Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «_____»_________

____қаулысымен бекітілген



«Ветеринариялық анықтаманы беру»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті


1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай түсініктер пайдаланылады:

1) уәкілетті орган – «Қарағанды қаласысының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» ММ;

2) тұтынушы – жеке және заңды тұлға;

3) орындаушы – «Қарағанды қаласысының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» ММ бас маман-ветеринариялық дәрігері.


2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі №464 қаулысына сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайда орналасқан уәкілетті органмен көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 20-1) тармақшасының және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ветеринариялық анықтаманы (қағаздағы тасымалдағышта) беру (бұдан әрі – анықтама) не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы жүзеге асырылады (ветеринариялық анықтаманың бланкісін беру).

Тұтынушы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша анықталған бланктің құнын төлейді.

Тұтынушы мемлекеттік қызметке ақы төлеу кезінде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:



  1. қолма-қол ақы төлеу тәсілі кезінде – ақы төлеу туралы түбіртек;

2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі №179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсілі кезінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155нөмірімен тіркелген)-төлем тапсырмасы.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары туралы ақпаратты осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның, сонымен қатар Қарағанды қаласы әкімдігінің интернет-ресурсынан алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету келесі мерзімдерде көрсетіледі:

1) Мемлекеттік қызмет жүгінген күннің ішінде көрсетіледі;



2) Мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) Мемлекеттік қызметті алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды.

10. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен ұсынылады.

11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

1) егер жануар, жануардан алынатын өнім және шикізат (бұдан әрі – объект) қолайсыз аймақтан тасымалданған жағдайда;

2) жұқпалы сипаттағы ауру анықталғанда;

3) жануардың жеке нөмірі болмағанда;

4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, көлік құралының ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі негіз болып табылады.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы уәкілетті органға жүгінеді және осы Регламенттің 15-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін әзірлейді, дәлелді бас тарту немесе анықтаманы дайындайды, басшыға қол қоюға ұсынады, тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

13. Тұтынушының құжаттарын қабылдауды уәкілетті органның жұмыс кестесіне сәйкес күні бойы орындаушымен жүзеге асырылады.


4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінде іс-әрекет (өзара әрекет) тәртібінің сипаттамасы
14. Мемлекеттік қызмет тұтынушы не оның өкілі тікелей жүгінген сәтте көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет тұтынушысының өтініші жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында, тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын уақыты көрсетіліп тіркеледі.

15. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар және оларға қойылатын талаптар тізбесі:

1) жануарға ветеринариялық паспорт;

2) тері-жүн шикізатына, жануардың жеке нөмірі көрсетілген жапсырма міндетті түрде қажет;

3) ветеринариялық анықтама бланкі құнын төлеуін растайтын құжат.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылады – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органның жауапты тұлғасы:

1) уәкілетті органның басшылығы;

2) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеті дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі функционалдық өзара іс-қимыл сызбасы осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.
5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
19. Уәкілетті органның басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.

Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапкершілікте болады.



«Ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

1-қосымша

Уәкілетті органның мекенжайы




Мекеме атауы

Елдi мекен атауы

Байланыс телефоны

Орналасқан мекенжайы

1

2

3

4

5

1

«Қарағанды қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» ММ

Қарағанды қаласы

8-7212-42-46-91 8-7212-42-39-56

Қарағанды қаласы

Бейбітшілік Бульвары 39




«Ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеті дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы
Кесте 1. ҚФБ іс-әрекеттердің барысы.


Негізгі үдерістің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны)

Іс-қимылдардың (барысы, жұмыстар ағыны) №

1

2

3

4

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Іс-қимылдардың (үдерістің, операция рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды тіркеу

Құжаттарды қарау, анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды дайындау

Анықтамаға немесе дәлелді бас тартуға қол қою

Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды тұтынушыға беру

Аяқтаудың нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешiм)




Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды басшылыққа қол қоюға ұсыну







Орындалу мерзімдері


30 минут

Жүгінген күні бойы

Жүгінген күні бойы

30 минут

2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс – Ветеринариялық анықтама берілген жағдайда




Негізгі үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның басшылығы

1. Құжаттарды тіркеу

4. Анықтаманы басшылыққа қол қоюға ұсыну

5. Анықтамаға қол қою

2. Құжаттарды қарау

6. Тұтынушыға анықтаманы беру




3. Анықтаманы дайындау






3 Кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс – Ветеринариялық анықтама ресiмдеуден бас тартқан жағдайда.




Баламалы үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның басшылығы

1. Құжаттарды тіркеу

4. Дәлелді бас тартуды басшылыққа қол қоюға ұсыну

5. Дәлелді бас тартуға қол қою

2. Құжаттарды қарау

6. Тұтынушыға дәлелді бас тартуды беру




3. Дәлелді бас тартуды дайындау








«Ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

3-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі функционалдық өзара іс-қимыл сызбасы


Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі (барысы, жұмыс ағыны және ҚФБ-дің өзара іс-қимылы)



Тұтынушы: өтiнiшті және құжаттарды беру


Жауапты орындаушы: құжаттарды қабылдау және тіркеу, құжаттарды қарау, анықтаманы не дәлелді бас тартуды дайындау




Уәкілетті органның басшысы: анықтамаға немесе дәлелді бас тартуға қол қою


Жауапты орындаушы: Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды беру




Тұтынушы



Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Ветеринариялық анықтаманы беру»

Осы «Ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай түсініктер пайдаланылады

97.07kb.

15 10 2014
1 стр.


«Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру»

Осы «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызметі регламентінде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады

642.38kb.

09 10 2014
4 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Ветеринариялық анықтама беру»

Осы «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғым пайдаланылады

113.84kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Ветеринариялық анықтама беру»

Осы «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі Регламент) келесі түсініктер пайдаланылады

104.62kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Жануарға ветеринариялық паспортын беру»

Осы «Жануарға ветеринариялық паспортын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде мынадай түсініктер пайдаланылады

109.38kb.

15 10 2014
1 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Жануарға ветеринариялық паспорт беру»

Осы «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде келесі түсініктер пайдаланылады

110.82kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

Осы «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) регламентте келесі негізгі ұғ

93.65kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»

Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру» регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады

388.87kb.

08 10 2014
3 стр.