Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Құрметті Серік Кенғанұлы, жиналысқа қатысушылар!
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыздар және халықтың әлжуаз осал топтарын әлеуметтік қорғауда қабылданған Заңдарды, Үкімет Қаулыларын басқада нормативті актілерді жергілікті жерде дер кезінде сапалы жүзеге асыру жүктелген.

Заңдылықтарға сәйкес айқындалған әлеуметтік қорғауды қажет ететін 11 топ санатына жататын қалада 40 мыңнан астам адам тұрады.



Бөлім негізінен 3 бағытта жұмыс атқарады, 20 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Оның ішінде:

Жұмыспен қамту бойынша - 5 мемлекеттік қызмет

Ардагерлер және мүгедектермен жұмыс бойынша – 11

Әлеуметтік төлемдер бойынша – 4 .

Бөлімде 83 штаттық бірлік, оның ішінде: 25 мемлекеттік қызметкер, 58 әлеуметтік қызметкерлер жалғыз ілікті қарттар мен мүгедектерге және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларына үйден әлеуметтік қызмет көрсетеді


1.Жұмыспен қамту бойынша: Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан

Республикасының 2001 ж. 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңы

 

5-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер

1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:

2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;

3) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.

2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.

Нысаналы топтарға:

табысы аз адамдар:

жиырма бip жасқа дейінгі жастар;

балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

мүгедектер;

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

оралмандар жатады.

Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей алады.



7-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар

Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды:

1) мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатына сәйкес аймақтық бағдарламалар әзiрлеу;

2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отыру;

3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау;

4) жұмыссыздарға әлеуметтiк қорғау көрсету;

5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

5-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;

5-2) жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу;

5-3) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру;

5-4) әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру;

6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етедi.



9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы

1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:

1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;

2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесін дамыту;

2-1) кадрларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы даярлау;

3) құрылымдық өзгерiстер барысында білiктi қызметкерлердің кадрлық әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;

4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;

5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;

6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкерлерді сақтандыру арқылы қатысады.

2. Жұмыс берушi:

1) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бiр ай бұрын уәкiлеттi органға толық көлемде ақпарат беруге;

2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы уәкiлеттi органға мәлiмет жiберуге;

3) уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға;

4) мүгедектер үшiн жұмыс орындарының белгiленген квотасын орындауға;

5) уәкiлеттi органға алған мамандығы мен бiлiктiлiгiн көрсете отырып, кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан және өндiрiсiшiлiк оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәлiметтер беруге мiндеттi.

3. Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туындайды.

Жыл басынан бері ХҚКО арқылы 7875 арыз-шағым келіп түсті. Деректер қорына 8851 жұмыссыз азаматтар келіп тіркеліп, 8038 бос жұмыс орындарының сұранысы келіп түсті. Хабарласқан нгысаналы топтар-1000 адам.

Слайд. Барлық ресми тіркелген жұмыссыздар саны , одан басқа түйіндемесін тапсырған ресми тіркелмеген азаматтар есепке алынды

2012 жылғы зерделеу қорытындысымен қалалық жұмыспен қамту бөліміне келіп жолыққан мүгедектер саны – 82. Олардың 12-і тұрақты жұмысқа орналастырылып, 17-і кәсіби оқу және қайта даярлу курстарына, 13-і ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді, 19 мүгедек азаматтар құжаттарын жинақтауда.



Сонымен қатар, 3 топтағы 1895 мүгедектердің тізімі алынып, зерделеу жұмыстары жүргізілді, қорытындысы бойынша 631 адамның қызмет жасайтындығы анықталды.

Сонымен қатар, 2012 жылға Атырау қаласы бойынша кейбір нысаналы топтар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы қаулысы дайындалды, алайда мүгедек азаматтарды, басқа нысаналы топқа жататындарды жұмысқа орналастыру өте күрделі мәселе болып отыр. Жоғарыда аталған Заңның баптары мүлдем орындалмай отыр деуге болады, себебі қалада орналасқан бірнеше мың жұмыс берушінің 50-ге жуығы ғана бос жұмыс орындары туралы мәлімітті жолдап отыр.


Ескене елді мекенінен көшірілген жұмыссыз азаматтарды

жұмысқа орналастыру туралы мәлімет

Ескене елді мекенінен Атырау қаласына 28 жұмыссыз азаматтар көшірілді, олармен телефон арқылы байланысқа шығып, жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша шақыртылған болатын.

