Перейти на главную страницу
6M060800 – Экология мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Қызылорда, 2013 ж.
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты, «Химия және экология» кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші: |
биология ғылымдарының докторы, профессор | |
|
С.Ж.Ибадуллаева | |
|
|
|
|
|
|
Ресми оппонент: |
Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығының Ересектерге кеңес беру бөлімінің дәрігері, м.ғ.к., Ә.Н.Тұрмағанбетов | |
|
| |
|
|
Магистерлік диссертацияны қорғау 2013 жылдың «7» маусымда сағат 900-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің № 9 оқу ғимаратының (Амангелді көшесі №66) № 302 дәрісханасында мәжілісінде қорғалады.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (К.Байсейітова көшесі № 100) танысуға болады.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Арал өңірі тұрғындарының маңызды мәселелерінің біріне экстремалды жағдайда адамдардың жұмыс қабілеттілігі мен тіршілік әрекетін зерттеу жатқызылады, себебі антропогендік жүктеменің қоршаған ортаға мөлшерден көп түсуі ғаламдық экологиялық проблеманың туындауына алып келді. Қатал климат жағдайындағы қоршаған ортаның ауыл шаруашылықтық және өндірістік қалдықтарымен ластануы организмнің резервтік мүмкіндігін төмендетіп, өзгеріп жатқан факторларға бейімделуін қиындатады.
ЮНЕСКО-ның анықтауы бойынша Арал өңірі дағдарыс аймағының бірі болып табылады. Соңғы жылдары осы аймақтағы санитарлық–эпидемиологиялық жағдай, сонымен бірге тұрғындардың аурушаңдық деңгейі мен оның жоғарылауы туралы біраз мәлеметтер жинақталды. Сонда да мүшелер мен мүшелер жүйесіндегі функционалдық өзгерістер және дені сау адамның резервті мүмкіндіктерінің осы аймақтың экстремалды факторларының әсерінен өзгеруі мен олардың мониторингі, сонымен қатар алдын–алу және түзету жолдары әлі де зерттеуді қажет етеді.
ХХ ғасырдың соңында Қызылорда облысы көлемінде экологиялық және медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық бағытта жүргізілген мониторинг топырақта, суда, өсімдіктер мен жануарлар ұлпасында ауыр металдар тұздары, пестицидтер, гербицидтер, гидразиннің түрлі туындылары сияқты токсиканттардың шекті мөлшерлі концентрациядан артып кеткенін көрсетті. Экстермалды факторлардың адам және жануарлар организміне әсерінің дәрежесі оңтүстіктен солтүстік бағытта өзгеріп отыратынын көрсетті [3]. Қазіргі кезде Қызылорда облысында қоршаған орта жағдайына әсер ететін мынадай экстремальді факторларды атауға болады:
1) климаттың құрғауы және судың аздығы;
2) ауыз судың жетімсіздігі және химиялық құрамының санитарлық нормаға сәйкес келмеуі;
3) жердің беткі қабатының тұздануы және түрлі жіктелмеген токсинді заттармен улануы;
4) табиғи ортаның өндірістен бөлінетін, ауылшаруашылықтық, тұрмыстық-шаруашылықтық қалдықтармен және түрлі химиялық тастандылармен ластануы.
Осындай жағдайдағы экологиялық дағдарыс аймағында тұратын адамдардың бірқатар органдары мен жүйелерінде патологиялық өзгерістерге дейін дамитын функционалдық жағдайдың өзгерістері болатындығы айқындалды. Қызылорда облысында тұратын тұрғындардың қан аурулары және қанжасау органдарының аурулары орташа республикалық көрсеткіш бойынша 3,5 есе жоғары, әйелдердің 90%-ы анемиямен зардап шегуде. Организмді гомеостазбен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын кардиореспираторлы жүйесі бойынша, қан жүйесі бойынша, иммундық жүйе бойынша, репродуктивті жүйе бойынша өзгерістер бар екені нақтыланды.
Сонымен қатар, Арал өңірі тұрғындарының тыныс алу жүйесі мүшелерінің жағдайы және маусымдық өзгерістері соңғы жылдары зерттелмеген.
Сондықтан жоғарыда айтылғандар «Арал өңірі тұрғындарының респираторлық жүйесінің функционалдық көрсеткіштерінің ауытқуы және түзету жолдары» атты ғылыми зерттеу жұмысының бастамасына негіз болды.
