Перейти на главную страницу
6М011400 – Тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Қызылорда, 2013
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Тарих, құқық және экономика институтының Тарих, саясаттану және әлеуметтану кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші: Ресми оппонент: |
тарих ғылымдарының докторы, профессор Ө. Қожақұлы тарих ғылымдарының докторы, профессор С. Жолдасбайұлы |
№ дәрісхана)
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Магистрлік зерттеу жұмысында V–ХІV ғғ. арасында Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы аймақтарда орналасқан орта ғасырлық қалалардың қалыптасу және даму ерекшеліктерін, олардың жоспарлануы мен құрылымдары арасындағы байланыстарды жазба деректермен және археологиялық қазбалар барысында жинақталған материалдар негізінде қарастыруға талпыныс жасалды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстан тарихы жаңа кезеңді басынан кешіруде. Өткен тарихымыздың ақтаңдақ беттерін қайта саралап, ақиқат дәлелдермен толықтыру арқылы, елдік сананы Ұлттық мүддеде қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Осы жауапкершілігі мол, тәуелсіздігімізді нықтай түсетін тұста қолға алынып, жүзеге асырылған «Мәдени Мұра» бағдарламасының маңыздылығы айқындалды.
Орталық Азияны зерттеуші ғалымдар, Сырдың төменгі ағысын, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын далалық тайпалар мәдениеті мен отырықшы егін шаруашылығымен шұғылданатын ортаазияның оазистері халықтарының мәдениеттері тоғысқан және өзара тығыз қарым-қатынас орнатқан аймақ ретінде таниды. Жалпы Сыр өңірі, Батыс пен Шығыстың қиылысқан және олардың мәдениеттерінің түйіскен жерінде, ерекше тарихи жолдармен дамыды.
Осы тұрғыдан қарағанда қазақ жерінде қалалық мәдениеттің қалыптасуы айрықша қызықты және мағыналы тақырып. Тақырыптың Сыр өңіріне қатысты тұстарында зерттелуі кенже қалған, жеткілікті мән берілмей отырған мәселелері жетерлік. Сондықтан да біздің диссертациялық тақырыбымыз Отан тарихы үшін өзекті мәселені көтеріп отыр деп есептейміз.
Зерттеудің басты өзектілігі ерте және дамыған орта ғасырлардағы қазақ халқының және хандығының қалыптасуында ерекше орын алған Сыр өңірі қала мәдениетінің ерекшелігін қарастыру. Астаналық, сауда-кәсіптік және өндірістік орталықтары болған Оңтүстік-Шығыс Арал өңірі қалаларының тіршілік еткен уақытын қалпына келтіру, және соңғы уақыттарда жүргізіліп отырған зерттеулердің қол жеткізген нәтижелері бойынша, қалалық мәдениетке қалыптасқан дәстүрлі көзқарасты қайта қарап, аймақтың урбандалуына қатысты мәселелерді жаңа қырынан талдау болып табылады.
1. Бастапқы кезең (XVIII ғ. ортасынан 1895 жылға дейін); 2. Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің қызмет еткен уақыты (1895-1917 жылдар аралығы); 3. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының зерттеулері (1946-90 жылдар аралығы); 4. 2005 жылдан басталған қазіргі кезеңдегі жаңа зерттеулер.
XIX ғ. басынан Орта Азия мен Қазақстанды орыс әскери қызметтегі ғалымдарының зерттей бастауына, 1740 ж. Гладышев пен Муравиннің Хиуаға барар жолда Жанкентті көруі себеп болды [1, 7 б.].
П.И. Рычковтың 1762 ж «Орынбор губерниясының топографиясы» атты еңбегінде Жанкент қаласы туралы: «Сырдарияның Аралға құяр сағасында орналасқан Жанкент қаласы оның қалдықтарына қарағанда үлкен қала болған секілді. Оны кімдердің тұрғызып, кімдердің мекен еткені туралы да мағлұмат жоқ» [2] деп сипаттай келе, халық арасында Жанкенттің жыландар шабуылынан құлағаны туралы аңыз бар екендігін атап өтеді. Сонымен қатар, А.И. Левшин Жанкент қаласын XIV ғ. өмір сүрген араб географы Абульфеданың шығармасында кездесетін Янгикент қаласы болуы мүмкін деген де болжам жасайды [3, 110 б.].
Сыр өңірінің археологиялық ескерткіштері мен табиғи-географиялық жағдайы туралы мәліметтер А.И. Макшеевтің 1856 ж. «Морской сборник» журналында [12, 43-51 бб.], 1867 ж. «Санкт-Петербургские ведомости» [4] және «Русский инвалид» [5, 10 б.] газеттерінде жарияланған мақалаларында сипатталады.
XIX ғ. зерттеулер 1867 ж. Орыс Императорлық Археология Қоғамының мүшесі П.Л. Лерхтың зерттеулерімен жалғасты. Түркістан өлкесіне жасаған сапары туралы есебі 1870 ж. «Орыс Императорлық Археология Қоғамының Хабаршысында» жарық көрді [6].
Сырдың төменгі ағысын тарихи-географиялық зерттеудің екінші кезеңі Орта Азиядағы алғашқы ғылыми қоғам – 1895 ж. құрылған Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің қызметімен тікелей байланысты болды. Үйірме жиырма жылдан аса (1895-1917 жж.) Орта Азия мен Қазақстанның археологиялық және материалдық мәдениетін зерттеумен айналысқан, сол кезеңдегі гуманитарлық ғылымдар саласындағы мамандандырылған жалғыз ғылыми-өлкетанушылық қоғамдық ұйым еді.
