Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4
Шемонаиха ауданы әкімінің

2011 жылғы «____»_________

№ ________ қаулысына

қосымша


«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ

2011-2015 жылдарға арналған
Стратегиялық жоспары

Шемонаиха қ.

2011 жыл

Мазмұны




1.

Миссиясы мен пайымдалуы

3 бет










2.

Ағымдағы ахуалды талдау

3 бет










3.

Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

9 бет










4.

Мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктері мен мүмкін тәуекелдер

17 бет










5.

Нормативтік құқықтық актілер

22 бет










6.

Бюджеттік бағдарламалар

24 бет


1. Миссиясы мен пайымдауы
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының миссиясы (бұдан әрі аудан әкімінің аппараты) – Қазақстан Республикасының Президентімен және Үкіметімен, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімі мен әкімдігінің алға қойған міндеттерін іске асыру бойынша ауданның мемлекеттік органдарының қызметтерін үйлестіру, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
Аудан әкімі аппаратының пайымдауы – жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару сапасын арттыруға ықпал ететін аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін тиімді аналитикалық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету, жергілікті органның мақсаттары мен міндеттеріне қол жетімділігі үшін белгіленген мерзімдердің есебімен жоспарланған іс-шараларды толық орындау, дамудың қазіргі заманғы сатысында мемлекеттік басқару жүйесіндегі талаптарға сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін арттыру.
2. Ағымдағы ахуалды талдау
Ел Президентінің «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Үкімет алдына қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуіне және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттерді қойды.

Аудан әкімі аппаратының қызметі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жақсарту және тиімділігін арттыру мәселелерін шешуге, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған.

Облыстық және аудандық деңгейдегі тапсырмаларды орындауға, жоспарларды және басқа да әлеуметтік маңызы бар жобаларды бақылау жүйесін үнемі жетілдіруге қарамастан, АКТ саласындағы жаңа жасалымдарды енгізу қарқынынан бақылау жүйелері едәуір артта қалуда, бұл барлық мүмкіндіктерді пайдалануға және аудан әкімі аппаратының жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік бермейді. Осы талаптар дәл осы уақытта, Қазақстан Республикасы Президенті аймақтарды басқаруға қатаң, жедел және тиімді бақылау, «өтімді» және басқа да әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды тездете жүзеге асыру мақсатын алға қойған сәтте өте маңызды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін Шемонаиха аудандық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 14 қыркүйектегі №28/7-Ш шешімімен Шемонаиха ауданының «Электрондық әкімдігін» құру Бағдарламасы бекітілді.

Шемонаиха ауданы әкімінің аппаратында IBM компаниясының «Lotus Notes» бағдарламалық қамтамасыз етуі орнатылған. ЭҚАБЖ 6 жұмыс орнында енгізілді. 2010-2013 жж. жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыру үшін қала, кенттер және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарын ЭҚАБЖ қамтуды, ЭҚАБЖ жұмыс істеуге оқыған қызметкерлердің санын, ауданның әрбір мемлекеттік органының локальді желісіне қосылған автоматтандырылған жұмыс орындарының үлесін арттыруды талап етеді.

Аудан әкімінің ресми сайты www.shemonaiha.vko.gov.kz қызметін жалғастыруда. Сайт мазмұны –ауданның саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірін баяндайтын 20 айдар, аудан әкімі, әкімдік құрылымы туралы, қала, кенттер, ауылдық округтер туралы ақпараттар; ақпараттық баннерлер; жаңалықтар легі. Сайтта «Жол картасының» іске асырылу барысы туралы ақпаратты алуға болады.

Электрондық үкіметтің базалық компоненттері, "Жеке тұлғалар" МДБ, "Заңды тұлғалар" МДБ, "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДБ, "Мекен-жай тіркелімі" ақпараттық жүйесі – жүйе құратын деректер базасы құрылған. Облыста сайлаушылар тізімдерін құру мақсатында жеке тұлғаларды тіркеудің өзекті деректер базасы– ЖТЕ құрылған.

Облыстың мемлекеттік мекемелерінің электрондық қызмет көрсетулеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 10 қоғамдық қатынау пункттері орнатылды. Бірақ, азаматтар мен ұйымдар үшін мемлекеттік электрондық қолжетімдікті арттыру пробламасы қалып отыр.

2010 жылы аудан әкімінің аппаратымен «Мемлекеттік сатып алу», электрондық құжат айналымы жүйесінде жұмыс істеу үшін USВ интерфейсімен крепто-кілт жаңартылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы №1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережесіне сәйкес, аудан әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүргізіледі. Жыл сайын аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық оқуларының тақырыптық жоспары бекітіледі. Аудан әкімінің аппаратында «Заң» – «Закон» электрондық заңнамалық база орнатылған. Қазіргі кезде 18 қызметкер «Заң» – «Закон» электрондық заңнамалық базамен жұмыс істейді, 2010 жылы желілік база нұсқасы орнатылды және локальдік желі бойынша бір мезгілде заңнамалық базаны 6 қызметкер пайдалана алады. Бірақ, нормашығармашылық қызметтің сапасын арттыру үшін аудан әкімі аппаратының барлық қызметкерлерінің «Заң» – «Закон» электрондық заңнамалық базаға қол жеткізулерін 100 пайызда қамтуды қажет етеді.

