Перейти на главную страницу
2012 жылғы____________
№____ қаулысымен бекітілді
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызмет алушы - жеке және заңды тұлға;
2) уәкілетті орган - облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласында құрылымдық бөлімшесі.
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабы, 4-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органмен жер учаскесінің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14-1 және 150-баптарының, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысы және «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 7 қарашадағы № 1392 қаулысының негізінде көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасы (бұдан әрі – жерге орналастыру жобасы) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет алушы осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 7 жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;
3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
10. Осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын уақытта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша хабардар етеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады, егер құрастырылған жерге орналастыру жобасы:
1) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына және нормаларына;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiне сәйкес болмаған жағдайда.
Мемлекеттік қызмет алушыға жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекiтуді тоқтатуға себеп болған құжатты көрсете отырып және бекітпеу себептерін жою үшін мемлекеттік қызмет алушының кейінгі іс-қимылын көрсететін жазбаша хабарлама жолданады.
Уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға бекiтілген жерге орналастыру жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап жерге орналастыру жобасы бекітілді деп есептеледі.
11. Мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
1) Мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті органға жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын бекіту туралы өтінішті ұсынады;
2) Мемлекеттік қызмет алушының тікелей берген өтінішін уәкілетті орган тіркейді, қарастырады, дәлелді бас тартады немесе мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті алушыға бағыттайды.
12. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалар саны ең аз дегенде бiр қызметкер құрайды.
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үрдiсiндегi iс-қимыл (өзара iс-қимыл) тәртiбiн сипаттау
13. Уәкілетті органда құжаттардың қабылдануы осы Регламенттің 1-қосымшасында сәйкес, мекенжайлар бойынша уәкілетті органның жауапты қызметкері арқылы жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушыға осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде:
осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес нысандағы жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;
тиісті жергілікті атқарушы органдармен құрылған жер учаскелерін жеке меншікке беру бойынша жер комиссиясының оң қорытындысының көшірмесі;
жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының (жерге орналастыру объектісінің шекарсы мен олардын координаттары) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі графикалық мәліметтерге сәйкестігі бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынмен келісілген жерге орналастыру жобасы;
жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда);
мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
заңды тұлғанын мемлекеттік тіркеліуі туралы куәлігі, заңды тұлғанын өкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлға үшін;
2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес нысандағы жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;
мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жобаланып отырған учаскенің орналасу орынының сәйкестігі жөнінде келісілген, жерге орналастыру жобасы;
жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда);
мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
заңды тұлғанын мемлекеттік тіркеліуі туралы куәлігі, заңды тұлғанын өкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлға үшін.
Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады.
Өтініш бланкілері мекенжайлары және телефондары осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның кеңсе қызметкерлерімен беріледі.
15. Мемлекеттiк қызмет көрсету үрдісiнде мынадай құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) тартылған:
1) уәкiлеттi органның кеңсесi;
2) уәкiлеттi органның басшылығы;
3) уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы.
16. Әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-қимылдардың (рәсiмдердiң) орындалу мерзiмiн мәтіндiк кесте сипатында көрсеткен әкiмшiлiк iс-қимылдары (рәсiмдер) дәйектiлiгiнiң сипаттамасы және өзара iс-қимылы осы Регламенттiң 3-қосымшасында келтiрiлген.
Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде мемлекеттiк қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін жауап береді.
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі
жерге орналастыру жобаларын бекiту»
мемлекеттік қызметінің Регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша уәкілетті органдардың тізімі
Уәкілетті органның атауы |
Заңды мекенжайы |
Жұмыс кестесі |
Байланыс телефондары |
«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi |
Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесi, 1 Б |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-2 25-34-71
|
«Ақкөл ауданының ауыл шаруашылық және жер катынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 81 |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-38 2-25-48
|
«Аршалы ауданының ауыл шаруашылық және жер катынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Аршалы ауданы, Аршалы кентi, Ташенов көшесi, 47 |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-44 2-13-56
|
«Астрахан ауданының ауыл шаруашылық және жер катынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Астрахан ауданы, Астрахан селосы, Әл-Фараби көшесi, 50 |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-41 2-38-65
|
«Атбасар ауданының ауыл шаруашылық және жер катынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесi, 9 |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-43 2-13-45
2-43-71 |
«Бұланды ауданының ауыл шаруашылық және жер катынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесi, 19 |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-46 2-38-15
|
«Бурабай ауданының ауыл шаруашылық және жер катынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Абылай-хан көшесi, 34 |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-36 4-22-89
|
«Егiндiкөл ауданының ауыл шаруашылық және жер катынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл селосы, Жеңiс көшесi, 6 |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-42 2-15-10
|
«Еңбекшiлдер ауданының ауыл шаруашылық және жер катынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Еңбекшiлдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесi, 109 |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-39 2-14-73
