Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Түсінік хат

Жобаның қысқаша негіздемесі: «Тіл құралы – тіл ұстарту» тақырыбының білім беру жүйесіндегі басты өзектілігі мен маңыздылығы бүгінгі күннің білім беру бағытын Еуропалық стандарт негізінде білім беру мәселесінен туындап отыр. орыс тілінде оқытатын мектептерде ҚР-ның нормативтік құжаттарын :

«Тіл туралы» Заңы 1997ж.


  • Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

  • «Білім беру туралы» Заңы 2007ж

  • «ҚР -дағы білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын» 2010ж.басшылыққа ала отырып, қазақ тілін оқыту дәрежесін әлемдік дәрежеге көтеру.

Қазақ тілін ұлт мектептерінде деңгейлік түрде оқыту – қазіргі заман талабынан туындап отырған мәселе.

«Тіл ұстарту –тілді үйретудің басты құралы»

Мақсаты: Тіл ұстарту жолдарын меңгеру үшін, өз ойын айқын жеткізе алатын тұлға дамыту.

Міндеттері:

  • сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін жасау арқылы оларды сөйлемде дұрыс орналастырып, сөйлем арқылы өз ойын басқаға жеткізу қабілетін дамыту;

  • мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелесу, қазақ тілінде дұрыс сөйлесе білу жолдарын меңгерту;

  • оқушылардың ойлау қабілетін проблемалық сұрақ-жауап арқылы мақсатына жету.

Күтілетін нәтижелер:

Деңгейлер

Күтілетін нәтиже

Негізгі деңгейде

Ауызша және жазбаша ақпараттар алмасуда тілдік бірліктерді дұрыс, орынды, сауатты жазады және пайдаланады.

Негізгі деңгейде, оның ішінде 6-сыныпта қазақ тілін деңгейлеп оқыту негізінде күтілетін нәтиже:

Ақпараттық құзыреттілік:

  • Ақпаратты таныс және таныс емес деп бөледі;

  • Қойылған міндетке сай ақпаратты бөліп алады;

  • Сұрақ қою арқылы баяндаушыдан ақпарат алады;

  • Алынған ақпаратты тілдесімде қолданады;

Коммуникативтік құзыреттілік:

- қойылған сұрақтарға жауап береді;

- таныс тақырып бойынша жазбаша өз ойын жеткізеді;

- ұжымдық жұмыста тапсырмаға сай әрекеттерді орындайды;

- диалог пен монологтағы ақпараттың негізгі мазмұнын түсінеді;

- күнделікті жағдаяттарда сөйлеу этикетінің қарапайым нормаларын пайдаланады(амандасу, қоштасу, алғыс білдіру);


Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі:

-өзіне таныс жағдаяттарда кездесетін проблемаларды шешуде тілдік дағдыларды қолдана алады;

-мұғалім ұсынған міндеттерді шешудің қадамдарын орындайды

Сабақтың тақырыбы: : «Менің Отаным- Қазақстан»

Жалпы мақсаты:

1. Жаңа білім ақпаратын қабылдау мен түсінуге; ББД-ларын таныс және жаңа оқыту жағдайында қолдана білуге;

2. ББД жүйесін қабылдау деңгейін тексеруге жағдай туғызу.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: жаңа тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен таныстыру, сөз қор байлығын молайту өз ойын жеткізе білуге үйрету. Өмірде қолдана білуге үйрету. Оқушылардың пәнге қызығуын, ынтасын арттыратын әлеуметтік арқылы оқыту қағидалары кешенді жаттығулар мен тапсырмалар арқылы пысықталып, оқушының алған білімін бекіту, сауаттылығын арттыру.

2. Тәрбиелік: жеке тұлғаның пәнге деген қызығушылығын көтеру, құрметтеу қасиетін тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: ББД қалыптастыру мен дамыту оқушы құндылығының негізі:

1.Ақпараттық: әр түрлі ақпараттық құралдармен жұмыс жасай білу; мәтіннен ең негізгі мәселені көре білу; алынған ақпаратты кесте, слайд, тезис түріне айналдыра білу.