Аудан әкімі аппаратының жетістігі сондай-ақ кадрлардың кәсіби дайындығына тәуелді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру Ережелерін іске асыру аясында 2009 жылы - 1 аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшісі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында біліктілігін арттырудан өтті, 2009 жылы – 6, 2010 жылы – 6 адам – Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Шығыс Қазақстан өңірлік орталығында қайта даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру курстарынан өтті. 2010 жылғы аттестаттау нәтижелері бойынша барлығы лауазымдарына сәйкес.

Алайда, Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының кадрларымен жұмыс әрі қарайғы, әсіресе құзырлық мәселесін жетілдіруді талап етеді, ол мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және аппарат қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін еді.

Аудан әкімі аппаратының және мемлекеттік мекемелерінің жұмысында орындаушылық тәртібі жағдайын тиісті деңгейде ұстау мәселесі маңызды орын алады.

Ауданның мемлекеттік органдары мен мекемелеріндегі төрешілдікпен күрес және тәртіпті нығайтудың ең басты тетігі құжаттармен жұмысты ұйымдастыру және орындауын бақылау болып табылады. Орындауды бақылау және тексеру Президент Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының Шығыс Қазақстан облысы, аудан, қала, кенттер және ауылдық округтері әкімдерінің нормативтік-құқықтық актілерінің орындалу барысын тереңірек зерделеуге мүмкіндік беретін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысының бір принципі болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдарға түскен азаматтар өтініштерінің талдауы, мәселелердің көбі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша-28,8 %, жер мәселелері бойынша -20,7%, әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету бойынша -11,7% қойылғанын көрсетеді.

Бақылдаудағы құжаттардың орындалуы бойынша аудан әкімі аппаратының жұмысын жақсарту және жүйелендіру үшін бақылау бөлімінде бақылау карточкалары қолданылады, аудандық деңгейдегі әрбір басшы тарапынан қатаң өзін-өзі бақылау белгіленген. Аппараттық кеңестерде берген облыс әкімінің тапсырмалары бақылауды тұр. Әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы деңгейінде облыс әкімі мен аудан әкімінің тапсырмалары бойынша кіріс және шығыс ақпараттардың жүесін пысықтау қажет.

Сонымен, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу саласындағы негізгі қажеттіліктері мен проблемалары мыналардан тұрады;

- аудандық деңгейде ЭҚАБЖ және бірыңғай көлік ортасының жеткіліксіз дамуы;

- облыстық және жергілікті деңгейлердегі тапсырмаларды орындауға бақылау жасау мен есепке алу жүйесінің жетілмегендігі;

- аудан әкімі аппаратынің нормашығармашылық қызметі сапасының деңгейін қолдаудың, оның ішінде қызметкерлердің құқықтық сауаттылығының артуынан және оларды үнемі жаңартылып отырылатын электрондық заңнамалық базаға қол жетімділіктерін қамтамасыз етудің қажеттілігі;

- жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі мен сапасын бағалау жүйесінің пысықталуының жеткіліксіздігі;

- стратегиялық құжаттарды әзірлеуде және ауданды басқару және дамыту бойынша шешімдерді қабылдау кезінде пікірлерді есепке алуда халық пен азаматтық институттарды тарту деңгейінің жеткіліксіздігі;

- Үкіметтің веб-ресурстары, облыс әкімдігінің порталы және аудан әкімінің веб сайты арқылы әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет көрсетулерді ұсыну процесінің қол жетімділігі мен тиімділігіне қажеттілік;

- мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау;

- мемлекеттік органдарды серверлік бөлмелермен қамтамасыз ету;

- аудан әкімдігінің ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасау үшін мемлекеттік қызметшілердің электрондық цифрлық қолтаңбалармен және сандық сертификаттармен қамтамасыз ету.


III. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері


Көрсеткіш атауы

Өлш

ем бірлігібірлігі



Есептік кезең

Жоспарлык кезең





2009ж.

2010 ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.




2015ж.

