Тақырыбы:
«Тіл - ұлт қазынасы»
атты сайысы.
Өткізген: Касымова А. Н
Сынып:7 «А», 7 «Б», 7 «В».
Тақырыбы: «Тіл - ұлт қазынасы»
Мақсаты:
- Оқушылардың тіл жайында білімдерін тереңдету.
- Қазақ тілінде аызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын,
ой өрісін дамыту.
- Мемлекеттік тілді қадірлей білуге, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, тіл туралы нақыл сөздер:
-«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде »
(Н. Ә . Назарбаев)
- «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ»
(Ш. Айматов)
- «Тіл адамның даңқын асырады,
Адам ол арқылы бақыт табады»
(Ж. Баласағұн)
Барысы:
Ұйымдастыру. Іс- шараның мақсатымен таныстыру
-
Қайырлы күн , құрметті қонақтар, оқытушылар, оқушылар! Күздің жайма шуақ күнінде сіздермен « Тіл мерекесінде » кездесіп отырмыз.
«Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы –
Мемлекеттік тілді білген жөн болар!» - деп айта отырып, бүгінгі біздің сайысымызды тілдер апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз – басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар теледидарда жүргізілетін қазақша хабарларға қызығушылықтарын арттыру.
-
Сайыскерлер бұл сайыс болғандықтан жеңіс пен жеңіліс аралас келеді. Сондықтан, құрметті сайыскерлер, өз білімдеріңді дәл әрі көркем тілмен жеткізе білулеріңе тілектестік білдіремін. Сонымен осы сайысымызды әділ бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
-
Әділқазылар алқасы: -------------
Бүгінгі сайысымызға 6 адамнан құралған 3 топ қатысады. Сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
1 Таныстыру
2 Бәйге
3 Сөз мәйегі - мақал
4 Кім жылдам?
5 Әріптестер сайысы
6 Сен білесің бе?
7 Ойлан, тап
8 Өнерпаз болсаң......
Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады.
« Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық», - деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.
I кезең. Таныстыру.
I топ: 7 « А » сыныбы - « Жасұлан»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын,
Тобымыз біздің – « Жас ұлан »
II топ: 7 « «Б» сыныбы – « Топжарған»
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалыауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің - « Топжарған»
III топ: 7 « В » сыныбы – « Тұлпар »
Көгілдір көктің жүзінде
Шаңырақ – күн, уық – нұр
Елімнің елдігін танытқан
« Тұлпар » тобы біз боламыз.
-
Жақсы , үш топ өздерін таныстырып өтті.
-
Ойыншылар, сендермен танысқанымызға қуаныштымыз.
-
Ал енді әділқазылар өздерінің бағаларын берсін.
-
Жақсы , келесі II кезеңіміз
II кезең. «Бәйге»
Сонымен , бірінші сайыста әр түрлі топқа сұрақтар қойылады. Соның дұрыс жауабын басқыш басу арқылы жылдам, дұрыс жауап берулерің керек.
Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қойылады. Әр кезеңнен соң әділқазылар алқасы ұпай санымен таныстырып отырады. Сонымен бірге бір – бірлеріңе кедергі жасамауларыңызды сұраймын.
- Қане, бастайық
1 Қазақстан қандай мемлекет? ( тәуелсіз)
2 Көктем мезгілінде неше мереке бар?
3 Қазақ тіліндегі әріптердің реті бойынша орналасу жиынтығын не дейміз? (әліпби)
4 Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
5 ҚР – ның мемлекеттік тілі?