Олардың ішінде бөлімге келіп жолыққаны 8-адам :


  • 5-адам «Спецавтобаза» КГП-нен түскен бос жұмыс орнына жұмысшы ретінде жолдамамен жіберіліп, жұмысқа орналасты.

  • 1- і «Медицина» АҚ-на жұмысшы ретінде жолдамамен жіберіліп, келіспей бас тартты.

  • 1- адам «Айгөлек» №54 балабақшасына вахтер ретінде жолдамен жіберіліп, мекеменің алыстығына байланысты бас тартты, 29 қараша күні «Ренко -Кат» ЖШС-не еден жуушы ретінде және Х. Досмухамедов атындағы облыстық лицейіне жолдамамен жіберіліп жауабы күтілуде.

  • 1- адам 2-топ мүгедегі екендігі анықталып отыр.

Сондай-ақ, 3 - адамның түйіндемесі «Сичим С.п.А.» КФ-на жіберіліп, ағымдағы жылдың 29 қараша күні шақырылған сұхбатқа әлі толықтай көшірілмегендерін себеп қылып бармай қалды.

3-адам өз бетімен жұмыспен қамтылған.

Жалпы бөлімге түскен тізім бойынша жұмыстар жалғастыруда. Оларға телефон шалынып әлеуметтік қолдау көрсеті үшін бөлімге жолығуы туралы ескертілді.
«Аджип ККО» компаниясының «Болашақ» зауытының құрылысы жобасынан босатылған жұмыссыз азаматтар туралы мәлімет

2012 жылдың 1 желтоқсанына

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы жыл басынан «Аджип ККО» компаниясының «Болашақ» зауытының құрылысы жобасынан босатылған 1370 адамның тізімі келіп түсті.

Олардың:

- 391-і «Аджип ККО» компаниясы тарапынан басқа жұмыс орындарына ауыстырылды.

- 449-і еңбек шартының бұзылуына және басқа себептермен жұмыстан босатылғандар.

- 580-і ҚР Еңбек кодексінің 54 заңының, 1 бабы, 2 тармағына сәйкес штат санының қысқартылуына байланысты жұмыстан босағандар. Олардың 517-і бөлімге келіп тіркеліп, 310-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. 1-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 23-сы қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберілді. Қалған 183 азаматтың түйіндемелері мамандықтары бойынша бөлімге түскен сұраныстарға жолданып, «Бос жұмыс орындарының» жәрмеңкелеріне шақыртылуда.




Ардагерлер және мүгедектермен жұмысы туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Атырау қаласы бойынша мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, олардың тіршілік-тынысы, қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мақсатында жұмыстар атқарылуда. Аталған Заңның орындалуы мүгедектер үшін алынатын техникалық көмекші құралдардың көлемінің ұлғайтылып, сапасының жақсаруына, мүгедектердің әлеуметтік және тұрғын үй объектілеріне кедергісіз қатынауы үшін шаралар алуға коррекциялық, оңалту мекемелерінің жүйесін кеңейтуге мүмкіндік туғызу қажет.

Атырау қаласы бойынша мүгедектердің жалпы саны 7634, Оның ішінде бала жастан мүгедектер - 850. Жалпы мүгедектер, бала жастан мүгедектер саны жылдан жылға өсуде. 2010 жылы-5616, 2011 жылы-6166, екі жылдың ішінде 2000 адамға көбейген. слайд


Кенттік, селолық

округ атаулар




Мүгедектер саны, соның ішінде:

Жеке оңалту бағдарламасымен қамтылғандары

1-топ

2-топ

3-топ

Бала

жастан


мүгедек

барлығы




Атырау қаласы

456

3046

2066

585

5294

1080

Ақсай

7

22

53

14

96

24

Атырау

8

46

61

12

127

22

Балықшы

39

184

167

126

516

141

Геолог

12

99

47

22

180

85

Дамба

6

36

21

5

68

43

Еркінқала

9

44

36

17

106

19

Жұмыскер

21

127

43

19

210

84

Қайыршақты

13

50

29

49

141

42

Кеңөзек

0

25

11

10

46

14

Барлығы:

571

3 679

2 534

850

7634

1554


Атырау қалалық әкімиятының 2005 жылғы 21 шілдедегі №136 «Қала әкімінің әлеуметтік білім беру көмегі туралы қаулысы бойынша:

Атауы


2011 жыл

2012 жыл

Студенттер саны

Жұмсалған қаржы /мың теңге/

Студенттер

саны


Жұмсалған қаржы /мың теңге/

Әлеуметтік білім беру көмегі

47

8 082,0

35

7 002,4

2012 жылға қаралған қаржы- 9 148,0 мың теңге, қалдық қаржы- 2 145,6 мың теңге.
Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі №107 «Азаматтардың жекеленген санаттарына мерекелік күндерге және атаулы күндерге әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысы бойынша:




Атауы

саны

Қаржы мөлшері

Жұмсалған қаржы

/мың теңге/



1

16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

706

5000

3 530,0

2

Ұлы Отан соғысы ардагерлері

111

100 000

11 100,0

3

Чернобыль апатына қатысушы және мүгедектері

102

5000

510,0

4

Қаза тапқан жауынгерлер жесірі

5

5000

25000

5

Ауған соғысының ардагерлері мен жесірлері

275

5000

1375,0

6

Ленинград қоршауында болған азаматтар

1

5000

5000

7

Фашисттік лагерь тұтқындары

3

5000

15000

8

ҰОС жылдарында ордендер мен медальдармен марапатталғандар

139

5000

695,0

9

1-2-3 топтағы мүгедектер

6784

5000

33 920,0

жыл аяғына дейін игерілмек




барлығы

8126




47960


Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі №294 «Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын жекеленген топтарына бір жолғы атаулы көмек көрсету туралы» қаулысы бойынша:




Атауы

2011 жыл

2012 жыл 11 айда

Адам

саны


Жұмсалған қаржы /мың теңге/

Адам

саны


Жұмсалған қаржы

/мың теңге/



1

Бір жолғы материалдық көмек

927

17 271,0

802

18 000,0

2012 жылға қаралған қаржы- 20 000,0 мың теңге, қалдық қаржы- 2 000,0 мың теңге.
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысы бойынша мүгедектерді жүріп тұру және сурдо-тефлотехникалық құралдарымен қамтамасыз ету мәліметі.



Құралдардың атауы

2011жыл

2012 жыл

Арыз

Қанағаттандырылғаны


Жұмсалған қаржы

Арыз

Қанағат тандырылғаны


Жұмсалған қаржы /Мың теңге/

Сурдотехникалық құрал

105

42

692,8

195

171

2 813,3

Тифлотехникалық құрал

150

150

1741,9

116

116

1 750,3

Кресло қорап

118

75

3 108,6

199

79

5 325,7

Жеке көмекші

59

59

3 500,0

120

111

25 729,3

Ымдау тілі маманы

74

74

798,9

89

89

2 466,9

Протез, ортопедиялық құралдар

283

229

6 275,6

429

393

5 573,4

Гигиенаалық құрал (памперс)

399

399

16 912,8

364

364

16 955,0

Санаторлық курорттық жолдама

285

195

10 882,6

497

346

3 043,3

Мүгедектерді сауықтыру орталығына жолдама

577

577




629

629




барлығы

2050

1800




2638

2298





Атырау облыстық әкімиятының 2012 жылғы 3 шілдедегі №1152 «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан, Ауған соғысы ардагерлері мен соғыс жесірлерін қоммуналдық қызметтер төлеуден өмір бойы босату тәртібін бекіту» туралы Қаулысына сәйкес:

- 327 соғыс және ауған ардагерге 11 634,7 мың теңге, соғыс кезінде ерен еңбегі үшін медаль, ордендермен марапатталған 137 тыл еңбеккерлеріне 3 022,0 мың теңге төленді.

2012 жылға қаралған қаржы- 15 007,6 мың теңге, қалдық қаржы- 3 357, 2 мың теңге.
Мүдектердің мұқтаждығын анықтау мақсатында тұрмыс жағдайларын үйлеріне барып сөйлесіп, акттер толтырылды. Тұрғын үйге мұқтаж мүгедектер саны 1 және 2 топ 662 адам, бала жастан мүгедек 217.