2-22-83 |
«Ерейментау ауданының ауыл шаруашылық және жер катынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесi, 136 |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-33 2-12-74
|
«Есiл ауданы ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Есiл ауданы, Есiл қаласы, Д. Қонаев көшесi, 13
|
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-47 2-16-47
|
«Жақсы ауданының ауыл шаруашылық және жер катынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Жақсы ауданы, Жақсы селосы, Ленин көшесi, 32
|
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-35 2-20-11
|
«Жарқайың ауданының ауыл шаруашылық және жер катынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Захаров көшесi, 16/4 |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-48 9-23-87
|
«Зерендi ауданының ауыл шаруашылық және жер катынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Зерендi ауданы, Зерендi селосы, Бейбiтшiлiк көшесi, 81 |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-32 21-9-91
21-1-87 |
«Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылық және жер катынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Қорғалжын ауданы, Қорғалжын селосы, Болғанбаев көшесi, 9 |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-37 2-16-21
|
«Сандықтау ауданының ауыл шаруашылық және жер катынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Сандықтау ауданы, Балкашино селосы, Абылай-хан көшесi, 119 |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-40 9-13-56
|
«Целиноград ауданының ауыл шаруашылық және жер катынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15 |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-51 3-11-24
3-11-64 |
«Шортанды ауданының ауыл шаруашылық және жер катынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Шортанды ауданы, Шортанды кентi, Лермонтов көшесi, 13 |
Күн сайын сағат 9.00- ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-31 2-26-40
2-18-80 |
«Көкшетау қаласы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89 |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-2 25-35-56 25-46-79
|
«Степногор қаласы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi |
Степногорск қаласы, 4-шағын аудан, 1-ғимарат |
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі мен жексенбі |
8-716-45 6-25-12
|
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі
жерге орналастыру жобаларын бекiту»
мемлекеттік қызметінің Регламентіне
2-қосымша
_________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
жер қатынастары бойынша уәкілетті органның бастығы _________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
_________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның жеке _________________________________________
басын куәландыратын құжаттардың
_________________________________________
деректемелері, байланыс телефоны,
_________________________________________
мекенжайы)
Жерге орналастыру жобасын құрастырушы - тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның толық атауы |
Жер учаскесіне құқық беруге өтініш білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы |
Жерге орналастыру жобасының атауы |
Жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан орны) |
Жер учаскесінің сұралу мақсаты және алаңы, га |
Жерге орналастыру жобасының данасының саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
Күні __________ Өтініш беруші________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның не
___________________________________
уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты,
_________________________________
қолы)
________________________
жерге орналастыру жобаларын бекiту»
мемлекеттік қызметінің Регламентіне
3-қосымша
Негiзгi үрдiстiң iс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны) | ||
Iс-қимылдардың (барысы, жұмыстар ағыны) № |
1 |
2 |
ҚФБ атауы |
Уәкілетті органның кеңсесі |
Уәкiлеттi органның басшылығы |
Iс-қимылдардың (үрдістiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Құжаттарды қабылдау, тіркеу, қолхат беру |
Хат-хабармен танысу, орындау үшiн жауапты орындаушыны айқындау |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкiмшiлiк шешiм) |
Бұрыштама қою үшiн құжаттарды басшылыққа жiберу |
Бұрыштама қою, құжаттарды жауапты орындаушыға жiберу
|
Орындалу мерзiмi |
30 минут |
30 минут |
Iс-қимылдардың (барысы, жұмыстар ағыны) № |
3 |
ҚФБ атауы |
Жауапты орындаушы |
Iс-қимылдардың (үрдістiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Құжаттардың толықтығын тексеру, дәлелді бас тартуды немесе жерге орналастыру жобасын әзірлеу |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкiмшiлiк шешiм) |
Құжаттар мен материалдарды басшылыққа табыстау |
Орындалу мерзiмi |
6 жұмыс күннің ішінде, |
Келесi iс-қимылдың нөмiрi |
4 |
Iс-қимылдардың (барысы, жұмыстар ағыны) № |
4 |
5 |
ҚФБ атауы |
Уәкiлеттi органның басшылығы |
Уәкілетті органның кеңсесі |
Iс-қимылдардың (үрдістiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Хат-хабармен танысу |
Мемлекеттік қызметті алушыға бекітілген жерге орналастыру жобаны немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан дәлелді бас тарту туралы хатты ұсыну |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкiмшiлiк шешiм) |
Құжатқа немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан дәлелді бас тарту туралы хатқа қол қою |
Мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті ұсыну журналында қол қоюы |
Орындалу мерзiмi |
30 минут |
5 минут Жобаны бекітудің жалпы мерзімі – 7 жұмыс күні. |
1 ҚФБ тобы Уәкілетті органның кеңсесі |
2 ҚФБ тобы Уәкілетті органның жауапты орындаушысы |
3 ҚФБ тобы Уәкiлеттi органның басшылығы |
№ 1 іс-әрекет Құжаттарды қабылдау, тіркеу, қолхат беру бұрыштама қою үшiн құжаттарды басшылыққа жiберу |
|
№ 2 іс-әрекет Бұрыштама қою, құжаттарды жауапты орындаушыға жiберу |
|
№ 3 іс-әрекет Құжаттардың толықтығын тексеру, дәлелді бас тартуды немесе жерге орналастыру жобасын әзірлеу |
|
|
№ 4 іс-әрекет Жобаны тексеру |
№ 5 іс-әрекет Жобаға немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан дәлелді бас тарту туралы хатқа қол қою |
|
№ 6 іс-әрекет Жобаға елтаңбалық мөрді қою, ұсыну кітабында тіркеу
|
|
№ 7 іс-әрекет Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру |
|
|
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет регламенті
25 12 2014
1 стр.
Нша жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның
16 12 2014
5 стр.
Йынша жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның
25 12 2014
4 стр.

17 12 2014
5 стр.
Осы «Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтама беру» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі Регламент) келесі ұғымдар қолданады
25 12 2014
1 стр.
Республикасының Жер туралы кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі
15 10 2014
1 стр.
Осы «Жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру» регламентінде (бұдан әрi Регламент) келесі ұғымдар қолданылады
15 10 2014
1 стр.