Перейти на главную страницу
ӘӨЖ 330.39:33 (574.54) |
Қолжазба құқығында |
6М050600 – Экономика мамандығы
Экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2013ж.
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.
Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының
кандидаты Қ.С. Мұстафаев
докторы, профессор Г.К. Сапарова
Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.
Нарықтық қарым-қатынастың тең жылдамдықпен дамуы оның Қазақстан Республикасында да тең қалыптасуына жағдай жасады. Бірақ, егер әлемнің көптеген елдерінде бизнес ЖІӨ-ге айтарлықтай үлес қосса, қазақстандық экономикада бұл әлі жеткілікті деңгейде жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың экономикада жүргізіп отырған саясатының арқасында соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды – шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономика үшін болып жатқан дағдарыстарға төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Алайда, қазіргі өсім сапасы қанағаттанарлық дәрежеде емес. Сапалы өсімнің жүзеге асырылмауы жоғары технологиялардың дұрыс пайдаланылмауынан болып отыр.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, әсіресе шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту қажеттігін, сондай-ақ шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс деп атап көрсетті.
Жолдауда сондай-ақ, «Бизнесті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау» деп баса назар аударып, отандық шағын және орта бизнестің экономикалық бағытымызды айқындайтын әрі қозғаушы күш болып табылатынын көлденең тартты. Елбасының айтуынша, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс: «Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек. Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен». Аталған мәселелерді жүзеге асыру үшін шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау керек. Сонымен қатар жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту, кәсіпкерлік жолындағы қолдан жасалатын кедергілерді болдырмау үшін мемлекеттік шенеуніктерге арналған жаңа, әлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру, жаңа жағдайларды, соның ішінде біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікке қатысуымызды, алда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретінімізді ескере отырып, отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараны қабылдау да өте маңызды. Бұл орайда «Бүгінгі күннің міндеті – ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске салық салу жүйесіндегі қиғаштықтар олардың дамуы мен өсуіне кедергі келтіруде. Бұл тұста біз шағын және орта іскерлік сегменттеріне түсетін күшті ауырлатпауға тиіспіз» деп ашық айтқан Президент 2013 жылдың бірінші алғашқы жартысында Қазақстан азаматтарының өмір-тіршілігі қауіпсіздігіне тікелей ықпал етпейтін барлық рұқсаттар мен лицензияларды қайтарып алып, оларды хабарландырумен ауыстыру туралы Үкіметке тапсырма бергенін жеткізді. Ол үшін «заңнамалық негізде бизнеске ұсынатын тауар, жұмыс және қызмет сапасын бақылау мәселелерін өзі реттейтін жағдай тудыру қажет. Бізге тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көпдеңгейлі жүйесін алып тастап, олардың құқығын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеп шығу керек. Екіншіден, Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі принципіне негізделген сенімді диалог құру үшін бизнесті топтастыруды жалғастыру керек, ол бұл жаңа стратегияны жүзеге асыруда кең ауқымды және барлық кәсіпкерлердің тартылуы міндетін шешіп береді».
Қазіргі әлемдік жаһандану мен экономикалық жаңару жағдайында Қазақстан Республикасының халықаралық бәсекеге қабілеттілігі елдің ұзақ мерзімді дамуындағы тұрақты өсуіне макроэкономикалық жағдайдың тұрақтылығы, қызмет көрсету саласы мен экономиканы индустрияландыру деңгейі, сондай-ақ инновациялық серпіліс және т.б. факторлар әсер етеді. Осы ретте ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында шикізаттық емес саладағы инновациялық бизнесті дамыту, сондай-ақ ғаламды қажетсінетін және жоғары технологиялық кәсіпорындарды құру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі екендігін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауларында атап өткен болатын.