1900 ж. В.А. Каллаурдың Асанас қалашығының топографиялық сызбасын жасап, сипаттамасын жасаған мақаласы [8, 37 б.] және Сырдың сол жағалауында Ақмешіттен 25-30 шақырым қашықтықта орналасқан Қыш-қаланың, Женд қаласы болуы мүмкін деп, болжам жасаған мақалалары жарық көреді [9, 75-77 бб.].
Өлкеміздің ортағасырлық ескерткіштерін ұйымдасқан ғылыми зерттеулер, Қазан төңкерісінен кейін басталды. Осы кезеңде В.В.Бартольд, В.М.Массон, А.Ю.Якубовский, С.П.Толстов, А.Н.Бернштам секілді көрнекті ғалымдардың еңбектері жарық көрді. ХХ ғасырдың 20-30 жж. КСРО кеңістігінде түгелдей дерлік археологиялық қазба жұмыстарының әдістемесі қалыптасты. 1947 ж. А.Н.Бернштамның Жетісу және Оңтүстік Қазақстан өңірінде жүргізген ғылыми жұмыстарының нәтижесі «Проблемы древней истории и этногенеза Южного Казахстана» атты еңбегінде жарияланды [18]. 1946 жылдан басталған ХАЭЭ-сы зерттеулері Сырдарияның төменгі ағысынан б.з.д. I мыңжылдықтың ортасындағы қалалар, қоныстар мен тұрақтардың көп бөлігін ашты. 1954 ж. бастап бұл өлкеде ХАЭЭ жоспарлы жұмыстары жүргізіле бастады. Сырдарияның оңтүстік бөлігі Ақшадария мен Жаңадарияның қосылар тұсы зерттелінді. 1955-1956 жж. жұмыстар Жаңадария арнасында жалғасты. 1957-1963, 1971-72 жж. зерттеу Жаңадария, Іңкәрдария, Ескі Қуандария және Қуандария бассейіндерін қамтыды. Іңкәрдәрия мен Жаңадарияның орта ағысындағы қоныстар мен тұрақтар ХАЭЭ-ның ашқан ескерткішетрінің төрттен бірін құрады [10, 15 б.]
Кейіннен зерттеулерді С.П.Толстовтың шәкірттері Л.М.Левина, Б.И.Вайнберг (Чирик-рабатская культура. Низовья Сырдарьи в древности. Выпуск I. 1993), М.А.Итина (История степных племен Южного Приаралья. ТХЭ. Т. X. 1977), О.А.Вишневская (Культура сакских племен низовьев Сырдарьи в VII-V вв. до н.э. ТХЭ. Т. VIII. 1973), Л.Т.Яблонский (Саки южного Приаралья: археология и антропология могильников. 1996) жалғастырды.
1970-80-ші жылдары еліміздің оңтүстік аймақтарында іргелі археологиялық зерттеулер жүргізген К.М.Байпақов, К.А.Ақышев, Л.Б.Ерзакович, Е.И.Агеева, Ю.А.Елгин, А.Н.Грищенко, М.К.Қадырбаев, А.Г.Максимова, А.Н.Подушкин, Е.А.Смағұловтар және тағы басқа зерттеушілердің еңбектері жарыққа шықты.
2004 жылы Қызылорда қаласында «Арал аймағының археологиялық зерттелуі: жетістіктері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми конференция өткізілді. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология Институты Ж.Құрманқұлов жетекшілік ететін Шірік рабат археологиялық экспедициясы Сырдарияның төменгі ағысындағы Шірік-рабат қала жұрты орнында және оның маңайындағы қалаларға зерттеуін бастады.
Жұмыстың басты мақсаты Сыр өңіріндегі орта ғасырлық қалалардың дамуын зерттеп, олардың негізгі ерекшеліктерін көрсету. Сонымен қатар өңірімізде қалыптасқан археологиялық мәдениеттерге жататын қалалық ескерткіштерді талдап, олардың жоспарлануы, қорғаныс жүйесіндегі ерекшеліктері және архитектуралық құрылымына мән беруге бағытталған. Бүгінгі күнге дейін жинақталған дерек көздерін пайдалана отырып, осы аймақты мекендеген халықтардың тіршілігінде қалалардың атқарған маңызды ролін нақтылау.
Жоғарыда қойылған мақсатқа сәйкес Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан ерте орта және орта ғасыр дәуірінің қалалары туралы мәліметтер жинақтап, зерттеуші-ғалымдардың қаншалықты деңгейде зерттегені туралы тарихы жазылды.
Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:
- Қалалық мәдениеттің Сыр өңірінде қалыптасу тарихын баяндау. Оның негізгі кезеңдеріне тарихи тұрғыдан баға беру;
- Қарастырып отырған өңірде қалалық мәдениеттің қалыптасу ерекшеліктерін көрсету, сонымен бірге олардың қалыптасуында туындаған табиғи-географиялық және саяси жағдайлардың қалалардың орнығуна қатысты әсерін сипаттау;
- Орта ғасырларда Сырдың төменгі ағысы бойында орналасқан қалалардың қорғаныс жүйесінің дамуына археологиялық деректер негізінде тарихи шолу жасау;
- Жинақталған жазба және археологиялық қазба жұмыстары барысында алынған деректерді талдап қорыту негізінде, Сыр өңірі қала мәдениетінің даму деңгейін тану;
- V-ХІVғғ. Сыр өңірі қалаларының Оңтүстік Қазақстан, Жетісу және Орта Азия аймағындағы қалалармен экономикалық, саяси, мәдени байланыстарын талдап, баға беру;
- Мүмкіндігінше ғылыми айналымға жаңа деректер қосу.
