Сабақтың тақырыбы: Құқықтық сауаттылық-заман талабы.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Өзін тең құқықты азамат ретінде сезінуге
мүмкіндік беру.
2.Дамытушылық: Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға,
өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің
белсенділігін арттыру.
3.Тәрбиелік: Заң сыйлағыш тұлғаны қалыптыстыру.
Құқықтық сауаттарын ашу.
Сабақтың түрі: Тренинг – сабақ
Сабақтың әдісі: Глоссарий. Блиц- сұраныс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.
Кіріспе сөз
Мұғалім: Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылданған Конституциясы ел дамуының тұс бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлект дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бр жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол қазқ ұлтының төл конституциясының қабылданғанына 15 жыл толып отыр. Енді аздап тарихқа көз жүгіртсек қыпшақ халқындағы (Х-Х1 ғғ.) «Кодекс Куманикус» яғни кумандар заңдары, XVI ғ. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады. Ал ХХ ғ. өзінде КСРО құрамында болып тұрған кезде 1936 жылы 28 ұаңтарда және қазіргі қолданыста жүрген 1995 жылы 30 тамызда жүрген Ата заңымыздағы биліктің үш тармағының заң шығарушы (парламент), атқарушы (үкімет) және сот қызметтері бір арнаға тоғыстырылып, саяси институттардың жұмысы әбден жетілдірілді және ең бастысы бұл Конституция адам және азамат құқықтарының қорғалуы жан – жақты қарастырылған орнықты құжат болып отыр.
Дүниежүзілік адамзат тарихының өткен кезінде көз бойлатып үңілсек, алғашқы адам құқықтары жайлы құжат 1644 жылы Англияда император Вильгельм Оранскийдің қаулысы «Адам құқықтар туралы билль» (қаулы,заң)
қабылданды.
Ал қазіргі заманғы адам құқықтары жайлы құжат яғни, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ – ның шешімімен қабылданды.
Адам және азаматтардың құқықтары, ерік бостандықтары терең қарастырылған құжат, бұл – өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы. Бұл кезге 200 жылдан астам уақыт өтсе де сол Конституция әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Соның жарқын дәлелі әрбір американдық азамат қайда жүрседе ел Конституциясы жазылған кітапшаны өз жандарынан тастамайды екен. Егер қандай да бір уақытта өз құқығы бұзылғандай жағдай болған жағдайда дереу өз заңды міндеттерін талдауға кіріседі екен.
Яғни, олардың заңы бойынша Конституция алдында Президент те, қарапайым адамда бірдей құндылыққа, бірдей жауапкершілікке ие.
Қабылданғанына 15 жыл толған қазақ елінің Ата Заңы бүгінге дейін жалғасып келе жатқан гуманистік (адамгершілік) принциптерге негізделген демократиялық қоғамды құрудағы өзінің адал дәстүрлерін алдағы уақытта әрмен қарай жалғастыра бермек.
Сынып екі топқа бөлінеді: 1 – топ және 2 – топ. Сабақ 8 турдан тұрады. Әрбір турдан кейін баға беруші мұғалімдер жауаптың, ереженің дұрыстығы жөнінде және балдарын атап өтеді.
Глоссарий «Тәртіп орнат»
-
Құқық А – Еліміздің негізгі заңы.
-
Конституция Б – Мемлекет басшысы
-
Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым
-
Азамат Г – Тәуелсіздік
-
Құқық бұзушылық Д – Заңдар жүйесі
-
Президент Е – Заң шығарушы орган
-
Парламент Ж – Заң жүйесін бұзу
-
Егемендік З – Құқығы бар ел тұрғыны
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Д
|
А
|
В
|
З
|
Ж
|
Б
|
Е
|
Г
|
«Құқық дегеніміз не?»
Оқушылар спикермен бірге 2 топқа бөлінеді. Топтың әр жауабынан кейін мұғалім өзінің толық жауабын оқу керек.
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерін анықтаңыз
Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарымен пайдаланып ғана қоймай, өз міндеттерін орындау керек.
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерінің мысалдарын келтіріңіз.
Байқау ережелері: Тақтаға әр командадан бір – бір оқушыдан шақырылады. Оқушылар алма – кезек бір міндеттен тақтаға жазады. Бүкіл міндеттерін дұрыс орындап, жазған топ жеңеді.
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:
-
Заңдарға бағыну;
-
Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу;
-
Мемлекет рәміздерін құрметтеу;
-
Қаржы, салықты төлеу;
-
Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау;
-
Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау;
-
Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін
орындау;
-
Орта мектеп білімін алу;
-
Қазақстан Республикасын қорғау;
Конституцияны білесің бе?
1. Мемлекет билігінің қайнар көзі?
|
Халық (3 бап)
|
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?
|
1992жылы
|
3. ҚР- ның азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықтыма?
|
Жоқ (10 бап)
|
4. Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым барма?
|
Ия (19 бап)
|
5. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы барма?
|
Ия (23 бап)
|
6. ҚР – ның Президентін сайлау қашан өтеді?
|
Желтоқсанның бірінші жексенбісінде (44 бап)
|
7. Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса алама?
|
Жоқ (43 бап)
|
8. ҚР – ның жоғары өкілетті органы?
|
Парламент (49 бап)
|
9. Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім?
|
Премьер – Министр (67 бап)
|
10. ҚР-ның атқарушы билігін билігін жүзеге асырушы?
|
Үкімет (64 бап)
|
11. Премьер – Министрдің орнынан түсуінен кейін ... өкілеттігі тоқтағанын білдіреді.
|
Үкіметтің (70 бап)
|
12. ҚР нешінші Конституция пайдаланылады?
|
Екінші
|
13. Заң құдайы?
|
Фемида
|
14. ҚР – ның азаматы қашан болуғақұқылысыз?
|
Дүниеге келген кезде(12 бап)
|
15. ҚР – ның төл мейрамдарын атаңыз?
|
- Конституция күні
- Республика күні
- Тәуелсіздік күні
|
Жұмбақ Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,
Ондайлар отаныма өте керек.
Тәуке хан жазған екен заң жинағын,
Тапсаңдар болғандарың асқан зерек. Жеті жарғы
Мерекең құтты болсын ұстаздарым,
Оқушы, келім – кетті бар достарым.
Тәуелсіздік заңының қаблданған,
Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық. 1991 жыл
Еліме білім керек, ғылым керек,
Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.
Білесіңбе Нұрекеннің төл еңбегін,
Жазған екен болашаққа көзін тігіп. Қазақстан – 2030
Жақсы ел шығарып заң игілікті,
Депутат заң шығарып билік қыпты.
Парламент палатасы нешеу екен,
Таба алсаң бұл жауапты игі екен. Екі
Қорытынды
М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп
(тәрбие сағаты)
Өткізген: 9б-сынып жетекшісі
Қазбаева Даурия Сайлауқызы
Чапаев - 2011