Павлодар ауданын ОКЖ
Луганск және Ефремовка ауылдық кітапханалары
Ертегілердің сиқырлы әлемі
«Үштұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында
балалардың кітап апталығы
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Армысыздар ардақты ағайын! «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында дайындалған балалардың кітап апталығы кешіне қош келдіңіздер!
Кітап - әлемді ыстық нұрымен жылытатын күн нұры!
Кітап- әр саласы гаухар, жақұт, маржан тастардан жиналған бітпес қазына!
Кітап- кешегі балалықтың күнделігі, бүгінгі даналықтың күнделігі!
1967 жылдан бастап сәуірдің екінші жұлдызында Халықаралық кітап күні тойланады. Халықаралық кітап күні ұлы дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күнімен белгіленді. Халықаралық кітап күнінің әлемнің әр түкпірінде кең көлемде мерекеленуі адамзат өмірінде кітап атты құнды қазынаның орны бөлек екенінің айқын дәлелі.
Ведущий: Международный день детской книги начал свое официальное существование с 1967 года.Ежегодно, 20-го апреля, в день рождения великого датского писателя-сказочника Ганса Христиана Андерсена, все библиотеки мира отмечает Международный день детской книги. Подчеркивая тем самым непреходящую роль детской книги в формирований духовного и интеллектуального облика новых поколений человечество.
Жүргізуші: Кітап апталығы биыл өзінің 70 жылдық мерейтойын тойлайды. Балалар кітабының апталығы балалардың өміріндегі кітапханадан қалатын үлкен естелік. Мәңгі өшпес естелік!
Ведущий: Неделя детской книги – это одна из немногих традиций в области детской книги и детского чтения, которая имеет столь давнюю историю. В этом году исполнится 70 лет с тех пор, как Лев Кассиль придумал этот праздник, а также дал ему еще одно название, которое используется наряду с основным, официальным - Книжкины именины. Впрочем есть и одно название, которое, тоже прочно закрепились среди библиотекарей и читателей - неделя детской книги.
Жүргізуші:Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі болашақ! Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін мемлекеттік тіл, орыс тілін – ұлтаралық қатыныс тілі, ағылшын тілін – халықаралық қатынас тілі ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы- заман талабы. Бүгінгі кеште біздің бүлдіршіндеріміз «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасының қолдаушылары екенін көрсетуге тырысып бағады.
3. Ертегілер туралы сұрақ-жауаптар(залдағы балаларға)
1. Шалқан ертегісінің қахармандарын атап бере аласыз ба?
2. Жыл басына таласқан хайуандар ертегісінде қай жануар жыл басы болды?
3. -Сиыр, сиыр маған қатық берші?!
-Менің қарным ашып тұр.Маған жапырақ әкеліп бер алдымен.
- Ағаш, ағаш жапырағыңды берші
- Мен шөлдеп тұрмын.Маған алдымен су әкеліп бер
Бұл қай ертегіден алынған үзінді?
4. Алтын балық ертегісін есімізге түсірейік. Шал алтын балықтан не сұрайды?
5. Маугли ертегісін бәріңіз көргенсіз. Есіңізге түсіріңіз.Сол ертегіде жыланның аты қалай еді?
6. «Піс қазаным піс» десе түрлі тағам әзірлейтін қазан, ал ! «Құс есегім құс» десе алтын құсатын есек қай ертегіде кездеседі?
7. Бауырсақ ертегісінде кім бауырсақты алдап жеп қойды?
9. Қызыл телпек ертегісінің кейіпкерлерін атап беріңіз?
10. Шұбар тауық ертегісінде неге жұмыртқа жарылмайды.
4.Өлеңдер
Ведущий:Өлең сөздің патшасы сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп
Теп тегіс жұмыр келсін айналасы
Біз бақытты баламыз
Болашақтың ұланы
Үлкендерді силайтын
Отбасының жыр-әні
Жамандыққа қимайтын
Бейбітшілік қыраны
Ертегілер елінде
Жақсылықты іздейтін
Бөгет шықса алдынан
Максаттан қол үзбейтін
Біз бақытты баламыз
Жасыл орман, нуы бар
Желбіреген туы бар
Ұрпағымыз біз елдің
Жырлап өткен ұлылар
Біз бақытты баламыз
Кішілердің ізетпен
Оқу деген ұраны
Ерке назын тыңдайтын
Әкеменен ананың
Қуанышы қайғысы
Ата менен әженің
Қуыршағы, бақ құсы
Біз бақытты баламыз
2. Волшебный мир сказок
Сказки слушать я люблю.Маму вечером прошу
Прочитай мне эту сказку. Я потом закрою глазки
Будет снится мне во сне, будто на лихом коне
Я скачу на бой с драконом, или трех головым змеем
Побеждаю в сказке зло, людям делаю добро
Все ребята это знают, сказки в жизни помогают
Быть нам честными всегда, не бояться никогда
Слабым помогать в пути, к людям с добротой идти
3. Peace Brings
Peace brings freedom that we crave,
From great stress, it shall save.
One main thing, it does assure,
We'll feel at ease and secure.
Peace brings us tranquility,
Along with much needed - stability.
Sense of quiet, and goodwill,
Peace is serene and very still.
4. Кітап
Бір бетте даналардың айтқан сөзі,
Бір бетте бабалардың көне көзі.