- Орталық Азияның ежелгі тайпалары ықпалымен және тікелей араласуымен Қазақстанның оңтүстік өңірінде қалыптасқан орта ғасырлық қалалар мен қоныстар жайлы мәлімденді;
- Сырдың төменгі ағысындағы қалаларды зерттеулер барысында алынған археологиялық деректер Қазақстанның өзге өңірлері және Орта Азия зерттеулерімен салыстырмалы талданып тұжырымдалды;
- Сыр өңіріндегі ескерткіштердің топографиясын, типологиясын, фортификациясын, орналасуын қазба жұмыстарының нәтижелері мен кейінгі зерттеулермен салыстырмалы тұжырымдалды;
- Орта ғасырлық қалалар аймақ тұрғандарының тіршілігі үшін және өлкедегі маңызына қарай саяси, экономикалық, шаруашылық жағынан тіректі орын болғаны анықталды.
Зерттеу жұмысының географиялық аймағы: Қазіргі кездегі Қызылорда обылысына қарасты аудандар. Салыстырмалы түрде көршілес жатқан мәдениеттермен ұқсатықтары көрсетілді.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері: ерте орта ғасыр (V-Х ғғ.), орта ғасыр (XІ-XV ғғ.) дәуірін қамтиды. Сырдария бойындағы орта ғасырлық қалалар жайлы өлкетанушылардың, тарихшылардың, географтардың мәліметтері мен жүргізілген археологиялық зерттеулерден алынған материалдар қолданылады.
Диссертацияның зерттеу нысаны: Сырдың орта және төменгі ағысындағы орта ғасырлық қалалық мәдениеттің қалыптасып, дамуына және олардың қорғаныс жүйесінің ерекшеліктеріне тарихи талдау жасау
Зерттеу жұмысының деректік негізі: Жұмысты орындау барысында Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының Орта Азия мен және Қызылорда облысы территориясында жүргізілген зерттеу жұмыстарының есептері мен нәтежелері және Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты Оңтүстік Қазазстан археологиялық экспедициясы, Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеушілері жүргізген ғылыми жұмыстардың нәтижелері өзара байланыстырылып, салыстырмалы тұрғыда қолданылды. Сонымен бірге, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сирек қорынан КСРО кезеңінде ғылыми ізденістермен шұғылданған белгілі шығыстанушылардың еңбектері (В.В.Бартольд, М.Е.Массон), Кеңестік дәуірде Орта Азия мен Қазақстан аймағында археологиялық зерттеулер жүргізген Отандық тарихшы-ғалымдардың еңбектері (А.Н.Бернштам, Б.А.Литвинский, Ә.Х.Марғұлан, С.Г.Агаджанов, К.А.Ақышев, К.М.Байпақов) кеңінен пайдаланылды. Диссертацияда кейінгі уақыттарда Сыр өңірінде жүргізіліп жатырған ғылыми зерттеулер нәтежелері көрініс береді. (Е.А.Смағұлов, С.Жолдасбайұлы, М.Елеуов, Ж.Құрманқұлов, Т.Мәми және т.б.) Сондай-ақ Қорқыт-Ата атындағы ҚМУ-дің Ғылыми-техникалық кітапханасының кітап қорынан пайдаланылды. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдаламасы бойынша 2004-2006 жылдардағы «Қызылорда облысының ескерткіштерін есепке алу» археологиялық барлау экспедициясының жинақтаған деректері пайдаланылды [22]. Сонымен қатар Орта ғасырлық Сығанақ қаласына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының 2002-03, 2004 жылдардағы есебі, автордың өзінің қатысуымен орта ғасырлық Жанкент қалашығында жүргізілген археологиялық қазбалардың 2005-06, 2007-09, 2010-11, 2012 жылдарғы есептері қамтылды.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар: Қазақстанның оңтүстік аймағы мен Шығыс Арал өңіріндегі орта ғасырылық қалалық мәдениеттің таралуы және олардың қалыптасу кезеңдері нақты деректер арқылы талданды.
- Шығыс Арал өңірін мекендеген ежелгі халықтардың Сырдың төменгі ағысындағы орта ғасырлық қалалардың қалыптасуындағы ролі айқындалды;
- Сыр өңіріндегі орта ғасырлық қалаларды мекендеген халықтардың өзге өңір мәдениеттерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарының ерекшеліктері нақты деректермен сипатталып сараланды;
- Сыр өңірінің орта ғасырлық ескерткіштерін зерттеу барысында жинақталған археологиялық және жазба деректерді талдау арқылы, Орта Азияның орта ғасырлық қалаларымен салыстырмалы талдау жасалынды;
- Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан орта ғасырлақ қалалардың топографиялық құрылымдары қазба жұмыстары барысында алынған материалдар негізінде топтастырылып, түрлерге бөлініп қарастырылды;
- Сырдарияның төменгі ағысындағы орта ғасырлық қалалардың қорғаныс жүйесін археологиялық зерттеулер барысында алынған материалдар негізінде топтастырылып, жіктеліп сипатталды;
Диссертациялық зерттеу жұмысында Сыр өңірінде ерте орта ғасырлардан кейінгі орта ғасырларға дейін жүріп отырған қалалық мәдениеттер қалыптасу үдерісін қазіргі көзқараспен баяндау мүмкіндігін туғызған, археологиялық барлау және археологиялық экспедициялар нәтижелері пайдаланылды. Белгілі дәрежеде жұмыс барысында салыстырмалы - тарихи зерттеу әдістері де қолданылды.
