Сабақтың тақырыбы: Бойтұмар жасау технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлттық материалдық
мәдениетінің бір көрінісі зергерлік өнер, оның
ішінде қыз баланың оюланып-өрнектелген
бойтұмар жасау ережесі мен технологиясын
қайталап бекіту.
Дамытушылық: Оқушының еңбекке деген қызығушылығын
арттырып, танымдық қабілетін дамыту; өнердің
қыры мен сырын ұғымдарын эстетикалық
талғамын дамыту.
Тәрбиелік: Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты
тәрбие беру халық мұрасын мәдениетін жүйелі
меңгеруге жауапкершілікке, ұқыптылыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, плакаттар, слайд,
технологиялық карта, бойтұмар үлгісі, тұзды қышқыл,
түсті металдар, құрал-саймандар.
Пән аралық байланыс: география, тарих, экономика, химия.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу.
Жоспар:
I кезең. Теориялық бөлім.
1.Өткен материал бойынша сұрақ-жауап
2.Жеке бөлшектерді сипаттау, (технологиялық карта)
3. «Сиқырлы сақина» ойыны.
4.Тест жұмысы.
II кезең. Негізгі бөлім
1.Бойтұмар әшекейлерінің көрінісі.
2.Бойтұмар әшекейінің нобайын жасау.
III кезең. Сарамандық жұмыс.
IV кезең. Қорытынды бөлім.
1.Дәстүрлі қазақ әшекейлеріне не жатады?
2.Бойтұмар дегеніміз не?
3.Бойтұмарды не себепті үшбұрышты фигурамен алған деп ойлайсыңдар?
II. Жеке бөлшектерді сипаттау (Технологиялық карта)
III «Сиқырлы сақина» ойыны.
1.Зергерлік жұмысқа қандай түрлі-түсті және қымбат металдарды қолданады?
2.Филигран немесе сымкәптеу терминдері қалай шыққан? Ширатпа сымдарының атқаратын қызметі жасалу жолы қандай?
3.Шар қалыпта сылдырмақтарды қалай жасаймыз?
4.Дәнекерлеуге қандай қосымша материалдар қолданылады. Дәнекер дегеніміз не?
5.Қандай қышқыл тұздармен әшекейлерді жасаудағы технологиялық үдерісте негіз болып саналады?
6.тест жұмысы.
II кезең. Негізгі бөлім.
1.Бойтұмар әшекейлері(бейне-көрініс)
2.Бойтұмар әшекейінің нобайын жасау.
3.Бейне көрініс
III кезең. Қорытынды бөлім
Қазақта алтынды сынапқа сындыр немесе алтынмен аптау деген ұғым бар. Ол алтынды сынапқа сіңдіру керек. Яғни алтынды сынапқа салса амальгама пайда болады. Міне, осыны қазақ тілінде «сынық алтын» «су алтын», «сұйық алтын» дейді. Сынапқа сіңген сынық алтынды күміс немесе мыс бұйымының бетіне жағып көмірдің қызуына қыздырса сынап буға айналып кетеді де металдың бетіне алтын жұғып қалады. Алтынмен аптағанда өте абай болған жөн, сынаптың буы өте улы болады. Жұмыс жасағанда 3-4 қабат дәкеден жасалған тұмылдырық жасап, сабы ұзын қысқышпен жұмыс істеу керек. Ол үшін бұйымның апталмайтын жеріне «шіркеу» жағамыз. Шіркеу-дегеніміз қарағай шайыры, екі өлшем балауыз, үш өлшем өсімдік майы қосып қайнатылған қоспа. Шіркеу жағылған жерге алтын жұқпайды.
IV кезең. Сарамандық жұмыс
Бағалау:
Үйге тапсырма: Бойтұмардың тағы басқа үлгілерін, дизайндарын құрастыру.
Лингвистикалық бағыттағы жалпы білім беретін №16 орта мектеп
(Ашық сабақ)
Орындаған: Мұратбеков Қ.Қ.
Балқаш қаласы 2012-2013 жыл