Қазақсанда нарықтық экономикалық қатынастардың тереңдеуі мен экономиканың әртараптануы жағдайында бәсекеге қабілетті өнімдерді, жаңа жоғары технологияларды игеру негізінде өндіру, индустрия, ғылым мен техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр.Сондай-ақ еліміздің индустриалды-инновациялық дамуының 2010-2020 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Оның мақсаты – шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын одан әрі жетілдіру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервисті-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Осы ретте, республикадағы бизнес саласының, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек болатын [2].
Сондай-ақ бизнес бастаманы қолдау және жеке бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалу қажет.
Себебі, шағын және орта бизнес саласы өз кезегінде бәсекені қажетті деңгейде ұстап тұруға, шаруашылық жүргізудің икемді стратегиялары мен тактикасын дайындауға және жүзеге асыруға, инновациялық үдерістерді жеделдетуге, жұмысбастылықтың өсуіне, жұмыстың нәтижелеріне жеке жауапкершілікті және күшті экономикалық мотивацияны дамытуға, өндірісті икемді қайта құруға, экономиканың оңтайлы құрылымына, ел аймақтарының бірдей дамуына қол жеткізуге көмек береді.
Бәсекеге ең қабілетті салаларда біз отандық өндірушілер үшін жаңа нарықтық тауашалар қалыптастыру стратегиясын белсенді әзірлеуге тиіспіз. Бұл, әсіресе, ДСҰ-ға кіру перспективаларын ескере отырып, кері индустрияландырудың ықтимал ыдыратушы әсерлерін болдырмауға мүмкіндік береді.
Жиынтық ЖІӨ-сі 2 трлн. АҚШ доллары болатын, 170 млн. тұтынушыны біріктіретін осынау ауқымды нарық біздің бизнесті бәсекеге қабілеттілікке үйретуі тиіс. Бұл ретте осынау экономикалық-интеграциялық үдерісте Қазақстан өз егемендігінің бір мысқалын да жоғалтпайды.
Республиканың экономикалық өсімінің жоғары темпі, әсіресе, соңғы жылдары кен өндіру өнеркәсібі дамуымен айқындалады. Сондықтан мемлекет деңгейінде ҚР-ның 2003-2015 жылдары индустриалды-инновациялық даму стратегиясына сәйкес «Бәсекелестікке қабілетті отыз елдің қатарына енгізу» және жоғары бағалы іс-әрекет жасап тұрған өндірістерді құру және дамыту, экономикалық саясаттағы артықшылықтарды алмастыру, отандық экономикадағы ресми жарияланған реформаларға сәйкес қазақстандық экономиканы әртараптандыруға байланысты белсенді шаралар қолдану туралы тапсырмалар берілді.
Көрсетілген стартегиялық мақсаттарды жүзеге асыруда өндірістің болашақ дамуына, халықтың тұтыну тауарларын шығару көлеиін ұлғайтуға, халыққа көрсетіліп жатқан қызмет түрлерін дамыту, ғылыми-техникалық дамуды жеделдету және жұмыссыздықты жою бойынша қойылған тапсырмаларын шешуге қажетті рольге бизнестің мағанасы ие.
Бұл жағдай бизнес қызметінің жандану механизмдерін және жаңа бағыттарды іздеу қажеттіліктерін көкейкесті етеді, ал бұл, өз кезегінде әлемдік шаруашылық жүйесіне ендіруге жағдай жасауда бизнестің бәсекеге қабілеттілігін көтеріп экономикалық потенциалын толық жүзеге асыруға жағдай жасайтын, шаруашылық қызметінің институционалды-құқықтық жағдайын қалыптастыратын бәсекелестік ортаны терең зерттеуді қажет етеді.
Қазақстан Республикасындағы өткізіліп жатқан экономикалық рефомаларды ұғынықты түрде әзірленген стратегиялар мен бағдарламалар негізінде экономиканың дамуын реттеуден тұратынын айтуымызға болады.