1. С.Билалов, Г.Амиргалина. Подробнее о подъемном керамическом материале с инкардарьинских городищ (по данным археологических разведок 2012 года). //Отан тарихы (в печати).
2. С.Билалов, Г.А.Амиргалина. Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан орта ғасырлық қалалардың қорғаныс жүйесін жіктеу мәселесі туралы. // Қазақ тарихы. 2013. №4 (в печати)
3. Г.А.Амиргалина, А.Рамазанкызы, С.У.Билалов. К вопросу об орнаментации керамики городища Джанкент. // «Марғұлан оқулары - 2012». Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Астана, мамыр 2012 ж.
4. Э.Д.Зиливинская, С.У.Билалов, Ж.Т.Сыдыкова. Раскопки жилого квартала на городище Джанкент. // Вопросы истории и археологии средневековых кочевников и Золотой Орды. Сборник научных статей, повященной памяти
В.П.Костюкова. Астрахань, «Астраханский университет». 2011 г.
Араб географ- тарихшысы әл-Масуди (Х ғ.), Иерусалимнен шыққан географ-саяхатшы әль-Макдисси (947-1000 жж.), 932 ж парсы тілінде геграфия ілімі туралы жазылған авторы белгісіз «Шығыстан Батысқа дейінгі дүниенің шекаралары» (Худуд ал-алам мин аль-маширак иль-аль-магриб) деген шығармасында және тарихшы-саяхатшылар Гардизи (Х ғ.), әл-Идриси (1111-1165жж), Якут (1179-1229 жж.), ибн Халдун (1332-1402 жж.) т.б. еңбектерінде кездеседі [12, 23 б].
Қазақстанның ортағасырлық қалаларының археологиялық зерттелу тарихын қазіргі күні үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Алғашқы кезең, қазан революциясына дейінгі кезең. Бұл кезең В.В.Бартольдтың Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің атқарған қызметімен ерекшеленеді. Үйірменің зерттеулері барысында өз алдына қойылған мәселелері мен оларды шешу жолдары көптеген әдебиеттер мен оқу құралдарында қамтылған.
Шығыс Арал өңіріндегі археологиялық зерттеле бастауы, шығыстанушы Орыс Императорлық археологиялық қоғамының мүшесі П.И.Лерхтың 1867 жылы ортағасырлық Жанкент қалашығында жүргізген археологиялық жұмыстарынан басталады [6].
В.В.Бартольдтың жетекшілігімен көптеген ғылыми ізденістер ұйымдастырылып, оның бастамасымен 1895 жылы құрылған Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі құрылды. Ол жиырма жылдан астам уақыт бойы (1895-1917 жж.) Орта Азия мен Қазақстанның археологиясын және материалдық мәдениетін зерттеумен айналысты. В.В. Бартольд, В.В. Радлов, В.Смирнов, В.А. Каллаур, А.Кастанье секілді көптеген білімді ғалымдар мен шығыстанушылардың есімдері Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің жұмысымен тығыз байланысты. Үйірме мүшелерінің еңбектері Ташкент қаласында басылып отырған «Түркістан тізімдемесінен» және «Хаттамалар» жинақтарында жарыққа шығарылып отырды [13, 43-48 бб.].
Өңірдің ортағасырлық ескерткіштеріне ұйымдасқан және ғылыми негізделген зерттеулер, Қазан төкерісінен кейін басталды. Бұл кезеңді Шығыс Арал аймағының ескерткіштерін археологиялық зерттеудің шартты түрде екінші кезеңі деп қарастыруға болады.
Осы кезеңде алғашқы болып В.В.Бартольд Орта Азия мен Қазақстанның келешектегі археологиялық зерттеулерін бірінші кезекте – археологиялық карта жасаудан бастау керектігін баса көрсетті [14, 5-15 бб.].
1920-1950 жж. арасында Қазақстан археологиясын зерттеуде А.Н.Бернштамның қызметін К.А.Ақышев бір үлкен белес ретінде айырықша атап көрсетеді. 1930-жылдардан бастап А.Н.Бернштамның жетекшілігімен Жетісуда және Оңтүстік Қазақстанда жүргізген қазба жұмыстары барысында ескерткіштердің хронологиясын және локолизациясын анықтауда қомақты еңбек жасады [15].
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институтының жаңадан ашылған Археология бөлімшесінің алғашқы меңгерушісі Ә.Х.Марғұланмен бөлімшеге қабылданып, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белседі араласқандар қатарында Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич, Т.Н.Сенигова, А.Г.Максимова артынша К.А.Ақышев, Г.В.Кушаев, А.М.Оразбаев, М.К.Қадырбаевтар болды.
ХАЭЭ 1946 жылы ертедегі Жаңадария, Қуаңдария және Іңкәрдария арналары бойында орналасқан археологиялық ескерткіштерді зерттеу барысында ортағасырлық Жетіасар мәдениеті, Жанкент қалалар тобы (Батпақтағы қалалар) және тағы көптеген неолиттік, қола, ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштер тобын ашып, ғылыми айналымға енгізді [11, 9-15 бб.].
Өткен ғасырдың 80-ші жылдары ҚазССР ҒА бағдарламаларына сәйкес «Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағын» құрастыру мақсатында Қызылорда облысына экспедициялар ұйымдастырылды. ХАЭЭ, ОңтҚАЭ, ОртҚАЭ-ларының осы уақытта жарты ғасырға жуық жүргізген жұмыстарының нәтижесінде Қазақстанның ерте дәуір және ортағасырлық мәдениеттерін зерттеу әдістемесі ғылыми түрде орнығып болды деуге толық негіз бар [16].