Зерттелінушілердің негізгі антропометриялық көрсеткіштері- бойының ұзындығы мен дене салмағы анықталды.
Зерттелінушілердің респираторлық жүйесінің функционалдық жай-күйін бағалау 2011-2012 жылдарының әр мезгілінде спирометриямен анықталатын өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС), стандартты әдіспен анықталатын тыныс жиілігі (ТЖ) анықтау жүргізілді. Эритроциттер мен лейкоциттер саны және лейкоциторлы формула стандартты лабораториялық әдістерімен есептелінді.
Қандағы гемоглобин концентрациясы ацетонциангидридті трансформациялаушы реактиві арқылы анықталды. Қан сынамаларын талдау облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында жүргізілді.
Организмнің функцияларының тұрақтануы және оның «резервтік» мүмкіндіктері жайлы оған қосымша жүктеме түсіргеннен соң ғана байлам жасауға болатындығын ескере отырып, Арал өңірі тұрғындарының респираторлық жүйесінің функционалдық резервін анықтау үшін респираторлық жүйе параметрлері тыныштық күйде өлшенді.
ҚӨК арқылы тыныс алу жаттығуларының респираторлық жүйеге оң әсері жайлы мәліметерді ескере отырып, ҚР БҒМ, Адам және жануарлар физиологиясы институтында құрастырылған арнайы аппартты пайдалана отырып зерттелінушілердің гипоксиялық-гиперкапниялық жаттығулардан кейінгі тіркелген көрсеткіштерін салыстырдық. Әдістемелік нұсқауға сәйкес 20 күн бойы күніне 20 минуттан ҚӨК көлемін біртіндеп 450-600 мл-ден 1000-1500 мл-ге жоғарылатып, жаттығулар жүргізілді. 10 күн үзілістен кейін зерттелінушілерге 20 күн бойы ҚӨК арқылы тыныс алынды.
Барлығы 675 бақылау жүргізіліп, 412 қан сынамасы талданды.
Алынған мәліметтерді Microsoft Excell бағдарламасының көмегімен статистикалық өңделді.
Алға қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес Арал өңірінің әртүрлі аймақ тұрғындарының антропометриялық көрсеткіштері, сыртқы тыныс алу мен кардиогемодинамиканың кейбір параметрлері, қанның клеткалық құрамы зерттелініп, кардиореспираторлық жүйенің функционалды резерві анықталды. Анықталған өзгерістерді гипоксиялық-гиперкапниялық жаттығулар көмегімен коррекциялау мүмкіндігі зерттелді.
2.1 Арал өңірінің әртүрлі аймағы тұрғындарының сыртқы тыныс алу параметрі және оның гипоксиялық – гиперкапниялық тыныс алу жаттығулар кезінде өзгеруі
Өкпенің тіршілік сиымдылығы
Жүргізілген зерттеулерде оңтүстіктік, қызылордалық және солтүстік қыздарда семестрдің басында ӨТС ҚӨК-сіз топта тиісінше 2724±102, 2628±74 және 2540±112 мл, ал тыныс алу жаттығулары тобында тиісінше 2742±116, 2656±98 және 2574±92 мл тең болды. Әрбір семестрдің соңында ӨТС біраз жоғарлағаны байқалды: ҚӨК-сіз топта тиісінше 1,9, 1,7 және 1,4%-ға жоғарылап, 2725±98, 2656±78 және 2662±110 мл тең болса, ал ҚӨК-ті топта тиісінше 5,2, 7,4 және 6,5%-ға көтерілді және 2866±114, 2852±96 және 2741±90 мл тең болды (1-сурет). Эксперимент көрсеткендей Арал өңірінің факторлар кешені қыздардың ӨТС-на қолайсыз әсер етеді; Аралға жақын аудандардың тұрғындарында ӨТС шамасы төмен болып, ӨТС шамасы мен қыздардың тұратын аймағының Арал теңізінен қашықтығы арасында тәуелділік байқалды.