Бизнестің экономикалық және құрылымдық бөлігі ретіндегі мәселелеріне Қазақстандық ғалым-экономистерінің: У.Ж.Алиев, Е.Б.Жатканбаев, М.Б.Кенжегузина, А.К.Кошанова, К.О.Окаев, О.Сабден, А.Н.Токсанова, У.К.Шеденов, Р.К. Казиева, О.А.Яновская және т.б. еңбектері арналған.
Зерттеу нәтижелері бәсекелік қабілеттілікті, өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында компаниялардың, фирмалардың басқару органдарында, персоналдарға әлеуметтік инвестициялар және олардың еңбек нәтижелілігі өзара байланысын талқылауда тәжірибелік қолданыс таба алады.
Жүйелі «бизнестің әлеуметтік бағдарлануы» үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша мамандарды дайындау маңызды орынға ие. Осы мамандық бойынша стандартты жасау және оларды жоғары оқу орындарында даярлау қажет, бұл мемлекет деңгейінде және бизнес құрылымдардың белсенді қатысуымен шешілуі тиіс. Сонымен қатар, диссертациялық жұмыстағы негізгі тұжырымдар кәсіпкерлік, менеджмент, мемлекеттік реттеумен байланысты пәндерін оқу процесінде қолдануға болады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына сәйкес орындалды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу ( апробациясы). Диссертациялық жұмыстың негізгі концептуалдық жағдайлары халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған: «Қызылорда облысындағы бизнес құрылымдардың экономикалық дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Болгарияның София қаласы 2013жыл, 17-25 сәуір; Барлығы 2 мақала, жалпы көлемі 0,6 б.т. авторлық мәтінмен жарық көрді.
Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен ұсыныстар нақты іс тәжірибелерде, атап айтқанда Қызылорда облысы бойынша «Даму» бизнесті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының кәсіпкерлерді қаржыландыру қызметінде қолданылды.
Қазіргі отандық экономиканың жаңа сапалы сатыға өтуінің басты белгісінің бірі – бизнестің қарқынды дамуына қол жеткізу болып табылады.
Тәуелсіздік алған 22 жылда шағын және орта бизнес еліміз экономикасының қуатын арттыруға өзіндік үлес қосуда. «Біз тәуекелдерді өз мойнынан алуға, жаңа нарықтарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер тобын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады» -деп, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында назар таударған болатын.
Жалпы кедейшілікпен күрес, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, орнықты экономикалық даму, жаңа технологияларды өндіріске енгізу және мықты ұлттық интнллектуалды потенциал, инновациялық техникалық ресурстар, венчурлық капитал экономиканың шағын және орта бизнес саласындағы сегментінде шоғырланған. Сонымен бірге бұлар ірі бизнесті дамытатын негіз болып табылады.
«Ұлттық бизнестің біздің еліміздің экономикасын дамыту мен жаңғырту үдерісіне белсенді түрде қатысуына мемлекет қызығушылық танытуда. Біз бизнесті инновациялық жұмыс аясына тартуға мүдделіміз. Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ірі жобалардың жүзеге асырылуы басталып та кетті. Ол экономиканы әртараптандыру, модернизациялауға, шикізаттық емес саланың дамуына, ұлттық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуына жақсы қарқын берді. Бұл бағдарлама аясында іске асырылып жатқан жақсы жұмыс және оған көп көңіл бөлінетін болады. Десек те, негізгі мәселе ұлттық бизнес болып қала бермек. Әлемдік дағдарыстың жаңа толқыны жағдайында мемлекет пен бизнес серіктестігі әсіресе маңызды болып табылады. Барлық мемлекеттік жоспарлар мен бизнес құрылымдар әрекеттерін үйлестіру қажет».
