Жоба
Сайрам аудандық мәслихатының шешімі
Сайрам ауданы бойынша ауылдық
елді мекендерде тұратын
және жұмыс істейтін мемлекеттік
денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім, мәдениет,
спорт және ветеринария мемлекеттік
ұйымдарының мамандарына отын
сатып алуға әлеуметтік көмек
беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 53-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
1. Сайрам ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы әлеуметтік көмек 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттының бюджетін қалыптастыру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3.Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Сайрам ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын
сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы Сайрам аудандық мәслихаты шешімінің жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
№
|
Түсіндірме жазбада қамтылатын мәліметтердің тізімі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның мәліметі
|
1.
|
Мемлекеттік орган – жобаны әзірлеуші
|
Сайрам ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі
|
2.
|
Актіні қабылдау қажеттілігінің негізі
|
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 53-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес
|
3.
|
Акті қабылданған жағдайда оның әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық болжамды нәтижелері
|
Қабылданатын акт негативтік әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық нәтижелерге апарып соқпайды.
|
4.
|
Жобаны іске асыруға байланысты, қаржы шығындарының болжамы
|
Осы мақсаттарға қаралған жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы шегінде.
|
5.
|
Жобаны қабылдау болжамды тиімділігі, күтілген нәтижелерінің уақыты және нақты мақсаттары
|
Сайрам ауданында ауылдық елді мекендердегі мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік көмек беру -халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
|
6.
|
Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған актілер және оның іске асыру нәтижелері
|
Сайрам аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 маусымдағы «Ауданның ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» №33-299/ІҮ шешімі.
|
7.
|
Жобаға сәйкес заңдылықты жетілдіру қажеттілігі
|
Қажет емес
|
8.
|
Мекеме басшысының тапсырмасы бойынша басқа мекемелерде қосымша сараптама жүргізу нәтижелері (құқықтық, экономикалық, қаржылық және т.б.)
|
Қажет емес
|
9.
|
Басқа мәліметтер
|
Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес Сайрам ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын
және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек төлеуге 2013 жылы 13696,0 мың теңге қаржы қарастырылған.
|