Атырау қаласы бойынша арнаулы кресло-қораппен жүретін мүгедектерге жүргізілген сараптама




Мүгедектер саны

1 топ мүгедегі

2 топ мүгедегі

Бала жастан мүгедек







Қазақ үй

Көп қабатты үйлер

Қазақ үй

Көп қабатты үйлер

Қазақ үй

Көп қабатты үйлер

1

394

95

45

76

85

58

35

1.Қазақ үйде тұратындар саны- 229

2.Көп қабатты үйде тұратындар саны – 165
Айта кететін жайт, ағымдағы жылдан бастап қала тұрғындарының мүгедектері сауықтыру орталығы күндізгі бөлімге жатқызу мүгедектердің наразылығын тудырып отыр. Сонымен қатар мүгедектерге қажетті құрал-саймандарды сатып алу облыс бойынша облыстық басқарма арқылы орталықтан алынып, қала мен аудандарға бөлініп отыр. Ол әрине жергілікті жерде арызданушыларға нақты жауап беруде айтарлықтай қиындықтар туғызып отыр.

2011 жылға 250 соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарды жергілікті «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне тегін жазу ұйымдастырылды, жұмсалған қаржы 675 000 теңге, ал 2012 жылы қаражат мөлшері бюджет тарапынан бөлінбегендіктен, демеушілік көмек көрсету үшін мекемелер хат жолданды.


Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 2011 жылдары І топтағы 85 мүгедектерге жеке көмекшілермен және естуі кем ІІІ топтағы 31 азаматтар ымдау тілі маманымен қамтылды. Ағымдағы жылы «Мемлекеттік сатып алу» Заңы 2011 жылы игерілген қаражат 3500,0 мың тенге игерілгені. 2012 жылға 200 адамға 34750,0 мың теңге бөлінді.

2001-жылғы 16 шілдедегі ҚР-ның № 242-II « Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» туралы Заңына 2006 жылы енгізілген толықтыруларға сәйкес, 2007 жылдан бастап, тұрғын-үй, әлеуметтік мәдени және тұрмыстық мақсаттағы аяқталған құрылыс объектілерін қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына мүше ретінде қалалық жұмыспен қамту бөлімінің бастығы енгізіліп, өкілетті органның уәкілі ретінде іске қосылатын объектілерде мүгедектерге қатысты пандус, т.б. орын-жайлардың стандарттарға сай болуы тексеріліп, талап етіліп отыр. Сонымен қатар ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы №64 «ҚР-да мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012-2013) бекіту туралы» Қаулысын орындау мақсатында Қала әкімінің 2012 жылғы 20 маусымдағы №106ө өкімімен «Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан қолданыстағы ғимараттарға кезең-кезеңмен түгендеу (паспорттау) жүргізу үшін жұмысшы тобы құрылды.

Әлеуметтік мақсаттағы объектілерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесінде қала бойынша 1218 нысандар бар екендігі анықталғандығын, олардың ішінде:

-әлеуметтік - 964, оның 186-ы дәріханалар мен оптикалар, 28-і байланыс бөлімшелері, 21-і аурухана мен емханалар, 13-і банктер, 109 –і сауда орталықтары мен дүкендер;

- көліктік -237 /оның 232-і қала аумағындағы автобус аялдамалары/;

- осылардың ішінен тек қана 244 –де мүгедектер үшін пандустар мен кірме жолдар орнатылған, атап айтқанда: әлеуметтік объектілердің 231 -де, транспортық -5, стандартқа сай пандустар орнатылған.

Ал, 2012 жылы Нұрсая ықшам ауданынан беріліп жатқан көпқабатты үйлерде кірме жолдарын өлшемдері стандартқа сәйкес келмейтіні мүгедек жандардың ренішін тудырып отыр.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Минитсрлігінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы №306-ө бұйрығымен бекітілген «Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгілік ережесіне» сәйкес, Қалалық бөлім қаладағы жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге, бала мүгедек тәрбиелеп отырған отбасыларына үйден көмек көрсетіледі, яғни психологиялық көмек, тамағын дәрісін басқа да тұрмысқа қажеттіліктерін әкеліп беру, үйін тазалау, мерекелік іс шараларға қатыстыру және т.б. Соның нәтижесінде жалғызілікті қарттар мен мүгедектерді қамқорлайтын төрт бөлімше жұмыс жасап, қазіргі уақытта есепте 275 жалғызбасты азаматтар бар. Оның 66-ы мүгедектер жандар. Оларға 27 әлеуметтік қызметкер қамқорлық көрсетуде.