Еліміздің 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы әлемдегі ең дамыған 30 елдің ішіне кіру міндетін алға қойып отыр. Бұл Стратегияда біз ұлттық бизнесті ішкі инвестициялардың өсуінің негізгі көзі ретінде қарастырдық. Әрине, бұған қол жеткізу үшін бизнес қозғалысы одан әрі жандана түсуі қажет. Қойылып отырған мерзімнің ішінде экономикадағы орта және шағын бизнестің үлесі 40 пайыздан кем болмауы тиіс. Сондықтан да, «Қазақстан-2050» Стратегиясында бизнесті дамыту мәселесіне ерекше мән берілген. Президент атап көрсеткен еліміздегі шағын және орта бизнес нысандарының 35 есеге өсуі, бүгінде 675 мың бизнес субъектіде 2 млн. 700 адамның жұмыс істеп жүргендігі осының айғағы.
Өз сөзінде Елбасы жуық арада елімізде жекешелендірудің екінші толқыны жүргізілетіндігін атап өткен болатын. Бұл өте маңызды мәселе болып табылады. Аталған шаруа тиімділік беруі үшін бизнестің белсенділігі кластерлік экономиканы құруға қарай бағытталуы керек. Біз алдымызға кең көлемді мақсат – әлемнің неғұрлым дамыған 30 экономикасының қатарына қосылу мақсатын қойдық. Қуатты экономика дегеніміз, бұл – күшті бизнес, отандық кәсіпорындардың бәсекеге барынша қабілеттілігі мен олардың кооперациясы. Сондықтан да, отандық бизнеске қолдау көрсетуді жаңа саяси бағытымыздың екінші маңызды міндеті етуіміз керек.
Осы жылдардың ішінде Қазақстанға 300 млрд. доллардың инвестициясы тартылса, мұның 124 млрд. долларын еліміздің ішкі инвестициялары құрайды, қалғаны шетелдік тікелей инвестициялар. Мемлекеттік қолдаудың маңызды бағыты шағын және орта бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Бұл үшін арнайы құрылған ұйымдар арқылы қаржылық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша функциялар орындалады.
Президенттің тапсырмасына сәйкес 2010 жылдан бастап үкімет «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бұл бағдарлама белсенді іске асырылуда, ол ілеспе Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы ретінде жалпы кәсіпкерлердің арасында табысты және сұранысқа ие болды.
Ресми деректерге сүйенсек, «Бизнестің жол картасы-2020» шеңберінде қазірдің өзінде 2,2 мыңнан астам жоба субсидиялауға қолдау алды, 335 кәсіпорын үшін инженерлік инфрақұрылымдар тартылды. 30 мыңнан астам кәсіпкерлер нақты қолдау алды. Түрлі кездесулер, кеңесулер ме басқосулар нәтижесінде бағдарламаға толықтырулар қабылданды, ол арқылы алғаш рет жаңа бастаған кәсіпкерлерге 3 млн. теңгеге дейін гранттар беріледі, лизингтік мәмілелер субсидияланады, несиелерді кепілдендірудің жаңа жүйесі жүзеге асырылады. Ірі қарыз алушылардың несиелері бойынша 60-тан 750 млн. теңгеге дейін, 750 млн.-нан 4,5 млрд. теңгеге дейін, сыртқы сарапшы ұйымдарды тарта отырып, жұмыс істеп тұрғандар үшін (несиелер бойынша 60 млн. теңгеге дейін) және жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін (сомасы 20 млн. теңгеге дейін, бұл ретте кепілдіктердің ең жоғары мөлшері несиенің 70%-ын құрайтын болады) дербес кепілдіктер енгізілді.
2012 жылдың 1 қаңтарына облыста шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 18 653, ондағы жұмыспен қамтылғандар саны 68 635 бірлікті құраса, 2012 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша белсенді шағын және орта бизнес субъектілердің саны облыс бойынша 21 888 және ондағы жұмыспен қамтылғандар 70 528-ге жетіп, ұқсас кезеңмен салыстырғанда тиісінше 124,3 және 108,1 пайызды құрауда.