1-сурет. Арал өңірінің әртүрлі аймағында тұратын қыздардың ӨТС-ның орташа шамасы (мл)
Жігіттерде ӨТС қыздарға қарағанда айқын жоғары болды: ҚӨК-сіз топта семестрдің басында оңтүстік, қызылордалық және солтүстіктік жігіттерде ӨТС тиісінше 3219±86, 2978±78 және 2895±102 мл болса, тыныс алу жаттығулары жүргізілген топта семестрдің басында оңтүстік, қызылордалық және солтүстік жігіттерде ӨТС тиісінше 3205±60, 2952±98 және 2828±116 мл тең болды. Семестрдің соңында ӨТС жоғарылағаны анықталды: ҚӨК-сіз топта тиісінше орташа 3,1, 1,9 және 1,3% -ға, ҚӨК-ті топта тиісінше орташа 6,2%, 5,5% және 5,6%-ке көтеріліп тиісінші ҚӨК-ті топта 3318±88, 3034±80 және 2932±100 мл, ал ҚӨК-ті топта тиісінше 3403±62, 3114±100 және 2986±114 мл тең болды (2-сурет).
Арал теңізінен алысырақтағы оңтүстік аудан жігіттерінің ӨТС қызылордалық және солтүстік аудан тұрғындарының көрсеткішінен жоғары болды және ӨТС мен жігіттердің туған жерінің Арал теңізінен қашықтығы арасындағы тәуелділік байқалды.
2-сурет. Арал өңірінің әртүрлі аймағында тұратын жігіттердің ӨТС-ның орташа шамасы (мл)
ҚӨК арқылы гипоксиялық- гиперкапниялық жаттығуларды ұзақ уақыт жасау қысқа циклды жаттығуларға қарағанда қыздардың да, жігіттердің де ӨТС көрсеткішіне жағымды әсер ететіні анықталды.
Жүргізілген экспериментте зерттелген барлық топта қыздарда да, жігіттерде де ТЖ минутына 13-16 соғу аралығында болды, дегенмен әрбір семестрдің соңында бұл көрсеткіштің 6,7-7,1%-ға жоғарылағаны тіркелді (3,4- суреттер).
Жүргізілген есептеулерде семестрдің басында ҚӨК арқылы жаттығу жүргізілмеген топта оңтүстік, қызылордалық және солтүстіктің қыздарында ТЖ минутына тиісінше 14, 15 және 14 рет соғуды көрсетсе, ҚӨК арқылы жаттығу жүргізілген топта 15, 14 және 14 рет соғу екені анықталды. Семестрдің соңында ТЖ ҚӨК арқылы жаттығу жүргізілмеген топта оңтүстік, қызылордалық және солтүстіктің қыздарында минутына тиісінше 15, 15 және 15 рет соғуды көрсетсе, ҚӨК арқылы жаттығу жүргізілген топта 16, 15 және 15 рет соғу екені белгілі болды.
Зерттелінушілердің ТЖ тұрғылықты мекеннің Арал теңізінен қашықтығына тәуелді болған жоқ.
3-сурет. Арал өңірінің әртүрлі аймағында тұратын қыздардың ТЖ-нің орташа шамасы (мин)
4- сурет. Арал өңірінің әртүрлі аймағында тұратын жігіттердің ТЖ-нің орташа шамасы (мин)
Зерттелінушілердің гипоксикалық- гиперкапниялық тыныс жаттығулары кезіндегі ӨТС анықталған шамасы әдебиеттерде мақұлдана бермейді. Мәселен, дені сау зерттелінушілердің тыныс алудың көлемі мен минуттық көлемінің максималды жоғарылауы ҚӨК арқылы күнделікті тыныс жаттығулары аяқталғаннан кейін (20 тәулік бойы 20 минуттан) 13 – тәулікке қарай тіркелінетіні және осы кезде ӨТС және ТЖ шамаларының өзгермейтіні жайлы мәлімет бар. Айырмашылық біздің зерттеуімізде тыныс жаттығуларын ұзақ жүргізумен түсіндіріледі, оның үстіне Арал өңірі тұрғындарының ӨТС көрсеткіші міндетті шамадан біраз айырмашылықта.
Өкпенің созылмалы арнайы емес ауруларында 12-13 күн 20 минуттан ҚӨК арқылы тыныс жаттығуларын жасау өкпенің вентиляциясын жақсартатыны, ТЖ-нің төмендеген кезінде байқалатын сыртқы тыныс алудың функционалды резервтерін жоғарылататыны, яғни біздің жағдайымыздағы сияқты сыртқы тыныс алу параметрлерінің өзгерісіне ұқсас болды. Осылайша жүргізілген зерттеулер Арал өңірінің экологиялық қолайсыз жағдайларында МӨТС –ке қарағанда ӨТС-ы әсіресе жігіттерде төмен екендігін, сонымен бірге тыныс алу жүйесінің резервтік мүмкіншіліктерінің қыздарда да, жігіттерде де төмен екендігі, бұның зерттелінуші неғұрлым Аралға жақын тұрған сайын айқындалатындығын анықтайды. ҚӨК арқылы тыныс алу жаттығулары зерттелінуші организміне оң әсер етіп ӨТС шамасын МӨТС шамасына жақындататыны, сонымен қатар тыныс алу жүйесінің функционалды резервтерін ұлғайтатыны, әсіресе жаттығулар неғұрлым ұзақ жүргізілсе, өзгерістер соғұрлым айқынырақ болатыны айқындалды.
