основании разностороннего изучения достоверных фактов, с учётом исторической правды и современного подхода. Научными достижениями работы явились:

- отсутствие до этого объективного исследования данной проблемы;

- всесторонний объективный анализ истории развития рисоводства на основе документальных, исторически достоверных фактов;

- раскрытие исторической правды развития рисового хозяйства в послевоенное время при советской власти: достижений и недостатков;

-произведён анализ материально-технической базы и кадрового состава отрасли в названный период на основе фактического материала

- всесторонне рассмотрен трудовой вклад тружеников Сыра в развитие отрасли

- в ходе исследования развития орошаемых рисовых угодий региона выявлены и представлены для пользования много научных фактов.

Основные выводы, предлагаемые к защите.

- Кызылординская область в 1946-1991 годы стала основным регионом производства риса в Казахстане;

- анализ развития рисовой отрасли в регионе за указанный период произведён на основе конкретных документальных фактов

- показана негативная идеология советского периода и вред, нанесённый окружающей среде от производства риса

- на основе архивных документов произведён анализ оснащения материально-технической базы хозяйства, рост его кадрового состава, их динамический рост, количественный и качественный показатель

- произведён анализ технологии степного академика И. Жахаева, добившегося высоких результатов в производстве риса

- произведён всесторонний анализ работы тружеников Сыра, внёсших большой вклад в развитие рисового хозяйства в послевоенные годы

Структура диссертации. Диссертация состоит из введения, 2 –х частей, заключения и списка использованной литературы.

SUMMARY
Master` thesis for getting an academic degree of pedagogical sciences

on specialty 6M001400 – History


Izteleuova Aigul Serikbaevna
History of organizing rice production in Kyzylorda oblast: an analysis

in the new history context 1946-1991
Actuality of the research:

During the Soviet period the history of rice production was not investigated thoroughly, it was done in favour of that policy. It was high time to go over «white spots» in the history of this sphere, to determine objective estimation of rice economy and the place of this phenomenon in the new history of the oblast.

The topic of the research is the development of rice economy in Kyzylorda oblast, main directions and prospects, an analysis of the material and technical base, personnel potential and ecological problems risen owing to rice cultivation in the region.

Main aims and tasks of the research:

Going over and looking at the history of organizing and introducing rice economy in Kyzylorda oblast for a period from 1946 till 1991from the point of new views, summing up their role in the changeable moment, displaying the development system of the economy, the development of its material and technical base, a role of specialists who made a great contribution in this sphere, going over main problems during the organization of rice economy, especially ecological problems risen owing to the rice cultivation are considered to be the most important aims of the thesis.

Following tasks are resulted from the main aims:


  • Defining and making an analysis of the main achievements in the rice economy in the oblast for a period from 1946 till 1991

  • Displaying the growth of the material – technical base and staff in the rice economy for a fixed

  • Making an analysis of ecological problems risen with the development of rice economy

  • Making an analysis of the development of agritechnical methods and economy mechanizing

  • Making an analysis of the cooperation with foreign partners in this sphere.


Scientific novelty:

Scientific novelty of the research of the rice economy development in Kyzylorda oblast was determined on the basis of studying true real facts thoroughly, taking its historical truth and modern approach into account. Scientific achievements of the research were:



  • the absence of the objective research of the problems;

  • a detailed objective analysis of the history of rice economy development in the post war period of the Soviet power: achievements and drawbacks;

  • an analysis of material and technical base, staff for the given period was made on the basis of real materials;

  • during the research the development of irrigated rice sites of the region were determined and presented for the use of a lot of scientific facts;

Main conclusions suggested to the defense:

  • During 1946 – 1991 Kyzylorda oblast became the main region of rice production in Kazakhstan

  • An analysis of the development of rice sphere in the region was made for a fixed period on the basis of concrete documentary facts

  • A negative ideology and harm caused to the environment from the rice production during the Soviet period were displayed

  • An equipment analysis of the material and technical base of economy, the growth of the staff, its dynamic growth, quantitative and qualitative indexes were shown on the base of archieves documents

  • An analysis of technology of the steppe academy I. Zhakhaev, who made a great success and contribution in rice production was made

  • A thorough analysis of labor works, who made a big contribution in rice economy after war post period, was made.

The structure of the thesis:

The thesis consists of the introduction, two parts, a conclusion and a list of used literature.

Рефераты қазақстан Республикасы Қызылорда, 2013
374.67kb.

25 12 2014
3 стр.


Рефераты Қазақстан Республикасы Қызылорда, 2013 жыл

Сырдарияның төменгі ағысындағы табиғи ландшафттардың қазіргі экологиялық күйін талдау

211.5kb.

25 12 2014
1 стр.


Рефераты қазақстан Республикасы Қызылорда, 2013

Орта ғасырлардағы сырдарияның ТӨменгі ағысындағЫ Қалалардың ҚОРҒаныс жүйесі: тарихи талдау (V-ХІV ғғ.)

322.33kb.

25 12 2014
1 стр.


Рефераты қазақстан Республикасы Қызылорда, 2013 ж

М011400 Тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

387.77kb.

25 12 2014
1 стр.


Рефераты қазақстан Республикасы Қызылорда, 2013

ЖОҒары оқу орындарында педагогикалық ПӘндерді оқытуда интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің Өзіндік жұмысын ұйымдастыру

290.45kb.

25 12 2014
1 стр.


Рефераты қазақстан Республикасы Қызылорда, 2013 жыл

М060800 – Экология мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

337.68kb.

25 12 2014
1 стр.


Рефераты Қазақстан Республикасы Қызылорда, 2013 ж

Орта мектепте бейорганикалық химия курсын оқыту үрдісінде ұжымдық оқыту технологиясын пайдалану әдістемесі

297.8kb.

25 12 2014
1 стр.


Рефераты қазақстан Республикасы Қызылорда, 2013ж
264.56kb.

25 12 2014
1 стр.