Облыстағы шағын және орта бизнес қызметі көрсеткіштерінің құрылымына тоқтала кетер болсақ, 2012 жылдың қаңтар-қарашасындағы ШОБ субъектілерінің өнім (тауарлар, қызмет көрсетулер) шығарылымы 158606 млн. теңгені құрады.
Рынокта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2012 жылдың 1 желтоқсанына 19840 бірлікті құрады.
Шағын және орта бизнестің жұмыспен белсенді қамтылғандар саны 2012 жылдың 1 желтоқсанына 67167, ал 2013 жыл 65700 адамды құрады.
№ |
Көрсеткіш атауы |
01.02.2012ж. |
01.02.2013ж. |
% |
1 |
Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны, бірлік
|
18632 |
20859 |
95,5 |
2 |
Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны, адам
|
67167 |
65700 |
104,0 |
3 |
Өндірілген өнім көлемі, млрд. теңге
|
28,8
|
27,7
|
100,6
|
Ескерту - Қызылорда облысының статистика департаментінің мәліметтері, www.kyzylorda.stat.kz |
Шағын бизнес кәсіпорындарының дамуының статистикалық тіркелім деректері бойынша 2012 жылдың 1 желтоқсанына облысымызда шағын бизнестің 4629 кәсіпорны тіркелген, бұл 2011 жылдың 1 желтоқсан айына қарағанда 6,7 пайызға жоғары. Тіркелгендердің 63,8 пайызы (2954 бірлік) жұмыс істеп тұрған кәсіпорын болып табылды, яғни экономикалық қызметпен айналысты немесе айналыса алды, 2021 кәсіпорын (жұмыс істеп тұрғандарының 68,4 пайызы) белсенді болды. Аймақтар бойынша белсенді кәсіпорындардың ең көп саны Қызылорда қаласына (80,9 пайыз), Шиелі (4,4 пайыз), Қазалы (3,9 пайыз) аудандарына тиесілі.
Биылғы жылға келер болсақ, облыс бойынша 2013 жылдың 1 наурызына облыста шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 20859 құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,5% төмендеп отыр.
Ондағы жұмыспен қамтылғандар саны 65700 бірлікті құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,0% өсіп отыр.
Шағын және орта бизнес саласында 172,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,9 пайызға өссе, онда жұмыспен қамталғандар саны 65 695 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға өскен.
2012 жылдың қаңтар-қарашасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіруі 158606 млн. теңгені құрап, салыстырмалы жылдың қаңтар-қараша айына қарағанда 1,8 пайызға өсті, сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 19840 бірлік құрап 7,4 пайызға өсті, ал жұмыспен камтылғандар саны 65463 адамға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,7 пайыз құрады.
Бизнес субъектілерінің дамуын қолдау және ынталандырудың негізгі құралдарының бірі болып қаржы-несиелік ресурстар табылады.
2012 жылы барлық көрсетілген қаржы институттары арқылы шағын бизнес субъектілеріне 13,6 миллиард теңге, онын ішінде екінші деңгейлі банк филиалдарымен 8,8 миллиард теңге несие беріліп, жұмыспен қамтылғандар және өндірілген өнім көлемі бойынша осы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда артық екенін мына кестеден байқауға болады:
Кесте 2 - Қызылорда облысы бойынша құрылған және қолдау тапқан жұмыс орындары
1 бағыт |
Қолдау тапқан жұмыс орындары: 1251 Құрылған жұмыс орындары : 584 |
2 бағыт |
Қолдау тапқан жұмыс орындары : 80 Құрылған жұмыс орындары: 71 |
З бағыт |
Қолдау тапқан жұмыс орындары: 25 Құрылған жұмыс орындары:12 |
Ескерту - «Даму» бизнесті дамыту қоры» АҚ-ның сайты. http// www.damu.kz. Қызылорда облысы бойынша «Даму» бизнесті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы мәліметтері |
Қызылорда облысы бойынша барлық қолдау тапқан жұмыс орындары-1356, құрылған жұмыс орны – 667 бірлікті құрады.
