Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Аудан әкімдігінің

2011 жылғы « »______№___

қаулысына 21 - қосымша
«Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер беру»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Негізгі ұғымдар
1.Пайдалынылатын терминдер мен аббревиатуралар

1) жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы;

2) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер туралы кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

3) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акт - бұл жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат.

4) тұрақты жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығының мерзімі шектеусіз сипатта болатын тұлғалар.
1.Жалпы ережелер
1.1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер беру.

1.2. Аталған мемлекеттік қызмет көрсету түрін ұсынушы мемлекеттік ұйымдардың атауы:

Осы регламенттің 1 қосымшасына сәйкес «Зеленов аудандық жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.

Осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорынының жер-кадастрлық филиалы (бұдан әрі – «МемЖерҒӨО» Батыс Қазақстан ЕМК).

Мемлекеттiк қызмет жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша баламалы негiзде тiзбесi осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетiлуi мүмкiн.

1.3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

1.4.Мемлекеттік қызмет көрсету төмендегі құжаттар негізінде ұсынылады:

Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 34-бабы, 43-бабының 9-тармағы, 152-бабы, «Мемлекеттiк кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы және «Жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарының нысандарын бекiту, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және кейбiр шешiмдердiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысының 70-тармағы, «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының 2-тармағы негiзiнде жүзеге асырылады және басқа да ҚР заңнамаларымен.

1.5.Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқталу нысаны - тұрақты жер пайдалану құқығын беруге арналған акт.

1.6. Аталған мемлекеттік қызмет көрсету түрін ұсынушы мемлекеттік ұйымдардың атауы:

1) «Зеленов аудандық жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi;

2) Батыс Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорынының жер-кадастрлық филиалы (бұдан әрі – «МемЖерҒӨО» Батыс Қазақстан ЕМК);

3) Мемлекеттiк қызмет жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша баламалы негiзде тiзбесi осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетiлуi мүмкiн.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
2.1. Мемлекеттік органдарының, олардың құрылымдық бөлімдерінің және аумақтық органдарының мекенжайлары мен жұмыс кестелері туралы мәлімет:

«Зеленов аудандық жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi Зеленов ауданы, Переметное ауылы, Гагарин көшесi 137, 7-8 бөлме, телефон: 8-711- 30 (22-396, 23-506);

Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн көрсетiледi.

Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

2.2. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет алу мәліметінің тәртібі:

Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат интернет-ресурста, тiзбесi осы регламенттің 1 - қосымшасында көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсету орындарындағы стендiлерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң: www.auzr.kz интернет-ресурсында, ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады.

2.3. Аталған мемлекеттік қызмет түрін көрсетуге бірнеше орган қатысады:

1) «Зеленов аудандық жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi;

2) Батыс Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорынының жер-кадастрлық филиалы (бұдан әрі – «МемЖерҒӨО» Батыс Қазақстан ЕМК).

2.4. Уәкiлеттi органға өтiнiш бiлдiрген кезде уақыт бойынша шектеу мерзiмдерi:

тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi - 10 жұмыс күнi;

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - 7 жұмыс күнi

2.5. Тұтынушы осы регламенттің 3.2. тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартады.

Мемлекеттiк қызмет мынадай негiздер бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн:


1) аталған жер учаскесi бойынша сот шешiмдерiнiң болуы не сот қарауы жүрiп жатқаны туралы хабарламаның болуы;

2) заңнама нормаларының бұзылуы жойылғанға дейiн прокурорлық қадағалау актiсiнiң болуы;

3) бiр учаскеге құқықты ресiмдеуге қатысты бiрнеше өтiнiштiң болуы немесе құқықты ресiмдеу үдерiсiнде осы жер учаскесiнiң басқа да пайдаланушылары анықталған кезде.

Жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудi сот шешiмдерi және прокурорлық қадағалау актiлерi бойынша тоқтата тұру тоқтата тұру үшiн негiз болып табылған мән-жайлар анықталғанға дейiнгi, ал бiрнеше өтiнiштер түсу себебi бойынша тараптар арасында келiсiм орнатылғанға дейiнгi не заңды күшiне енген сот шешiмi ұсынылғанға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдырылған деп есептеледi.

2.6. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алуға сұраныс алынғаннан оның нәтижесі берілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңі:

Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн осы регламенттің 3.2. тармағында көрсетiлген құжаттар осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес орналасқан жерi бойынша уәкiлеттi органға тапсырылады.