2002 жылғы 11 шілдедегі №343-ІІ «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педогогикалық түзету қолдауын көрсету туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, мүгедек балаларға үйден қамқорлық көрсететін бөлімше балалар саны 175 жеткізіліп, оларға 18 әлеуметтік қызметкер қамқорлық көрсетуде.

2012 жылдың 18 сәуірінде қала әкімдігінің «Атырау қаласында «Мұқтаж азаматтарға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қаулысы қабылданды, бірақ жыл ортасында қаражат қаралмағандықтан мекеме Әділет департаментінен тіркеуден өткен жоқ, күні бүгінге дейін бөлімің құрамында. Көрші облыс орталықтарында әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері ММ ретінде бөлек ашылған.
Әлеуметтік төлем секторы

-Атаулы әлеуметтік көмек;

-Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы;

-Мүгедек балаларын үйде оқытатын және тәрбиелейтін отбасыларына материалдық көмек;

-Аз қамтылған жанұяларға тұрғын үй және абонентік жүйесі үшін көмек.


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 146-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы бойынша:

Атауы

2011 жыл 11 айында

2012 жыл 11 айында

отбасы

алушы

Жұмсалған

қаржы /мың теңге/



отбасы

алушы

Жұмсалған қаржы /мың теңге/

Атаулы әлеуметтік көмек

123

597

13 609,2

138

717

17 842,4

2011 жылдың 11 (он бір) айымен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек 15 отбасының 120 алушыға, яғни 20,1 пайызға өсіп отыр.



2012 жылға қаралған қаржы- 18417,0 мың теңге, қалдық қаржы -200,0 мың теңге.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63-III «Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңы бойынша:

Атауы


2011 жыл 11 айда

2012 жыл 11 айда

отбасы

алушы

Жұмсалған қаржы /мың теңге/

отбасы

алушы

Жұмсалған қаржы /мың теңге/

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы

508

1243

11 151,7

728

1818

17094,5

2011 жылдың 11 айымен салыстырғанда 220 отбасының 575 баласына, яғни 46,3 пайызға артты.

2012 жылға қаралған қаржы- 17 412,0 мың теңге, қалдық қаржы-130,0 мың теңге.
Атырау қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №2150 «Үйде оқытылатын және тәрбиелентін мүгедек балалардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің шығындарын өтеу туралы» қаулысы бойынша:


Атауы

2011 жыл 11 айы

2012 жыл 11 айда

отбасы

Жұмсалған қаржы

отбасы

Жұмсалған қаржы/мың теңге/

Мүгедек балаларын үйден оқытатын және тәрбиелейтін ата-аналарға материалдық көмек

224

6 592,9

235

7251,3

2011 жылдың 11 (он бір) айымен салыстырғанда 11 балаға 4,9 пайызға өсті.

2012 жылға қаралған қаржы- 7875,0 мың теңге, қалдық қаржы-623,6 мың теңге.
Қалалық мәслихаттың 2010 жылдың 8 желтоқсандағы № 238 «Аз қамтылған отбасыларына тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешімі бойынша:

Атауы


2011 жыл 11 айында

2012 жыл 11 айында

отбасы

Жұмсалған қаржы

/мың теңге/



отбасы

Жұмсалған қаржы /мың теңге/

Тұрғын үй көмегі

178

2950,7

244

3 834,5

2011 жылдың 11 (он бір) айынмен салыстырғанда 66 отбасына 37,1 пайызға артып отыр.

2012 жылға қаралған қаржы- 4101,0 мың теңге, қалдық қаржы-23 372 теңге.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша:
Қалада 2012 жылға 27 көп қабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтуде. Оның 10-ы «Атырау әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен 17-і «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-і арқылы қаржыландырылған.

Бағдарлама бойынша тұрғын үй көмегіне Республикалық бюджеттен 35 187,0 мың теңге қаражат бөлініп, оның 34 987,0 мың теңгесі облыстық бюджетке кері қайтарылды. Күні бүгінде осы мақсатқа 200,0 теңге қаралып, тұрғын көмегін алушы 14 отбасына 156,9 теңге төленді, қалған 43,0 теңгені жыл аяғына дейін игеруге жұмыстанудамыз.