2. Коммуникативтік: ауызша сөйлеудің негізгі тәсілдерін меңгере алу: монолог, диалог, сұрақтарға қысқа жауап қайыра білу, полилог деңгейінде өз ойын сауатты, анық , дәлелді жеткізе білу; өз көзқарасын қорғай білу.

3. Рефлексиялық: өзінің оқу іс-әрекетіне талдау жасай алу; өзінің іс-әрекет нәтижесін түсіне отырып, қиындығын (қателігін) таба білу.

4. Жаңа технология: дамыта отырып оқыту, іс- әрекетті бағалау, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологиялар.


  1. Техникалық құралдар түрлері: компьютер,

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың түрі: ойын сабағы,саяхат сабағы, әңгімелесу, сырттай саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі: Иллюстрациялық түсіндіру. Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу.

Зерттеу әдісі: Мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушыларды өз беттерімен шешіп, мәтінмен, үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Эвристикалық әдіс. Ішінара ізденгіштік әдіс, оқушылар мақсатты немесе міндетті мұғалімнің көмегі арқылы шешу немесе орындау.

Мақсатты әдіс: Мұғалім белгілі мақсат қойып, оған жету жолын көрсетеді, оқушылар одан әрі әрекетке көшеді.

Таным қызметі.

1. Жекелік үлгі танымдық қызметтер оқущының өз күшімен орындалады.

2. Топтық жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.

3. Ұжымдық форма ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.



Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: слайд, карта, қиықшалар, суреттер

Пәнаралық байланыс тарих, география



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

- Cәлеметсіңдер ме, балалар!

Оқушылар, бүгін сабағымыздың түрі саяхат сабақ. Бұл саяхат туған жердің төріне саяхат. Саяхатқа шықпас бұрын сендер жолға дайындалу үшін оқулықтарыңды, дәптерлеріңді, қаламдарыңды, сөздіктеріңді алып отыруларың керек.



  1. Әр топ спикер тағайындайды.

  2. 1- топ: «Тұлпар» тобы

  3. 2- топ: «Барыс» тобы

  4. 3- топ : «Сұңқар» тобы

2. Үй тарсырмаларын тексеру кезеңі.

Бүгін сабақта біз туған жерімізге саяхат жасаймыз.

Саяхаттың мақсаты: Саяхатшымыздың бізге дайындап қойған бірнеше тапсырмалары бар. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, саяхатшының қолынан қиықша алады. Қиықшада үй тапсырмасы жазылған.

1-тапсырма. «Отан», «Достық» «Жер» туралы мақал-мәтелдер айту.

Ел іші – алтын бесік.

Туған жердің ауасы да шипа.

Отаның берік болса, жауың алмас.

Отанды сүю – отбасынан басталады.

Отанға опасыздық еткенің, өз түбіне өзің жеткенің.

Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.


2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

Сен қай қалада тұрасың?

Сенің қалаң қандай?

Қалада нелер бар?

Саяхатшының сұрақтары мен тапсырмаларын орындадық. Кейіпкер жолды ашады.

Енді әрі қарай жүреміз. Алдымызда Астана қаласы жатыр. Астана қаласына жету үшін өзеннен өтуіміз керек. Өзеннің үстінде көпір бар. Көпірден өту үшін мынандай тапсырма береді:



3-тапсырма.

«Менің қалам», «Қазақстан», «Достық» сөздері жазылған қиындылар үстел бетінде қойылады. Әр топтың бір мүшесі осы сөздердің бірін таңдап алады. Оқушылар осы сөзді не үшін таңдап алғандарын қызқаша жазады. Содан кейін топта талқылап, орталарынан бір оқушы өзінің жазғанын оқиды.

3. Оқушылардың білімін жан- жақты тексеру кезеңі.

4. Сабаққа мақсат қою.



Ой қозғау.

Мұғалім:


Отан жерім, Отан – суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді!

- Бұл өлең жолдарында басты тақырып не?

- Отан туралы.

- Біздің Отанымыз қай Республика?

- Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы.

Қазір слайдтан бірнеше көрініс көресіздер, осы көрініске көңіл аударыңыздар.

Қазақстан жері туралы мағлұмат.

-Осы көріністер туралы не айтасыздар ?

-Қазақстан жері туралы.

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.

5.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.



Мағынаны ажырату.

1. Жаңа сөздермен таныстыру.

2. Сөз тіркестерін құрастыру.

3. Кластер құрастыру.



  1. Жаңа сабақты қорытып, бекіту кезеңі.

Келесі саяхатымызды топпен жұмыс жасау арқылы жалғастырамыз.

3) Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар:

1- үстел.

Қазақстан Республикасы-Еуразия құрылығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да бар.
2- үстел.

Қазақстан кең - байтақ өлке. Қазақстанның тарихы талай мыңдаған ғасырларды қамтиды, жері шежірелі. Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі. Алтай ну ормандары, Іле тоғайы, Қостанай мен Балқаш жағалауындағы қайыңдар мен сексеуілдері жайқалған орманды өлке.

3 -үстел.

Талай белестерді өткізген қазақ халқы егемендік алды. 1991 жылы бірінші желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Теміртауда қара металл өндіретін үлкен завод бар. Бұл заводта Елбасы Н.Ә.Назарбаев және Т.Әубәкіров еңбек жолын бастаған.

қайың - береза

шөл далалы- степная сахара кең- байтақ – просторный

ну орман – тайга

сексеуіл – саксаул жағалау – берег

А) Алмастыру.

Б) Топқа қайтып келу. Бір- біріне түсіндіреді.



Мәтінді бекіту.

1.Мәтінге қандай ат қоюға болады?

2. Мәтін бойынша кластер құрастыру.

3. Негізгі ойы.

Сұрақ – жауап.

- Қазақстан қандай мемлекет?

-Қазақстан-тәуелсіз мемелекет.

- Қазақстанмен шектесетін мемлекеттерді атап шық.

- Ресей, Қытай, Қырғыстан, Өзбекістан, Түркістан.

- Дала символы саналатын, иісі Отан иісінен балатын шөп ол қазақша қалай аталады?

- Жусан.
Ой- толғаныс

4. Проблемалық сұрақ арқылы сабақты патриоттықпен байланыстырамын.

1. Отан дегеніміз не?

2. Отанымыздың болашағы кімнің қолында?


Бұл сұраққа топ спикерлері тақта алдында ЛСС бойынша монолог түрінде өз ойын айтады.

Мен Отанымды сүйемін.

Себебі Отаным менің туған жерім.

Егер жақсы оқысам,

Онда Отаным мені мақтан етеді.

Сабақты бекіту.

«Бес жолды өлең» арқылы бекітемін.

1. Зат есім. Не? Отан

2. Сын есім. Қандай? Көрікті

3. Етістік. Не істейді? құлпырайды

4. Сөйлем. Көрікті Отаным құлпырайды.

5. Синоним. Зат есім. Туған жерім.

Рефлекция. Оқушылар өз ой түйінділерін айтады. Сауалнама үлестіру.

7. Оқушылардың білімін бағалау.

8. Үй тапсырмасын хабарлау және орындалуы бойынша нұсқау беру кезеңі.

ЭССЕ «Туған жерім мен үшін….»

Шығу картасы


  1. Сендерге өз туған жерлеріңе саяхат жасау ұнады ма?

2. Қай жұмыс түрі көбірек ұнады?


3. Сендердің тілектерің.
4. Бүгінгі сабақтан нені білдіңдер?

Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды қазақ тілі сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

2. Тіл байлығын дамытады;

3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.

5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

Оқушы қарапайым сөйлеу дағдыларының 4 түрін білуге міндетті: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу.