Уәкiлеттi орган қабылданған құжаттарды тексередi және 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде жер учаскесiне тұрақты пайдалану құқығына арналған актiнi дайындау үшiн мамандандырылған кәсiпорынға жолдайды.

Мамандандырылған кәсiпорын 6 (алты) жұмыс күнi iшiнде жер учаскесiне тұрақты пайдалану құқығына арналған актiнi дайындайды, уәкiлеттi органға бередi.

Дайындалған жер учаскесiне тұрақты пайдалану құқығына арналған актiнi уәкiлеттi орган 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде тексередi, басшы (немесе басшының мiндетiн атқарушы) қол қояды, елтаңбалық мөрмен растайды, жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнi беру кiтабына тiркейдi.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн:

Уәкiлеттi орган осы регламенттің 3.2. тармағында көрсетiлген қабылданған құжаттарды тексередi және 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде жер учаскесiне тұрақты пйдалану құқығына арналған актiнi дайындау үшiн мамандандырылған кәсiпорынға жолдайды.

Мамандандырылған кәсiпорын 4 (төрт) жұмыс күнi iшiнде жер учаскесiне тұрақты пайдалану құқығына арналған актiнi дайындайды, уәкiлеттi органға бередi.

Дайындалған жер учаскесiне тұрақты пайдалану құқығына арналған актiнi уәкiлеттi орган 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде тексередi, басшы (немесе басшының мiндетiн атқарушы) қол қояды, елтаңбалық мөрмен растайды, жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнi беру кiтабына тiркейдi.

Қателер мен дәлсiздiктер анықталған жағдайда, құжаттар сол күнi оларды жою үшiн мамандандырылған кәсiпорынға қайтарылады.

2.7. Мемлекеттік қызмет көрсетуде құжаттарды қабылдайтын тұлғалардың ен аз саны: бір адам
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет /өзара іс-қимыл/ тәртібін сипаттау
3.1. Уәкiлеттi орган тұтынушыға осы регламенттің 3.2.-тармағында көрсетiлген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi, онда:

1) сұраудың нөмiрi және қабылданған күнi;

2) сұрау салынған мемлекеттiк қызмет түрi;

3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;

5) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiш қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi.

3.2. Тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актiнi беру үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) тұрақты жер пайдалану құқығын мемлекет берген кезде:

уәкiлеттi органға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығына арналған акт беруге өтiнiш;

жергiлiктi атқарушы органның тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме;

уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;

салық төлеушi куәлiгiнiң (СТН) көшiрмесi;

заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы түбiртектiң көшiрмесi;

өкiлеттi өкiлдi куәландыратын құжаттын көшiрмесi.

Тұлғаның жеке куәлiгiнiң, сенiмхатының немесе өкiлеттi өкiлдi куәландыратын құжаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн тұтынушыға қайтарылады;

2) жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамалары өзгерген жағдайда:

уәкiлеттi органға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығына арналған акт беруге өтiнiш;

жергiлiктi атқарушы органның тұрақты жер пайдалану құқығына бұрын берiлген жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгеруi туралы шешiмiнен үзiндi және/немесе сәйкестендiру сипаттамаларының өзгергендiгiн растайтын өзге құжаттың көшiрмесi;

уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;

салық төлеушi куәлiгiнiң (СТН) көшiрмесi;

заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы түбiртектiң көшiрмесi;

өкiлеттi өкiлдi куәландыратын құжаттың көшiрмесi.

Тұлғаның жеке куәлiгiнiң, сенiмхатының немесе өкiлеттi өкiлдi куәландыратын құжаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн тұтынушыға қайтарылады;

3) тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актiнiң телнұсқасын беру кезiнде:

уәкiлеттi органға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актiнiң телнұсқасын беруге өтiнiш;

тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актiнiң телнұсқасын дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы түбiртектiң көшiрмесi;

өкiлеттi өкiлдi куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi облыстық газеттiң тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актiнiң түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы.

Тұлғаның жеке куәлiгiнiң, сенiмхатының немесе өкiлеттi өкiлдi куәландыратын құжаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн тұтынушыға қайтарылады.

3.3. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының көрсеткіштері: ақпаратты қорғау және құпиялылықты сақтау.

3.4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктері:

1) ҚФБ-1 - уәкілетті орган;

2) ҚФБ-2 - «МемЖерҒӨО» Батыс Қазақстан ЕМК;

3.5. Осы регламенттің 5-қосымшасына сәйкес әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-да қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттама.