Аймақтар рейтингісі мақұлданған жобалар бойынша Қызылорда облысы 13 орын алады.
Кәсіпкерлерге көмек көрсету барысында консалтинг компаниялар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғамдық ұйымдары да жұмыс жасауда. Осы ретте, кәсіпкерлермен бірге олардың қоғамдық ұйымдар өкілдері облыс, қала, аудан әкімдіктері жанынан құрылған комиссияларға, кеңестерге, жұмысшы топтар құрамына енгізіліп, мемлекеттік органмен бірге нәтижелі жұмыс атқаруда. 2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша аймақта 4 бағытта іске асырылуда. Осы уақытқа дейін 3 бағыты жүзеге асырылды. Соларға тоқталар болсақ:
Кесте 3 - «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша облыстың орташа статистикалық көрсеткіштері
Орташа несие сомасы |
219 млн. теңге |
1 бағыт – 146 млн. теңге; 2 бағыт – 2 255 млн. теңге; 3 бағыт – 527 млн. теңге
|
Орташа сыйақы мөлшерлемесі |
12,8% |
1 бағыт –12,8%; 2 бағыт –12,5%; 3 бағыт 14,0% теңге3 бағыт 14,0% теңге
|
Орташа несие мерзімі |
2,7 жыл |
1 бағыт – 2,7 жыл; 2 бағыт– ; 3 бағыт – 2,6 жыл
|
Орташа қол қойылған келісім-шарт субсидиясының мерзімі |
29 күн |
1 бағыт– 29 күн; 2 бағыт – 3 бағыт– 7 күн
|
Ескерту - «Даму» бизнесті дамыту қоры» АҚ-ның сайты. http// www.damu.kz. Қызылорда облысы бойынша «Даму» бизнесті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы мәліметтері |
Егерде екі жыл ішінде (2010-2011жж.) қайтарылған жобаларды есепке алмағанда 12 жоба субсидияланған болса, тек 2012 жылы 82 жоба мақұлданып, мемлекеттік бағдарламаның өсу динамикасының 6,8 есе ұлғайғанын көрсетеді және бұл динамика ағымдағы жылы жалғасын табатын болады.
Сонымен қатар, 2010-2011 жылдар ішінде тек 1 жоба 800,0 мың.теңге сомасына ішінара кепілдендірілсе, 2012 жылы 5 жоба 282,0 млн.теңгеге ішінара кепілдендірілді.
Бағдарламаның «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бағыты шеңберінде бөлінген 1 453,5 млн.теңге қаржы есебінен 10 жоба іске асырылуда. Олар:
Кәсіпкерлер мен жаңа өндіріс орындарын дамытуға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы Қызылорда облысына 1897,1 млн. теңге бөлінді.
Соның ішінде:
- несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялауға – 294,3 млн. теңге;
- валюталық несиелері бар кәсіпкерлерді қолдауға – 51,2 млн. теңге;
- кепілдендірілген несиелерді бөліп төлеуге – 48,0 млн. теңге;
- бизнестің сервистік қызмет көрсетулеріне – 50,0 млн. теңге;
- өндірістік инфрақұрылымдарды дамытуға – 1453,6 млн. теңге бөлінді.
Бағдарлама шеңберінде облыстың 1231 кәсіпорнына қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, «Қызылорда қаласында өнеркәсіп алаңын құру» мен «Қызылорда қаласында индустриалдық аймақ құру» жобалары бойынша қажетті инфрақұрылымдарды жеткізу жұмыстары жүзеге асырылды.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, Қызылорда облысының шағын және орта бизнес субъектілері үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 113 млрд. 144 млн. теңгенің өнімдерін өндірген.
