Сәлем , құрметті де жалынды жастар! Қайырлы күн бүгінгі форумның қатысушылары!
Осы жастар форумы өзінің көздеген мақсаттарына айрықша нәтижелермен жетеді деген үміттеміз
Сонғы жылдарда Қазақстан Халқы Ассамблеясының жұмысының арқасында еліміздегі түрлі этностардың арақатынастары және сабақтастығы ерекше жоғары дәрежеге жетті.
Қазақ халқы ежелден бері өз қонақжайлығымен айрықша көзге түсетің, алысқа бармай ақ, өзім туралы айта аламын, Кеңестік Одағындағы репрессиялардың кезінде жергілікті қазақ халқы, Қазақ жеріне енді ғана қоныс аударған ахыска-түрік аталарыммен сонғы нанына дейін бөліскен. Мүмкін осы жағдайларды ескере отырып, мен қазақ тіліне және қазақ халқына мектептен бастап ерекше коңіл бөлдім, және құрметпен қарадым.
Тәуелсіз мемлекетіміз құрылғалы бері жұртшылық пікірімен санасып, халықпен бірге жасасып келе жатқан Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің ішкі саясатының ең басты бағыттарының бірі – халықаралық деңгейдегі достық пен өзара сыйластықты, ұлтаралық өзара келісімді орнату болып табылады.
Мемлекетімізде басқа ұлт өкілдеріне өз салт-дәстүрлерін және мәдениеттерін сақтауға барлық жағдайлар жасалған, аудандарда және облыстарда ұлттық мәдени орталықтар ашылып, жергілікті және мемлекеттік дәрежедегі шараларды өткізуге қолдау көрсетілуде. Естерімізге сала кетсек, Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 үміткер ұсынылған болатын. Олардын барлығы депутат болып сайланды.
Қазақстан Халқы Ассамблеясының ресми сайтына кірсеніз, ол жерде «Қазақстанның жас дарындары» деген, еліміздегі түрлі ұлттардың жас өкілдерінің жетістіктері толықтай көрсетілген.
Иә, елімізде бейбітшілікті және ұлтаралық ынтымақтастықты сақтауға үкімет тарапынан барынша күш салынып, жұмыс жасалуда. Дегенмен, сонғы 2 жылдын ішінде мемлекетте түбі түсініксіз, бұрын сонды болмаған өте қауіпті жағдайлар орналды. Осыған байланысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов былай дейді : «Иегово куәгерлері, псевдохристиандық және басқа да ағымдармен күрескенімізбен қоймай, қазір оларды ұмытып, псевдоисламдық түрлі ағымдардың үлкен ағынымен тойтарысудамыз. Қазақ еліне енген «шатақ діндер» кез-келген қоғамға кірігуі үшін қолданатын әдеттегі жоспарлары бойынша қимылдады. Яғни олар дәстүрлі қоғамның дәстүрлі түсініктері мен идеяларын қирата бастады. Камал мырза бұл соғыс алаңында жеңіске жету халық арасында идеология жүргізу ұсынысын жасап отыр. Ұлтаралық келісімімен, бейбітшіл халқымен мақтана алатын - Қазақстан бұл құндылықтарға аталмыш мәселелерді мемлекеттік, ұлттық идеология дәрежесіне көтере алғанының нәтижесінде жетті. «Ұлтаралық татулық» пен «дінаралық татулық» егіз қозыдай ажырамас ұғым болғандықтан, идеологияны екінші бағытта да жүргізу керек. «Өкінішке қарай, қазір идеологиялық жағынан біз осы майданда жеңіліп отырмыз», - дейді ол.
Осы мәселеге байланысты депутат Ливияны мысалға келтіреді : « Мемлекет жергілікті халыққа көптеген артықшылықтар мен жеңілдіктер беріп келеді. Бірақ халықтың жағдайын жасап қойсаң, олар бейбітшілікте өмір сүре береді деген ұғым қате. Оны Ливия мен Бахрейн көрсетті. Мемлекетке идеология керек» - дейді депутат.
Бүкіл осы жағдайларды айрықша тоқталып ойланғанымда басымда бірақ сұрақ пайда болды! Еліміздегі діни экстримизмді және терроризмді болдырмауда, оның жастар арасында жайылмауында біздің, демекші, жастардың рөлі қандай болмақ ?
Осы сұраққа жауап іздеп мен 3 жасалуы тиіс нәрсеге жеттім:
-
Жастарға және жастар ұйымдарының жетекшілеріне діни эстримизмнің және терроризмнің не екенің, олардың қандай жағдайда пайда болатының, қандай факторлардың олардын жастар арсында тез таралуына әсер ететінің білу – міндетті түрде қажет!
-
Осы екі проблемаларды болдырмау үшін, жастар арасында түрлі шаралар өткізу қажет!
-
Жастардың өз уақыттарын дурыс пайдаланулары қадағалануы қажет!
Осы 3 бағыт бойынша жұмыс орындалса, жастар арасындағы жағдай басқаша болар деп ойлаймын.
Қазақстанның келешегінің қандай болатыны әрқайсымызға байланысты достар. Сондықтан да біз барлық күш-жігерімізді елімізді көркейтуге, өркендетуге жұмсауымыз қажет! Осы ардақты жумысқа барлық жастарды шақырамыз.
Құрбан Ламаев – Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау Мемлекеттік Университетінің Студенттері Альянсының Көшбасшысы