Құрметті ұстаздар қауымы!
Ұлттық салт – дәстүрімізді , өнерімізді , ұлттық ойындарымызды оқушылардың санасына сіңіру мақсатында әр түрлі тақырыпта сыныптан тыс жұмыстар жүргізуге болады . Оқушылармен жүргізген осындай бір сыныптан тыс жұмысымның бірін сіздерге ұсынып отырмын.
Бастаңғы
Қазақта бастаңғыны шешесі бір жаққа жолаушылап кеткенде сол үйдің бойжеткен қызы жасайды . Қыздың үйіне құрбы - құрдастары жиналады. Шешесі бұған рұқсат етіп , асуға ет , немесе мүмкіндігі бар ауқаттылау отбасы болса тіпті союға қой да береді. Жиналған жастар ән салады , домбыра тартады, ұлттық ойындар ойнап , әзіл – қалжың күлкімен кешті өткізеді .
Бастаңғының екі түрлі жағы бар. Біріншіден –анасы қызының құрбы – құрдастарымен араласып сыйласуына , танысуына мүмкіндік жасап жол ашады . Өз бетінше қонақ күте білуге баулиды , қызын қазан –аяқ ұстауға, дастарқан жасай білуге үйрету. Қызды томаға – тұйық , бұйығы , сылбыр болып қалудан сақтандырады . Біреуді құрметтеп, өзін де біреуге құрметтете білуге үйрету көзделед і. Сондықтан бастаңғыны қазақ қыздары бойжете бастаған кезде жасап үйрену артық емес . Бастаңғыда қыздар мен жігіттер жиналып , бір- бірімен ойнап –күліп танысады ,әзіл –оспақ айтысып, ұлттық ойындар ойнап, ән салып, күй тартып , әр түрлі өнерлерін ортаға салған. Бірақ бастаңғы бақылаусыз болмаған. «Шешесі қыдырмашының қызы бастаңғышыл боладыға» барғызбау үшін бақылау, рұқсатсыз бастаңғы өткізбеу - қазақта заң.
Көрініске қатысатындар .
Айнамкөз – бастаңғы жасайтын үйдің бойжеткен қызы .
Апа – Айнамкөздің анасы .
Ұлжан –Айнамкөздің жақын құрбысы .
Бірнеше жігіттер мен қыздар.
Бірінші көрініс: Киіз үйдің іші. Ортада қазаша дөңгелек стол . Айнамкөздің шешесі нағашыларының аулына жол жүргелі жатыр . Үйдің бір жағында сандық ақтарып отрады . (Айнамкөз даладан сыпайы басып кіреді .)
Айнамкөз - Апа, нағашы атамның аулына барайын деп жатыр екенсіз ғой .
Апасы –Ия күнім, жол жүрейн деп жатырмын, атаңа не айтасың?
Айнамкөз - Атама сәлем айтыңыз! Інішектерімнің бетінен сүйіңіз .
(Басын сәл қисайтып, ойлана қалады )
Апа, бірдеме айтсам режімейсіз бе?
Апасы - Айта ғой күнім .
Айнамкөз- Бастаңғы жасайықщы .
Апасы – Бастаңғы дейсің бе ? (ойланып)Құрбы –құдастарыңды шақырып,
басын қосайын деп пе едің? Жасай ғой .
Айнамкөз- Алақай , апамнан рұқсат алдым.Ұлжан, қайдасың?
Бастаңғы жасайтын болдық .
(Апасы мен Айнамкөз үйден шығып кетеді )
Екінші көрініс. Киіз үйдің іші. Апасы асығыс кіреді , қызымен бірге .
Апасы- Айнамкөз , құрт пен майың әбдіренің түбінде . Ет шошалада . Бауырсағыңды жұмсақ қылып пісір. Ал мен кетейін, күтіп қалған шығар .
Сырттағы дауыс - Бәйбіше, болсаңшы ! Құдайым –ау қайда жүрсің ?
Үшінші көрініс . Киіз үйдің іші. 4-5 қыз күліп , әндетіп кіреді
(Ішінде Айнамкөз бен Ұлжан бар)
Дастархан үстіне шай жабдығын қоя бастайды .
Ұлжан – Айнамкөз , апаң неше күнге кетті.
Айнамкөз- Ертең кешке оралады . Жол амандығын берсін.
(Осы кезде бір топ жігіттер мен қыздар дабырласып кіреді , қолдарында домбыра , қамшы бар)
Жігіттер-(дабырласа )Ал қыздар, біз келіп қалдық!
Қыздар – Жігіттер келіп қалыпты ғой , жоғары шығыңдар!
(Барлығы дастарханға қоршай орналасады .)
Бірінші жігіт – (Отырып жатып )Айнамкөздің бауырсағының дәмін көрейікші .(Бір бауырсақты аузына салып жібереді . )
Ұлжан – Ой пәлі , өзі пысық , өте дәмді етіп пісіріпті !
Бірінші жігіт- (бас бармағын көрсетіп) Шынымен - ей , өзің қатқан бәйбіше болайын деп тұр екенсің !
(ду күлкі )
Айнамкөз – Кетші әрі , ал құрбы – құрдастар ән айтып , тамақ алып, көңілді отырайық. Мұндай оңаша үй жиі бола бермейді. Естеріңде болсын .
Екінші жігіт –Дұрыс айтады , қыздар ән салайық. Бастап жіберіңдер.
Қыздар – Несі бар, салсақ саламыз!
(Қыздар қосылып бірнеше ән орындайды . Жігіттер жағы қолпаштап отырады . )
Ұлжан –Енді Ержан ән салсыншы , сері жігіттің өнерін көрейік !
(Ержан жастардың сұрауымен бірнеше ән салды)
Сырттағы дауыс: Ұлжан, қайда жүрсің ? Күн батты ғой ,қайтпайсың ба ?
(Осы кезде қыздар жағы қозғалақтап, қайтуға ыңғай білдіре бастайды )
Дәм қайырылады .
Бірінші жігіт : Бастың амандығын берсін ,
Деннің саулығын берсін ,
Дастарханның байлығын берсін,
Ішіп –жеуін бізге берсін .
Жинауын Айнамкөзге берсін.
(Ду күлкі)
Айнамкөз : (Жігітті бастан нұқып қалады )
Осының –ақ қалжыңы қалмайды екен.
(Барлығы орындарынан тұрады )
Жігіттер: Қыздар, кешке алтыбақанға келіңіздер, күтеміз !
Қыздар: (күлісіп ) апамыз жіберсе барамыз!
«Гүлдерайым» деген халық әнін барлығы хормен айтып, сахнадан шығып кетеді .
Пайдаланам деуші мұғалімдер болса, өзгерістер енгзіп , түрлендіріп алуларына болады. Әсіресе жас мамандарға , сынып жетекшілеріне бір көмегі тиер деген ниетте ұсынып отырмын .
Құрастырған
Сәтбаев қаласының білім бөлімінің
әдіскері Қ.А. Жарылғапова