Бұлардың 43 млрд. 793 млн. теңгесі - шағын, 59 млрд. 167 млн. теңгесі, орта бизнес субъектілерінің үлесіне тисе, 7 млрд. 539 млн. теңгесі жеке кәсіпкерлердің, ал 2 млрд. 645 млн. теңгесі шаруа (фермерлік) қожалықтарының күшімен пайда болған. Алайда, бұл көрсеткіштер Сыр бойы кәсіпкерлерінің жоғары табысқа жеткендерін куәландыра алмайды. Олар соңдарына тек Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарын ғана қалдырып, еліміз бойынша бар-жоғы 14-орынды еншілеп тұр.
Қызылорда облыстық статистика департаментінің деректері бойынша, былтырғы жылы аймақтағы шағын және орта бизнес құрылымдары 180 483 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, қызмет түрлерін көрсеткен.
Кейінгі жылдарда бизнестің жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығына қарамастан, экономиканың аталмыш секторының сапалық тұрғыдан дамуына кедергі болып отырған бірқатар проблемалар орын алуда. Мұндай проблемаларға мыналар жатады:
- заңнамалық базаның жетілмегендігі – жеке кәсіпкерлік туралы заңдардың нормалары ескірген. Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бірқатар мәселелер бойынша нақты нормалар шығарылмаған, мұнысы әкімшіліктік тосқауылдардың көбеюіне және әрекеттегі заңдардың әртүрлі пайымдалуына әкеледі;
- бизнес субъектілерін критерийлік тұрғыдан белгілеу мәселесі – кәсіпкерлік субъектілерін шағын және орта бизнес категориясына жатқызудың критерийлері әлемдік практикаға сәйкес келмейді. Төмендетілген құндылықтық критерийлер экономика мен бизнестің бүгінгі даму деңгейіне сай емес. Олар бизнестің жасанды түрде «бөлінуіне» ықпал етуде, отандық кәсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігі мен оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде.
- салықтық жүйе жеткілікті дәрежеде дамымаған – Қазақстанның салық жүйесінде шағын бизнес ауқымының өсуіне және оның біртіндеп орта бизнеске айналуына арналған экономикалық стимулдар қарастырылмаған;
- әкімшілік тосқауылдар – әкімшілік тосқауылдардың болуы шағын және орта бизнестің дамуына елеулі кедергісін тигізуде. Алайда оларды кешенді талдау осы мәселені бұрынғысынан да тиімді шешудің жолдарын ашуда;
- бизнесті қолдау инфрақұрылымының нашар дамуы және үзінділік сипатқа ие болуы – Қазақстанда орын алып отырған шағын және орта бизнесті қолдау инфрақұрылымы шағын және орта бизнесті дамыту шараларын қолдауды қамтамасыз етпейді және жоғары транзакциялық шығындарға негіз болуда;
- шағын және орта бизнес өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі – қормен жеткілікті деңгейде жарақтандырылмауы, негізгі құралдардың жоғары тозу деңгейі мен төмен дәрежедегі жаңартылуы, сондай-ақ тұтастай шағын және орта бизнес секторының төмен технологиялығы еңбек өнімділігін, шағын және орта бизнес өнімдерінің экономикалық тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде;
Шағын және орта бизнес субъектілерінің жеңілдік несиелік ресурстарға кеңінен қол жеткізуі үшін бизнесті қолдаудың төмендегідей қаржылық құралдарын ұсынуға болады:
- Алдағы жылдарға арналған бизнес субъектілері мен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін және тамақ өнімдерін шығаратын ұйымдарды тікелей несиелендіру бағдарламасын құру. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнестің сапалы дамуына және олардың облыс экономикасын әртараптандыру барысындағы рөлін күшейтуге ықпал ету;
- Франчайзингті дамыту қызметін аймақтық және шетелдік коммерциялық кәсіпорындардың сәтті үлгісін қайталау арқылы жүзеге асырып отырған шағын және орта бизнеске инвестициялық қолдау жасау;
- Орта және шағын бизнестің несиелерін кепілдендірудің шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелік ресурстарға кеңейтілген және тең түрде қол жеткізуі мақсатында оларға екінші деңгейлі банктердің алдындағы міндеттемелерін орындау жөніндегі жартылай кепілдіктерді ұсыну арқылы қолдау;