Сырдарияның төменгі ағысы ескерткіштерін зерттеудің жаңа толқыны Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін жалғасты. Бұл кезеңді аймағымыздағы археологиялық ізденістердің үшінші кезеңі деп атауға болады.
2005 жылы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ базасында құрылған Жанкент археологиялық экспедициясы жыл сайын тұрақты түрде автордың қатысуымен ортағасырлық Жанкент қалашығында зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Зерттеу нәтижелері экспедицияның жетекшісі И.А.Аржанцеваның, экспедицияның тұрақты мүшелері Э.Д.Зиливинскаяның, С.А.Рузанованың және жас ғалымдар Ж.Т.Сыдықованың, Ә.Ә.Тәжекеевтің еңбектерінде жарияланып жүр [17].
Б.з.д. VII – II ғғ. өмір сүрген Шірік рабат мәдениеті көне Жаңадария арнасының екі жағын бірдей ала орналасқан. Зерттеушілердің айтуы бойынша шірікрабат мәдениетінің тұрғындары, екі жүзге жуық бекінісіз қоныстар салып қалдырған. Алайда, бұл мәдениеттің құрылыстары қатарына мықты бекіністелген қала қорымы да кіреді. Нақтырақ айтқанда, Шірік-Рабат қала қорымы – мықты қорғаныс қабырғаларымен қоршалған төбенің үстінде орналасқан, қалашықтың төменгі етегінде қазылған оры бар. Ордың тереңдігі – 4,5 м, ені – 40 м, ордан шыққан топрақтан биіктігі 3 м, табанының ені 8-10 м сыртқы дуал тұрғызылған. Шірік-рабат қала-қорымының қорғаныс жүйесі Шығыс Арал маңында ерте темір ғасырдың өзінде-ақ бекіністі құрылыстар салу дәстүрінің болғанын көрсетеді [18].
Дисертацияның «Сырдария өзенінің көне арналарында орналасқан орта ғасырлық қалаларға және олардың қорғаныс жүйесіне сипаттама» деп аталатын екінші тарауында Жетіасар мәдениеті қалаларымен Оғыз қалаларының қорғаныс жүйелері сипатталады.
Жетіасар мәдениеті зерттеушілердің пікірінше мың жылға жуық өмір сүрген, хронологиялық шеңбері б.з.д. VI – б.з. VII-ІХ ғасырлар аралығын қамтиды [19, 186-193 бб.].
Жетіасар қалаларының қоныстану сипаты, қалалардың топографиясы, архитектурасы, қорғаныс жүйелері, құрылыс салу техникасы және қоныстар мен олардағы тұрғын үйлердің жоспарлануы Жетіасар мәдениетінің тіршілік еткен өн бойында ерекше тұрақты болған. Жетіасар қалалары әрдайым топ-тобымен, аралары 2-8 шақырымнан аспайтындай қашықтықта орналасқан. Ескерткіштердің алғашқы қалыптасып, гүлденген уақытына жоспары сопақша және дөңгелек пішінді қалашықтар тән. Олардың биіктігі қазірдің өзінде 8 м-ден 25 м болатын екі қабатты мықты ғиматартан тұрады, аудандары 0,5 га-дан 18 га-ға дейін жетеді [11, 28 б.].
Хорезм экспедициясының жүргізген зерттеулер нәтижесінен көретініміз – Жетіасар мәдениеті өзінің даму барысының І – ІІ кезеңдерінде Сырдарияның орта ағысындағы және басқа да көршілес мәдениеттермен тығыс байланыста болғанын анықтайды. Бұл кезеңдерде (І – VІ ғғ.) жергілікті тұрғындардың басым бөлігі орындарында болған. Ал Жетіасар ІІІ кезеңінде Жетіасар шатқалындағы ескерткіштердің басым бөлігі өмір сүруін тотатады, алайда жетіасар мәдениетінің таралу аймағы бұрынғы кезеңінен анағұрлым кеңейіп, жетіасар тұрғындарының қоныс аударуынан Әмудария және Сырдария дельталарының оң жағалауына дейін тарайды. Аталған үшінші кезеңнің соңына қарай (VІІІ ғ. аяғы – ІХ ғ. басы.) Жетіасар шатқалындағы бұл мәдениет Сырдарияның төменгі ағысынан мүлдем жойылады [20, 89 б.].
Жоғарыда атап кеткеніміздей жетіасар ескерткіштерінің барлығы дерлік екі және үш ярусты, жоғарғы алаңы биік төбе түріндегі ескерткіштер. Барлық ескерткіштердің өзегі, жоғарғы қабаттағы алаң – көп қабатты, күрделі қорғаныс құрылыстары бар үй болып табылады. Әр осындай жоғарғы алаң одан төменірек, бірақ ауданы үлкен екінші қабатпен (ол да қорғаныс қабырғамен қоршалған), ал екіншіқабат астында өз кезегінде ең жалпақ қорғаныс қабырғасы бар төменгі ярус орналасады [11].
Осы кезеңге дейін жинақталған материалдар бойынша Жетіасар мәдениетінің қорған-қамалдарының қорғаныс жүйесінің тұрақтылығы мен ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Жетіасар ескерткіштері отырар-қаратау мәдениеті ескерткіштерімен тығыз байланыста болғандығын көсетеді [21, 29-31 бб.].
