Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен берілген есептерді шығару
(қозғалысқа мәтінмен берілген есептер)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылармен қозғалысқа мәтінмен берілген есептер туралы түсінік бере отырып, есептің мағанасын түсініп оқып дұрыс талдай білуге, негізгі мәселені ажырата білуге дағдыландыру, алған білімдерін есеп шығару кезінде қолдана білуге үйрету.
2. Тәрбиелік: Оқушыны білімге деген құштарлыққа, әр нәрсеге сыни тұрғыдан қарап, дұрыс түсініп қорытынды шығара білуге, ойлаған ойын ашық жеткізуге, сабаққа белсене қатысуға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Талдау, саралау, салыстыру, ауызша және жазбаша есептеу, қолдану, есте сақтау, іздену, көп білу қабілеттерін дамыту.
Саб. көрнек: сызба суреттер, формулалар, кітап.
Саб. түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы .
Саб. әдісі: сұрақ жауап, талдау, түсіндіру, баяндау.
Саб. барысы:
1. Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Есептердің жауаптарын өздеріне оқытып,қателерін түзету.
№754,760,768.
3. Логикалық жаттығу
-
100-ге, 1000-ға жақын сандарды көбейту 98*94.
-
Көбейту үшін:
а) бір көбейткіштен екіншісінің жүзге дейінгі толықтауышын шегереміз
ә) Әр көбейткіштің 100-ге дейінгі толықтауышының көбейтіндісін табамыз
в) бір көбейткіштен екіншісінің жүзге дейінгі толықтауышын шегергенде шыққан санның соңына толықтауыштарының көбейтіндісін тіркеп жазамыз.
94-2=92 немесе 98-6=92 6*2=12
Жауабы : 94*98 = 9212
4.Жаңа білімді меңгерту
Қозғалысқа мәтінмен берілген есептер туралы мағылұмат беру. Талдау. Есептің берілгенін дұрыс жазу
1 мысал
Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/ сағ. Катердің өз жылдамдығы 15 км/ сағ. Егер өзен ағысымен 2 сағ, ал өзен ағысына қарсы 3 сағат жүзсе, онда катер қандай жол жүрген?
Шешуі: 2 • ( 15 + 2) +3 • ( 15 -3) = 2 • 17 + 3 • 12 = 34 + 36 = 70 км
Жауабы: 70 км.
2 мысал
Дөңгелекке 11-ден 16-ға дейінгі сандарды олардың қосындысы ұшбұрыштың барлық қабырғаларында бірдей болатындай етіп орналастыр. (6.12 сурет)
3 мысал
Тік төртбұрыштың ұзындығы 39,2 м, ал ені ұзындығынан 12,9 м қысқа. Тік төртбұрыштың ауданы мен периметрін есептеп тап.
4 мысал
Тік төртбұрыш пішінді парктің ұзындығы520 м, ал ені 410 м. Парктің перимитрін километр есебімен, ал ауданын гектармен есептеп шығар.
5. Қосындының бүтін бөліктерін дұрыс тауып кестені толтырсаң, қазақтың белгілі ағартушысының атын оқисың.
6. Үйге тапсырма беру.
Үйге тапсырма мұғалімнің көмегімен беріледі
Куб пішінді бактың қыры 14дм. Бакқа қанша литр су сыяды? Жауабын ондық үлестерге дейін дөңгелекте.
Әрбір кубтың қыры 0,5м-ге тең деп алып, куб пішінді барлық жәшіктердің көлемін есептеп шығар (6.6-сурет).
Қалада 1973ж 69 троллейбус, ал 1984ж 151, ал 1988 ж 184 троллейбус болды. Осы мәліметтер негізінде баған түрінде диаграмма сыз.
7. Бағалау. Қорытындылау.
Сынып қалай жұмыс істеді, қай оқушы ерекше тырысты, оқушылар қандай жаңа нәрсе үйренгеніне көңіл бөле отырып, сабақты қорытындылауға болады.