- Аймақтардағы нүктелік қаржыландырудың шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігін сол аймақ үшін басымдылыққа ие болатын салалардағы немесе жекелеген аймақтық бірліктердегі жобаларды қаржыландыру арқылы арттыру;
Мемлекет тарапынан түрлі қолдау бағдарламаларының жүзеге асырылуына қарамастан аймақ бойынша әрекет етуші және өз бизнесін енді бастағасы келетін әлеуетті кәсіпкерлер бизнесті ашу және одан әрі дамыту барысында бірқатар мәселелердің бар екендігін атап өтеді. Олардың қатарына төмендегілер жатқызылған:
1. Бизнесті ашу үшін рұқсат қағаздарын алуға уақыт пен қаржының мол жұмсалуы, түрлі рұқсат қағаздарын алуда жемқорлықтың, бюрократизмнің кең етек жаюы, бұл әсіресе газ жүргізу мәселесі бойынша;
2. Сыр өңіріндегі бірқатар қаржылық ұйымдардың өз бизнесін енді бастағалы жүрген әлеуетті кәсіпкерлерге жеңілдікті несие ұсынбауы;
3. Облыс аудандарында кейбір рұқсат қағаздарын алуда облыс орталығына бару қажетілігі;
Аталмыш мәселелерді шешудің мүмкін жолдары ретінде төмендегі шараларды қарастырамыз:
Relevance of studied work. Business – is the main sector of development of market economy. On a basis with a rich stock of minerals as is based on education and the innovations, steady and continuous development.
Object of research is the prospect of business and management of efficiency and an improvement measure.
Research objective: According to the state organizations and small business of Kazakhstan, the sphere and structure of business of Kyzylordinsky area and the OO regional branch "Fund of development of a predprnimatelstvo "Lady" on Kyzylordinsky area, Management of production and предпрнимательсива Kyzylordinsky area.
Teoretiko-metodichesky basis of research business management, normative and legal documents RK, agency of Statistics of RK and data of OO of fund "Lady" on development of a predprnimatelstvo and the annual report of the OO regional branch of fund of development of business "Lady" on Kyzylordinsky area, tsvedeniye state the organizations "Production Management and Business of Kyzylordinsky Area" makes works and experiences of foreign and domestic scientists, theoretical mechanisms. In work of theses different methods of research are used: economical and statistical methods and others.
Scientific innovation of dissertation work: As a result of the conducted research reached the main results works defining scientific novelty, to analyze efficiency of economy, to give support of business in the region. By means of this work reached such results, as:
- Economy research a business level of development in the region and support of association and cooperation of small and medium business to create system and to support;
- Encouragement of local business undertakings, strict regulation of the accounting of development of domestic market;
- New conditions including participation in the Euroasian economic space, considering occurrence the World Trade Organization (WTO), to improve support of business of the region, to provide protection of interests and to take all necessary measures of advance;
- To offer the region population products proizvodenny business structures of area and for elimination of pripyatstvo to organize support from the power.
25 12 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
25 12 2014
3 стр.
Орта мектептің физика курсында кванттық механика элементтерін оқытудың әдістемелік негіздері
25 12 2014
1 стр.
Жұмыс Гуманитарлық-Педагогикалық факультетінің «Педагогика және психология» кафедрасында орындалды
25 12 2014
1 стр.
Сырдарияның төменгі ағысындағы табиғи ландшафттардың қазіргі экологиялық күйін талдау
25 12 2014
1 стр.
Орта ғасырлардағы сырдарияның ТӨменгі ағысындағЫ Қалалардың ҚОРҒаныс жүйесі: тарихи талдау (V-ХІV ғғ.)
25 12 2014
1 стр.