Бір бетте табиғаттың туындысы,
Бір бетті иемденген елдер өзі.
Бір бетте аспан және Шолпан жұлдыз,
Бір бетте қоян, қасқыр түлкі, құндыз.
Бір бетте Менделеев элементі,
Бір бетте спорт және мәшхур ұл-қыз.
Бір бетте Абай, Шоқан, Ыбырайым,
Бір бетте Гёте, Бальзак, Пушкин, Стайн.
Бір бетте тігу, тоқу, шаштың сәні,
Бір бетте ас-дәм, сусын, бал мен майым.
Бір бетте Шәмші, Роза, Битлз, Мұзарт,
Бір бетте Чарли Чаплин, Монро, Богард.
Бір бетті безендірсе гүл түрімен,
Бір бетте Томирис пен Алтын Адам.
Әр бетім ол бір кітап дархан елім!
Ол гаухар! Ол қазына! Білер ме едің?
Бар арманым жинай алсам сол беттерді
Кітапхана атауын берер едім!
5. Сказка Рукавичка
6.Песня. Волшебный мир сказок
7. Шалқан ертегісі.(на каз.с изменениями)
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады.
Шал: шалқаным тәтті болып өс, шалқаным мықты болып өс, шалқаным үлкен болып өс!
Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.
Шал көмекке кемпірін шақырады.
Шал: Кемпір-ау, кемпір.Шалқанды шығаруға көмектесіп жібер
Кемпір:Әй, болмағыр шал-ай! Түстің кезі болса.Жатып дем алсаң қайтеді.
Ах-ух.
Автор: Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта алмайды.
Шал. Әй кемпір қызыңды шақыр, екеуміз тарта алмайтын сияқтымыз.
Кемпір: Әй қызым,кел, мына шалқанды шығаруға көмектес.(дотэ, дотэ,к ам он хелп аз ту пул з тёнип аут.)
Қызы: Дискотекадан жаңа ғана келгенде, енді ұйқтап алайын десем, ұйқы да нәсіп етпеді- ау.
Ах-ух.
Қызы кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.
Кемпір: Әй қызым, Ақтөсті шақырмасаң шалқанды шығара алмайтын сияқтымыз.
Немере қыз: Ақ төс, Ақтөс. Шалқанды шығаруға көмектесіп жібер
Ақтөс:Менің көмегімсіз ештеңе де тындыра алмайсындар. Қане бір, екі үш.
Ах-ух
Ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды.
Қызы: Меніңше мысықтың көмегі де керек болып тұр. Ақтөс мысықты шақыр.
Ит. Әй мысық! Шалқанды тартуға көмектес.
Мысық: Шалқан еккенше сиыр алса болады ғой.Сүтін ішіп жатар едім.
Ах-ух
Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.
Ит. Келіңдер тышқанды шақырайық.Онсыз ештеңе тындыра алмаймыз.
Мысық: Әй тышқан. Әй тышқан. Шалқанды шығаруға көмектес.
Тышқан: Әй қойшы сол. Өзімнің шығар шықпас жаным болса. Менде қайдан күш болсын, Бір екі тартсаңдар өздерің-ақ шығарып аласыңдар.
Мысық: Мен сені жеп қоймай тұрғанда тез кел.
Тышқан: Әй жарайды. Бәріміз бір отбасымыз ғой. Көмектесейін.
Бір, екі, үш.
Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немеренің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.
Бәрі бірге: Алақай!Алақай!Алақай!
Кемпір: Қане енді бәрің асханаға келіңдер, мен шалқаннан сендерге тәтті сорпа дайындап берейін.
Бәрі бірге:Алақай! Алақай! Алақай! харей, харей
Кемпір шалқаннан өте керемет сорпа дайындап отбасына үлкен дастархан жайды.
8. Қорытынды
Жүргізуіші: Үштұғырлы тілді білу баянды болашағымыздың кепілі. Сондықтан ана тіліміздің абыройын асырып, мәртебесін үш тілде дамытайық достар! Үштұғырлы тілдің тұғыры берік, іргесі мықты болуына ат салысайық ағайын!
Ведущий:Книжкина неделя нисколько не состарались, а молодеет с каждым годом вместе с новыми книгами, новыми именами детских писателей и поэтов.
9.Заключительная песня
Әрқашан күн сөнбесін (үш тілде)
Күн әдемі, көк әлемі,
Бұл суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған өзі,
Жазылған бар сөзі.
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.
My little friend,
Listen, my friend,
Peace is the dream of the people,
Hearts old and young
Never have done
Singing the song you have sung:
May there always be sunshine,
May there always be blue skies,
May there always be my Mummy,
May there always be me!
Против беды,
Против войны
Встанем за наших мальчишек.
Солнце – навек!
Счастье – навек! –
Так повелел человек.
Пусть всегда будет солнце,
Пусть всегда будет небо,
Пусть всегда будет мама,
Пусть всегда буду я.
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.
Жүргізуіші:
Сан жылдар мен сан мың ғасыр өтседе
Алақанда бар қазынаң - бұл кітап
Көкте күнің алтын нұрын төксе де
Жан азығың, жан жылуың бұл- кітап
Ведущий:
Пусть это книжкина неделя
Продлится только до апреля
Но вы читающий народ
Любите книгу круглый год