Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




Тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

8-сынып
Орындағандар: Павлодар облысы Май ауданы

Қазан ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі С.М.Макулбекова

Павлодар қаласының №22мектебінің тарих пәнінің мұғалімі С.Б.Амирова

Павлодар облысы Качир ауданы Покровка негізгі мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі А.К.Турдыбекова

2013 жыл

Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызына түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың карта арқылы көтеріліс аумағын көрсетуді, оқулықты пайдаланып кесте, тірек-сызба жасауды үйрету

Тәрбиелік: Оқушыларды бабалары сияқты өз елін қорғауға, Отанын құрметтеуге үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Қолданылатын әдістер: СТО және ақпараттық технологияларын қолдану.

Көрнекілігі: Батырлардың суреттері, ҚР картасы, презентация

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар топтарға бөлініп отырады.Әр елдің амандасу салттарын көрсету арқылы психологиялық ахуал туғызу

  1. Жаңа тақырып

Оқушыларға қиылған сурет таратылады. Олар оны құрастыруы керек. Құрастырып болған соң, тақтаға назар аударып тақтада жазылған өлең жолдарын оқиды:

   Хан болды Кенесары Орта жүзге,


   Жайылды әруағы өзге жүзге.
   Хакім боп, жеті жұрттан иығы асты,
   Жарамас шөп салуға басқан ізге


  • Бұл өлең жолдарында кім туралы айтылған?

  • Кенесары хан туралы

  • Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

  • Кенесары Қасымұлы көтерілісі

  • Өткен И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы көтерілісі тақырыбымен салыстырыңдар

  • Біз өткен тақырыпта И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы көтерілісін өткенде оның болған жылдарын, себебін, аумағын, қозғаушы күшін, сипатын, негізгі оқиғаларын, маңызы мен жеңілу себептерін өттік

  • Яғни, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай?

  • Оқушылардың жауабы тыңдалады


Топтасу жасау: Кенесары кім?

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушылардан таратылған сурет ( , , ) арқылы жаңа топтар құрылады. Әр топ өзінің ережесін жазады (1мин). Бағалау парақтары таратылады.

Барлық топқа ортақ тапсырма беріледі «Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің ұлт-азаттық көтеріліс екенін дәлелде ». Топтың ішінде оқушылар нөмірленеді. Тақырып топтың ішінде талқыланады. Оқушылар бір-біріне қонаққа барады. Тақырып тағы да талқыланады. Әр топқа тапсырмалар беріледі:

1-топқа (картадан аумағын көрсетеді)



Уақыты




Себебі




Сипаты




Қозғаушы күші




Мақсаты




Аумағы




Кімге қарсы болды




2-топқа (картадан негізгі оқиғаларын көрсету)

Маңызды оқиғалары






















3-топқа:

Жеңілу себептері

Тарихи маңызы

Көтеріліс жеңіске жетсе қандай өзгерістер орын алушы еді










Әр топтың ішінде тапсырмалар талқыланады, постерге кесте, тірек-сызба ретінде жазылады. Әр топтан қорғаушы шығып, берілген тапсырмасын қорғайды.

Бекіту:


1-топқа:

Тест (Тест (1-5) жауабын бірден лупа арқылы тексеруге болады, (6-10) келесі бетін штор жауып қою арқылы қолданасыз)


1.1837-1847ж.ж. көтерілістегі Кенесарының әпкесі?
А) Бопай В) Сапара С) Томирис
2.К.Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды?
А) 1827-1837ж.ж. В) 1847-1857ж.ж. С) 1837-1847 ж.ж.
3.1844 ж. К.Қасымұлы ірі жеңіске жетті.Жеңіліске ұшыраған топты кім басқарды?
А) Лебедев В) Дуниковский С) Жантөре
4.Қай жердегі шайқаста Кенесары жеңіліс тапты?
А) Жетісу В) Тоқмақ С) Майтөбе
5.Кенесары бастаған көтеріліс қандай сипатқа ие болды?
А) Отаршылдыққа қарсы
В) Қоқан хандығына қарсы
С) Феодализмге қарсы
6.К.Қасымұлы қай жылы хандық билікті қолына алды?
А) 1837ж. В) 1845ж. С) 1841ж.
7.Кенесары көтеріліс барысында қандай мемлекет құрды?
А) Діни В) Феодалдық С) Олигархиялық
8.К.Қасымұлының көтерілісі Қазақстанның қай бөлігін қамтыды?
А) Тек қана Орта жүз В) ҰлыЖүз бен Кіші Жүзді С) Бүкіл Қазақстанды
9.1841 ж. К.Қасымұлын хандыққа сайлауға қандай оқиға себепші болды?
А) Жантөре ұлын жеңу В) Қоқан бекінісін алу С) Қырғызға жасалған жорық
10.Қай жылы Кенесары қырғыз жеріне басып кірді?
А) 1845ж. В) 1846ж. С) 1847ж.

2-топқа: 5 жол өлең шығару

3-топқа: сәйкестендіру

Оқушылар жылдар мен болған оқиғаларды сәйкестендіреді.(Қалам арқылы апарады)


1841 ж. Кенесары Қасымұлы хан сайланды.
1842 ж. Орынбор губернаторы Перовскийді Обручев алмастырды.
1843 ж. Ресей императоры қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнінде жарлық шығарды.
1844 ж. Кенесары хан сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды.
1845 ж. Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді.
1847 ж. Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.

Қорытындылау:


Ұрпаққа өнеге!
Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге.Хан арманы, халық үміті орындалды - Қазақстан тәуелсіздік алды, Кенесары есімі егемендікке қолы жеткен халықтың жүрегінде мәңгі сақтаулы.

5.Үйге тапсырма беру. «Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» тақырыбында шығармашылық жұмыстар дайындау (Сөзжұмбақ құрастыру).

6.Бағалау. . Әр топтың басшылары топқа баға береді. Бағалау парағы бойынша жиынтық баға қою

Тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 8-сынып Орындағандар

Білімділік: Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызына түсінік беру

44.75kb.

09 10 2014
1 стр.


Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Сабақтың мақсаты

Сабақтың тақырыбы : Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

68.56kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан тарихы Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Е. Пугачев шаруалар көтеріліс мен С. Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі

31.68kb.

25 12 2014
1 стр.


«Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы» кмм 9- сыныптарға арналған Қазақстан тарихынан емтихан сұрақтары

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Кіші жүз қазақтарының азаттық күресі

36.61kb.

25 12 2014
1 стр.


11-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: хүіі-хүііі ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі

34.06kb.

15 10 2014
1 стр.


Семинарлық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты Пән: «Саясаттану»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге ұлт –этника тұжырымын, олардың қоғамдағы орны мен қазақстандағы ұлт саясатын түсіндіру

40.16kb.

25 12 2014
1 стр.


Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған Ақмола облысы Зеренді ауданы Баратай негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Искендирова Сұлушаш Ауталипқызы Мақсаты

Көрнекілігі: Безендірілген зал. «Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған» таныстырылым. Безендірілген зал қанатты сөздер мен тақырып

141.21kb.

25 12 2014
1 стр.


Тақырыбы: «Тіл ұлт қазынасы» атты сайысы. Өткізген: Касымова А. Н

Мемлекеттік тілді білген жөн болар! деп айта отырып, бүгінгі біздің сайысымызды тілдер апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз – басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік ті

56.4kb.

25 12 2014
1 стр.