3.6. Осы регламенттің 6 – қосымшасына сәйкес іс-әрекеттердің қисынды реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммалар.

3.7. Осы регламенттің 4 – қосымшасына сәйкес хабарлама нысандарын, түрлі хаттарды, еске түсірулерді және т.с.с. қоса алғанда, оларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылуы тиіс нысандарды, қалыптарды, бланкілерді және т.с.с. көрсету.




4. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға


4.1.Уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағымдарды дайындауға көмек көрсету үшiн тұтынушы телефондары осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетiлген уәкiлеттi органның басшысына жүгiне алады.
      Орталық инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетiлген телефондар арқылы алуға болады.

4.2. Шағым уәкiлеттi орган басшысының атына, мемлекеттiк қызмет Орталық арқылы көрсетiлген жағдайда Орталық директорының атына берiледi. Уәкiлеттi органның және Орталықтың мекен жайлары мен телефондары осы регламенттің 1,3-қосымшаларында көрсетiлген.

4.3. Қабылданған шағым уәкiлеттi органның, Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Тұтынушыға күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi мен инициалдары көрсетiлген талон берiледi.

Азаматтардың өтiнiштерiн қараудың белгiленген мерзiмдерi күнтiзбелiк 30 күн, ал қосымша ақпарат алуды және зерделеудi талап етпеген жағдайда күнтiзбелiк 15 күн.

Шағымды қарау нәтижелерi жазбаша түрде баяндалады, оларды тұтынушының жеке өзi ала алады не шағымда көрсетiлген мекенжай бойынша жiберiледi.

«Жер учаскесiне тұрақты пайдалану   құқығына актiлер беру» мемлекеттiк қызмет регламентіне


1-қосымша    

      


Мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi
уәкiлеттi орган



Атауы

Орналасқан жерi, мекенжайы

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға

Байланыс телефоны

Электрондық мекенжайы

«Зеленов ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi


Зеленов ауданы, Переметное кентi, Гагарин көшесi, 139


Бөлiм бастығы


8-711-30 2-23-96

8-711-30 2-35-06




[email protected]




«Жер учаскесiне тұрақты пайдалану  құқығына актiлер беру» мемлекеттiк қызмет регламентіне
2-қосымша  

        



Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлер дайындау
жөнiндегi мамандандырылған кәсiпорын


Атауы

Орналасқан жерi, мекенжайы

Сәйкестендiру құжаттарын дайындауға жауапты лауазымды тұлға

Байланыс телефоны

Электрондық мекенжайы

Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы Батыс Қазазақстан еншілес Мемлекеттік кәсіпорны

090000 Орал қаласы, Молдағулова көшесi, 22

Директордың орынбасары

8(711-2) 26-98-76

[email protected]
[email protected]



«Жер учаскесiне тұрақты пайдалану 

құқығына актiлер беру» мемлекеттiк

қызмет регламентіне

3-қосымша         





Халыққа қызмет көрсету орталықтары


Р/ с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасқан мекенжайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

1

Зеленов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

БҚО, Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарина көшесі 69Б

8(71130)23-616

8(71130)23-614 қабылдау бөлмесi

2

Зеленов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

БҚО, Зеленов ауданы, Дариян ауылы, Балдырган көшесі 27/1

8(71131)24081

8(7113124080) қабылдау бөлмесі




«Тұрақты жер пайдалану 

құқығына актiлер беру» мемлекеттiк қызмет регламентіне


4-қосымша         


________________________________ 
(уәкiлеттi органның атауы)    
жер қатынастары бойынша уәкiлеттi
органның           
бастығы ________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты) 
________________________________
заңды тұлғаның толық атауы)  
________________________________
заңды тұлғаның құжаттарының   
________________________________
деректемелерi, байланыс телефоны,
________________________________
мекенжайы)         

Тұрақты жер пайдалану құқығына акт беру туралы


өтiнiш

      ___________________________________________ берiлген,


            (жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты)
      ____________________________________________________
         (жер учаскесiнiң (орналасқан жерi) мекенжайы)
      ____________________________________ бойынша орналасқан жер учаскесiне жеке меншiк құқығына акт (актiнiң телнұсқасын) беруiңiздi сұраймын.
Күнi _______               Өтiнiш берушi __________________________
                                       уәкiлеттi тұлғаның тегi, аты,
                                          _________________________
                                           әкесiнiң аты, қолы)