2.2 Арал өңірі тұрғындарының қанының клеткалық құрамы және гипоксиялық-гиперкапниялық тыныс алу жаттығуларының әсері
Эритроциттер
Жүргізілген зерттеулерде семестрдің басында оңтүстік, Қызылорда мен солтүстік аудан қыздарының қандағы эритроцит мөлшері ҚӨК-сіз топта тиісінше (3,9±0,4), (4,0±0,3) және (3,6±0,3)x10¹²/л болса, тыныс жаттығулары жүргізілген эксперимент тобында тиісінше (3,9±0,4), (4,0±0,3) және (3,7±0,3)x10¹²/л тең болды. Ал семестрдің соңында ҚӨК-сіз топта эритроциттер мөлшері ия өзгеріссіз қалды (оңтүстік және солтүстік қыздарда), ия 5,0%-ға төмендеді (қызылордалықтарда), ал ҚӨК-ті топта барлық жағдайда да тиісінше 5,1, 7,5 және 5,4%-ға жоғарылады. Семестрдің соңындағы қызыл қан түйіршіктері мөлшері ҚӨК-сіз топта тиісінше (3,9±0,4), (3,8±0,3) және (3,6±0,3)x10¹²/л болса, тыныс жаттығулары жүргізілген эксперимент тобында тиісінше (4,09±0,4), (4,3±0,3) және (3,89±0,3)x10¹²/л тең болды (сурет 5).
5-сурет. Арал өңірі қыздарының қанындағы эритроциттердің орташа мөлшері (x10¹²/л)
Көріп отырғанымыздай Арал өңірінің факторлар кешені қыздардың эритроцит мөлшеріне қолайсыз әсер етеді: Арал теңізіне жақын аймақтарда тұратын қыздардың эритроцит мөлшері төмен екені белгілі болды.
Жігіттерде қыздарға қарағанда эритроцит мөлшері жоғарырақ, әсіресе тыныс алу жаттығулары жүргізілген топта жоғары болды. ҚӨК-cіз топта семестрдің басында оңтүстік, қызылордалықтар және солтүстік өңір жігіттерінде эритроцит мөлшері тиісінше (4,1±0,1), (4,0±03) және (3,8±0,3)x10¹²/л, ал гипоксиялық- гиперкапниялық жаттығулар жүргізілген топта тиісінше (4,4±0,2), (4,5±0,4) және (4,0± 0,2)x10¹²/л болды. Осы кезде семестрдің соңында ҚӨК-cіз топта қанның қызыл клеткаларының мөлшері өзгермесе, тыныс жаттығулары жүргізілген топта тиісінше 4,5, 4,4 және 5,0%-ға көтерілді. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының соңында оңтүстік, қызылорда және солтүстік өңір жігіттерінде эритроцит мөлшері тиісінше (4,1±0,1), (4,0±03) және (3,8±0,3)x10¹²/л, ал гипоксиялық- гиперкапниялық жаттығулар жүргізілген топта тиісінше (4,59±0,2), (4,59±0,4) және (4,2± 0,2)x10¹²/л тең болды (сурет6).
6-сурет. Арал өңірінің әртүрлі аймақтарында тұратын жігіттердегі эритроциттердің орташа мөлшері (x10¹²/л)
Осылайша жүргізілген эксперименттер Арал өңірі тұрғындарының қанындағы зерттеу жұмысы барысында тіркелген эритроцит мөлшері әдебиеттерде келтірілген осы жас пен бойдың ұзындығына сай келетін шамадан төмен екенін көрсетті. Сонымен бірге зерттелінуші Аралдан неғұрлым қашығырақ өмір сүрсе, қызыл қан клеткаларының мөлшері соғұрлым жоғары болды.