1 стратегиялық бағыт

Корпоративті басқару жүйесін және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын дамыту


1.1- мақсат Үйлестіруді жақсарту және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыру




Нысаналы индикатор:

Ауданның қала, кенттері, ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарын электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесімен қамту



%

0

10

30

50

70

100

100

Электрондық түрдегі құжат айналымын ұлғайту

%

20

40

60

80




100




100

Атқарушы органдар қызметінің шындығын арттыру үшін электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсету

%

5

10

25

40

60

80

100

1.1.1.-міндет. ЭҚАБЖ және бірыңғай көліктік ортаны жетілдіру және әрі қарай дамыту

Аудан әкімі аппаратындағы құжат айналамының жалпы көлемінен қағаз түріндегі құжат айналымының үлесі

%

80

70

60

50

40

35

25

ЕТС қосылған қала, кенттер, ауылдық округтердің үлесі

%

0

0

15

30

50

75

100

ЭҚАБЖ жұмысқа оқытылған қызметкерлердің үлес салмағы

%

22

40

60

70

80

100

100

Аудан әкімі аппаратының локальді желісіне қосылған автоматтандырылған жұмыс орындарының үлесі

%

80

100

100

100

100

100

100

1.1.2-міндет. Облыстық және аудандық деңгейдегі тапсырмалардың орындалуын есепке алу жүйесі мен бақылауды жетілдіру

Тапсырмаларды орындау үшін есепке алу және бақылаудың автоматтандырылған жүйесімен қамтылған ауданның мемлекеттік органдарының үлесі

%

4

10

20

35

50

65

70

Тапсырмаларды орындау үшін есепке алу және бақылаудың автоматтандырылған жүйесімен қамтылған мемлекеттік органдардағы пайдаланушылардың саны

%

0

10

20

35

50

50

50

1.1.3-міндет. Жоспарлар мен өзге әлеуметтік-маңызды жобаларды орындау үшін бақылау жүйесін жетілдіру

Бақылау жүйесінің деректеріне сәйкес мерзімдерін бұзумен орындалып іске асырылған жобалардың саны

Бірлік




Жүйені енгізу сәтінен бастап жыл сайын 5% қысқару

1.2-мақсат. Аудан әкімінің веб-ресурстары арқылы әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет көрсетулерді ұсыну процестерінің шынайылығы мен тиімділігін арттыру

Нысаналы индикаторлар:

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қызметті пайдаланатын азаматтар мен ұйымдардың үлесі



%

2

2,5

3

3,5

4

4,5

5

Аудан әкімі сайтына кіру деңгейі




-

Жыл сайынғы ұлғаюы 15%

1.2.1-міндет. Азаматтар мен ұйымдар үшін мемлекеттік электрондық қызмет көрсетудің қолжетімдігін арттыру

Азаматтардың кері байланыс мүмкіндігін қамтамасыз ететін қол жеткізудің тегін орындары арқылы өтініштерінің саны

Бірлік

-10% ұлғаюы

15% ұлғаюы

20% ұлғаюы

25% ұлғаюы

30% ұлғаюы

35% ұлғаюы

35% ұлғаюы

«Жеке тұлғаларды есепке алу» деректер базасының дұрыстығы

%

-

92

94

96

98

98

98

1.2.2-міндет. Электрондық қызмет көрсету туралы халықтың хабардарлығы


Құқықтық мүмкіндіктері бар азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы хабардарлық деңгейі

%

20

25

30

35

40

45

50

Электрондық қызмет көрсетулер стандарттарын түсіндіру бойынша аудан әкімі аппаратымен өткізілген іс-шаралардың саны

Бірлік

4

6

7

7

7

7

7


следующая страница>


«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары

Президентімен және Үкіметімен, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімі мен әкімдігінің алға қойған міндеттерін іске асыру бойынша ауданның мемлекеттік органдарының қызметтерін үйл

546.45kb.

25 12 2014
4 стр.


«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайский к. әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайский к. әкімінің аппараты» мм қызметінің мақсаттары мен міндеттері, стратегиялық бағыттары

429.45kb.

25 09 2014
3 стр.


«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон селолық округі әкімінің аппараты» мм қызметінің стратегиялық бағыты, мақсаттары мен міндеттері

297.96kb.

25 12 2014
1 стр.


«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны

Бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс

531.64kb.

09 10 2014
5 стр.


Құрметті Шемонаиха ауданының тұрғындары! Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты хабарлайды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, Шемонаиха ауданы әкімінің есептік кездесулеріне сұрақтарды, ұсыныстарды жинақтау үшін ауданның елді мекендерінде аудан, қала

15.62kb.

02 10 2014
1 стр.


«ШҚо бородулиха ауданы Подборный ауылдық округі әкімінің аппараты» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны

Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіші

379.84kb.

27 09 2014
1 стр.


2012 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасын орындау барысы туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі -бағдарлама) 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №34/9-iv шемонаиха ауданы мәслихатының шешімімен бекітілді

263.8kb.

16 12 2014
1 стр.


«Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны

Республикасының Президенті мен Үкіметінің қаулылырымен, аудан әкімінің және әкімдіктің осы шаралармен қамтамасыз етілуі керек

471.51kb.

11 10 2014
3 стр.