«Жер учаскесiне тұрақты пайдалану  құқығына актiлер беру»  мемлекеттiк қызмет регламентіне
5-қосымша      

   


1 кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктің іс-әрекеттерінің сипаттамасы



1

Іс-әрекеттерінің №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

уәкілетті орган

МемЖерҒылӨнОрталығы Бат.Қаз.еншілес кәсіпорны

уәкілетті орган

3

Іс-әрекеттің атауы және оның сипаттамасы

Құжаттарды қабылдап тіркелген құжаттар тізбесін толықтап тексеру

Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер беру актісін дайындау


Дайындалған тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актiнi уәкiлеттi орган тексередi

4

Аяқтау нысаны (деректері,ұйымдастыру-тарату шешімнің қүжаты)

Қабылданған құжаттарды кіріс кітабына тіркеу, мамандандырылған кәсіпорынға жіберу

жер қатынастары бөліміне дайын болған жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына беретін актiлерді жолдау



тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актiге басшы (немесе басшының мiндетiн атқарушы) қол қояды, елтаңбалық мөрмен растайды, тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актiнi беру кiтабына тiркеп тұтынушыға береді.

5

Орындау мерзімдері

қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күту уақыты 30 минуттан аспайды

6 жұмыс күнi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн – 4 жұмыс күнi

құжаттарды алған кезде кезекте күту уақыты 30 минуттан аспайды



2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс


Негізгі үдеріс (барысы,жұмыс ағыны)

ҚФБ 1

ҚФБ 2

ҚФБ 1

№1 іс-әрекет.Мемлекеттік акт алуға түскен құжаттардың толықтығын тексеру

№3 жер учаскесiне тұрақты пайдалану құқығына арналған актiнi дайындау, уәкiлеттi органға бередi

№5 Дайындалған жер учаскесiне тұрақты пайдалану құқығына арналған актiнi тексеру

№2 іс-әрекет акт алуға түскен құжаттарды тексеру, кіріс кітабына тіркеу және «МемЖерҒӨО» Батыс Қазақ.ЕМК жолдау

№4 жер учаскесiне тұрақты пайдалану құқығына арналған актiнi уәкiлеттi органға жіберу

№6 жер учаскесiне тұрақты пайдалану құқығына арналған актiнi тіркеу







№7 жер учаскесiне тұрақты пайдалану құқығына арналған актiнi тұтынушыға беру

3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.




Баламалы үдеріс

ҚФБ 1

ҚФБ 2

ҚФБ

№1 іс-әрекет Арыз және тиісті құжаттарды қабылдау







№2 іс-әрекет Егер де азаматардың өтініштері /құжаттары/ осы Регламентінің 11-тармағына сәйкес келмейтіні немесе мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушымен толық емес қажетті құжаттар ұсынған жағдайда рәсімдеуден бас тартылады.









«Жер учаскесiне тұрақты пайдалану  құқығына актiлер беру»  мемлекеттiк қызмет регламентіне
6-қосымша         


Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы




«Жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандартының регламенті Негізгі түсініктер Осы «Жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру»

Осы «Жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру» регламентінде (бұдан әрi Регламент) келесі ұғымдар қолданылады

356.56kb.

15 10 2014
1 стр.


«Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар

Республикасының Жер туралы кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі

153.97kb.

15 10 2014
1 стр.


«Жер учаскесiне уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандартының регламенті Негізгі түсініктер Осы «Жер учаскесiне уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру»

Осы «Жер учаскесiне уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру» регламентінде (бұдан әрi Регламент) келесі ұғымдар қолданылады

364.59kb.

15 10 2014
1 стр.


«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»

Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халы

1427.3kb.

15 10 2014
8 стр.


«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»

Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халы

1304.85kb.

15 10 2014
7 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»

Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» регламентiнде (бұдан әрi Регламент) келесі терминдер мен аббревиатуралар қолданылады

334.93kb.

15 10 2014
5 стр.


Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Жерді тұрақты пайдалану құқығына арналған актілерді ресімдеу Негізгі түсінік

Жер пайдалану құқығы-тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз мерзімге шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде

48.14kb.

15 10 2014
1 стр.


«Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлер ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандартының регламенті Негізгі түсініктер Осы «Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлер ресiмдеу және беру»

Осы «Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлер ресiмдеу және беру» регламентінде (бұдан әрi Регламент) келесі ұғымдар қолданылады

352.56kb.

25 12 2014
1 стр.