ҚӨК арқылы тыныс жаттығуларын жүргізу қыздардың да, жігіттердің де қанындағы эритроциттер концентрациясына қолайлы әсер етті, әсіресе ұзақ уақыт жаттығулар кезінде бір семестрдегі жаттығулар цикліне қарағанда эритроциттер мөлшері айқын жоғарылады.
Гемоглобин
Зерттелінушілердің қанындағы гемоглобин концентрациясы эритроцит мөлшеріне сай келеді. Жүргізілген зерттеу кезінде оңтүстік, қызылорда және солтүстіктің қыздарында семестрдің басында қандағы гемоглобин мөлшері ҚӨК-сіз топта тиісінше 127,0±3,1, 130±2,7 және 117,5±3,3 г/л, ал тыныс жаттығулары жүргізілген экспериментте тиісінше 128,7±3,5, 133,9±2,6 және 123±2,6 г/л тең болды. Ал семестрдің соңында ҚӨК-сіз топта оның концентрациясы оңтүстік қыздарда өзгермесе, қызылордалық қыздарда 1,5%-ға, ал солтүстік қыздарда 0,7%-ға азайса, ҚӨК-сіз топта тиісінше 4,0 , 3,6 және 3,7%-ға жоғарылады. Семестрдің соңындағы гемоглобин мөлшері оңтүстік, қызылорда және солтүстіктің қыздарында ҚӨК-сіз топта тиісінше 127,0±3,1, 128±2,7 және 115±3,3 г/л, ал тыныс жаттығулары жүргізілген экспериментте тиісінше 132±3,5, 137±2,6 және 127±2,6 г/л тең болды (сурет 7).
7-сурет. Арал өңірінің әртүрлі аймақтарында тұратын қыздардың қанындағы гемоглобиннің орташа концентрациясы (г/л)
Қыздарға қарағанда жігіттерде гемоглобин мөлшері жоғары, әсіресе тыныс алу жаттығулары жүргізілген топта жоғары болды. Семестрдің басында оңтүстіктік, қызылордалық және солтүстіктік жігіттерде гемоглобиннің орташа концентрациясы ҚӨК-сіз топта тиісінше 134,6±2,2, 137,1±2,3 және 125,8±3,0 г/л болса, ҚӨК-ті топта тиісінше 139,3±3,2, 138,9±3,1 және 131,7±1,0 г/л көрсетті. Егер ҚӨК-сіз топта семестрдің соңында гемоглобин концентрациясы оңтүстік және солтүстіктік жігіттерде тиісінше 1,0 және 1,2%- ға жоғарыласа, қызылордалықтарда 0,9%-ға төмендеді, ал тыныс алу жаттығулары жүргізілген топта тиісінше 2,0, 2,0 және 2,3%-ға көтерілді (сурет 8). Семестрдің соңындағы гемоглобин концентрациясы оңтүстіктік, қызылордалық және солтүстіктік жігіттерде ҚӨК-сіз топта тиісінше 135±2,2, 135,1±2,3 және 126,5±3,0 г/л болса, гипоксиялық-гиперкапниялық жаттығулар тобында тиісінше 141±3,2, 140±3,1 және 134,1±1,0 г/лтең болды.
8-сурет. Арал өңірінің әртүрлі аймақтарында тұратын жігіттердің қанындағы гемоглобиннің орташа мөлшері (г/л)
Осылайша, жүргізілген эксперименттер Арал өңірі тұрғындарында тіркелген қандағы гемоглобин мөлшері концентрациясы әдебиеттерде келтірілген осы жас пен бойдың ұзындығына сай шамалардан төмен екендігін көрсетті, сонымен қатар туып өскен жері Арал теңізінен неғұрлым қашық зерттелінушінің қанындағы гемоглобин мөлшері соғұрлым жоғары болатыны анықталды. Дегенмен жүргізілген есептеулерде Арал өңірінің әртүрлі аймақтарында тұратын қыздардың да, жігіттердіңде қанындағы түсті көрсеткіш өзгеріссіз болып, орташа 0,98±0,04 тең болды.
Гипоксиялық-гиперкапиялық тыныс алу жаттығулары қыздардың да, жігіттердің де қанындағы гемоглобин концентрациясына оң әсер еткені, әсіресе ұзақ уақыт жүргізген тыныс алу жаттығуларда бір семестр бойы жүргізілген қысқа мерзімді жаттығулардан гөрі гемоглобин концентрациясы айқын жоғарылайтыны, бірақ түсті көрсеткіш өзгермейтіні белгілі болды.