Сонымен қатар бөлімге қарасты 2 мемлекеттік мекеме бар :

1.«Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналаған әлеуметтік бейімделу орталығы» мемлекеттік мекемесі-41 адам, 1977 жылы қамыстан салынған 50 орындық. Орталық жанынан 2012 жылы «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге арналған бөлімше -14 адам;

2.Қалалық жұмыспен қамту орталығы-20 адам.

Одан басқа бөлімде 15 келісім шарт бойынша жұмыс жасайтындардың 3-уі қарауылшық, 1-уі автокөлік жүргізуші, 1-уі шаруашылық меңгерушісі, қалған 10 қызметкер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен локальді жалғанған Е-рынок, ЦБДИ, СОБЕС, АСП, ГДП базаларына жұмыспен қамтуға және әлеуметтік жағынан қорғалаиын азаматтарға байланысты мағлұматтарды енгізу, есеп беру жұмыстарын атқарады.


2012 жылдың басынан 23307 арыз-хаттар, қабылдау қәртешкелері қаралып, одан басқа 2218 аз қамтылған отбасыларының тұрмыс жағдайлары зерттеліп, акттер жасақталып, 25498 шығыс құжаттары тіркелді. Барлық түскен арыздар, хаттар, түрлі тапсырма сұраныстарға негізінен уақытылы жауап беріліп отыр.

Құрметті Серік Кенғанұлы!

Бүгінгі күні Елбасының, Үкіметтің ұстанып отырған саясатының басты бағытының бірі- халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, әлеуметтік мәселелер бойынша қарама-қайшылық, наразылықтарды болдырмау екендігі өзіңізге мәлім. Осы ретте бөлім қызметкерлерінің жұмыссыз немесе мүгедек адамдармен атқарып отырған жұмысы өте күрделі, ұзақ уақыт бөлуді шыдамдылықты талап етеді. Түскен арыздарға арызданушыны қайта жүргізіп реніш тудырмау үшін барлығы дерлік адрес бойынша барып зерттеу актілері жасалады, жұмысқа, емдік орындарға, протезді-ортопедиялық орталықтарға т.б. жолдамалар, әлеуметтік төлемдер тағайындалып дер кезінде төленуі қамтамасыз етіліп отыр.


Құрметті Серік Кенғанұлы!

Бөлімге жүктелген міндеттерді атқаруда шешілмей отырған мәселелер әсерінен туындап отырған негізгі мәселелерді қаперіңізге беріп, оларды шешуге мүмкіндігінше қолдау көрсетуіңізді сұраймын.

1.Жұмыспен қамту саласында нақты жетістіктерге жету үшін, яғни жұмыссыздарда жұмасқа орналастыру үшін Халықты жұмыспен қамту туралы Заңының 5,7,9 баптарының талаптарын орындауға мекемелер мен кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыру ;

2.Жұмыссыздық мәселесінде нақты мәлімет алу үшін әрбір үй, әрбір пәтерде тұрып жатқан адамдардың жұмыс жасай ма, қайда жұмыс жасайтындығы немесе оқи ма, өзін-өзі қамтумен айналыса ма т.с.с. толық мағлұмат базасы жасақталу қажет. Ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторлары, ПИК –тері, емхана қызметкерлері бірігіп жұмыс жасауды ұсынамын. Осынбай база көптеген отбасылардың мәселелерін зерттеуге мүмкіндік берген болар еді.

2.Әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесін бөлек ММ ретінде тіркеу және стандартқа сәйкес 25 мамандар санын толықтырып, қосымша 12772 мың теңге қажет.

3.Жалпы халыққа қызмет көрсететін объектілер құрылысына жасалған жобаны бекіткен кезде міндетті түрде пандустың қаралуын сәулет – құрылыс бөліміне жүктеу немесе градкомиссия құрамына бөлім өкілін енгізуді ұсынамын.

4. Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес тегін берілетін құрал- саймандарды мемлекеттік сатып алу бюджеттік бағдарламаны жергілікті жерге ауыстыру.

5.Арбаға таңылған мүгедектер үшін барлық қажеттілігімен қамтылған бөлек үй салу. Соған көп қабатты үйлерден көшіріп, олардың пәтерлері босаған жағдайда басқа тұрғын үйге кезекте тұрғандарға ұсыну.

6.Протезді - ортопедиялық бұйымдар жасатын және жөндейтін орталық ашу қажет. Маман –дәрігер дайындау, қаражат.

7. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналаған әлеуметтік бейімделу орталығы» ғимаратын жаңарту мүмкіндігін қарастыру

8.Халықтың коммуналдық қызметтерге берешектерін өндірудің бір жолы тұрғын үй көмегі Қала бойынша небәрі 237 отбасына 3614,6 мың теңгеге тағайындалып отыр. Осы мәселе бойынша коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерге, ПИК ассоциясына бөліммен тығыз жұмыс жасауды ұсынамын.

9.Мүгедектерге жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында Қаладағы саңыраулар мен соқырлар қоғамдарына қарасты өндірістік цехтарға жұмыс көлемін беру

10.Бөлімнің ғимараты аялдамадан өте қашық орналасқан. Бөлімге дейінгі автокөлік жолы бойына жаяу жүргіншіге тротуар жоқ. Жауын- шашын күндері үстеріне балшық шашылып, тайғақта мұздар ойылмайды

11.Қаладағы зейнеткерлер мен мүгедек жандар көбіне әкімдік немесе мекеме тарапынан қайырымдылық шараларға шақырған кезде ғана әңгімелесіп, концерттік бағдарламаларды тамашалауға мүмкіндік алады. Осындай жандар үшін Алмагүл ы/а №4 үйдің ірге қабатынан ашылғалы отырған алаңның жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінсе .



12.Халықты әлеуметтік қамтуды толық нақты жұзеге асыру үшін бөлім қызметкерлерінің санын екі есеге дейін көбейту қажет. Мысалы:1 жетекші маман Нысаналы топтардың, жетімдер, мүгедектер, басқа да ауру түрлерімен ауратын азаматтардың, жазасын өтеп шыққан азамматтардың жалпы саны- 3912, оған тек бөлімде бір жетекші маман қызмет атқарады.

13.Бөлімнің ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтің түрлеріне құжат жинауда осал топқа жататын азаматтар қиындықтар көруде. Тапсырған құжаттарының жеткіліксіз болуынан кері қайтарылып жатады. Сондықтан бөлім ғимаратының алдынан кеңес алатын жапсарлас алаң салу қажет.

Құрметті Серік Кенғанұлы, жиналысқа қатысушылар!

Заңдарды, Үкімет Қаулыларын басқада нормативті актілерді жергілікті жерде дер кезінде сапалы жүзеге асыру жүктелген

266.46kb.

04 09 2014
1 стр.


Құрметті Серік Кенғанұлы! Құрметті жиынға қатысушылар!

Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жариялады. Алдағы қырық жылғы жуық мерзімге жоспарланған маңызды құжат деп білеміз

87.37kb.

10 10 2014
1 стр.


ҚҰРметті есеп беру кездесуіне қатысушылар! ҚҰрметті ауылдықтар!

Тұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы

261.04kb.

15 10 2014
1 стр.


Құрметті активке қатысушылар!

Тәуелсіздік күнінің қарсаңындағы Елбасымыздың «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында тәуелсіздіктің 21 жылында қо

121.83kb.

17 12 2014
1 стр.


Құрметті Аслан Есболайұлы! Отырысқа қатысушылар!

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы құрылған сәттен бастап біздің тарапымыздан Есеп комитетіне мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы және жаңадан құрылған тексеру ком

45.32kb.

25 12 2014
1 стр.


Үкімет 11 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов «Жол картасы»

Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтудың іске асырылуы мәселелері жөніндегі кеңестің кезекті мәжілісін өткізетінін хабарл

56.98kb.

14 12 2014
1 стр.


Мектеп басшыларына! Математикалық декадаға қатысушылар назарына! 28 қаңтар күні сағ 15. 00 – де №21 мектеп- гимназия базасында «Қазақстан 51-ші халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда»

Жабылу салтанатында декадаға қатысушылар бойынша (оқушылар мен мұғалімдерден ) жеңімпаздар мен жүлдегерлер және командалық есеппен жоғары көрсеткіш көрсеткен мектептер, белсенділік

178.52kb.

25 12 2014
1 стр.


ҚҰРметті әбілғазы қалиақпарұЛЫ! Құрметті әріптестер!

Тұрғындарымыздың авиатасымалға сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2010 жылы жақын және алыс шетелдермен қосатын жаңа 5 авиабағыт ашылды

43.59kb.

25 12 2014
1 стр.