Сырдария өзенінің қазіргі арнасы қалыптасу барысында бірнеше кезеңді өткергенін жоғарыда атап өттік. Біздің заманымыздың VІІ-VІІІ ғғ. Қуаңдария мен Ескідариялық арналары кеуіп қалған соң ертедегі Жетіасар мәдениеті қалалары өмір сүруін тоқтатып, Сырдарияның қазіргі арнасы қалыптаса бастады [21, 3-4 бб.].
Сырдың жаңа арнасының қалыптасуымен қатар Қуаңдарияның Арал теңізіне құяр кей тұстарымен су жүрген болуы мүмкін. Сипатталып отырған аймақтың ең солтүстік бөлігінде орналасқан дельталар арасында, солтүстігінен теңіз, шығысынан Сырдария арнасы және оңтүстік-батысынан Қуаңдарияның теңізге құярда тарамдалып кететін арналары қоршап жатқан батпақты түбекте VІІ-ІХ ғғ. шартты түрде «батпақтағы қалашықтар» аталып кеткен Кескен-күйік, Күйік, Жанкент қалашықтары өмір сүре бастайды [19, 198-200 бб.].
Хорезм экспедициясының зерттеулері нәтижесінде ерте темір ғасырларында құрғап қалған көне Іңкәрдария арнасының шығыс тармақтарымен, ІХ ғ. қайта су жүре бастаған болуы керек және ол ХІV-ХV ғғ. дейін, Сырдарияның қазіргі арнасымен паралелді тұрақты ағып жатқанға ұқсайды. Осы арна бойында Сыр өңірінде ІХ-ХІ ғғ. құрылып өркен жайған Оғыз мемлекетінің қалалары қалыптасып, дамыды. Оны осы Іңкәрдария бойындағы 10-нан аса ІХ-ХІІ ғғ. мерзімделетін ескерткіштердің табылуы көрсетеді. [21, 6-8 бб.].
Сыр өңірінің ІХ-ХІІ ғғ. тіршілік еткен қалаларын географиялық орналасуына байланысты шартты түрде үш аймақ бойынша қарастыруға болады.
І «батпақтағы қалалар». – Арал теңізінің шығысындағы Қуаңдария арнасының дельталарында орналасқан қалашықтар;
ІІ аймаққа Іңкәрдария қалалар тобы;
ІІІ аймақты Жаңадария қалалар тобы құрайды.
Қызылқұм шөлін кесіп өтіп, қос өзен арасындағы екі ауқымды мәдени аймақты байланыстырып жатқан, Жаңадария арнасы бойында орналасқан, жоғарыда сипатталған орта ғасырлық қалалық-қоныстық мәдениеттердің, оғыз мемлекеті тұсында, хорезмшахтар дәуірінде және алтынорда кезеңінде Сыр өңірін мекендеген халықтардың даму үдерісінде тарихи-мәдени маңызы зор болды [19, 291 б.].
Сыр өңірінің ерте орта және дамыған ортағасырдағы қалалары зерттеушілер тарапынан арнайы топтастырып, түрлерге бөліп, жіктеп сараптама жасалынбағын. Алайда, археологиялық деректерде, одан бұрынғы кезеңдердегі ертедегі қалаларды типологиялық топтап, жіктеп зерттеу әдістемесі негізі әр түрлі бағыттарда көрінеді. Қалашықтарда бұрығы уақыттардан қалыптасқан қала болу ерекшеліктері сақталып, жоспарлануындағы ұқсастықтары арқылы топтастыру, мерзімі бойынша топтастыру, географиялық орналасуы мен қоршаған ортамен қарым-қатынасына орай топтастыру, сонымен қатар құрылыс тәсілдері мен сәулет өнеріне және т.б. арқылы талданып топтастырылған.
Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында орналасқан ортағасырлық қалаларды, зерттеуші-өлкетанушы Т.Мәми, осы күнге дейін жинақталған ғылыми мәтериалдарды саралап жіктеуі бойынша – астаналық, саудалық, кәсіби-шаруашылық деп 3 топқа бөледі [12, 83 б.]. Әдебиеттерде «шахр» (шаһар) – деп өлкенің әкімшілік орталық қалаларын атаған. Ал Сырдарияның төменгі ағысындағы ірі қалалар – Сауран, Сығанақ және Үзгентке «қала» атауы кеңінен қолданылған [22, 13 б.]. Осыған байланысты Сыр өңірі қалаларын саяси-экономикалық, мәдени-шаруашылық дәрежесі мен топографиялық жоспарлану көлемдеріне қарай салыстыра жіктеуге болады.
Сыр өңірінде қала салу мәдениетінің ерте темір дәуірінен дамығанына қарамастан [18, 90-96 бб], зерттеулердің толықтай болмай ақсап тұруына байланысты, біздің жұмысымыз барысында қарастырылып отырған мәселелер бойынша жан-жақты археологиялық қазба мәліметтері тапшы. Осы орайда айта кететін бір маңызды ғылыми мәселе орта ғасырлық Сырдың төменгі ағысы қалаларының бекінісі (фортификациясы) айырықша ерекшеленеді.
Сыр өңіріндегі ортағасырлық қалалардың бекіністік құрылыстарын тұрғызуда түрлі әдістер қолданылған. Бұл әдістер негізінен бұрынғы қала салу дәстүрін сақтай отырып дамыды. Қалашықтардың қорғаныс құрылыстарын салу барысында «ленталық» және «аралас», «кісесінен», «пахсалақ», күйдірілген кірпіштен, саз кесектен қалау арқылы салынды. Сонымен қатар қорғаныс нысандарын салу барысында жер жағдайларына байланысты орналасуы маңызды роль атқарған [14, 10-12 бб].