6 Күздің бірінші айын атаңдар ( қыркүйек)
7 Қазақстанның туының түсі қандай? (көк)
8 Наурызда пісірілетін басты тағам. (наурыз көже)
9 Тіл туралы Заңға қай жылы соңғы өзгеріс енгізіліп қабылданды? (1997ж)
10 Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (12)
11 Қазақстанда неше қорық бар? (9)
12 Қазақ тіліне ғана тән әріптер саны нешеу? ( 9 )
13 Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (көз – қорқақ, қол - батыр)
14 Әнұранның әнін, сөзін жазған кімдер? (Әнін: Ш.Қалдаяқов, сөзін: Ж.Нәжімеденов, Н..Назарбаев)
15 Ел рәміздерінің қайсысында қанатты пырақ суреттелген? ( елтаңбада)
16 Жылататын да, жұбататын да не? (Тіл)
17 Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, ал орыс тілі қандай тіл? (ресми)
18 Қобыланды батырдың әкесінің аты кім? (Тоқтарбай)
19 Конституция неше баптан тұрады? ( 9 )
20 Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған жыл? (1989ж)
21.Тудың авторы кім? ( Ш. Ниязбеков)
22. Елтаңбаның авторы кім? (Ж. Мәлібеков, Ш.Уалиханов)
III кезең « Сөз мәйегі - мақал »
Сайыскерлер Отан, тіл, достық туралы мақалдар айтудан жарысады.
- Қане, мақал айтудан жарысайық. Қай топ көп мақал біледі екенін, қазір тамашалап көреміз.
IV кезең
« Кім жылдам?»
Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау қажет, тақтаға ілу қажет.
-
Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның пырақтар. ( Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген)
-
Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын, Отанымыздың. ( Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді)
3 Өмір, өкілдері, аса, жүзден, ұлттың, Қазақстанда сүреді. (Қазақстанда жүзден аса ұлт өкілдері тұрады)
-
Ал енді әділқазылар өздерінің бағаларын берсін.
V кезең «Әріптер сайысы»
Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөзбен жауап береді
( А, Ә, Б, Е, Ж, К, Қ , М, Н, О, Р, С, Т, Ү, Ш)
I – топтың ойыншыларына қойылатын сұрақтар: ( А, Е, Т, О, С. М)
1 Сен бүгін нешеде тұрдың?
2 Досыңның аты кім?
3 Сен қандай үйірмеге қатысасың?
4 Сен қалада тұрасың?
5 Қазір жылдың қай мезгілі?
II – топтың сұрақтарына қойылатын сұрақтар:(Ә,Б,М,Н,Қ ,Ұ)
1 Бүгін қандай күн?
2 Қайдан келдің?
3 Аспанда не бар?
4 Қандай тағамдар ұнатасың?
5 Бір жылда неше ай бар?
III - топтың сұрақтарына қойылатын сұрақтар:( Ж, Н, Ү, А, Ш, Е )
1 Сыныбыңда неше оқушы бар?
2 Анаңның аты кім?
3 Сенің мінезің қандай?
4 Мектеп мұғалімдері қандай?
5 Бос уақытыңда не істейсің?
VI кезең « Сен білесің бе?»
Тақтада берілген бейнесуреттер бар.
Қазақтың ұлттық ойындары:
Қазақтың салт – дәстүрлері
VII кезең « Ойлан , тап»
Сендерге бір сөз беріледі, сол сөзден жеке сөздер құрастыру керек. Барлық сөз таптарын қатыстыруға болады. Әділқазылар алқасы оқушыда неше сөз болса, сонша ұпай қосады.
Берілетін сөз – «Құрметтеулерінің» - құрмет, ұр, тер, метр, ін,, ер, тең, ірі, рең, рет,ем, мең, құм, мен, құр, құн, ніл, т.б
VIII кезең «Өнерпаз болсаң....».
-
Ал енді әр топтың оқушылары үйде дайындап келген өнерлеріне тоқталайық.
Мұғалім сөзі:
Қазылар орнықтырыр әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дегендей ойыншыларымызды бағалау үшін, жеңімпаздарды анықтау үшін әділқазыларға сөз берейік.
(Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталады)
Қорытынды сөз: Сонымен , қадірлі қонақтар мен ұстаздар, оқушылар
, «Тіл – ұлт қазынасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы, қазынасы. Тілден артық қазына,тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Сондықтан оны қадірлеп, бағалау керек, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
-
Келіп қатысқандарыңызға көп рақмет!