Лейкоциттер
Келесі зерттеулер сериясында Арал өңірі тұрғындарның қанындағы лейкоциттер мөлшерін анықтадық. Оңтүстіктік, қызылордалық және солтүстіктік қыздардың қанындағы лейкоциттердің орташа мөлшері семестрдің басында ҚӨК-cіз бақылауларда тиісінше (5,8±0,5), (5,5±0,5) және (5,8±0,3) x109⁹/л тең болса, тыныс жаттығулары жүргізілген эксперимент тобында (5,6±0,5), (5,7±0,4) және (5,6±0,7)x109⁹/л көрсетті. Семестрдің соңыңда ҚӨК-сіз топта олардың мөлшері оңтүстіктің қыздарында өзгермесе, қызылордалықтарда 1,8%-ға көтеріліп, солтүстіктік қыздардарда 1,7%-ға төмендеді, ал ҚӨК-ті топта барлық жағдайда да тиісінше 5,4, 1,8 және 1,8%-ға төмендеді. Семестрдің соңындағы ақ қан клеткаларының мөлшері оңтүстіктік, қызылордалық және солтүстіктік қыздарда ҚӨК-cіз бақылауларда тиісінше (5,8±0,5), (5,6±0,5) және (5,7±0,3) x109⁹/л тең болса, тыныс жаттығулары жүргізілген эксперимент тобында (5,29±0,5), (5,59±0,4) және (5,49±0,7)x109⁹/л тең болды (cурет 9).
Жүргізілген есептеулерді талдау кезінде зерттелінушілердің қанындағы лейкоциттер концентрациясы мен зерттелінушінің туып өскен мекенінің Арал теңізінен алыстығы арасында қандай да тәуелділік анықталған жоқ.
9-сурет. Арал өңірінің әртүрлі аймақтары қыздарының қанындағы лейкоциттердің орташа мөлшері (x10⁹/л)
1-кесте. Арал өңірінің әртүрлі аймағында тұратын қыздардың лейкограммасы (орташаланған мәліметтері, %)
Бақылау кезеңі |
эозино- |
нейтрофилдер |
лимфо- |
моно- | ||
|
филдер |
таяқша |
сегмент- |
циттер |
циттер | |
|
|
ядролы |
ядроля |
|
| |
ҚӨК-сіз бақылаулар | ||||||
О |
семестрдің басы |
1,70,7 |
1,40,8 |
57,93,9 |
38,03,9 |
1,00,6 |
|
семестрдің соңы |
1,40,7 |
1,30,7 |
57,93,1 |
37,93,8 |
1,51,0 |
Қ |
семестрдің басы |
2,00,7 |
1,30,9 |
57,43,9 |
37,94,2 |
1,40,8 |
|
семестрдің соңы |
1,40,7 |
1,40,3 |
54,23,3 |
41,73,4 |
1,30,6 |
С |
семестрдің басы |
1,80,7 |
1,00,5 |
60,84,3 |
35,43,7 |
1,00,7 |
|
семестрдің соңы |
1,91,3 |
1,10,9 |
59,34,8 |
36,83,5 |
0,90,8 |
ҚӨК-ті бақылаулар | ||||||
О |
семестрдің басы |
1,30,9 |
1,30,8 |
58,63,2 |
37,63,5 |
1,20,9 |
|
семестрдің соңы |
2,00,7 |
1,50,7 |
58,62,9 |
36,53,2 |
1.41,0 |
Қ |
семестрдің басы |
1,40,6 |
1,40,4 |
58,23,4 |
37,74,4 |
1,30,9 |
|
семестрдің соңы |
1,70,8 |
1,30,3 |
55,23,3 |
40,64,2 |
1,20,8 |
С |
семестрдің басы |
2,00,8 |
0,90,5 |
62,04,8 |
34,14,8 |
1,00,7 |
|
семестрдің соңы |
1,81,2 |
1,60,8 |
60,34,9 |
35,03,6 |
1,30,9 |
Зерттелген барлық топ қыздарында семестрдің басы мен соңындағы лейкоциттердің барлық түрлерінің пайыздық мөлшерінің арасында қандай да бір байланыстың болмағаны анықталды. Осы кезде барлық топ қыздарындағы эозинофилдер, таяқшаядролы нейтрофилдер мен лимфоциттер мөлшері айқын емес өзгерсе, сегментядролы нейтрофилдер мен моноциттер саны айқын төмендеді.