Кез-келген бекіністі қоныстың маңызбы белгілері оның жоспарлануында болып табылады. Жақсы жоспарланған елді мекен, қорғаныс құрылыстарының негізгі ерекшелігі мен оны салған қоғамның, сол дәуірдегі әскери-инженерлік құрылыс өнерінің даму деңгейін көрсетеді. Сыр өңірі орта ғасырлық қалашықтарының стратегиялық орналасуын жан-жақты талдау үшін, алдымен ескерткіштердің жергілікті табиғи орналасу топографиясын қарастыру қажет.
Жетіасар шатқалында өмір сүрген мәдениет өзіндік сипаты жағынан қазақстандық және ортаазиялық көршілес орналасқан мәдениеттерден өзгешілігімен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер ескерткіштердің орналасуынан, ұйымдастырылуынан, заттай мәдениеттердің өзгешелігінен бірден көзге түседі.
Сонымен қорытындылай келе Жетіасар ескерткіштерін қорғаныс құрылыстарының түрлері бойынша төртке бөліп қарастыруға болады.
Батпақтағы қалашықтар қалыптасу кезеңінде (б.з. VІ-VІІІ ғғ.) көршілес жатқан хорезм мәдениетінің ықпалында болған, жергілікті тұрғындар қолымен салынған деген болжам жасауға болады. Ал, Іңкәрдария және Жаңадария арналары бойындағы ескерткіштердің жоспарларын анализдей отырып, бұл қалалар тобы қалыптасу кезеңінде шығыстан келген көне түркі тілдес тайпалар ықпалына түскен жергілікті тайпалардың қалдырған ескерткіштері деп қорытынды жасауға болады.
Жұмыстың қорытынды бөлімінде Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан ерте орта және орта ғасырлардағы қалашықтардың қорғаныс жүйесін археологиялық материалдар негізінде тарихи талдау жасап, олардың орта ғасырлар дәуіріндегі негізгі даму кезеңдері мен түрлері айқындалды.
Жетіасар мәдениетіне тән әдеттен тыс консерватизм мен дәстүршілдіктің заттай мәдениетте, сонымен қатар, қалалардың бейнесінде, яғни, жоспарлануы мен қорғаныс жүйесінде, құрылыс салу әдістерінде ұзақ уақыт бойы (б.з. І мыңжылдығы) сақталуы таңқаларлық құбылыс. Алғашқы зерттеулер барысында-ақ Хорезм экспедициясының жетекшісі С.П.Толстов жетіасар қалашықтарын үш негізгі топқа біріктіріп қарастырады.
Зерттеу жұмысы барысында жетіасар мәдениетінің қалашықтарын, қорғаныс құрылыстарын салу үлгісі бойынша 4 топқа бөліп қарастыруды ұсындық. Бірінші топты екі немесе үш ярусты, күрделі қорғаныс жүйесінен тұратын біртұтас кешендер құрайды. Екінші топты ішкі бетінде құрылысы жоқ, қабырғалары шығыңқы мұнаралармен күшейтілген қалашықтар құрайды. Үшінші топқа ішкі жағында аздаған құрылыстары бар, қабырғасы мұнаралармен бекіген, қабырға ішінде қорғаныс дәліздері бар ескерткіштер жатады. Ал, төртінші топты қабырғалары мұнарасыз, қабырға ішін айналдыра қорғаныс дәліздер салған ескерткіштер құрайды. Жетіасар мәдениетіне қатысты көп жылдар бойы жинақталған археологиялық деректер, мәдениеттің қорғаныс жүйесінің тұрақтылығы мен ерекшеліктерін ашып көрсетуге, сонымен бірге құрылыс салу дәстүрінің кемеліне жеткендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысын орындау барысында Сырдың төменгі ағысында ІХ-ХІІ ғғ. тіршілік еткен қалашықтардың қорғаныс жүйесі археологиялық материалдар негізінде талданып, ескерткіштер екі үлкен топқа: жоспарында дұрыс тік бұрышты, қорған қабырғасы ішінде донжон үстіне салынған, мықты бекіністі цитаделі бар қалашықтарға және жоспарында доғал, сопақша немесе дөңгелек келген қалашықтарға біріктіріліп жіктелінді.
Археологиялық деректерге сүйене отырып, орта ғасырлық қорғаныс құрылыстарын антикалық ескерткіштермен салыстыра келе, олардың дамуын қысқаша төмендегідей қорытындылауға болады.
Антикалық дәуірде бекініс қабырғалары саз кірпіштерден қаланып, қабырғалар ішінде қорғаныс дәліздері болған және қабырғалардан сыртқа қарай жебе формалы көптеген атыс ойықтары салынған. Олардан орта ғасырлық бекіністі қалашықтардың айырмашылығы – қорғаныс қабырғалардан нығыздалған сазды блоктардан, яғни, пахсалардан және кесектерден тұрғызылуы. Орта ғасырлық қалалардың және бекіністердің қабырғалары тұтас атыс ойықтары жоқ, сазды массив болды. Бекіністерді қорғаушы әскер қабырға ішіне емес, қорғанның үстіндегі қорғаныс «өркештері» арасына орналастырылды.