1. Оқу: оқудың негізгі ережелерін білу, дауыс ырғағын дұрыс келтіру, сөздікпен және сөздіксіз оқу; қажетті ақпаратты табу, оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну

2. Жазу: емленің негізгі ережесін білу, жазбаша жұмыстарды орындай білу

3.Тыңдау: лексикалық минимум көлемінде монологтік және диалогтік сөйлеуді меңгеру.
4. Сөйлеу: өз ойын, пікірін қазақ тілінде жеткізу, сұрақтар қоя білу және оларға жауап қайтара білу

Осы деңгейден өткен тіл үйренуші төмендегідей біліктіліктерді игереді

Лексикалық тақырыптар бойынша:

Бастапқы деңгей

1. Өз пікірін, ойын дұрыс жеткізе біледі.

2. Тақырып бойынша әңгімелеп, ойын дұрыс айта біледі;

3. Қарапайым сұрақтарды қоя біледі және жай сөйлемдердің көмегімен өзінің ойын дәлелдей біледі.

Күнделікті қарым-қатынаста өзі туралы, отбасы, туған жері туралы айтады, сұрақтар қоя алады, шағын мәтіндерді түсінеді. Өзіне қатысты тақырыптар бойынша жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін түсінеді. Өз елі, тарихы, табиғаты, өзінің қызығушылығы, мақсаттары туралы әңгімелей алады. Осы тақырыптағы мәтіндерді оқып, негізгі ақпаратты түсіне алады



Глоссарий

ББД – білім, білік, дағдылары

Құзыреттілік – оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі

ЛСС - логикалық -синтетикалық сызба

Рефлексия – оқушылар өз ой түйінділерін айтады

Коммуникативтік құзыреттілік- адамның қоғамдағы өмір нормалары мен ережелерін орындауға мүмкіндік білдіретін дағдылар

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  2. «Білім туралы» Заңы, Астана 2007ж

  3. «ҚР -дағы білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын» 2010ж.

  4. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, 2010ж

  5. Қазақ тілі оқулығы 6-сынып, Артыкова-2006ж

  6. «Тіл күре тамыр» М. Оралбаева, К. Жансүрова «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы 1996ж

  7. «12 жылдық білім беруге көшу жағдайындапедагогтердің әлеуметтік-кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» курсына арналған оқу құралы

Қарағанды 2011ж

«Тіл ұстарту –тілді үйретудің басты құралы» Мақсаты

Жобаның қысқаша негіздемесі: «Тіл құралы – тіл ұстарту» тақырыбының білім беру жүйесіндегі басты өзектілігі мен маңыздылығы бүгінгі күннің білім беру бағытын Еуропалық стандарт нег

104.93kb.

14 10 2014
1 стр.


Қазақ тілін халықаралық мектепте «екінші тіл» ретінде оқыту мәселелері Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуінің бір көрінісі – «Н. Назарбаев Білім қоры»

Осы орайда «Мирас» мектебінде қазақ тілінің қызмет аясын кеңейту, бұл тілді оқыту мен үйретудің әдістемелерін жетілдіру, тіл оқытудың жаңа технологияларының озық үлгілерін білім бе

102.97kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі

Тіл білімінің басты-басты қағидалары мен тұжырымдары дүниежүзі тілдерінің негізінде сөз етіледі және олардың бәрі тіл білімінің соңғы кездердегі қол жеткізген жетістіктерімен ұштас

491.32kb.

14 12 2014
4 стр.


Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Адамдардың өмір сүруінің, тұрмыс-тіршілігінің құралы-тіл. Тіл-жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, нәтижесі. Сондықтан да тіл-қоғамдық құбылыс

42.83kb.

08 10 2014
1 стр.


Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ»

Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік

873.26kb.

25 12 2014
5 стр.


Тақырыбы: «Тіл ұлт қазынасы» атты сайысы. Өткізген: Касымова А. Н

Мемлекеттік тілді білген жөн болар! деп айта отырып, бүгінгі біздің сайысымызды тілдер апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз – басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік ті

56.4kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану. Мақсаты

Мақсаты: оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, мемлекеттік тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту

53.88kb.

12 10 2014
1 стр.


Наименование, характеристика товара Ед изм Количество

Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания (оқу құралы) 2007 ж

132.99kb.

23 09 2014
1 стр.