Жүргізілген зерттеулерде ҚӨК-cіз топта қандағы тек эозинофилдер, ал тыныс жаттығулары жүргізілген топта тек сегментядролы нейтрофилдер мөлшері зерттелінушінің тұрғылықты мекенінің Арал теңізінен алыстығына тәуелді болды, лейкоциттердің басқа топтары үшін тәуелділік байқалған жоқ.
Жігіттердің қанындағы лейкоцит мөлшері қыздардың лейкоцит көрінісінен айырмашылықта болған жоқ. Мәселен, ҚӨК-cіз топта семестрдің басында ақ қан клеткаларының орташа мөлшері оңтүстік, қызылорда және солтүстік айдан тұрғындарында тиісінше (5,9±0,3 ), (6,0±0,4) және ( 5,4±0,3 ) x109/л, ал гипоксиялық-гиперкапниялық жаттығулар жүргізілген топта (5,8±0,4), (5,2±0,3) және (6,3±0,3) x109/л тең болды. Ал семестрдің соңында ҚӨК-сіз топта лейкоцит мөлшері оңтүстіктік жігіттерде өзгермесе, қызылордалық және солтүстіктік жігіттерде тиісінше 3,3 және 5,6%- ға жоғарыласа, тыныс алу жаттығулары тобында тиісінше 6,9 1,9 және 1,6%-ға төмендеді. Семестрдің соңындағы лейкоциттер концентрациясы ҚӨК-cіз топта оңтүстік, қызылорда және солтүстік айдан тұрғындарында тиісінше (5,9±0,3 ), (6,19±0,4) және (5,7±0,3 ) x109/л, ал гипоксиялық-гиперкапниялық жаттығулар жүргізілген топта (5,39±0,4), (5,1±0,3) және (6,19±0,3) x109/л тең болды (cурет 10).
10-сурет. Арал өңірінің әртүрлі аймақтарында тұратын жігіттердің қанындағы лейкоциттердің орташа мөлшері (x10⁹/л)
Қыздардағы сияқты жігіттердің де қанындағы лейкоциттерінің жекелеген түрлерінің пайыздық қатынасы анықталды (2-кесте). Жүргізілген талдау кезінде семестрдің басы мен соңында лейкоциттердің барлық түрлерінің пайыздық мөлшерінің арасында қандай да бір байланыс анықталған жоқ. ҚӨК-сіз топта оңтүстік және солтүстіктің тұрғындарында лейкоциттердің төмендегені тіркелсе, қызылордалықтарда лейкоциттер және сигментядролы нейтрофилдер төмендесе, лимфоциттер жоғарылады.
Бақылау кезеңі |
эозино- |
нейтрофилдер |
лимфо- |
моно- |
| |||
|
филдер |
таяқша |
сегмент- |
циттер |
циттер |
| ||
|
|
ядролы |
ядроля |
|
|
| ||
ҚӨК-сіз бақылаулар |
| |||||||
О |
семестрдің басы |
1,80,8 |
1,30,5 |
57,52,3 |
35,61,8 |
1,00,2 |
| |
|
семестрдің соңы |
2,10,4 |
1,10,7 |
59,22,9 |
37,23,6 |
1,30,4 |
| |
Қ |
семестрдің басы |
2,50,4 |
1,40,6 |
58,02,0 |
36,42,1 |
1,60,2 |
| |
|
семестрдің соңы |
1,80,4 |
1,10,3 |
61,52,1 |
37,11,7 |
1,30,4 |
| |
С |
семестрдің басы |
2,70,7 |
0,90,3 |
58,51,7 |
36,11,5 |
2,00,9 |
| |
|
семестрдің соңы |
1,90,7 |
0,80,3 |
59,32,3 |
34,72,1 |
0,90,6 |
| |
|
|
Наблюдения c ДМП | ||||||
О |
семестрдің басы |
2,10,5 |
1,40,4 |
56,91,9 |
34,72,1 |
0,70,3 |
| |
|
семестрдің соңы |
2,00,5 |
1,20,4 |
57,81,7 |
36,71,8 |
1,50,6 |
| |
Қ |
семестрдің басы |
1,30,4 |
1,30,7 |
56,90,6 |
38,01,7 |
1,50,4 |
| |
|
семестрдің соңы |
1,30,5 |
0,50,3 |
60,40,8 |
38,61,7 |
0,60,2 |
| |
С |
семестрдің басы |
1,80,3 |
1,40,3 |
60,82,0 |
35,01,6 |
1,80,1 |
| |
|
семестрдің соңы |
1,60,2 |
0,90,2 |
61,20,9 |
35,31,3 |
1,20,1 |
|
Тыныс жаттығулары жүргізілген топта оңтүстіктің жігіттерінде эозинофилдердің пайыздық қатынасы анық жоғарыласа, сигментядролы нейтрофилдер мөлшері төмендеді. Қызылордалықтарда лимфоциттердің пайыздық арақатынасы жоғарылап, моноциттер төмендеді. Солтүстік жігіттерде лимфоциттердің пайыздық қатынасы жоғарылап, сегментядролы нейтрофилдер төмендеді.