Зерттеу нәтижелерін қорытындылай отырып келешекте орындалатын ғылыми ізденістерге тұжырымдар мен бірқатар ұсыныстар білдіремін:
Археология, тарих, фортификация, Шығыс-Арал маңы, бекініс, қамал, Жетіасар мәдениеті, Батпақтағы қалалар, оғыздар, цитадель, қорғаныс жүйесі, пахса, қорған қабырға, қорғаныс дәліздері, қорғаныс мұнаралары, атыс ойықтары, Сырдың төменгі ағысы.
1. Ежелгі қала – Жанкент. Қызылорда. «Компас Қызылорда» – 2010. – 110 с.
3. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. – Алматы: Санат. – 1996. – 656 с.
4. Макшеев А.И. Остатки старинного города на Сырдарье. // Санкт-Петербургские ведомости. – 1867. № 60.
5. Макшеев А.И. Путишествия по Киргизским степям и Туркестанскому краю. – СПб.: Военная типография: – 1896. – 256 с.
6. Лерх П.И. Археологическая поездка в Туркестанский край в 1867 году. – СПб. – 1870. – 39 с.
7. Қожа М. Б. Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде. Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы: 2009. – 49 с.
12. Мами Т. Кейінгі орта ғасырдағы Арал өңірінің қалалары (ХІІІ-ХVІІІ ғғ.) монография – Қызылорда:. – 2007. – 252 с.
13. Акишев К.А., Аргынбаев Х.А., Алимбаев Н., Археолоические и этнографические изучение Казахстана. // Историческая наука Казахстана (1917-1960 гг.) Очерки становления и развития. – Алма-Ата: Гылым. – 1990. – 270 с.
17. Аржанцева И.А., Рузанова С.А. Исследование «болотных городищ» (архивы и новые материалы) // Сборник в честь 60-летия Л.Т. Яблонского. М:. – 2010; Аржанцева И.А., Зиливинская Э.Д., Караманова М.С., Сыдыкова Ж.Т. Жанкент – столица огузов. // «Мәдени мұра». – 2009. №4. 84-89 беттер; Аржанцева И.А., Зиливинская Э.Д., М.С. Караманова, Рузанова С.А., Уткельбаев К.З., Сыдыкова Ж.Т., Билалов С.У. Сводный отчет об археологических работах на городище Джанкент в 2005-2007, 2009 г. Кызылорда. – 2010. 162 стр;
19. Толстов С.П. По древним Дельтам окса и Яксарта. – М; Издательство Восточной литературы: 1962 г. – 353 с.
20. Левина Л.М. Керамика нижней и средней Сырдарьи в I тысячелетии н.э. – М:. ТХАЭЭ. Т.VІІ. Наука. – 1971. – 250 с.
1. С.Билалов, Г.Амиргалина. Подробнее о подъемном керамическом материале с инкардарьинских городищ (по данным археологических разведок 2012 года). //Отан тарихы (в печати).
2. С.Билалов, Г.А.Амиргалина. Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан орта ғасырлық қалалардың қорғаныс жүйесін жіктеу мәселесі туралы. // Қазақ тарихы. 2013. №4 (в печати)
3. Г.А.Амиргалина, А.Рамазанкызы, С.У.Билалов. К вопросу об орнаментации керамики городища Джанкент. // «Марғұлан оқулары - 2012». Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Астана, мамыр 2012 ж.
4. Э.Д.Зиливинская, С.У.Билалов, Ж.Т.Сыдыкова. Раскопки жилого квартала на городище Джанкент. // Вопросы истории и археологии средневековых кочевников и Золотой Орды. Сборник научных статей, повященной памяти
В.П.Костюкова. Астрахань, «Астраханский университет». 2011 г.
5. С.Ө.Біләлов. Отағасырлық Жанкент қаласында жүргізілген археологиялық жұмыстар. // «Марғұлан оқулары – 2010» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Алматы, наурыз 2010 ж.
6. С.Ө.Біләлов. Ортағасырлық Жанкент қаласына жүргізілген жұмыстардың маңызы (2007-2009жж.). // «Арало-Сырдрьинской регион в истории и культуре Евразии» ІІ Международная научная конференция. Кызылорда, 2009 г. 23-24 октябрь
6М011400 – История
Предложения на защиту: Рассказать об истории возникновения и распространения средневековых городов на территории Восточного Приаралья. Дать историческую оценку основным периодам. Рассмотреть возникновение на территории Южного Казахстана и восточного Приаралья центров городской культуры. Дать оценку влияния кочевых племен Восточного Приаралья в образовании средневековых городов нижнего Сыра. Рассмотреть в свете археологических источников оборонительные сооружения средневековых городов нижней Сырдарьи. Дана оценка основным периодам развития оборонительной архитектуры. Изучена и произведена топографическая классификация и классификация по планировке оборонительных систем средневековых городов нижнего течения Сырдарьи.
25 12 2014
3 стр.
Сырдарияның төменгі ағысындағы табиғи ландшафттардың қазіргі экологиялық күйін талдау
25 12 2014
1 стр.
Орта ғасырлардағы сырдарияның ТӨменгі ағысындағЫ Қалалардың ҚОРҒаныс жүйесі: тарихи талдау (V-ХІV ғғ.)
25 12 2014
1 стр.
М011400 Тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
25 12 2014
1 стр.
ЖОҒары оқу орындарында педагогикалық ПӘндерді оқытуда интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің Өзіндік жұмысын ұйымдастыру
25 12 2014
1 стр.
М060800 – Экология мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
25 12 2014
1 стр.
Орта мектепте бейорганикалық химия курсын оқыту үрдісінде ұжымдық оқыту технологиясын пайдалану әдістемесі
25 12 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.