ҚӨК-cіз топта да, ҚӨК-ті топта да лейкоциттердің жекелеген түрлерінің пайыздық мөлшерінің зерттелінушінің тұрғылықты мекенінің Арал теңізінен қашықтығына тәуелділігі байқалған жоқ.
Осылайша жүргізілген зерттеулер Арал өңірі тұрғындарының қанындағы лейкоциттердің тіркелген мөлшері экологиялық «таза» аймақ тұрғындары үшін белгіленген шекте екенін көрсетті. Сонымен қатар лейкоциттердің көптеген түрлері үшін олардың пайыздық мөлшері мен зерттелінуші туып-өскен аймақтың Аралдан қашықтығы арасында байланыс анықталған жоқ.
ҚӨК-ті пайдалану арқылы тыныс алу жаттығулары ақ қан клеткаларына айқын әсер еткен жоқ, тек олардың кейбір түрлерінің қыздарда да, жігіттерде де төмендеу тенденциясы байқалды. Оның үстіне бақылау тобында да эксперимент тобындағы да қыздардың да, жігіттердің де қанындағы лейкоциттердің кейбір түрлерінің мөлшерінің бір бағытты өзгерісі байқалған жоқ, бұны осы көрсеткішті зерттеу барысында анықталған шаманың физиологиялық қалыпты шамаға сай келетіндігімен түсіндіруге болады.
Осылайша алынған мәліметтер Арал өңіріне тән климаттық – географиялық және антропогендік факторлардың әсерінен зерттелінушілерде қызыл қан көрінісі өзгеретіні: эритроцитоцения және сонымен байланысты қандағы гемоглобин концентрациясының төмендейтінің, оның үстіне өзгерістердін анықтығы зерттелінушінің тұрғылықты мекені Аралдан қашықтығына кері порпорционалды екендігі жайлы болжам жасауға мүмкіндік береді. Зерттеулер барысында «қосымша өлі кеңістік» арқылы тыныс алу жаттығулары зерттелінушілердің қанындағы эритроцит және гемоглобин концентрациясына шамасына оң әсер етіп, оларды экологиялық «таза» аймақ тұрғындарының көрсеткіштеріне жақындататыны анықталды. Зерттеу барысында лейкоциттердің жалпы мөлшері де, оның жекелеген түрлерінің пайыздық таралуы да физиологиялық «норма» көлемінде қала отырып, Арал өңірі факторларының әсерінен де, ҚӨК арқылы гипоксиялық – гиперкапниялық жаттығулар кезінде де өзгеріссіз қалды.
Түйін:
«Өлі» кеңістік арқылы қарапайым және қолжетімді тыныс алу тәсілі Арал өңірінің қолайсыз факторларының экстремалды әсеріне организмнің резистенттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешенінің бір іс-шарасы ретінде ұсынылады.
ways of their correction
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «2013 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің Іс-қимыл жоспары туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №67
16 12 2014
5 стр.
Бейіндік мектептің ОҚУ Үдерісінде жаңа технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары
25 12 2014
3 стр.
Арал өңірі тұрғындарының респираторлық жүйесінің функционалдық көрсеткіштерінің ауытқуы және түзету жолдары
25 12 2014
1 стр.
М080500- «Су ресурстары және суды қолдану» мамандығы бойынша ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі академиялық
25 12 2014
1 стр.
Жоғары мектепте химия пәні мұғалімін кәсіби даярлау жүйесінде дамыта оқыту технологиясын пайдалану
25 12 2014
1 стр.
М010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін
25 12 2014
3 стр.
6M010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
25 12 2014
1 стр.
Есепті 2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстың қысқаша әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері
16 12 2014
13 стр.